Материалдар / Баяндама«Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама«Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздың алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оқушылардың осы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, есептер шешімдерін өз бетінше шығара білу дағдыларын жетілдіру меңгеру, біліктілігін арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
2010
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Респубдикасы

Білім және ғылым министірлігі

57 жалпы орта мектеп


Shape1




Shape2


«Оқушылардың

пәнге деген қызығушылықтарын арттыру»



Математика пәні мұғалімі: Керімбек С.А









2017-2018 оқу жылы

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру


 «Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда

жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет»-

деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев


Ұстаздың алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, оқушылардың осы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, есептер шешімдерін өз бетінше шығара білу дағдыларын жетілдіру меңгеру, біліктілігін арттыру.


Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша қабылдаған ұлттық жоспардың  мақсаты – Қазақстан білім сапасын жетілдірудегі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігі мен тұтастығын қамтамасыз ету .


Математика пәнін оқуда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімділігі. Математиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет. Математика сабағында оқушылар өз бетінше білу дағдыларын дамыту баға жетпес құндылықтарының бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет. Математика сабағында сыни тұрғыдан ойлау технологиясының әр түрлі стратегияларын қолдана отырып, өз бетінше жұмыс істеу факторы – есептерді шығара білу.

Шапшаңдылық дағдыларын ұйымдастыра отырып, оқушылардың құзыреттілігін арттыру арқылы шығармашылықтарын дамыту. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада шешім қабылдауға көмектесетін бірден бір тиімді технология. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа деген көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып тұжырым жасау.

Ой қозғай отырып оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап  естіген-білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп білмегенін өзі реттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп тұжырым жасауға шығармашылық жұмыс жасау.

Өзім сабақ беретін 5-7 сыныптарда менің жұмыс тәжірибемнің мақсаты: математика сабағында бағдарлама материалын сапалы меңгерту үшін оқыту мен жазу арқылы  сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы арқылы және топтық жұмыс түрлерін, деңгейлік тапсырмаларды орындату, тірек сызбаларды, ойын түрлерін қолданып, логикалық және эксперименттік мазмұнды есептер шығарта   отырып, оқушыларды бір-бірімен пікірлесе білуге, ойларын нақты, ашық жеткізе білуге , тұжырымдарын жасауға үйрету. Оқушылардың өткен материалды қаншалықты меңгергендігін білу үшін бір тарауды толық өткеннен кейін қайталау сабағы есебінде 5 сыныпта өткізген жарыс сабағыма тоқталайын.

Жарыс сабағы барысында оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ойлау қабілеті артатыны байқалды. Бұл ойын түрін сабағыма пайдаланудағы мақсатым – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, пәнге қызығушылығын арттыру.

«Математикалық-лото» ойынында түрлі кеспе қағаздарға есептер дайындаймын. Кеспе қағаздардың артына сурет салынады. Жауаптарын дұрыс орналастыратын болса, кеспе қағаздағы сурет дұрыс шығады. Ал, суреттің дұрыс құрастырылуы балалар қызығушылығын арттыра түсері анық. 7 сынып геометрия сабағында «Математикалық-лото» ойынын сынып оқушыларын екі топқа бөліп беруге де болады. «Математикалық-лото» ойының мынандай түрде де жүргізуге болады. Мұнда геометриялық фигуралардың аттары жазылып, тақтаға ілінеді. Оқушылар осы фигуралардың аудандарының формулаларын дұрыс тауып қоюлары керек. Логикалық ойындарды сергіту сәті ретінде қолданамын.

Әрбір оқушының және бүкіл сыныптың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін білімін жазбаша тексеру тәсілдерінің бірі семантикалық картамен жұмыс. Семантикалық картамен жұмысты жаңа сабақты бекіту мақсатында ұйымдастырылған тиімді деп ойлаймын. Семантикалық карта көмегімен анықтамаларды, ережелерді, қасиеттерді тұжырымдау, сондай-ақ есеп шығару барысында қолдану іскерліктерін қалыптастырады. Мектепте жаңа буын оқулықтары бойынша математикадан сабақ беріп келемін. Оқулықтағы тапсырмалар деңгейлік тапсырмалар болып бөлінген .

Мұндағы І деңгей тапсырмалары: меңгерілген білімді үлгі бойынша пайдалана білу, ІІ деңгей меңгерілген білімді өзгертілген жағдайда қолдана білу, ІІІ деңгей шығармашылық, яғни математика оқулығындағы әр түрлі сұрақтар, есептер, оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылықпен ойлауын дамытатын, әр түрлі әдіс-тәсілдермен меңгертуге көмектеседі, яғни жеңілден күрделіге қарай тапсырмалар реттілікпен сақталып берілген.

Қазіргі ғылым мен техниканың даму кезінле алдымыздағы шәкірттің жан-жақты білімді, ой-өрісі кең болып шығуына ықпал ететін мұғалім екені түсінікті. Сабақта шығарылатын есептер оқушының ойлау қабілетін математика тілін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге негізделе құрылған. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін  оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөлемін.   Деңгейлік есептер оқушының логикалық ойлау қасиетін шыңдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Заман талабына сай  жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші мұғалімдеріміз оқушыларды жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. «Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»,- деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор, сондай-ақ, мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Педагогтің шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізуі – бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.

Көбінесе мектеп оқушылары ой қорытып, есепті шығаруға талпынбайды, керісінше немқұрайлық танытып, ҰБТ-де көзді жұмып белгілей салады. Сондықтан оларды ең болмағанда стандартты жолмен есеп шығара білуге үйрету керек. ҰБТ-ге дайындау барысында оқушылар мәселе есептерді шешуде көп қиналады. Себебі: шартын дұрыс құрмауында.

ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолы берілген жауаптарды орнына қойып тексеруге болады. Бірақ кей жағдайда болмай қалуы мүмкін. Жалпы, бақ шаба ма, бап шаба ма? дегендей, әр оқушы өз талабынан көреді.

Осы жылдар ішінде өз тәжірибемде ҰБТ-ге дайындау жұмысын 9-10 сыныптан бастап жүргіздім. Қолданбалы курс, факультатив сабақтар және қосымша сабақтарда 11-сыныпта өтілетін тақырыптарды таңдап алып, оқушыларға игерте бастаймын. Мұның тиімділігі 11- сыныпта оқушылардың математика курсын қайталауына уақыттары көбірек болады, әрі тестпен жұмыс жасауға дағдыланады және бақылау тестерін көбірек алып отыруға, оны талдауға уақыт табылады.

Түлектерді ҰБТ-ге дайындауда мен алдымен төмендегідей үлгідегі жоспар бойынша жұмыс жасаймын. Бұл есептерді шығаруда қайталауды ұйымдастыру әдісі болып табылады.

І. Өрнектер және оларға амалдар қолдану

Өрнектерді жазылу түріне қарай екіге бөлеміз: сандық өрнектер, әріпті өрнектер.

Мазмұнына қарай: бүтін-рационал, бөлшек-рационал, иррационал, көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық деп бөліп оқытамын.

ІІ. Теңдеулер мен теңсіздіктер

Сызықтық, квадраттық, иррационал, көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық.

ІІІ. Теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі

Құрамындағы теңдеулердің түріне қарай сызықтық және аралас болып бөлінеді. Ал теңсіздіктер жүйесі туралы түсіндіріп айту қажет, кейбір мазмұнды есептер теңдеулер мен теңсіздіктердің аралас жүйесін шешуге келтіріледі.

ІҮ. Теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін шешуге келтірілетін мазмұнды есептер

Мазмұнына қарай бұл есептер:

-сандық тәуелділікке;

-арифметикалық және геометриялық прогрессияларға;

-бірігіп бітіретін жұмыстарға;

-қоспалар, балқымалар және ерітінділерге;

-қозғалысқа арналған.

Ү. Функция тақырыбы:

ҮІ. Геометриялық мазмұнды есептер

Геометриялық есептерді шешу үшін алдымен планиметрия мен стереометрия тараулары бойынша жүйелі қайталау жүргіземін.

Геометриялық мазмұнды есептер геометриялық фигуралардың элементтері: қабырғалары, ауданы, көлемі, бұрышы арасындағы қатынастарға арналған.

Осындай қайталауларды жүргізгеннен соң ҰБТ-ге дайындықты келесі жоспар бойынша жұмыс жасауды жалғастырамын:

-оқушыларды деңгейіне қарай топқа бөлу;

-әр тарау бойынша есептер шығару;

-тарау немесе тақырып бойынша тест алу;

-әр деңгейдегі тапсырмаларды шығарту;

-өз бетінше тест тапсырмаларымен жұмыс істеу;

-тест жинағы бойынша жұмыс жасау.

Жыл бойы 5-9 және 10-11 сыныптар бойынша бағдарлама материалдарын жүйелі қайталау барысында оқушылардың ҰБТ-ге өз бетімен дайындалу, өздігінше білімдерін толықтыру дағдысы қалыптасады.

Жалпы айтқанда, математика пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ге дайындау өте қиынға соғады, бірақ сол қиыншылықтарға қарамастан өзіміздің мектептің абыройы үшін және жас түлектің болашағы үшін бірігіп, ізденіп, талмай жұмыс жасауымыз керек деп ойлаймын. ҰБТ-ге дайындауда есептің құрылымын меңгерту, алған теориялық білімдерін шығармашылықпен қолдана білуге үйрету математика пәнінің мұғалімдерінің басты міндеті.

Жалпы оқушылардың математикалық біліктілігі мен икемділігі болмаса тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын таңдау қажеттілігі оқушыларымыздан көп ізденушілікті, еңбектенуді талап етеді.

 Оқушыларға орта білім беру жолында және жоғары үлгерімге жетуге ұмтыла отырып, әрбір математика пәні мұғалімі басқа әріптестері секілді барлық оқушының мектеп программасының негізгі мәселелерін өте жақсы меңгеруіне баса назар аударатыны сөзсіз. Мектептегі жұмыстардың нәтижелері мынаны көрсетеді: сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда математикаға бейім оқушыларға дұрыс көңіл бөлмеу, олармен жеке жұмыс жүргізбеу олардың пәнге деген қызығушылығын төмендетеді.
Қосымша өзіндік жұмыстар алмай, өзінің математикаға бейімділігін көрсетуге мүмкіндік болмас, мұндай оқушылар сабақ үстінде көңілсіз болады және еріксіз орташалар сапына қосылады. Ал бұл болашақта еліміз үшін өз мамандығын сүйетін, шығармашылық еңбекпен жұмыс істеуге қабілетті адамды, мамандық иесін жоғалту қаупін туғызады.
Сондықтан да мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі уақытында оқушының оқу материалын шығармашылықпен меңгеруге деген қабілетін және кейбір есептерді шешудегі қиындықтарды өз бетімен жеңуге деген талаптарын байқап, оны қолдау және көмектесу болып табылады. 
Ал бұл істе оқушылардың сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда орындайтын өз бетімен және қосымша жұмыстары, тіпті қосымша үйге берілетін тапсырмалар да маңызды орын алады. Мұндай жұмыстар оқушылардың шығармашылық ойын, қырағылығын, ойлау қабілетін, математикаға бейімділігін дамытуға әсер етеді. Ал жаттығулардағы қиынырақ жерлерді өз бетімен орындап, есепті өз беті - мен шешу олардың математикаға деген қызығушылығын, өз білімінің күшіне деген сенімін арттырады, қуанышқа бөлейді.
Мұғалімнің алдындағы басты мақсат – барлық балаларды өз бетімен білімді игеруге үйрету, ал бұған оқытудың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды түсіндіру кезінде, есептер мен жаттығуларды орындау кезінде қайталау сабақтарында оқушылардың белсенді түрде жұмыстануы арқылы жетуге болады. Бұл мәселеде оқулықпен өз бетінше жұмыс жасай білу маңызды роль атқарады, ал оқушының оқулықпен жұмыс жасау дағдысын 4 - 5 - сыныптардан бастап - ақ қалыптастыра беру керек. Мұнда оқушының негізгі материалды қосымша мәселелерден айыра білуіне ерекше көңіл бөлу керек, кейбір оқушы барлық материалды барлық мысалымен жаттап алуға тырысады, ал геометриялық материал болса, ондағы сызбалардағы бейнеленгендерді есте ұстауға ұмтылады. Бірақ егер логикалық ойлар, байланыстар болмаса, білімнің де жоқ болғаны, жаттағандары тез ұмытылады.
Оқулықпен жұмысты әртүрлі жүргізуге болады. Мысалы, бір оқушы есептің берілгенін оқыса, қалғандары өз оқулықтарына қарай отырып, есептің шартымен танысып, берілген және ізделінді шамаларды анықтайды.
Әр оқылған абзац бойынша түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді түсіндіре отырып, пункт оқытылып болған соң қайталау жүргізіледі. Кейбір тақырыптарды өткізуді жоспарлағанда, олардың ішінен оқушының өз бетімен меңгеруге, оқулықпен жұмыс жасауына мүмкіндік беретіндерін бөліп алған жөн. Мұндай жұмыстар оқушылардың қызығушылығын арттыратыны анық.

Қай кезде болмасын, білім ордасы-мектеп, білім беруші –мұғалім ұстаз болып табылады. Мемлекеттік тілде еркін сөйлей алатын, өз ойы мен пікірін қазақша еркін жеткізе алатын, Отанымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен әдебиетін терең білетін білімді тұлғаны, еліміздің саналы азаматтарын даярлауды біз сияқты мұғалімдерден күтеді.Себебі, жаңа заман талабына сай білімді ұрпақтың болашақта биік шыңдарға жетуі үшін ұстаздың ықпалы, кәсіби іс-тәжірибесі өте қажетті іс болып отыр. Сондықтан, мұғалімдер өмір бойы оқып, ізденісте болуы керек. Міне, мендемектептегі тәжірибемде осындай ізденісті шыңдайтын түрлі жаңалықтарға толы Үшінші деңгейлі курсының бірінші бетпе-бет кезеңіне келіп, Бағдарламаның жеті модулін топта тренердің көмегімен теория жүзінде меңгердім.

Оқукурсы үш кезеңнен тұрды: бірінші бетпе-бет кезеңінде теориялық білім алдық. Алғашқы күні тренерлермен және топтың басқа да мүшелерімен таныстық. Тыңдаушыларды жаңа тәсіл негізінде тренерлеріміз топтарға бріктірді. Топқа бөлінісімен топ ережесін жаздық. Аталған ережеге сәйкес бір-бірімізді сыйлауды, құрметтеу керектігін білдік. Содан соң Мұғалімге арналған нұсқаулықпен жұмыс жасауда тренерлердің үйретуімен топқа бөліне отырып, топтық негізде бағдарламада қамтылған жеті модульді меңгеруді бастадық. Алғашқы оқу барысында ештеңе түсінбей бір-бірімізге «не түсіндіңдер?» деп жалтақтаумен болдық. Алайда, топ болып бір-бірімізбен түсінісу барысында және «Джигсо» әдісін пайдалану арқылы бағдарламадағы модульдер және оның түсіндірмелері туралы біліміміз қалыптаса бастады. Топ болып жұмыс жасаудың маңызды екендігін, білім алуда таптырмас әдіс екендігіне көзімізді жеткіздім. Өйткені, нұсқаулықты оқығанда мен ештеңе түсінбейтінмін. Ал ертесіне топ болып талқылап, өз жұмыстарымызды қорғаған кезде ғана мен сол тақырыпты түсінетінмін.

Курста біз «Не себепті өзгеруіміз керек?» деген сұрақ төңірегінде топта талқылау жасадық. Менің ойымша әлем жылдам өзгеруде. Мысалы, әлемдік жаһандану, технологияның дамуы - осының бәрі біздің тарапымыздан өзгеруді талап етеді. Сонымен қатар,«әлем өзгергендіктен, біз де өзгереміз»себебі, қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екен.Сондықтан да, осы курстың тақырыптарын меңгеру барысында мен де өзгергім келді.

Курс мазмұнында жеті модульдің түйінді идеялары қамтылған. Осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланатын жекелеген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Алғашқы күннен бастап мен үшін жаңа ұғым «құзыретті мұғалім» ұғымымен таныстым. Мен курсқа дейін «құзыретті» деген сөз тек басшылықпен байланысты деп ойлайтынмын. Алайда, «құзыретті» деген сөз мұғалімдерге де тікелей байланысты екендігіне көз жеткіздім. Яғни құзыретті мұғалім дегеніміз- теория мен практиканы ұштастыра білетін, кез-келген ситуациядан шыға алатын, педагогика мен методиканы жетік меңгерген және оқушылардың әлеуметтік жағдайын толық білетін болуы керек деген пікір қалыптасты. Сонымен қатар, осы жерде Пажарестің (1992 жыл) айтуы бойынша «мұғалімнің теориялық білімінен гөрі ұстанымы маңызды»,екендігін білдім. Яғни, «мұғалімдердің қалыптасқан ұстанымы негізінде көзқарас қалыптасады, сол көзқарастардың негізінде шешім қабылдайды және қабылдаған шешіміне қарай іс-әрекетке көшеді». (Нұсқаулық 5-бет). Демек, мұғалімдердің ұстанымдары маңызды деп айтуға болады. Курс барысында мен үшін маңызды болған тағы бір дүние ол оқушының өзіндік менін қалыптастырудың маңыздылығы болды. Мен курсқа дейін бұл жөнінде ойланбаған екенмін. Осы жерде М.Жұмабаевтың «Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек. Қолыңнан түк келмейді дей берсең, бала жасқаншақ, жасық болып қалады. Осыдан сақтану керек», деген ұлағатты сөзін ұстаным еткім келеді. Ішкі уәжі айқын, өзіне сенімді оқушылар ғана сыни тұрғыдан ойлана отырып, мектепте алған білімдерін өмірмен ұштастыра алатынын түсіндім.

Мен курстың екінші кезеңі бойынша практикалық іс-әрекетті бастамас бұрын алдыма мақсат қойдым. Яғни, мен бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімді пайдалана отырып, алдымда отырған оқушыларға төзімділік, мейірім және құрмет көрсету барысында сабақ үстінде оқушылардың оқуға деген ынтасы мен жоғарғы және сәйкес деңгейлерге қол жеткізе алатындай қолайлы орта қалыптастырамын. Бұл іс-әрекетім «Шульман іліміне» негізделген болатын. Соған орай, әрбір сабағымды жоспарлағанда курста оқып үйренген жеті модульді кіріктіруге тырыстым. Бұл мен өзгерту енгізген ең алғашқы дүние болатын. Демек, орта мерзімді жоспар жасадым. Бұрынғы оқытуда жылдық жоспар жазумен шектелетін болсақ, қазір жылдық жоспарды басшылыққа ала отырып, жекелеген тарауларға нақты мақсаттар қою барысында орта мерзімді жоспарлауды үйрендім. Осы орта мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді жоспарлауды жүзеге асырдым. Қысқа мерзімді жоспар бұл бұрынғы сабақтардағы күнделікті сабақ жоспарына мүлдем ұқсамайды екен. Күнделікті сабақ жоспарын жазған кезде бірнеше мақсат қоятынбыз және сол күнгі өтілетін сабақтың теориясын егжей-тегжейіне дейін жазатын едік. Сонымен қатар, барлық іс-әрекет тек мұғалімге негізделген болатын. Ал, қысқа мерзімді жоспар жазған кезде мақсатты нақты, SMART –қа сай арнайы, өлшеуге болатын, қолжетімді, шындыққа сай, белгілі бір уақыт аралығымен шектелген сонымен қатар, оқушыға бағытталған болу керек екенін түсіндім. Қысқа мерзімді жоспарды жазған кездегі тағы бір өзгеріс сабақтан күтілетін нәтижені, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс- әрекетін жазу болатын. Мен бұрынғы сабақтарымда күнделікті сабақ жоспарын жазғанда оқушының іс-әрекетін мүлдем көрсетіп жазбайтын едім.

Мен өзімнің мектептегі тәжірибемнің екінші күні өзім зерттеуге алған 3-сыныбына кірдім.Содан соң өзімнің алғашқы сабағымды ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушыларды шаттық шеңберін құруға шақырдым. Оқушылар шеңбер құрып орналасты. Шеңбердегі оқушылар бір-біріне деген жақсы тілектерін айтып шықты. Сонан соң оқушыларды гүлдердің аттарына байланысты төрт топқа бөліп алдым, оқушылармен бірлесе отырып флипчарттың біріне сыныптың тізімін, екіншісіне топтың ережесін жаздық.Сабақ соңында оқушыларға ақ парақтарды таратып,оған социограмма үлгісін көрсетіп, соны толтыруларын сұрадым. Социограмма толтыру барысында сынып оқушыларының өзара қарым-қатынасын анықтап алдық. Келесі күнгі сабақта социограмманы талдай отырып, өзара сирек араласатын оқушыларды бірге отырғызуға тырыстым. Ал бұрынғы сабақтарымда мен сыныпқа кіргеннен сәлемдесіп алып «Бүгін кезекші кім?», «Сабақта кім жоқ?», «Үйге қандай тапсырма берілді?» деген сияқты сұрақтардың астына алатынмын. Сонымен қатар, бұрын оқушылардың көңіл-күйлеріне мән бермеген екенмін. Курстан кейін оқушылармен сәлемдескеннен кейін олардың көңіл-күйлеріне қарап жағдайларын сұрайтын болдым. Курстан кейінгі тағы бір өзгеріс сыныптағы парталардың орналасуында болды. Парталарды топтастырып балалардың бірлесіп жұмыс жасауына ыңғайлы етіп орналастырдым. Оқушыларды да осы топтастырылған партаға үйетуге тырыстым. Алғашқыда балалар топқа біріккенде бірін-бірі ұнатпай түсініспеушілік болды. Өйткені, олар бұрынғы 1-сыныптан келе жатқан орындарына үйреніп қалған. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан ата-аналары да, оқушылар да алдыңғы партаға таласып, үнемі дау туып жататын. Осы курстан кейін балаларды топтастырып отырғызу арқылы бұл қиындықтан құтылғанымды түсіндім.

Мен мектептегі өтуге тиіс сабақтарымда тек пәндік білім беріп қоймай, оқушылардың жан-жақты дамуына, жүйелі сауаттылығын арттыра отырып шығармашылыққа баулуда осы жеті модульдің орны ерекше екендігіне көз жеткіздім. Мен оқытудың ұтымды әдістерін тәжірибеге енгізер болсам оқушының жұмыс істеуге талпынысын туғызып, білім беруде оқушының жан-жақты білімін дамытуда біршама нәтижеге қол жеткізетінімді байқадым. Атап айтқанда оқушылар әрбір тапсырмаға сыни тұрғысынан ойлана отырып жауап берді, бір-бірінің сөзін тыңдап, құрметтеуге үйрене бастады. Сабақ өту барысында «Ыстық орындық», «Серпілген сауал», «Топтастыру» әдістерін қолдана отырып әр түрлі сұрақтарды қолдандым. Балаларға қойылған сұрақтарға дұрыс емес жауап берсе, оқушыға сол сұрақты басқаша түрінде қоюға тырыстым.Егер оқушы жауап бере алмай жатса, басқа оқушыдан көмек беруін сұрадым.Осы жерде мысал келтірер болсам, орта мерзімді жоспардағы бірінші сабағымда қолданған диалогтік оқытудағы түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты сұрақтарды үй тапсырмасын сұрауда тиімді пайдаландым деп ойлаймын. Оқушылар сұраққа жүйелі толық жауап беруді үйрене бастады, оқушылардың жеке қабілеттері айқындалды, еркін қиялдады, өз пікірін топ алдында қорғай алу қабілеттері арта бастады, сыни көзқараспен қарай білді, білім сапасы артты.Сыныпта мүлдем сөйлемейтін оқушылардың өзі постер қорғағанда өз ойын айтатын болды. Топ алдында өзінің пікірінің қаншалықты құнды екенін сезінді десем болады және ол өзі түсінбеген нәрсені топтағы өзінен гөрі құзыретті құрбыларынан үйренді.Бұрынғы сабақтарда оқушылар өзара сөйлесуге, пікір алмасуға мүмкіндік болмайтын, себебі мен «Шуламаңдар!» деп олардың пікір алмасуына мүмкіндік бермейтінмін. Ал осы Бағдарламадан кейін олардың пікір алмасуы және топта диалогтың түрлі нұсқаларын қолдануы қаншалықты тиімді екеніне көз жеткіздім. Бұрын сабақтарда мұғалім сұрақ қойып оқушы жауап берсе сол «диалог»деп ойлайтынбыз. Бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімізге сүйене отырып ол тәсілдің қате екенін түсіндім. Мерсердің (1995ж.) айтуы бойынша «мұндай білім алудың түрлері сыныпта диалогтік сұхбат құруға жағдай жасамайды» деген болатын.Осы Бағдарламаны оқу барысында «диалогты оқушы мен оқушы арасында және топтық талқылаудың барысында жүргізу маңызды» екеніне көз жеткіздім.

Сонымен қатар, оқушылар постер қорғағанда олардың топ алдына шығып сөйлеуі алғашқы сабақтардың өзінде-ақ маңызды екендіктеріне көз жеткіздім.Оқушыларым сыни тұрғыдан ойлауға, өз ойын анық, еркін жеткізуге, топпен жұмыс жасауға үйрене бастады және жекелеген оқушыларда өздеріне деген сенімділік пайда болды. Тағы бір өзгерген нәрсе - бағалау. Мен әр сабақта түрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушыларға кері байланыс жасаттым. Кері байланыстың нәтижесінде оқушылар сол күнгі өтілген тақырып бойынша сыни тұрғыдан ойлана отырып өз-өздеріне есеп берулері қажет. Бұл жерде мен «Тілек ағашы», «ББҮ» әдістерін пайдаландым десем болады. Осы тапсырманы орындағанда оқушылар қиналды. Алғашқы сабақтарымда оқушылар тек «маған ұнады» дегеннен басқа сөз жаза алмады. Өйткені, бұрынғы сабақтарда мен рефлексия жазуды үйретпегенмін. Балалар кері байланыс жазуға дағдыланбаған. Балалар үшін де, мен үшін де бұл үлкен өзгерістің бірі болды. Біздің бұрынғы сабақтарда пайдаланып жүрген бағалауымыз сонау ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары қалыптасқан жүйе. Ол жүйе бойынша бес балдық бағалауды пайдаланып келдік, бірақ бір деген бағаны мүлдем қоймаған болсақ, екі деген баға өте сирек қойылатын еді. Алайда, бұл жүйенің тиімсіздігі дәлелденіп отыр.Мен осы курстың бірінші бетпе-бет кезеңінен кейін мектептегі тәжірибеде өткен тізбектелген сабақтарымнан бастап формативті бағалауды пайдалана бастадым. Формативті бағалаудың тиімділігі оқушылар әр сабақтан кейін рефлексия жасап өздеріне есеп беріп отырады.

Сонымен қатар, мұғалім оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды? Бұрынғы сабақтарда дарынды оқушыларға арнайы тапсырмалар дайындаған болсам, енді инклюзивті оқыту бойынша барлық оқушыға бірдей тапсырма дайындадым. Алайда әр оқушының ойлау деңгейі әр түрлі болғандықтан жауаптары да түрлі болып шығады. Сондықтан Брунердің «көпіршелер тұрғызу» идеясына сәйкес (нұсқаулық 42-бет) тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай байланыстыра отырып беруді үйрендім. Бұған тізбектелген сабақтар топтамасындағы үшінші және төртінші сабақтарым нақты мысал бола алады.

Енді сабақта мен қалай өзгердім? деген сұраққа жауап берер болсам, басшылық пен бақылауды жүргіздім. Бағыт-бағдар беріп, көмектесіп отырдым, жетекшілік жасадым. Формативті бағалауды жүргізу арқылы келесі сабақты қалай жоспарлау керек, баланың ойын дамыту үшін қандай әдіс қолдану керектігін үйрендім. Еркіндік бердім, оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырдым. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы, жетекші сұрақтарға жауап беру, талдау жасау, зерттеу, бақылау жүргізу арқылы жүзеге асырдым. Сабақ берудегі әдіс-тәсілдерімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларымды өзгерттім. Өз-өзімді реттеуді үйрендім. Рефлексивті күнделік жазуды үйрендім десем болады.

«Алдағы уақытта нені өзгерткім келеді?» деген сұраққа жауап беретін болсам, бұрын оқушыларға дайын ақпаратты беріп олардың өз идеяларымен бөлісуге, өз пікірлерін айтуға мүмкіндік бермеген едім. Бұл әдістердің тиімсіз екенін білдім. Болашақта өз тәжірибемде бұрынғы сабақтан арылып, сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған әдістерді пайдалану арқылы өтемін. Сондай-ақ, әрбір оқушының өзіндік менін қалыптастыруға барлық сабақтарымда ықпал етіп отырамын. Ішкі уәжі айқын, өзіне сенімді оқушылар ғана сыни тұрғыдан ойлап, мектепте алған білімдерін өмірмен ұштастыра алады деп ойлаймын.












Пайдаланылған әдебиеттер:

     1.  ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық үшінші ( базалық) деңгей, 2015ж.

     2.www.cpm.kz (Бірінші бетпе-бет кезеңіндегі курс бағдарламасы бойынша мұғалімдерге арналған таратпа материалдары).






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!