Материалдар / Баяндама:МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

Баяндама:МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаттарының бірі – ересек топ балаларының экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында экологияның қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Тамыз 2022
468
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ.

Бекжанова Айгуль Кайрулдиновна,жоғары дәрежелі,I-санатты тәрбиеші,

Шығыс Қазақстан Облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№100 балабақша-бөбекжайы» КМҚК


Кіріспе: «Ғаламның ғажайып көркі де сонда,сыры да сонда,мақамы да сонда…ғылымы да сонда, адамның өмірі де сонда»,-деп А.Машанов айтпақшы тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп,оны аялау,қорғау және көркейту – әрбір адамның міндеті әрі борышы. Себебі,табиғат пен адам – егіз.

Н.С.Дежникова экологиялық мәдениетті қалыптастыру балалардың рухани дамуына дамуына әсер ететін, олардың экологиялық көзқарастарын қалыптатыратын біртұтас жүйе ретінде қарастырады. Оның ойынша, экологиялық тәрбиенің деңгейін ересек топ балаларының қоршаған ортаға деген құнды көзқарастары туралы қалыптасқан білім жүйелерімен анықталады.Ересек топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру отбасы мен балабақшадан нәр алып, дамуы керек.

Зерттеудің мақсаты:

Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі мақсаттарының бірі – ересек топ балаларының экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту. Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында экологияның қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.

Зерттеудің міндеті:

-Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жөнінде білім деңгейін көтеру;

- Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық білімін дамыту және шоғырландыру;

- Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың зерттеу әдістемелерін пайдалану;

-Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетінің қалыптасу деңгейін бағалау;

Зерттеудің әдісі:

-Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты психологиялық-педагогикалық әдістемелерді талдау.

- Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтауда қазіргі қолданылып жүрген педагогикалық оқу құралдары мен педагогтар тәжірибесін зерттеу;

-Зерттеу жұмысы барысында, балаларда қолданған әдістемелік тесттердің жауаптарын талдау пайдалынады.

Теориялық қолданылымы:

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тиімді үлгілерін табуды және ұйымдатыруды жалпы мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру әрекетін анықтауды жүзеге асыру.

Практикалық қолданылымы: Балабақшада тәрбиелеу барысында мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды бағалау және сабақ барысында олардың экологиялық мәдениетін дамыту жолдарына мүмкіндік жасау.

І тарау. Мектепке дейінгі балаларды жан - жақты тәрбиелеу мазмұны.

1.1 Баланы жан-жақты тәрбиелеу жолдары

Мектепке дейінгі ересек топ балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төменгі міндеттер тұр.

Атап айтқанда:

- педагогикалық мамандардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

- балалаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;

- әртүлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Баланың дүниеге келгенннен кейін алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.

Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі адамгершілігі бар, шығармашылық пен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылық пен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзі мен көріп, оны қабылдай білу керек.

Бала тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғұрлым көбірек үйренеді.

Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі – «Балаларды айнала мен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбе беру» болып табылады. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз.

Біздің балабақшамызда тірі табиғаттың кішкентай бейнелі көрінісін елестеате аласыз. Біз әрдайым табиғат сұлулығын іздей жүріп және оның жаңа қырларын табу арқылы балаларды қуанта отырып, табиғаттың сұлулығын бірге қарсы аламыз.

Осы сұлулықты іздеу барысында біз оның табиғи түрінен қолдан жасалған түріне, яғни табиғат сұлулығынан – сөз, әуен және бейнелеу өнерінің сұлулықтарына көшеміз.

Балалармен жұмыс істеу баррыснда сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланывсын сезжіне білсе, онда олар сұлулықты\ң бар екендігіне сенеді.

Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұсулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Біз табиғи факторлар – су, ауа, күнді қолданып отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз.

Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге үйретеміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организммен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.

Барлық жастағы балалар топтарында табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде. Балаларды табиғи материал мен жұмыс атқарудың тәсілдеріне оқыту жолында тәрбиешілер көп еңбек етуде.

Біздің балабақшада үнемі «Табиғатты аялай біл» « Құстар біздің досымыз», «Біз кішкентай көмекші» атты т.б көрме,сайыстар болып отырады.Балалар мен ата-аналар белсене қатысады.

Балаларды айналамен таныстыру үшін керекті көптеген материалдар жинақталған «Табиғат әлемі» мұражайының ашылуы, сонымен қатар жаңа жазғы «Көгілдір театр», «Қысқы бақтың ашылуы» - балалар үшін зор қуаныш болды.

Экологиялық тәрбие қазақ тілі және ағылшын тілі, дене шынықтыру және валеология сияқты тағы басқада сабақтар кезінде де өз жалғасын табады.

Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.

Табиғат-баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.

Бақшаның жұмысына өлкелік мұражайлармен экологиялық орталықтар да жәрдем беруде.

Табиғатты танып, білу – мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жааудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениетті алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;

2.Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналарқұру және ұйымдастыру;

3. Тірі обьектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойышшықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;

5. Педагог маманның білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру. Тәрбиеші – педагогикалық үрдістің ең бастысы тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол эколгиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болу тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білу керек.

1.2 Оқыта отырып тәрбиелеу негізі.

Адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас мәселесі және табиғат байлықтарын қорғау, сақтау жөніндегі нақтылы іс-шараны жүзеге асыру бүгінгі күні әр мемлекеттің, әр елдің өз бетімен атқаратын ісі ғана емес, барлық мемлекеттердің бас қосып, күш біріктіріп, жұмыла жасайтын бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.

Бұл әрьүллі елдердің экологиялық халықаралық қоғамның құрылуына әкелді. Біріккен Ұлттар Ұйымының талдап-талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналды.

Табиғат байлықтарын қорғау дегеніміз – бұларды мүлдем пайдаланбау емес, керісінше, оларды ұқыпты, тиімді пайдаланып, ысырапшылдыққа жол бермеу болып табылады.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты жолдауында әрбір азаматтың табиғат және оның байлықтарын пайдалану процесінде, табиғаты таза, көркем, мәңгілік қалпында сақтап қалудың қажет екендігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі атап көрсетілген.

Қабылданған қаулы-қарарлар мен «Білім» туралы заңда да педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық біліммен тәрбие берудің жалпыға бірдей үздіксіз жүрудің қажеттігі баса көрсетіледі. Жас ұрпақты қоршаған табиғатқа оның байлықтарына ұқыпты қарауға үйретіп, үнемі пайдаланудың маңызды мәселе екендігін ұғындыру, табиғатқа дұрыс қарым-қатыеас жасау жөніндегі қажетті оймен қаруландырып, икемділік дағдыларын қалыптастыру.








ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/

2. Көбеева Н «Бала және табиғат» \\ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5.

3. Құлшанова С Табиғатты қорғау. \\ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6.

4. Ғаламтор әлемі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ