Баяндама"Оқу мақсатына бағытталған дұрыс әдіс – тәсілдерді қолдану"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Баяндама"Оқу мақсатына бағытталған дұрыс әдіс – тәсілдерді қолдану"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Оқу мақсатына бағытталған дұрыс әдіс – тәсілдерді қолдану" Заманауи сабақ- тиімді сабақ. Ал сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан, оқу мақсатына бағытталған дұрыс әдіс – тәсілдерді қолдану мұғалімнің шеберлігін, табанды еңбегін қажет етеді. Елімізде білім саласындағы жаңаинновациялық технологиялардың енуі, мұғалімдерді ізденіске жетелеп отыр. Менің ойымша, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеру үшін, оны түсініп алу қажет. Сабақты толық мақсатын ажетуде ұстаздың шеберлігі мен қатар қысқа мерзімді жоспарды тиімді құрастырудың маңызы зор. Сол себептен ҚМЖ жасаудың ерекшеліктеріне шолу жасап, ой бөліскім келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының

«Лисаков қаласы білім бөлімінің

Октябрь жалпы білім беретін мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ТілеубаеваА.Т. –жоғары білімді,

эксперт санатты қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

Оқу мақсатына бағытталған дұрыс әдіс – тәсілдерді қолдану

1-слайд. Заманауи сабақ- тиімді сабақ. Ал сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыру болғандықтан оқу мақсатына бағытталған дұрыс әдіс – тәсілдерді қолдану мұғалімнің шеберлігін, табанды еңбегін қажет етеді.

Елімізде білім саласындағы жаңаинновациялық технологиялардың енуі, мұғалімдерді ізденіске жетелеп отыр. Менің ойымша, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгеру үшін, оны түсініп алу қажет. Сабақты толық мақсатын ажетуде ұстаздың шеберлігі мен қатар қысқа мерзімді жоспарды тиімді құрастырудың маңызы зор.

Сол себептен қмж жасаудың ерекшеліктеріне шолу жасап, ой бөліскім келеді.

2-слайд.Жаңаша білім беру бағдарламасы маңызды үш құжаттан тұрады:

бағдарлама,

ұзақ мерзімді жоспар,

орта және қысқа мерзімді жоспар.


3-слайд.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде пән бойынша оқу бағдарламасы құрылады.

Оқу бағдарламасының мазмұны:

1-тарау. Жалпы ережелер

2-тарау. "Қазақ тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

1-параграф. "Қазақ тілі" оқу пәнінің мазмұны

2-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі

      13. Бағдарламада оқу мақсаттары кодтық белгімен белгіленген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: "1" – сынып, "2.1" – бөлім мен бөлімше, "1" – оқу мақсатының реттік нөмірі.

      14. Оқу мақсаттарының жүйесі:

  1. "Тыңдалым" бөлімі:

Бөлімше (түйіндідағдылар)

"Тыңдалым" бөлімі бойынша оқу мақсаттары

1-сынып А1 – бастапқыдеңгей

2-сынып А1 – негізгідеңгей

3-сынып А1 – ілгерілегендеңгей

4-сынып А2 – бастапқыдеңгей

 2) "Айтылым" бөлімі:

 3) "Оқылым" бөлімі:

4) "Жазылым" бөлімі:

5) "Тілдік нормаларды қолдану" бөлімі:

3-параграф. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын (оқыту қазақ тілінде емес) іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар

1) 1-сынып:

Ортақ тақырып

Бөлім (сөйлеу әрекеттерінің түрлері)

Бөлімше (түйінді дағдылар)

Оқумақсаттары

Ескерту:

      1) "*" – белгіленген оқу мақсаттарының бөлігі жүзеге асырылады;

      2) "/" – белгісі оқу мақсатындағы бөліп қарастыруға болатын бөліктерді көрсетеді.



Ұзақ мерзімді жоспар (ҰМЖ) тоқсанға немесе оқу жылына жасалатын КТЖ күнтізбелік тақырыптық жоспар. Ұзақ мерзімді жоспар – бұл оқу бағдарламасының жалғасы, онда пәннің негізгі мазмұны нақтыланады.

Орта мерзімді жоспар (ОМЖ) – ол белгілі бір тарауға немесе көлемді тақырыпқа байланысты жасалатын жоспар.

Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) - күнделікті сабақ жоспары.

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029767#z157

4-слайд.Біріншіден, сабақ тақырыбын аламыз. Мысалы ретінде, мен 3-сынып «Тұңғыш ұстаз» тақырыбын алдым


5-слайд.Сабақтың басты міндеті — оқу мақсатын жүзеге асыр уболғандықтан, сабақ жоспары толығымен оқу мақсаттарынан туындайды.  Бұл туралы әр пәннің оқу бағдарламаларында былайша жазылған: «Нақты пән бойынша күнделіктібілім беру үдерісінің мазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, білік және дағдыларын кез келген оқу үдерісінде және өмір жағдаяттарында шығармашылықпен пайдалану даярлылығын қалыптастыруға, жетістікке қол жеткізуде қажырлылықты дамытуға бағытталған, өмір бойы білім алуға ынталандырады».  Мұндағы берілген ақпарат бойынша оқу мақсаттарынан ауытқымай жүру керек деген қорытынды жасаймыз.


6-слайд.Әр сабақта 2-3 оқу мақсаттан артық алмағаны дұрыс. Себебі барлық мақсатқа бірдей қол жеткізу оқушылар үшін қиын болады. Оқу мақсаты оқу бағдарламасынан алынады.

2-параграф. Оқу мақсаттарының жүйесі

      13. Бағдарламада оқу мақсаттары кодтық белгімен белгіленген. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлім мен бөлімшенің ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. 1.2.1.1 кодында: "1" – сынып, "2.1" – бөлім мен бөлімше, "1" – оқу мақсатының реттік нөмірі

1.3 Тыңдаған аудио/бейне материалдың мазмұнын түсіну

3.1.3.1* тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/ кесте толтыру/ мазмұндау


2.4 Оқыған/ тыңдаған материалды мазмұндау

3.2.4.1* жоспар (сурет, сызбатүрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау



Т+А,О+Ж н/е Т+Ж, О+А бірге жүреді, Ж+Тілдік бағдар


7-слайд.Енді оқу мақсаттарын сабақ мақсаттарына айналдыру керек. Ал сабақ мақсаты дегеніміз не? Бұл сабақтағы оқушы жұмысының нәтижесін мұғалімнің болжауы(Оқушы нені үйренеді? Біз оқу жұмысының нәтижесі қандай екенін көреміз?) Сабақ мақсаты дегеніміз оқушылардың сабақ нәтижесінде (45 минуттанкейін)  үйренетін дағдылары, білік пен білімі, оқушының сабақ бойы жасаған жұмысының нәтижесі.

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарының негізінде жасалады. Мұнда негізінен оқу мақсаттары өзгерілмейді, оларды тек  ықшамдауға немесе түсіндіруге болады.

Мысалы: 1- оқу мақсаты:* тыңдағанматериалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұныбойыншасұрақтарғажауап беру жәнесюжеттің даму желісібойыншаиллюстрацияларорналастыру/ кестетолтыру/ мазмұндау

2-оқу мақсаты: * жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

Сабақ мақсаты: тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырады \( кесте толтыру/ мазмұндау алып тастаймыз);

((жоспар , сызба түрінде) алып тастаймыз) сурет және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды.

8-слайд.

Енді сабақ мақсатына жетуге көмектесетін ресурстар мен тапсырмаларды жоспарлаймыз.

2022-23 оқу жылының қалалық отырысында мен өз тәжірибемде қандай жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып жүргеніммен әріптестермен бөлістім.

Сабақ мақсатымен бірге бізге коммуникативтік құзіреттіліктерді, функционалдық сауаттылықты деген сияқты дағдыларын дамыту керектігін білеміз.

«Мағынаны ажырату» кезеңінде,Тыңдалым немесе оқылым кезеңінде пайдаланған стратегиялары:

  • инсерт әдісі

  • «Болжау» (предположение)

  • DRTA (напр. чтение)

  • «Екі түрлі түсіндірме күнделік» (дневник двойной записи)

  • ББҮ (өз бетімен жұмыс жасап, жаңа мәліметтерді кестеге жазу)

Оқушылар жұмыс жасау барысында бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш-қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жасуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортаға оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды.

«Ой толғаныс» сатысында, Тыңдалым немесе оқылымнан кейінгі әдістер:

  • «Кубизм» әдісі

  • ББҮ (бұрыннан білген нәрселерге жаңа білім қосып, оқушылар не үйренгені туралы, не ойлайтындығы жөнінде пікір алмасып өз ойларын айтады)

  • Эссе, « еркін жазу» (5 мин)

  • Ой қозғау

  • «Венн» кестесін толтыру

  • «Авторлық орындық»

  • 5 жолды өлең

  • Кластер (переосмысление)

Сабақтың басы (5мин.)

9-слайд.Досыма тілекСабақты жылы тілектен бастаймыз.

10-слайд.Фотогалерея әдісі Атақты тұлғалар бөлімін өтіп жатырмыз, сондықтан ұлы адамдарды қайталаймыз

Дескриптор:

- Атақты тұлғаларды атайды,

- Сұраққа жауап береді -2 балл

11-12-слайд.Сөзжұмбақ Содан кейін жаңа тақырыпты болжайды Wordwall.net|ru платформа арқылы

Өте ыңғайлы платформа

Дескриптор:

  • Сөздерді аударады.

  • Тақырыпты анықтайды

  • 1 балл

Сабақтың ортасы (35 мин)

13-слайд. Жаңа сөздермен жұмыс

Оқу мақсаттары сабақ мақсаттарының қандай болу керектігін міндеттейді.

Сабақ мақсаттары бағалау критерийлеріңің қандай болу керектігін анықтайды.

Ал бағалау критерийлері тапсырмалардың қандай болу керектігін көрсетеді.

Олай болса бұл сабақтың негізгі бөлігіне арналған оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар мынандай болу керек.

14-15 слайд.1-тапсырма. Тыңдалым. Жұптық жұмыс
Сұрақтарға жауап беру

  • Сабақ мақсаттары

  • Тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастырады;

  • сурет және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып, мазмұндайды

Мәтінді мұқият тыңдап,

Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді\2 балл .

Сергіту сәті

16-17 слайд.2- тапсырма.Суреттерді сюжет желісі бойынша Wordwall.net|ru платформа арқылыретімен орналастыру

Дескриптор:

Сюжеттің даму желісін анықтайды

Сюжет бойынша иллюстрациялар орналастырады

.- 2 балл.


18-19 слайд. 3-тапсырма.Берілген суреттер және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мәтінді мазмұндау

Дескриптор:

  • Суреттер және тірек сөздерді пайдаланады,

  • мәтінді мазмұндайды,

  • оқиға желісін сақтайды \3 балл


Сабақтың соңы (5мин)

20-слайд Үй жұмысы

21-слайд Бағалау

22-слайд Кері байланыс

Байқап отырғаныңыздай, сабақ мақсаты қандай болу керектігін оқу мақсаты айқындап беріп тұрады. Сабақ мақсаттары өз кезегінде бағалау критерийлерін айқындайды. Ал бағалау критерийлері сабақта оқушыларға қандай тапсырмаларды ұсыну керектігін анықтайды. Мұғалім тек тапсырмаларға дескрипторларды құрастыруы керек және оқу мақсатына бағытталған дұрыс әдіс – тәсілдерді қолдану қажет.



 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2025
46
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі