Маңғыстау облысы «Бейнеу
ауданының
әкімдігінің Ы.Алтынсарин атындағы
орта
мектебі»КММ-сі бастауыш сынып
мұғалімі
Адилханова Жамила Садуакасовна
Оқушы білімін тиімді бағалау
Қазіргі таңда Қазақстанда
білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып
отыр.
Жүргізіліп жатқан реформалар
еліміздегі білім беру саласының әлемдік деңгейге сәйкес келуін
қамтамасыз етеді,сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын
мамандар даярланады және бәсекеге қабілетті білім беру жүйесі
қалыптасады.Сапалы білім беру-оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз
үдерісі.Қазіргі кезде білім берудегі мақсат-жан-жақты,білімді,өмір
сүруге бейім,өзіндік ой-талғамы бар,адамгершілігі жоғары,қабілетті
жеке тұлғаны қалыптастыру.Бұрын оқытуда оқушылар тек қана
тыңдаушы,орындаушы болып келсе,қазіргі бала өздігінен білім
іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз
керек.
Бүгінгі білім беруде оқушының
білім деңгейін анықтау үшін критериалды бағалау енгізіліп
отыр.Критериалды бағалау-баланың оқу нәтижелерін білім беру
мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін,білім беру үдерісіне
қатысушылардың барлығын алдын-ала таныс ,ұжым талқысынан
өткен,нақты анықталған өлшемдер арқылы шәкірттің оқу жетістіктерін
салыстыруға негізделген үдеріс.
Мұғалім жалғыз бағалаушы тұлға
еместігіне назар аударылады.Балалар өзін-өзі және өзінің
сыныптастарын бағалауға қатыстырылуы мүмкін.Мұғалімдер бағалауды
жүргізгендерімен,оқушылар да бағалауға белсенді қатысуы тиіс.Оқуға
ынтасы барлар ғана өзінің оқуын жақсартуды үйренуге қабілетті бола
алады.Нақтылап айтқанда,зейінді,ынтаны талап ететін кері байланыс
нәтижесінде алынған ақпаратқа назар аудару керек.Бұл қорытынды
оқыту тәжірибесі үшін өте маңызды және өзекті.Оқытуды бағалау
үдерісі оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру мәселесін шешуде маңызды
орын алатындығы әр мұғалімнің назарында болуы
тиіс.
Бағалау бастапқы және жаңа
идеялар мен дағдыларды қабылдау үшін өзгеруге бейім
болады.Жоспарлау кезінде оқушылардың жұмысын бағалауда қажет
етілетіндей әдістер ,стратегиялар қолданылуы керек.Сонымен
қатар,оқушылардың қалай кері байланыс жасай алуы жоспарлану
керек.Шәкірттер оқуын бағалауға қалай қатыса алады және ары қарай
жетістіктерге жетуі үшін қандай көмек керек екені де жоспарға
енгізіледі.Демек, білім- мәңгілік ізденіс,ол ешқашан таусылмайтын
бұлақ.Осы жолда заманауи талаптардың бір жүйеге енуі,оның жүзеге
асуы,басым бағыттарының болғаны білім берудің бағдаршамына
айналмақ.