Қаракөл орта мектебі

Оқушылардың рухани құндылықтарын аша
отырып өзін-өзі дамыту
Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі Ә.О.Мусина
Жоспары:
І. Кіріспе
А)Рухани және әлеуметтік –адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру.
ІІ.Негізгі бөлім
а) Оқу- тәрбие жұмысын жетілдіруде, рухани құндылықтарды оқушы бойына сіңіру.
б) Отбасындағы тәрбиенің тиімділігі
в)Жеке тұлғаны қалыптастыру
ІІІ. Қорытынды
Жас ұрпақты адамгершілік,имандылық рухында тәрбиелеудің маңызы.
Оқушылардың рухани құндылықтарын аша отырып өзін- өзі дамыту
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы басты міндеттердің бірі ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып,өскелең келешек жас ұрпаққа терең білім беру мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту мен жетілдіру болып табылады.
Білім министрлігінің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында былай деп жазылған: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру,оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін жетілдіру,сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігінің іскерлігін арттыру әділетті қоғамның басты міндеті болып табылады»
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев «...жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті,рухани және әлеуметтік – адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады»,- деп атап көрсетті.Жан-жақты мәдениетті жеке тұлға ең алдымен біртұтас дүниетаным мен рухани байлыққа ие болу қажет.Ал оның негізі ұлттық дүниетанымы мен ұлттық рухани байлығы болып табылады.Оны былай сызба түрінде мынадай көріністе бөлуге болады.
Біртұтас дүниетаным , рухани,мағыналық
байлық
Ұлттық дүниетаным,
ұлттық рухани байлық
Жалпы адамзаттық дүниетаным,жалпы адамзаттық рухани байлық
Бастауыш мектеп оқушыларының ұлттық дүниетанымын,рухани байлықтарын қалыптастыру үшін,қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі сан ғасырлар бойы тірнектеліп жинақталған мәдениетінің алатын орны ерекше көрініс табады.Өйткені ғасырдан ғасырға өтіп қалыптасқан дәстүрлі мәдениетте аталмыш халықтың оны ғасырлардан бергі өмір елегінен өтіп жинақталған баға жетпес құнды да бай тәжірибелерінің сол қалпында қаймағы бұзылмай сақталған, ұлттық ерекшелікке сай ұлтқа және рухани,мағыналы байлықтарының қайнар көзі мен мүмкіндігі көрініс тапқан.Дегенмен де, халқымыздың осы аталмыш баға жетпес, құнды да бай асыл мұралары ғылыми тұрғыдан да жүйеленіп,әрі оны мектептің оқу-тәрбие жұмыстарында пайдалану талапқа,бағдарламаларға сәйкестеленбеген.Негізгі алға қойған мақсатым: ,,Рухани құндылықтарды оқушылар бойына дарыту,оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру,,істерін жүзеге асыру болып табылады.
Осының арқасында келешек жас өскелең ұрпаққа рухани азық беру.Бұл мәселе бізде көптеп жоқ,міне,осыны ескере отырып,қоғамға тәрбиелі де мәдениетті жастарды алып келу,оқу бағдарламасында пайдаланып отыру керек деп ойлаймын.
Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке,өз елін сүюге баулып келеді.Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі діңгегі десе де болады.Адам өмірінің алтын бесігі- мектеп , ол халқымыздың ата-бабамыздан қалыптасқан ізгі адами қасиеттерін жас жеткіншектер бойына сіңіретін орта. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов ''Халықты халықпен теңестіретін – білім '' деп атап көрсеткендей, қай елдің болсын өркендеп өсіп – өнуі сол елдің білім деңгейі мен даму жүйесіне байланысты. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, оның нәрін бойына сіңірген ұрпақ еліміздің гүлдендіріп, болашағымызды дамыта алады. Ал сол білімді шәкірт санасына себуші – ұстаз.
Бүгінде жалпы білім беретін мектептің оқу – тәрбие үрдісінде жас ұрпақтың бойынан ұлттық сана – сезімді қалыптастыра отырып рухани – адамгершілікке тәрбиелеуді басты мақсат.
Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге көңіл аударылады; Ана тіліне сүйіспеншілік – туған тілін білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлеу және жаза білу; Ана тіліндегі көркем шығармаларды еркін оқи білу – оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы ;
-
Туған жерге сүйіспеншілік – туған өлке табиғарын сүю,туған жерді орман
көлі , тау – тасы, аң – құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп – баптау экологтік ая;
-
Туған елге сүйіспеншілік – өз ұлтын сүю, Отанын сүю, ұлтының әдет –
ғұрпын, салт – дәстүрін, қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу – азаматтық сапа аясы:
-
Өз отбасына сүйіспеншілік – ата – анасын, туыс – бауырын сыйлап құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу – кісілік қасиет қалыптастыру аясы;
-
Қазақстанды мекен ететін халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру –
ұлт өкілдеріне түсіністікпен қарау, сыйластық қатынас орната білу, өзге тұлттардың салт – дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу – қатынас мәдениетінің аясы.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы тектес құндылықтар қалыптастыру барысында олардың тұлғалы қалыптасу қуаты арта түседі. Ізгілікті, елсүйгіш тұлға ғана жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереді және сол құндылықтарды өз елінің қажетіне жаратарлық азамат болып тәрбиеленеді.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында осы тектес құндылықтар қалыптастыру барысында мен мынаны мақсат тұтамын ; Алдымен:
-
оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
-
өзгелерге жақсылық жасауға, мейірімділікке бөлеуге баулу.
-
Рухани адамгершілік құндылықтарды дарыту.
Осыдан келіп рухани-адамгершілік құндылық арқылы тәрбиелеуде оқушы нені білу керек деген сұрақ тууы мүмкін,Қазақ халқы- рухани зор байлықтың мұрагері.Өткенді жақсы білмейінше,келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар!- деп Л.Толстой айтқандай ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың салт-дәстүрлерін,тарихын,әдебиетін,тілін, ұлтын, мәдениетін,оқушы алдымен білу керек, өйткені өткенді өнеге тұтпай жас ұрпақты ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес деп ойлаймын.Рухани- адамгершілік құндылықтарды оқушы санасына құйып, ұрпақ тәрбиесінде қолдану барысында:
-
Көркем әдебиет оқуға бағыт беру.
“Жақсы кітап- жан азығы” дөңгелек үстел.
Теледидар бағдарламалары арқылы
Диспут,поэзия кеші,өнеге сағаты,тренингтер - өткізілді
Әйгілі философ В.Соловьев''Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес,ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы- деп айтады.
Шындығында да адамгершілік мінез негіздерінің астарында жалпы адамдық пен ұлттық құндылықтар бірігіп, адамдардың рухани мәдениетін жүзеге асыратыны белгілі.Себебі, жеке адамның ойлау қабілетін өсірмей немесе оның рухани бейнесін байытпай тұрып,саяси экономикалық және мәдени салалардағы міндеттерді орындауға және тәуелсіздік идеологиясын қалыптастыруға болмайды.
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі.Қоғамда отбасы екі түрлі қызмет атқарады,оның бірі дүниеге ұрпақ әкелу,екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.Отбасындағы жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына ата-ананың, отбасы мүшелерінің қарым-қатынасындағы мейірімділік пен махаббат қажет.
«Аналарға не тілеймін ?»атты тренингте оқушы мынадай жауаптар беріп,өз ойларын ашық ортаға салды.
Тек осындай ізгілік мұраттар отбасында орын алғанда ғана, отанын,елін-жерін сүйетін,өз ұлтының салт-дәстүрін,сонымен бірге жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды бойына сіңіріп,өзінің кісілік келбетін сақтай алатын тұлға тәрбиелеуге болады.Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол.Сол дәстүрлер сабақтастығы бүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда.Отбасында халықтық рухани- интеллектуалды мұраларын,мәдени құндылықтарын жандандырып,рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің талабынан туындап отыр.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей,екі түрлі отбасына назар аударуға болады.
Біріншісі – материалдық игілікті алға қойып,соған жетуді мақсат еткендіктен, рухани құлдырауға соқтығуда.Екіншісі – материалдық игілігі жеткілікті отбасында бала мен ата-аналар арасында,эмоционаналдық, мейірімділік қарым- қатынастың орнықпағандығы байқалады.Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым- қатынас түрлерінің орнығуына байланысты.Отбасында түрлі қарым- қатынастар орын алады:
-
ынтымақтастық қарым- қатынас,яғни отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы түсіністік пен көмекке бағытталған;
-
ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым- қатынас;
-
жақсы қатынасты сақтай отырып,өзара жетістікке жетуді көздеген қарым- қатынас;
-
бәсекелестік,барлық жағдайда өзінің бәсекеде ұтуын көздеген қарым- қатынас;
-
түрлі себептерден туындаған отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас;
-
түйіндей келе,отбасында орныққан қарым- қатынас түрі мен қалыптарына
сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады.Бала әрқашан ата- анадан жүрек жылуын,мейірімділікті қажет етеді,ол ата- ананы өмірдің тірегі санайды
Бала үшін ата – ана игілік жасаушы, үлгі – өнеге көрсетуші және ақыл – кеңес айтушы болып танылады.
-
Әке біз үшін кім ?
-
Әке біз үшін не істейді ?деген сұраққа оқушылар ашық жауап беріп,әке туралы сүйіспеншіліктерін айтып жеткізді.
Қазіргі отбасы тәрбиесіндегі басты нысана баламен рухани үндестік пен үйлесімділікке ұмтылу, ата – баба мұрасын сақтауға көңіл бөлу, халықтың тәлімдік мұрасын бүгінгі күнмен сабақтастыру болып табылады. Осыған орай, отбасында еңбексүйгіштікке, баланың жасына сай еңбек түрлеріне және қоғамдық – пайдалы еңбекке баулуды іске асыру қажет.

Ата – ана және әлеуметтік орта болашақ азаматтың денсаулығын жастайынан сақтау үшін, оның тәнінің дұрыс түзіліп қалыптасуына, салауатты өмір салтын нығайтуға ерекше мән бергені бүгінгі күннің өзекті мәселенің бірі болып саналады.
Этнопедагогика мен халық педагогикасының зерттеуші ғалымдары Е.Л.Христова,Г.С.Виноградов, Г.Н. Волхов, Г.Н. Филонов, тағы басқалар ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет- ғұрыптар мен дәстүрлеріне, мәдени ойлау үрдісінің озық үлгілеріне айрықша мән береді. Осы арқылы олардың жас ұрпақты адамгершілік ,имандылық рухында тәрбиелеудегі рөлін негізге алады.
Түптеп келгенде, кез- келген қоғамның, ұлттық мәдени рухтың өресі салт- дәстүрдің, әдет- ғұрыптың орнықтылығымен өлшенеді.Осы орайда, рухани – адамгершілік құндылықтарды қоғам мүддесімен үндестіріп отыру қызметінің маңызы зор.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Баяндама."Оқушылардың рухани құндылықтарын аша отырып өзін-өзі дамыту"

шағым қалдыра аласыз