Материалдар / Баяндама”Ұлы халықтың-Ұлы Абайы”

Баяндама”Ұлы халықтың-Ұлы Абайы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жұмыста жас маман Абайдың өмір сүрген заманындағы ерекшеліктер мен шығармаларының байланысы анықтаған.
Материал тегін
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі КММ








Ұлы халықтың-Ұлы Абайы

Бағыты: Білім-ғылым





Орындаған: Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Анламасова А.













2020-2021 оқу жылы

Мазмұны


  1. Кіріспе.........................................................................................5

Абай - дана, Абай - дара қазақта

  1. Негізгі бөлім............................................................................6-11

Абай – XIX ғ. гуманитарлық сананың ой жемісі

Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы

  1. Қорытынды............................................................................11-12

Абай мұрасы-халықтың рухани байлығы























Аннотация


Абай Құнанбаевтың шығармаларын зерделеу үшін жазылған бұл баяндама кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бұл жұмыста жас маман Абайдың өмір сүрген заманындағы ерекшеліктер мен шығармаларының байланысы анықтаған. Сонымен қатар жас мұғалім Абай Құнанбаевтың шығармашылығы жайлы жазылған еңбектерге шолу жасаған.


Аnnotation

The report examines the works of Abai Kunanbayev and consists of an introduction, main part, conclusion, a list of literatures.

In this work, a young specialist defines the features of the production of that era. In addition, the young teacher gives examples from the work of Abai Kunanbayev














Абайдың табиғаты, Абайдың дауысы, Абайдың тынысы – бұл заман тынысы, халық дауысы. Бүгінде ақын дауысы біздің дауысымызбен ұштасып, қатая түседі және тың қуат алуда.

М. Әуезов

XXI ғасырдың қиын-қыстау уақыттарында Абай Құнанбайұлының шығармашылығы әрбір қазақстандықтың санасында болуы заманның қажеттілігі болып тұр. Себебі бұл еңбектер ғасырды, аумақты, ұлтты таңдамайды. Мұндағы рухани азығы бар дүние мәңгі бақи әртүрлі табиғи мінезі бар күллі адамзатқа арналған.

Абай Құнанбайұлы – ұлы ағартушы, композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, өз халқының келешегін терең ойлап, мың толғанған, жанжүрегімен езгіле жырлаған ақындардың бірегейі. Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кеменгері Абай Құнанбаев - өз ұлтының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын.

Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделері бізге тамаша гуманистік әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселерін қамтыды,сол кездегі қазақ елінің шын сырын ашты. Абайдың шығармалары - өз дәуірінің келелі мәселерін реалистікпен суреттейтін, ағартушылық гуманистік мазмұнға бай, ізгі ниеттер мен терең ойға толы, шебер тілді көркем туындылар.

Амал не, Абайдың осы асыл мұралары өзі тірі кезінде, бүгінгідей жоғары бағаланып, кең танылып кете алмады. Абай шығармалары қолжазба күйінде не жатқа айту арқылы ғана таралады. Ақын өлеңдерін шағын жинақ ретінде 1909 ж. Кәкітай Ысқақов бастырған еді.

Ресей геомографиялық қоғамы Абай туралы мәліметтері ерте кезден-ақ бере бастады. 1906-1907 ж.ж. хабарларында ақынның суретін және ол туралы Ә.Бөкейхановтың көлемді мақаласын жариялады. ХХ ғ. басында өмір сүрген ұлы жазушылар – А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б ақынның ерекше-лігін танып, оны “Қазақтың бас ақыны”- деп ардақтады, үлгі тұтты. Оның шығармалары толық жинақ түрінде де, жекелеген кітап түрінде де бірнеше рет баспа бетін көрді.

Кейінгі жылдары республикамыздың ғылыми-зерттеу орындары мен әдебилері Абай шығармаларын игеруде жаңа қадамдар жасады.

Абайтану қазір өз алдына белгілі бір ғылым болып қалыптасты. Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы фактілерге бай, ғылыми тұжырымдары терең көлемді монография жариялады.

Негізгі бөлім

Бүгінгі таңда Абай туралы, оның шығармалары жайлы сөз қозғағанда, қазіргі түсініктерді жинақтай жазу қажет екені анық.

Абай – XIX ғасырдағы гуманитарлық ой сананың жемісі, ол – көркем әдебиеттің тілін жалпы халықтық қазақ тіліне жақындастырып, оның бұхаралық сипатын зорайтқан, қазақ әдеби тілін қалыптастырып, жетілдіруші. Абай – музикалық шығарма жазған композитор. Оның бізге жеткен көптеген әсем әндері бар. Ақынның музыка саласындағы өнерін А.Жұбанов өзінің “Замана бұлбұлдарында” (1963ж.) кең талдап, танытқан болатын. Қазір Абайдың екі күйіде табылып отыр. Олар: “Май” және “Тор жорға” күйлері.

Абай - XIX ғасырдағы ағартушыларының озық идеясын қазақ жеріне алғаш әкелуші, олардың тамаша шығармаларын өз халқы тіліне аударып, таратушы.

Абай өз халқы оқу-білімге, өнерге қол жеткізу арқылы өркениетті ел қатарына қосылатынында өнеге етеді.

Кемеңгер ақынның ұлы мақсат-мүдделері бізге тамаша гуманистік әдеби еңбектері арқылы жетті. Абай қалдырған бұл мұралар өз дәуірінің алуан түрлі мәселерін қамтыды,сол кездегі қазақ елінің шын сырын ашты. Абайдың шығармалары - өз дәуірінің келелі мәселерін реалистікпен суреттейтін, ағартушылық гуманистік мазмұнға бай, ізгі ниеттер мен терең ойға толы, шебер тілді көркем туындылар.

Амал не, Абайдың осы асыл мұралары өзі тірі кезінде, бүгінгідей жоғары бағаланып, кең танылып кете алмады.Абай шығармалары қолжазба күйінде не жатқа айту арқылы ғана таралады.

Абай шығармашылығының ерекше орын алатын ендігі бір үлкен тақырып – оның ағартушылық идеясы. Абай - өнер-біліи, тәлім-тәрбиеге ерекше көңіл аударған, ағартушы ақын.

Оның ойынша, адам қоғамының қажетті мүшесі, ол дүниенің кетігін қалауға жарарлық кірпіш сияқты. Өзінің орнын тауып, өмірдің керегіне асып, ел үшін еңбек еткендей азамат болуға тиіс. Дәулеттің ең маңыздысы, асылы – білім деп білген Абай жастарды ғылымды меңгеруге шақырды.

Ғылым жолы оның жолы емес, соқпақсыз шатқалды қиын жол дей келіп, Абай соған қарамастан көп еңбек етіп, зор ынтамен бейнеттеніп ізденген адам ғана ғылымды меңгере алатынын ескереді. Абай адамға керекті және керексіз нәрселерді санап береді. “Тілеген өмірің алдында, оған қайғы жесеңіз ” деп жастарды келе-шекке сендіре сөйлейді. Одан кейін адам болам деп талаптанған адамға ескерерлік, ең қажет, “бес нәрсе” бар. Олар: талап, нңбек, терең ой, қанағат, рахым; қашық болар бес дұшпан бар, олар:өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншік бекер мал шашпақ, - деп көрсетеді.

Абайдың табиғат туралы өлеңдерін оқығанда, ол суреттеген жерде өзіңде жүргендей боласың. Шын суреткерлік шеберлікпен жасалған көктем мен жаз көріністері адам жанын тебірентеді. Ал “Күз” өлеңін оқығанда көңілін жадау тартып, жабырқайды. Айналаңды тұман басып, бойыңды тітіркентіреді:


Сұрт бұлыт түсі суық қаптады аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан - деп жырлаған.

Абай лирикасы – алуан түрлі, мазмұнға бай, адам жанын тебірентерлік нәзік. Абай лирикасы – нәзік сезімді толғанысымен ғана емес, сонымен бірге, өзінің гуманистік рухымен де, терең ойлылығымен де, адам суреттілігімен де жаңа мәнді реалистік шы-ғармалар. XIX ғасырдың екінші жартысында Абай да реалистік әдебиет үшін күресті, әдеьиетке айрықша қоғамдық маңыз берді.

Ұлы революцияшы демократтар, орыс әдебиетінің саяси сатириктері Н.А.Некрасов, М.А.Салтыков-Шедринднр өз шығармаларында халықты қорлаушы, озбыр топтардың, помещниктік құрылыстың және қоғамдық тәртібінің зұлымдық негіздеріне қарсы шығады. М.А.Салтыков-Шедриннің “Бір қаланың тарихы” мен “Роловлев мырзалары”, Н.А.Некрасовтың көптеген өлеңдері дәл осындай шығармалары еді. Абай олардың бұл дәстүрлерін шығармашылық түрде меңгре отырып, “Мәз болады болысың”, “Ойға түстім, толғандым” т.б. өлеңдерін жазды. Бұл Абай поэзия-сының жаңа кезеңі болды.

Абай А.С.Пушкин мен М.Ю.Лермонтовтың реалистік әдістерін жете меңгерген еді.Әлеуметтік жаңа мазмұнды толық ашатын поэзияның жаңа қисының іздеген Абай осылайша орыстың классикалық әдебиетіне иек артты. И.А.Крылов мысалдарын(“Бақа мен қасқыр”, “Піл мен қанден”, “Қарға мен түлкі ”, “Емен мен ешек”, “Жарлы мен бай”, “Есек пен бұлбұл” т.б.) аудурып таратты.

Абай – терең ойдың ақыны. Ол әрбір шығармасын жүрек тебіренте тереңнен толғайды. Кемеңгер ақын өлеңдерін сыдыртып оқып шығып, толық түсінік алдым деу қиын. Әрбір өлең жолдары-ның сөзіне үңіле, ойлана оқу ғана дегенге жеткізеді. Абай дүниенің құбылымын терең түсінген ақын. Өмірде, қоғамда өзгермейтін бір-тіндеп дамымайтын еш нәрсе болмайды. Бәрінің де өмірге келмегі, дүниенің қызығына елігіп ермегі, ақыры алжып өлмегі қақ. Адам өз мақсатыны түсініп ойлана, ақылмен өмір сүруге тиіс.

Егер жазушының сөзі, - дейді Н.Г.Чернышевский, - шындық идеясы мен қоғамдық ой – санаға пайдалы әсер етуге талпынғандықпен рухталған болса, ондай сөзде өмірдің арқауы бар, ол ешқашан өлмейді”. Олай болса, Абай бұл саладағы шығармаларының да өмірі ұзақ, әдебиет тарихы үшін иаңызы зор болмақ.

Абай өлеңдері – мазмұны мен түрі біріне-бірі сай, ең асыл сөзді поэзия. Абай поэзиясы мазмұны жағынан қандай салмақты болса, түр жағынан сондай көрікті. Абай өлеңінде артықсыз, орынсыз пікір кездеспейді.

Абай өлеңнің теориясын терең танып, ұстаздық көрсетті. Ол қазақ өлеңдерінің бұрынғы тар тақырып шеңберін әлдеқайда кеңейтіп, оған жаңа мазмұнды түр енгізеді. Өлңнің сыртқы формасы бұрын төрт жолды не көп жолды шумақтар болса, екі, үш, төрт, алты, сегіз жолды бір шумақтар Абай поэзиясының негіздеген жаңалық болатын.

Абай – тек өсиетші емес, шебер өрнекші. Қазақ поэзиясындағы ақын өрнектерін кейінгі ұрпақтары жалғастырып, өсіріп, жетілтіп әкеткен баға жетпес мүлік. Абай – жаңаның жаршысы. Халқына да, поэзаға да, оны жол сілтеп, өсу-өзгеру бағытын бастады.

Ақын творчествосынан елеулі орын алатын шығармаларының бір саласы – оның поэмалары. Олар: “Ескендір” , “Әзім әңгімесі”, “Масғұт”. Бұл – ақынның лирикадан – оқиғалы, көлемді шығарма жазуға бастаған кезеңін танытатын маңызды еңбектері.

Ескендір” поэмасында Александр Македонскийдің озбырлы-ғын, сожқұмарлығын, дүниеқұмарлығын әшкерелейді. Ескендір патша туралы кезіндегі алып-ұшпа мадақтау сөз, аңыздарға қарсы, Абай озбыр Ескендірдің жағымсыз бейнесін жасады. Ескендірге қарсы ақыл иесі филосф Аристотельді алып, өзі сол дана филосф жағында екенін көрсетеді.

Осы жұрт Ескендірді білеме екен?

Македония шаһары оған мекен.

Филип патша баласы, ер көңілді,

Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам, - деп бастаған жерде Абай Ескендірдің мансап-қор, нысапсыз бейнесін көз алдына әкеледі.

Абайдың “Масғұт” поэмасында да – жаңа идеяға негізделген шығарма. Ақын өз поэмасының негізгі кейіпкері Масғұтты адамгершілік үшін күрескер етіп көрсетеді. Абайдың екі поэмасы да революцияға дейінгі қазақ әдебиетінде ерекше орны бар шығар-малар. Бұл ерекшелік Абай поэмаларының идеясынан да, түр өзгешелігінен де айқын танылады. Бұл поэмаларында өмірде кездесетін шындықты романтизм әдісімен суреттейді. Абайдың аяқталмай қалған “Әзімнің әңгімесі” сюжеті бізге араб ертегісінен “Мың бір түн” хаһарманы Шахризада хикаяларының бірінен мәлім Хасан заргердің әңгімесіне ұқсайды. Ақын хикаяны түгел баяндамайды.

Сонымен Абай поэма жазуда да ешкімді қайталаған жоқ. Ол өзіндік жаңа саладағы дастандар туғызды. Біздіңше Абай бұл жаңа жолды Байрон мен Пушкинге еліктей отырып қолданады.

Абайдың қарасөздері мен нақылдары – ақын шығармашылығының елеулі санасы, өлеідерімен мазмұндас, идея-лас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалар. Сонымен бірге, әдеби жаңа түр, алғаш көрінген проза, публистика. Ол – қарасөздерінде де өмір шындығын, халықтың арманын, болашақ қамын көздеген жазушы.

Абай прозасы ішінде ғақлия, нақыл сөздер де, ғылыми мақала да, айшық трактат та, өткір сын, мысқыл ретінде келетін сатиралы әңгіме де, адамгершілік өсиеттерде, публистикалық насихат түрлері де, шешендік әңгіме кеңестері де бар. Тек көлемді проза жазбаған.

Абайдың “Ғақлия” атанған қара сөзі қазақтың тіршілігіндегі күнделік болмысы мен өзі ғұмыр кешкен уақытқа қарай өмір жо-лындағы өмір туралы ұзақ жылғы жүрек толғауынан туындаған ой түйіндері. Оған келесідей оның бірінші сөзі толық куә:

«Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірді өткіздік; алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыс-тық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік: бәрі қоршылық екенін білдік. Ал енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай, өзімде қайранмын!».

Абай бұл бірінші сөзінде жалғыздықпен жабырқау, түңілу, тү-сініксіздік, әрнәрнесе көңілі толмау халіне ұшыраса да өзіне ерен ерік-жігер береді. Абай осындай өз мұңы мен халық мұңын, қоғам, заман шындығын “Сегіз аяқ” атты әнге айналған өлеңінде:

Атадан алтау,

Анадан төртеу,

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

Ағайын бек көп,

Айтамын ептеп,

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Моласындай бақсының,

Жалғыз қалдым тап шыным – деп, өзі тірлік еткен бұзық ортаның мінездерін көргенде жаны ашып, қаны қайнап, халық үшін ең қасиетті іс еңбек екенін айтады.

Абай өз халқы оқу-білімге, өнерге қол жеткізу арқылы өркениетті ел қатарына қосылатынында өнеге етеді.

Қорытынды

Абай шығармалары ұлтымыздың тұрмыс тіршілігін, мінезі мен дүниетанымын, ділі мен дінін түгел қамтиды. Сондықтан ұлттық жаңғыру ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып ұтымды пайдалану қажет, себебі ақын көтерген мәселелер бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтқан жоқ. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», деп Абай әрбір қазақ баласын өз елінің парасатты және ұлтжанды азаматы болуға шақырды. Кемеңгер ойшыл «атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» деп, өмірдің мәні мен мақсатын Адам болу деп таныды. Біз жастардың тәрбиесін, ұлтты Абайша сүюден, елдікті, мемлекетті қадірлеуден бастауымыз керек.

Абай жалғыз қазақ халқының ұлы емес, адамзаттың ардағы десек артық айтқандық болмас. Әлем халқы мойындаған дара тұлғаны қай жағынан әспеттесек те біздің елдік, ұлттық парызымызды орындағанымыз деп білеміз. Осы жыл қазақтың ұлы ойшылының дүние есігін ашқанына 175 жыл толып отыр, айтулы мерекені біздің университет ұжымы да мәдени-ғылыми іс-шаралармен атап өтпекші. Ол дәстүрлі Абай оқуларымен басталып, ғылыми конференциялар мен абайтанушы ғалымдармен кездесу ұйымдастыру сияқты мән-мағынасы бар, мазмұнды дүниелермен жалғасын таппақшы.

Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірігуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық болуы тиіс». Абай жырлап өткен бабалар арманы мен өсиетін бүгінгі ұрпақ, тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі және болашақтағы даму жолында абыроймен іске асыра алатынына сеніміміз мол. Себебі қазіргі заманғы қазақ жастарының бойынан талап пен жігерді, білім мен іскерлікті, ұлттық намыс пен қайсарлықты көреміз. Мемлекет басшысының жарияланған мақаласы тарихи датаны әлемдік деңгейде ақыл-парасатпен атап өтуге бағыт-бағдар беретін, өз сәтінде жарық көрген бағалы еңбек деп санаймыз.                                   
















Қолданылған әдебиеттер


1. Х.Сүйіншалиев. “Қазақ әдебиетінің тарихы” / Алматы “Санат” 1997 жыл

2. Абай және қазіргі заман / Алматы / “Ғылым” 1994 жыл.

3. ҚазҰлттықҒылым академиясы /“Абай I-том”, Алматы “Жазушы” 1995 ж.

4. Асанбай Асқаров. “Ұлы тұранның ұлдары” / Алматы “Нұрлы-әлем” 1998 ж

5. Қаз Ұлттық ғылым академиясы / Абай II-том/ Алматы “Жазушы” 1995 ж

















13


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі