Материалдар / Баяндама:МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама:МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті.Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталады.Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенмен,өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар. Интерактивті сөзі-ағылшынша inter-аралық,бірнеше әрекет дегенді,яғни «өзара әрекет» деген сөзі.Демек ,интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын(парадигма-танымал болған ғылыми жетістіктер)қанағаттандырады.Сонымен бірге сапалы,сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай,ары қарай дамытады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
425
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Авторы:Айдапкелова Гульнара Калщеровна

33 Мұхтар Әуезов орта мектебі

Жоғарғы санатты математика пән мұғалімі

Елде болып жатқан саяси,әлеуметтік,экономикалық және тағы басқа өзгерістер білім беру жүйесіне де әсер етеді.Бұл өзгерістер оқыту әдістемесінде жаңартулар ғана емес,білім беруші мен білім алушының арасындағы қарымқатынасқа да жаңаша көзқарастың қажеттілігін тудырады.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлау,ал оқыту әдістерін тұлғаааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр.Демек,оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай,өзінің өмірлік тәжірбиесіне сүйену арқылы танымдық «жаңалық» ашуы-шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әртүрліөнімдер жасауы тиіс.Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп,өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптастыруы керек.

Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті.Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталады.Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенмен,өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары бар.

Интерактивті сөзі-ағылшынша inter-аралық,бірнеше әрекет дегенді,яғни «өзара әрекет» деген сөзі.Демек ,интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым-қатынасқа негізделе отырып, «жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын» қазіргі білім беру парадигмасын(парадигма-танымал болған ғылыми жетістіктер)қанағаттандырады.Сонымен бірге сапалы,сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай,ары қарай дамытады.

Өзара әрекеттестік әдетте,белгілі бір мәселені шешу,ол шешімнің тиімділі туралы әңгімелесу,талқылау түрінде өтеді.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен,мәліметтерді талдап,жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.Дегенмен,интерактивті оқыту-қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді,бағалауда жаңа,күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруда көптеген қиындықтар туғызады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылы 5 қазандағы жолдауында «Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі тиіс» делінген. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары жасалынғанын барлығымыз білеміз.

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңдардағы «Әлуметтік эканомикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына кіру процессінде де маңызыды болып табылады. Еліміз үшін маңызды болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғанын ең басты сапалары белсенділік,шығармашылық тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға,кәсіби жолын тандай алуға қабілеттілік,өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасында да анық көрсетілген.

Функционалдық сауаттылық-адамныың сыртқы ортамен қарым-катынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алуының деңгейінің көрсеткіші. Олай болса,функционалдық сауаттылық тұлғанын белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім,білік дағдыларынын жиынтығынан құралады.

Бүгінгі күні Қазақстанның білім беру жүйесінің алдында білім сапасынынң бәсекелестігін арттыру,шынайы өмірлік кезеңдерге бейімдендіру мәселелері тұр.Осыған байланысты еліміздің 15 жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA (15-16 жасағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу,бағалау),TIMSS(4 және 8-ші сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау) халықаралық зерттеулер қатысты.Хавлыаралық зертеулер экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен(ЭЫДҰ)жүзеге асырылып,әрбәр кезеңіне халыаралық контекстте саралау жұмыстары жүргізіледі.

Математикалық сауаттылық –адамның өзі өмір сүретін әлемдік математиканың рөлін анықтап, түсіне білуі, математикалық нақты пікірлер айта білуі, саналы азаматтардың бүгінгі және болашақтағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеті, сонымен қатар, әртүрлі формада көрсетілген сандық мәліметтерді оқи білуі, түсіндіріп беруі мен талдай білуі бағаланады.Ал жаратылыстану сауаттылығы – жаратылыстануға қатысты мәселелерді қарастыруда азаматтық ұстанымды белсенді білдіру қабілеттері, білімін әртүрлі өмірдегі жағдайларда қолдануы, берілген болжамдарға оның дұрыс немесе бұрыстығына зерттеулер жүргізуі, айтылған көзқарастарды дәлелдеу және негізде қабілеттілігі бағаланса, оқу сауаттылығы жазбаша мәтіндердің мәнін түсіну мен оған рефлексиясы, оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсіну бағаланбайды, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін, сонымен бірге, ғылыми айғақтардың негізінде ойлануы бағаланады.Тапсырмаларды бағалау жүйесі – арнайы жасалынған нұсқаулық арқылы кодтаушы сарапшылар оқушылардың тапсырмаларға берген еркін құрастырылған жауаптарын бағалайды.Бұл бағалауда сенімді болуды қамтамасыз етеді. Әрбір тапсырманың орындалуын бағалауға өзіндік ұсыныс жасалынған және бағалау жүйесі көрсетілген.

PISA зертеуінің негізгі түйінді мәселесі- «жалпы міндетті білім алған он бес жастағы оқушы қоғамда толықанды қызмет ету үшін қажетті білім мен білліке ие ме?». Бұл зерттеу мен мектеп бағдарламасын менгеру деңгейін анықтауға емес,оқушылардың мектепте алған білімі мен білігін өмірлік жағдаяттарда қолдана білу қабілетін бағалауға бағытталған. Білім беруді жетістіктерге бағалаудағы қазіргі замандағы үрдіс осыдан көрінеді.

TIMSS,PISA зертеулеріне арналған математика мен жаратылыстану халықаралық тестілерін матемтика мен ғылыми жаратылыстану саласындағы әлемнің алдыңғы қатарлы мамандары дайындайды.Оның жасалуына Қазақстандық мамандар да қатысады.

TIMSS тапсырмаларының бірінші тапсырмаларының бірінші және екінші бөлімінде математикамен жаратылыстануға арналған тапсырмалар бар. Тест тапсырмаларынын көп бөлігі жауабының дұрыс болатын жауапты таңдауға арналған тапсырмалар. Тапрсымалардың қалған бөлігі арнайы берілген орынға оқушылар өз жауаптарын жазуы тиіс еркін жауапты талап ететін тапсырмалар. Бірнеше тапсырмаларды мысалға келтірейін:

1-мысал: Картанын масшатбы картадағы 1 см жердің 4 км ге сәйкес екенін көрсетеді. Картада екі қаланын арақашықтығы 8 см ге тең. Бұл қалалардың арақашықтығы қанша км?

a)2 c)16 b)8 d)32

2-мысал:Ерлан машинамен 4,8 км жүрді. Содан соң ол 1,5 км автобуспен жүрді. Ерлан қанша қашықтықыты жүріп өтті?

а)6,3км b)5,13км c)5,8км d)4.95км

Ал PISA тапсырмаларында бір мәселелер суреттелген мәтінді қамтиды және мәтінмен қатар 4 немесе 5 нұсқада жауабы бар сұрақтар,немесе тандауы бойынша қатар 2 жауабы болуы мүмкін болжамдар мен нақты бегітулері көрсетілген қиындық дәрежесі әртүрлі сұрақтар кіреді.Жалпы бұл халықаралық зерттеудегі тест тапсырмаларының басым бөлігі күнделікті өмірмен байланысты стандартты емес жағдаяттарды шешу жолдарын анықтауға бағытталған. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселесі бүгінгі таңда мектептеріміздің және мемлекетіміздің білім саласында тұрған басты мәселенің бірі болып табылады. Себебі оқушының кез келген сабаққа деген қызығушылығы болмаса, онда оның алған білімі тұрақты болмайды. Сондықтан мұғалімдер оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған жұмыстарды жандандыру қажет. Математиканы оқытуда жаңа әдістемелерді, жаңа ақпараттық технологияны енгізу, креативтік әдістемелер мен интерактивтік тәсілдерді пайдалануды талап етеді. Оқушылардың математикаға қызығушылық танытуы сабақ берудегі әдістемелерге және қаншалықты оқу жұмысының дұрыс құрастырылуына тікелей тәуелді болады. Оқушыларды математика пәніне қызығушылығын арттыру негізінде олардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру арқылы базалық бағдарламаларды игеруі мен өзіндік дамуға бағытталуы математикадан білім берудің негізі болып табылады. Бұл өз кезегінде жаңа ақпараттық технологиялар мен әдістемелік құрылымдарға сүйенеді, осының көмегімен математикалық ойлауды қалыптастыру, математикалық логикалық бағытты қалыптастыру, дарынды оқушыларды тереңдетіп оқытуды қамтамасыз ету, математикалық дүние танымды қалыптастыру, математиканы ұнатпайтын оқушыларды математикаға қызықтыру, оқушылардың жалпы білімдік сапасы жоғарылату. т.б . Білім беру жүйесін тез қарқынмен ақпараттандыру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі:

- сабақтарды өткізуде әртүрлі жаңа ақпараттық технологияны қолдану керек;

-жобалау және зерттеу жұмыстарын орындауда оқушылардың жеке творчестволық қабілеттілігін және танымдық белсенділігін жетілдіру керек;

- оқушылардың өз бетінше жұмыстану және шығармашылық қабілетін тәрбиелеу керек;

- ақпараттық технологияны оқыту нәтижесінде сапаны бақылау және бағалау құралы ретінде қолдану керек;

- оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру керек;

- оқушылардың басқа пәндерді оқытуда да компьютерді қолдануға үйрету керек.

Математиканы оқытуда жаңа технология түрлерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей ұсынылады:

Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Сабақта оқушылардың қызығушылығы атртып нашар және орташа үлгеретін оқушылар белсенділік көрсетеді.Қай сыныпты алсақта тиімді.Мысалы,9 сыныпта геометрия сабағында «Векторлардыңсколяр көбейтіндісі» тақырыбында жарыс түрінде өткізе отырып формулаларды тиімді және тез жаттап алуларына мүмкіндік туды.

Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.Мұнда, оқушыларды топқа бөле отырып әр топқа тапсырманы ұжым болып шешеуге,өз ойларын ортаға сала білуге үйретемін.Кез келген сыныпта жаңа тақырып өткенде проблемалық ситуация тудыра отырып жаңа ұғымды ашуға мүмкіндік тудыру өте тиімді.Өз ойларын жеткізуде оқушыда өзіне деген сенімдік артады, тақырыпқа сай есептерді түсініп шығарды.
Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Аталған технологиямен қатар өз жұмысымда профессор Ж.А.Қараевтың  оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын қолданып келемін. Деңгейлік саралау технологиясын қолдана отырып оқушылардың дағдылары мен біліктері олардың өзіндік қайта құру іс-әрекеті қалыптасатынына қөз жеткіздім. Кез келген іс-әрекет оның түрлерінің (репродуктивті, конструктивті, өнімді) сатылануымен сипатталды.Әр сыныпта үлгермеушілікті болдырмау жолында жасалатын жұмыс ұлкен ауқымды.Осы мәселерді шешу үшін мен алдымен тестілік тапсырмаларда қамтылған негізгі тақырыптамалар бойынша әрбір оқушының білім деңгейін анықтау мақсатында тестілеу жүргіземін. Тестілеу кезеңінде жеке тақырып бойынша берілген есептер типтерінің түрлері ұсынылды. Осындай тексеру нәтижесінде біліктілік пен қатар білімсіздік айқындалады. Әрбір тип бойынша білім жетіспеушіліктері бойынша оқушылар топтарға бөлінеді де әр топпен жұмыс жүре бастайды. Мұндай топтар уақытша құрылады, себебі тақырып меңгерілген соң жаңа тақырып бойынша диагностикалық жұмыс қайтадан жүргізіледі. Біздің негізгі жұмысымыз енді осы жіберген қателіктерді толықтыру, ол үшін әр топтағы оқушыға әртүрлі тапсырма беру арқылы балалармен жұмыс жүргіземін. Кейбір оқушыларға оқулықтағы тақырыптарды қайтадан қайталап түсіндіру керек. Оқушы сол тақырыптар бойынша кем дегенде А тобының есептерін шығаруы керек. Осынын нәтижесінде оқушыларда дағды пайда болады

Деңгейлік топтар құру,олармен жұмыс жүргізту.Келесі кезеңде топ деңгейіне қарай топтарға бөлу керек ,ол топтарда үш -төрт баладан артық болмау керек. Осы деңгейлік топтар арасында бір-біріне көмектесу жұмыстары жүреді. Бірінші топтың балаларына екінші топтың балаларына көмектеседі, ал екінші топтың балаларына үшінші топ мүшелеріне көмектеседі. Үшінші топқа мен көмекке келемін.Осындай білім алмасу жұмыстары тақырыптар бойынша бөлінген әр топтар арасында жүріп жатады, оларға топтар ішіндегі туындаған сұрақтар бойынша ғана көмек жасаймын. Өзінің тақырыптарын меңгергеннен кейін топтар арасында өзара білім алмасу жұмыстары жүре бастайды. Осы айтылған дайындықтар 6-8 сыныптар материалын меңгеру кезінде уақыттың аздығынан өз деңгейіне жете алмай қалған дайындықтардың кемшілігі болғандықтан жүреді. Сондықтан көбіне өзімен жұмыс жасауға ең төменгі топты аламын.

Жеке жұмыс, пармен жұмыс.Кейбір оқушылармен топтан бөлек өз бетінше үйде жұмыс істеу барысында туындаған мәселелерін шешуге жеке жұмыстарда паралельді түрде жүріп отырады. Бұл әдетте жақсы деңгейде жұмыс істейтін оқушылар болады. Олармен өздігімен жұмысты ұйымдастырудың қажеті жоқ, себебі олар өз бетімен жұмыс істей алады. Бұл мәселе орташа және ортадан төмен үлгеретін оқушылар үшін қиындық туғызады, өйткені олар өз бетімен жұмыс істей алмайды. Сондықтан мұндай оқушылар үшін типтес 10-15 есептерден тұратын тапсырмалар бердім. Алғашқы бетте орындай алмаса да кейін біртіндеп орындай бастайды. Осы жерде жақсы меңгерген оқушылардың көмегін пайдаланамын, яғни олардың арасында өзара көмек жұмыстарын ұйымдастырып қоямын. Көпшілік жағдайда оқушы әсіресе білімі төмендері, неден бастап дайындалатынын білмейді, сонда көмек беру үшін оқушынын шала білетін тақырыбын түсіндіріп, ұқсас есептерді бердім. Мысалы, баланын тез қабылдайтын тақырыптарымен жеңіл шығарылатын есептер . Пармен жұмыс істеген кезде білім алмасу жұмысы жақсы жүреді.

Өзара көмек беру,нәтижені өздік тексеру. Кейде әр топ әр түрлі тақырыпта жұмыс істейді. Бірақ бұл жағдай оқушы өз бетімен дайындық жұмысын меңгергенше ғана жүруі тиіс, себебі үнемі мұғалім көмегіне иек арту кейіннен зиян келтіреді. Осындай жұмыстар кезінде ата-аналармен тығыз байланыс болу керек. Ата-аналар баласы қай деңгейге жеткенін білуі және тиісті көмек көрсетуі керек. Осыдан кейін оқушылардың жетістігін, жалпы білім деңгейін тексеру үшін алғашқы тапсырмалармен ұқсас тестік бақылау өткізу арқылы өзгеріс мониторингісін жасап отырдым.

Деңгейлік топтарға қозғалыстар. Өз бетінше жұмысты қалыптастыру мақсатында білім алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп тереңдетеді. Жаңа білімді талдау, жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне, қорытындылай білуіне үйрете отырып келесі тақырыпқа дайындық жасай білуге жол ашылады. Бұл деңгейдегі оқушылар ребус, сөзжұмбақ, анаграмма құрастырады.
Сараптама мониторинг.Осындай әрбір оқушының көрсеткіштерін бақылау және сараптау жүргізіп отыру нәтижесінде әрбір оқушы өзінің жетістігін көзбен көріп отырады және өзінің кейбір есептер бойынша біліктілігінің көтерілгенін байқады. Бұл оқушының өз күшіне деген сенімін арттырып, қанаттандырады да, осыдан бастап, өз бетімен жұмыс істеу әрекеттерін саналы түрде ұйымдастырады.

Пәнаралық байланысты шығармашылық тапсырмалар, оқушы шығармашылығын дамытудың негізгі тәсілі деп ойлаймын. Өйткенi, пәнаралық байланыстар шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және үдерістері арасындағы талдауға, біріктіруге ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін көп функционалды педагогикалық категория. Негізінде біз білімдерді жаңа жағдайға пәнаралық тасымалдау әдістерінің күрделілігінің біртіндеп артуын талап ететін есептерді шешу тәсілінің төрт түрін ажыратамыз.

1. Белгілі бір тәсілдерді ұқсас немесе біршама алшақ пәнаралық жағдайларға тасымалдауды талап ететін есептер түрі. Олардың шешілуіне байланысты оқу пәндеріндегі білімдер мен есептерді шығарудың тәсілдерін тікелей тасымалдауды талап етеді. Мысалы, оған оқушыларға математика курсынан белгілі тригонометриялық функциялардың қасиеттерін білуді қажет ететін физикалық мазмұнды есеп.

2. Пәнаралық проблемалық жағдайға кейбір түрлендірулер жасау арқылы тасымалдауды талап ететін есептер түрі. Мұндай есептер оқушыдан бұрын игерген білімдері мен біліктіліктерінің бөлігін жаңа жағдайға тасымалдауды және жаңа ақпаратты іздеуді талап етеді.

3. Шешудің бірнеше тәсілдерін ерекше пәнаралық жағдайға тасымалдауды және осы тәсілдерді біріктіруді талап ететін есептер түрі.

4. Шешудің жаңа тәсілін өз бетімен құруды талап ететін пәнаралық зерттеу есептер түрі.


Пайдаланылған әдебиеттер

1.А.С.Макаренко.Психология труда учителя.М.,«Просвещение»,1993.

[1,118-б]

2. Дайрабеков С. Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы мектеп оқушыларының математиканы оқыту белсенділігін компьютер арқылы дамыту. Шымкент, 2004.[ 5,31-б. ]

3.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Алматы 2010 [ 2, 6-б]

4.Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Астана. 2004. [ 3, 4-б ]

5.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Астана . 2004 [ 4,28-б]

5. Дайрабеков С. Қоғамдық гуманитарлық бағыттағы мектеп оқушыларының математиканы оқыту белсенділігін компьютер арқылы дамыту. Шымкент, 2004.[ 5,31-б. ]





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!