Материалдар / Баяндама."Мұғалім құзыреттілігі --ҰБТ сапасын арттыру кепілі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама."Мұғалім құзыреттілігі --ҰБТ сапасын арттыру кепілі"

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ тапсыратын сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге көмекші құрал.Әдістемелік бірлестік отырысында оқылатын Баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2018
439
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

« Барқытбел орта мектеп-бақша КММ»





«Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-ҰБТ сапасын арттыру кепілі»







Құдабаева А С.

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: « Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады»





ҰБТ : білім сапасын арттыру жолдары
Мақсаты: Мүғалімдерге білім сапасын арттыруда Кембридж бағдарламасының бағыттары мен модульдері туралы түсінік бере отырып, оқушылардың жадысын дамытуға арналған тәсілдермен таныстыру
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер Кембридж бағдарламасының бағыттары туралы түсінік алады, оқушылардың жадысын дамыту маңыздылығын түсінеді, тестке дайындық кезеңіңде қолданылатын тәсілдермен танысады.

Мұғалімдерге психологиялық ахуал қалыптастыру / Әр мұғалім парақ алып , атын жазады.Парақты бүктейді,бір жерін жыртады, тағы бүктейді,тағы бір жерін жыртады.,тағы бүктеп бір жерін жыртады. Осыдан кейін парақты ашып, әркім өзінің парағына қарап көреді. Әр кімдікі әр түрлі болып шығады
/ Түйін әр қайсы жекеше ойлайды,жасайды, оқиды./
,,Педагогикалық мақсаттылық туралы,,Қазақстан-2050,, стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты,, атты Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында ,,Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет.Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды . Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек,- деп атап айтты. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады, — дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін- өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын – еліміздің келер күнгі келбеті. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда. Пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту үдерісі ойлау дағдыларын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына тапсырма түрінде берілген пәндік БЕД жатады, ал ұйымдастыру формасына – проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты, ойлау дағдыларының өзі БЕД-тердің құзыреттілікке көшуінің құралы ретінде қызмет атқарады, яғни функционалдық сауаттылығы. «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.
ҮІ Миға шабуыл / Әр топқа 7 сынып тарихынан бір мәтін беріледі
1 тапсырма Әр топ мүшеслері өзара мәтін мазмұнын талдап түсіндіреді .
2 тапсырма Әр топқа берілген мәтін бойынша 5 сұрақтан тұратын тест құрастыру тапсырылады
1топ Сәйкестендіру тесті / мазмұнына қарай топтастыру/
2 топ Таңдау тесті / дұрыс жауабын табу/
3топ Балама тест немесе альтернативті тест /Жеке сұрақтарға ие / жоқ деп жауап береді/
4 топ Еске түсіру тесті /Тарихи атау немесе оқиға беріледі соған жауап беру керек. /
Тестерді алмасып, топтар өзара бірін-бірі тексереді.
ҮІІ. Слайд таныстырылым ,,Тестке дайындық кезеңінде қолданылатын тәсілдер,,
Бүгінгі таңда оқушылардың білім деңгейін анықтайтын, тексеруге қолайлы жазбаша бақылау жұмыстарының бір түрі – тест. Тест сабақта уақытты үнемдеуге, оқушының өткен тақырыптарды еске сақтау қабілетін арттырады, белсенді ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік береді. Тест әдісі оқушының белгілі бір немесе бір топ тақырыптардың мазмұнын қандай дәрежеде меңгергендіктерін тез арада байқауғамүмкіндік береді. Тест сұрақтарына нақты жауап іздеу барысында оқушы ұшқырлыққа, жинақтылыққа дағдыланады. Тест оқушының шапшаң қимылдап, тез ой тұжырымдауға жұмылдырады. Тестілеу арқылы аз уақыт ішінде көп оқушының білімін, білігін тесеруге болады. Тест сұрақтары –қарапайым, нақты, түсінікті тілмен қарастырылуы керек, ол бір қатарлы, бір мағыналы болуы тиіс. Оқушылардың білімін анықтау мақсатында құрастырылатын тестілердің көптегер түрлері бар. Бақылаушы тест негізінен бағдарлама бойынша оқу материалын қаншалықты меңгергендігін анықтауға болады. Сабақ үстінде оқушылармен мүмкіндігінше тесттік жұмыстар жүргізіп, мұғалім тек осы жұмыстың үстінен бақылап ,оны орындауға тапсырманы алдын-ала даярлап отыру керек. Тесттер белгілі бір ережелер, талаптар бойынша құрастыралды. Әрбір тест обьектісі болып табылатын білім,біліктілік және дағды компоненттерінің сипаттамасын анықтайтын түрлі тапсырмалар жиынтығынан тұрады. Тесттерді пайдаланудағы әрекеттер төмендегі реттпен жүргізіледі.
-Тест алдындағы талдау
-Тестті жоспарлау
-Тестті құрастыру
Тесттің негізігі түрлері мыналар :
Таңдау тесті – бұл күнделікті жиі қолданатын тесттің түрі. Белгілі тақырып бойынша бір сұрақ беріліп, бірнеше жауабы көрсетіледі. Соның ішінен тек дұрысжауапты ғана таңдап алынуы керек.
Балама жауапты немесе альтернативті тест – мұнда белгілі бір тақырыптан жеке-жеке сұрақтар беріледі. Бұл тестің ерекшелігі сұрақтардың жанына оқушы ,,иә,, ,,жоқ,, ,,дұрыс ,, ,,дұрыс емес,, деген сөздер жазуы керек.
Толықтыру тесті -Мұнда оқушы қалдырып кеткен бос орынды тарихи оқиға байланысты тарихи есім мен уақытын жазып толтырады.
Сәйкестендіру тесті - Екі бағанада орналасқае фактілерді, мысалдарды, сөздерді бір- бірімен мағынасына , мазмұнына сәйкес топтастыру керек.
Еске түсіру тесті - оқиға немесе тарихи атау мен есімдер беріледі де, оның нақты жауабын айту ұсынылады.
Аралас тест – әр түрлі тақырыпқа байланысты әр түрлі сұрақтарды қамтитын күрделі тесттің бірі.
Бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындауда 3 бағытты ұстану қажет :
Біріншіден : пән мұғалімі өз пәнін жетік меңгерген ,шығармашыл ұстаз болу керек.
Екіншіден: Оқушы 5-11 сыныптың материалын тесті жаттау арқылы емес , қазақстан тарихы бағдарламасында берілген әр тақырыптың мазмұнын түсініп оқып, білімін күнделікті арттыра отырып, практикада қолдануда шеберлік таныта білуі керек.
Үшіншіден : Пән мұғалімі шығармашылық ізденіс жолдарымен оқытып отырған оқушыларынан сұраныс /оқушы үні/ тыңдау арқылы , берілген білімнің сапасын аптасына кем дегенде екі рет қорытынды мониторинг арқылы жүйелеп, үлгерім деңгейін саралап отыру керек. .
РЕФЛЕКСИЯ : ,,Бес саусақ тәсілі ,, арқылы ой пікірлерін тыңдап,оған талдау жүргізе отырып, кеткен кемшіліктер мен ұсыныстарды басшылыққа алып, болашақтағы жұмысты жоспарлауда негізге алу қажет .



Оқушылар әр тест кітапшасымен жұмыс жасағанда онда келген сұрақтарды мағынасына қарай топтап реттеп іріктеп жеке сұрақтарды дәптерлеріне бағыт- бағыт бойынша жазып отырады. Мыс:

«Қаулылар» деп аталатын тақырыпқа

1946ж «Звезда Ленинград журналдары» туралы

1947 ж-«Тіл және Әдебиет институтының жұмысындағы өрескел қателіктер» туралы.

1950ж-«Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік лениндік тұрғыдан баяедайық» деген қаулылар.

Институттар

1928 Абай атындағы Пед институт

1929 Зоовет институт

1930 Сельхоз

1931 Медициналық институт

1932 Орал Қызылорда пед институт

1934 Киров атындағы мемл Университет

1934 Кен металлургия институты

Тіл ғылымының зерттеушілерінің айтуынша жырлар—

«Едіге», « Ерсайын»- қазақ халқына алшындар арқылы

«Ер Көкше», « Базар Батыр»-керей тілінде

«Талас»ескерткіштері- дулат үйсін тілінде

«Наһжи Әл Фарадис»-кедері тілінде

«Кодекс Куманикус»-қыпшақ тілінде



ТМД құрылар кездегі мемлекет басшыларының кездесуі.

1991ж. 8желт-Минск Славян басшылары кездесті

1991ж. 13 желт-Ашхабадта Азия басшылары кездести

1991ж 21желт-Алматы келісімі ТМД құру үрдісі аяқталды.

Келісімдер.

  1. 1851ж Құлжа

  2. 1860ж Пекин

  3. 1864ж Шәуешек

  4. 1881ж - Петербор

Қоқан бекіністерінің алынуы.

  1. Таушыбек- 1851ж 7 шілде

  2. Ақмешіт -1853 ж

  3. Тоқмақ-1860 ж 26 тамыз

  4. Пішпек -1860 ж 4 қыркүйек

  5. Ұзынағаш алынды -1860ж 19-21қазан

  6. Мерке, Әулие,Түркістан -1864 ж

  7. Ташкент -1865 ж



Жаңа экономикалық саясат.

Коммуна –өндірісті қоғамдастыру.

Артель –жер,мал бір бөлігін,ауыл шаруашылық машиналарын,құрал –саймандарын біріктіру.егіншілікпен айналысатын аудандарда.

ТОЗ-жер өндейтін серіктестер.малшылықпер айналысатын аудандарда.

Ақындар.Күйшілер.

Шертпе күйдің негізін салушы-Тәттімбет

Классик күйші –Құрманғазы

Лирикалық күйші –Дәулеткерей

Эпик ақын –Шөже.(Баян Сұлу Қозы- Көрпештің ең көркем нұсқасын ұсынған)

Суырып салма-Шернияз

Жаяу Мұса -70 ке жуық ән шығарып сөзін де өзі жазған

Ақан Сері-40қа жуық әні бар

Сүйінбай- ақындардың Aлтын діңгегі

Құлеке Тілеуке ұлы-Шал ақын

Ұ О С кезінде Қазақстанға қайдан не әкелінді.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытына Запорожьеден

Алматы машина жөндеу зауытына Луганскіден

Республиканың оңтүстік тамақ өнеркәсібінің құрылыстарына Украинадан.



1960 жылдары ашылған кәсіпорындар.

Алматы,Шымкент мақта- мата комбинаты.

Жезқазған,Семей,Ақтөбе тоқыма фабрикалары

Жамбыл,Семей,Петропавл, Павлодар тері илейтин кәсіпорындар

Қарағанды аяқ киім,шұлық шыығару

Жамбыл былғары аяқ киім.

Қостанай костьюм тігу,мата комбинаты.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!