Материалдар / Баяндама:«Мектеп жанындағы жазғы демалысты ұйымдастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама:«Мектеп жанындағы жазғы демалысты ұйымдастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: • «Толағай» лагеріне келген әрбір баланы алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, қазақ халқының салт – дәстүрін құрметтеуге үйрету. Отансүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2018
2531
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Октябрь мектеп – балабақша кешені» КММ









Баяндама:


«Мектеп жанындағы жазғы демалысты ұйымдастыру»



Picture 2











Аға тәлімгер: Озанов Ф.Ж.







Көкпекті ауданы

2016 жыл



«Мектеп жанындағы жазғы демалысты ұйымдастыру»


Мақсаты:

  • «Толағай» лагеріне келген әрбір баланы алдымен жақсылыққа , адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, қазақ халқының салт – дәстүрін құрметтеуге үйрету. Отансүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Міндеттері:

Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;

  • Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;

  • Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік, дене жаттығуларын, қимыл- қозғалыс ойындарын бақылауға алу;

  • Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;

  • Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;

  • Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, сайыс, байқаулар ұйымдастыру;

  • Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.


Қайырлы күн құрметті әріптестер! Мен сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.

Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.

Биылғы жазда «Октябрь мектеп балабақша кешені» КММ – де мектеп жанындағы лагерь 10 күннен тұрды. Мектеп оқушыларын қамтылуы 15 бала.

Мектепішілік лагерде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар демалды. Әр күн оқушылардың уақыттарын көңілді өткізуіне арналған жоспар құрылып, белгілі тақырыпта ұйымдастырылды. 1 маусым балаларды қорғау күні болды, ауылдық мәдениет үйінде мерекелік концерт, түрлі спорттық іс – шаралар өтті. Мереке күні жеке кәсіпкер Долдина Альмира Капезовна лагерь демалушыларына тәтті-дәмділерді сыйға тартты. Лагердің алғашқы күні «Лагерь достарын қарсы алады» тақырыбымен ашылды. Ары қарай «Әдепті бала – арлы бала», «Спорт – денсаулық кепілі», «Рәміздер – ұлт мақтанышы», «Гүлдер әлеміне саяхат», «Дос қандай болу керек», «Сахналық қойылым» және т.б тақырыбында түрлі іс – шаралар ұйымдастырылды.

Ал 1 – 4 сынып оқушылары Өскемен қаласына «Этноауылға» барып қайтты. 5 – 8 сынып оқушылары «Катон - Қарағай» ауданына саяхаттап, Оралхан Бөкейдің туған жерінде болды. 5 – 8 сынып оқушылары «Балауса Көкпекті - 2» және «Балауса Көкпекті - 3» жазғы сауықтыру лагеріне жіберілді. Облыстық «Матросова» спорттық сауықтыру лагеріне мектебіміздің 7 сынып оқушысы Ибраев Амир демалып қайтты.


Өзім тәлімгер ретінде жазғы демалыс уақытында аудандық «Балауса Көкпекті - 2» және «Балауса Көкпекті - 3» лагерінде қызмет атқарып, іс – тәжірбиемді шындадым. Ауданның әр мектебінен келген демалушы балалармен алуан түрлі шаралар өткізіп, оқушылардың уақыттарын тиімді де, қызғылықты етуіме үлесімді қостым.


Оқушылардың денсаулығын нығайтуда жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар балалардың демалыс кездерін тиімді пайдалануға, мағыналы өткізуге үйретеді.


Күтілетін нәтижелер:

- балалар денсаулығын бекіту;

- мектеп оқушыларының дене шынықтыру және спорт сабақтарына қызығушылығын дамыту;

- қарым-қатынас, мәдениет, демалудың әлеуметтік тәжірибесін кеңіту;

- қоғамдық-пайдалы еңбек дағдысын қалыптастыру;

- қоршаған орта бөлшегі ретінде өзіне саналы қарауды қалыптастыру.

- тарихи жерлер жайлы мәлімет алу, жергілікті жердің жазушыларының өскен ортасы және туған жерімен таныса отыра, өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

-

Алдағы демалыстарда оқушыларды қазағымыздың бас ақыны Абайдың туған жері Жидебайға апару жоспарлануда.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!