Материалдар / Баяндама:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндамада оқудағы әдістер жайлы мәлімет берілген.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Агайдаров Унер Дуйсенбекович

Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі

Педагогика пәнінің оқытушысы

Түркістан облысы

Жетісай ауданы, Жетісай қаласы.


Баяндама тақырыбы: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдері сындарлы оқытуға негізделіп отыр. Бұл теория оқушының  тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан-жақты  дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес.  Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету; оқушының талантын зерттеу және анықтау;  сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады.

Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі.

Ал «қалай  оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйретеміз. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының  «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды,  өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды.  Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым.  Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады.

Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдау арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады.

Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқудың табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және  эмоциялық себептер арасындағы күрделі әрекеттік пен метокогнетивті білімге байланысты.

Оқушылардың өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. «Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен  шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» деген ойды ескере отырып оқушылармен сабақты бастамас бұрын, өзара ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керектігіне көзім жетті.

Себебі топ мүшелері бірге жұмыс жасауға тырысты, топта ынтымақтастық атмосферасын құра отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туды.

Әр ұстаз сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сөзсіз. Сол арқылы оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамыз деуге болады. Сұрақ қоюдың  төмен және жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі бар.

Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді. Ол жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады. Сонымен бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты түрткі, сынама, бағыттау сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады.

Ал оқушының берген жауабы қате болған жағдайда, оларды бірден тоқтатып, қате деуге болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып  түзетуге мүмкіндік берілуіміз керек. Сол қатесінен сабақ алуы керек. Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қоя отырып дұрыс жолға  түсуіне көмектесуіміз қажет.  Егер қате жауабын бас изеп қабылдай берсек оқушы  «мен білемінге» салынып  тақырыпты меңгермей қалуы да мүмкін. Білім берудің диалогтік тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда сұрақ қою арқылы оқушының: Сындарлы сөйлеуіне ынталандыруға, білімге құштарлығын оятуға, сыни тұрғыда ойлауға ықпал етемін, бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге, өздерін және өзгені бағалай білуге, бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуге, ойын жинақтап, талдауға үйренетіндігін, кез келген жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы және өзгелер арасында серіктестік құру арқылы ой бөлісетіндігін дамыта алдым.

Білім алуда пікірлесу, сұрақ қою барысында серіктестерінің  айтқандары  елеулі орын алады  деп білемін. Мерсердің  зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі деп білемін.

Оқушылардың білім алуда сұраққа жауап беруі, ізденуі,  тыңдауы мен сөйлеуі арасында байланыс  анағұрлым нәтижелі болатынына көзім жетті. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір- бірімен пікір алмасып, идеяларын ортаға салып, баға бере біледі.

Оқушы қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдайды. Өзімнің әдебиеттік оқу пәнімде оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар қойдым. Қойылған сұраққа  оқушылар жауап бере отырып, дәлелдеуге тырысты. Өтілген әр тақырыпқа байланысты оқушыларға түрткі, сынама сұрақтар қоя отырып, білгендерін ортаға салуға бағыттау керек. 

Мектептегі тәжірибеде бұрынғы дәстүрлі сабақтарда қойылатын сұрақтарды қоймауға тырысып, олардың сыни тұрғыда ойланып жауап айтуларын талап етіп,  дамыттым.

Выготскийдің оқыту модулі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады, деп жорамалдайды.  Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуге мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болу мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар  оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, «жақын арадағы даму аймағы» аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ.

Жоғарыда айтылған зерттеушілердің сөзіне толықтай қосыламын. Қай оқуды алсам да әңгімелесу арқылы жүзеге асатыны белгілі. Әңгімелесу оқушының өзін-өзі реттеуге, білімін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан мұғалім оқудың түрлі тәсілдерін дұрыс, тиімді қолдана білуі керек.   Оқушы жан-жақты ойланып жұмыс жасай алатын болады. Олар оқытудың мынадай тәсілдерінмен жүзеге асады: оқушылардың іс әрекетін арттыру үшін мүмкіндік тудырады. Іс-әрекет танымдылығы мектептегі оқу процесіне білім, білік, дағдыларымен қатар нақты оқыту пәнімен қалыптасады.

Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. Оқушыда сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алды. Өз ойын, пікірін айтып атсалысты. Онда оқушының ойын ұштаудағы, тиімді білім берудегі және құзыретті тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсіл. Себебі диалог мынадай қарым-қатынасты негіздейді: «мұғалім мен оқушы» және «оқушы мен оқушы». Бұл үрдіс менің бұрынғы сабақтарымда да орын алған. Алайда өткізген дәстүрлі сабақтарымда үстіртін ғана сұра-жауап ретінде  жүріп отырғанына көзім жетті. Өйткені оқушылар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы қысқа жауап беріп отырды. Себебі диалогті бұлай қолдану оқушының терең ойлауына,  алған білімін талдап, сараптауына мүмкіндік бермегенін түсіндім.  Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды.  Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек.

Осы мақсатта диалогті жаңаша қырынан қарап, алғашқы  бетпе- бетте алған білімімді жинақтап, талдай отырып түрлендіре отырып сабақтарымда қолдандым.

Зерттеушілік әңгімеде оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып, талқылай алды.

Жалпы алғанда сыни тұрғыда ойлау жаңа әдіс- тәсілдермен тығыз байланыста. Ал сыни ойлау мен диалогтік оқу әдістерін қатар қолданғанда оқушының сабақтағы белсенділігі артады. Себебі диалог барысында сабақтарда сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтарды пайдалану арқылы оқушы пікірін білдіріп, сұрақ қойып диалогқа түсуге жетеледім.

Диалогтік оқытудың тиімді жақтары мынада болғанын байқадым:

—          Сабақ барысында уақытты тиімді пайдалануға тырыстым. Ал диалогтік әңгіме құру уақыт үнемдеуге тиімді болды.

—          Оқушылар бір- бірін тыңдай білуге үйренді. Сұраққа жауап бере алмаған оқушы басқаларды мұқият тыңдайды.

—          Оқушылар сыни ойлауға көмектеседі, пікір алмасады.

—          Оқушы бір- бірін оқытады.

Сабақ барысында мынадай кедергілер кездесті:

—          Сөздік қоры аз болғандығы;

—          Сұрақтарды бір тақырып төңірегінде ғана қоя алды;

—          Сабақтың тақырыбынан аса алмағандығында;

Бұл бағдарламада оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру менің басты мақсатым болып табылады.

Әрине дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға болмайды. Оның да алар орны бар. Бірақ жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланы өмірге бейімдеп дайындаймыз десем артық айтқандық болмас.

Мектепке барған тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.

Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибеммен байланыстыра отырып, мүмкіндіктерді ашуға, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің теориялық негізін енгізген «біліктілікті арттыру курсының» маңызы зор.

Қорыта келгенде, оқыту барысында ғылыми игерілген бір қатар әдістердің бар екендігін атап өту керек.Осылардың көмегімен алғашында айтылып кеткен қиыншылықтарды шешуге болады. Ол үшін төмендегідей талаптарды міндетті түрде ұстануымыз қажет.

  1. Мүмкіндік болса, дұрыс атқарылған тапсырмалар үшін марапаттау мен сыйлық беруді доғарып, оның орнына жай ғана бағалап, мақтап қоюымыз жеткілікті.

  2. Сабақты көбінесе оқушыларды жарыстыру арқылы өткізу қажет. Оқушыны өз жетістіктері мен нәтижелерін салыстырып, талдау жасауға үйретуіміз тиімдірек болады.

  3. Оқу мақсатында «жоғарыдағылармен» байланыстырмауға тырысыңыз. Оқушымен бірлескен жұмыс оның алға қойған мақсаттар мен тапсырмаларды орындауларына едәуір тиімді.

  4. Қателігі үшін оқушыға қатты айтылған сын оған негативті эмоция туғызатындығы және оқуға деген белсенділігіне кері әсерін тигізетіндігін есте ұстағанымыз абзал.

  5. Уақытша шектеулер қолданбауға тырысыңыз, өйткені ол шығармашылықты тежеп қана қоймай, ішкі талпынысты да тежейді.

  6. Әрбір оқушының өз шеберлігі және ұшқырлығын дамыту үшін оларға тапсырмаларды қиындық деңгейіне қарай бөліп беру керек.

  7. Әр оқушыға есептің шешу жолы мен әдістерін өзіне таңдатуға мүмкіндік беру қажет.

Ынталандыру оқушының танымдық белсенділігін жоғарылатуға және оқу бағдарламасын меңгертуге мүмкіншілік береді.











3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!