Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Баяндау хат, түсінік хат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Баяндау хат. Түсінік хат
1-тапсырма Оқып, түсіну.
а) Баяндау хат
Баяндау хат – кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін құжат. Жоғары тұрған басшыны қандай да бір фактілер, оқиғалар туралы хабардар ету жағдайында автордың бастамасы немесе басшының нұсқауы бойынша жасалады. Баяндау хатта баяндалған мәселе бойынша құрастырушының ұсынысы да болуы мүмкін. Мақсаты – басшының белгілі бір шешім қабылдауына ықпал ету.
Баяндау хаттың мазмұнын ашатын тақырыбы болады. Құжаттың осы түрін ресімдеу адресатқа байланысты. Баяндау хат ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Баяндау хаттың күні оған қол қойылған күн болып есептеледі. Кәсіпорын қызметінің негізгі қызметі бойынша баяндау хаттар 5 жыл сақталады.
Баяндау хат үлгісі
Өндірістік-техникалық бөлім БАЯНДАУ ХАТ 00.00.00. М.Д. Сағатовты іссапарға жіберу туралы ____________________ байланысты өндірістік-техникалық бөлімнің менеджері М.Д. Сағатовты «Формаз» зауытына 00.00.00 – 00.00.00 дейін іссапарға жіберуіңізді өтінемін. ӨТБ-нің бастығы қолы аты-жөні |
Производственно-технический отдел ДОКЛАДНАЯ ЗАПИСКА 00.00.00 О командировании Сагатова М.Д. В связи ___________________ прошу командировать менеджера производственно-технического отдела Сагатова М.Д. на завод «Формаз» с 00.00.00. по 00.00.00. Начальник ПТО подпись И.О. Фамилия |
ә) Түсінік хат
Түсініктеме – негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерін немесе қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат. Мазмұны бойынша түсініктеме екіге бөлінеді. Бірінші топқа негізгі құжатқа (жоспарға, есепке) ілесіп жүретін және негізгі құжаттың жекелеген ережелерін түсіндіретін құжаттар кіреді. Олар кәсіпорынның жалпы бланкілерінде ресімделеді.
Екінші топқа қандай да бір оқиғалар, қалыптасқан жағдайлар, жекелеген қызметкерлердің әрекеттері мен тәртібіне байланысты түсіндірме жазбалар енеді. Мұндай жазбалардың мәтіні дәлелді, қысқа болуы керек. Баяндау хаттар сияқты олар ішкі және сыртқы болып бөлінуі мүмкін. Құрылымдық бөлімшелердің немесе мекемелердің басшыларына берілетін ішкі түсініктемелер компьютермен бастырылған түрде немесе қолмен жазылған түрде таза қағазға ресімделеді. Жоғары тұрған органдарға жіберілетін сыртқы түсініктемелерге кәсіпорынның басшылары қол қояды және хаттар, факстерге арналған жалпы бланкіде ресімделеді.
Түсініктеме үлгісі
Бағалы қағаздар бөлімі Банк басқармасы ТҮСІНІКТЕМЕ төрағасының орынбасары
Бөлімнің 2007 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жиынтық есебін факс-модем байланысының бұзылуына және банктің Алатау филиалындағы есеп беру мәліметтерінің болмауына байланысты көрсетілген мерзімде өткізе алмадық. Бөлім бастығы қолы аты-жөні |
Отдел ценных бумаг Заместителю председателя ОБЪЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКАправления банка
Сводный отчет отдела за ІІІ квартал 2007 г. не был представлен в указанный срок в связи с повреждением факс-модемной связи и отсутствием отчетных данных Алатауского филиала банка. Начальник отдела подпись И.О. Фамилия |
Сөздік
Баяндау хат – докладные записки кәсіпорын – предприятие
басшысы – руководитель тұжырымдар – выводы
ұсыныстар – предложение құбылыс – явление
қалыптасқан оқиға – сложивщаяся ситуация жоғары тұрған – вышестоящий
бастама – инициатива нұсқау – указание
құрастырушы – составитель шешім қабылдау – принять решение
мазмұн – содержание ашатын – раскрывающий
ресімдеу – оформление 5 жыл сақталады – хранятся 5 лет
түсініктеме – объяснительная записка негізгі құжат – основной документ
жоспар – план есеп – отчет
жоба – проект жекелеген – отдельные
ереже – положение мазмұн – содержание
бөлінеді – делятся ілесіп жүретін – сопровождающий
ресімделеді – оформляются құрылымдық бөлімше – структурное подразделение
оқиға – происшествие қалыптасқан жағдай – сложившаяся ситуация
жекелеген қызметкерлер – отдельные работники
ішкі түсініктемелер – внутренние объяснительные
қолмен жазылған түрде – рукописным способом
жоғары тұрған органдар – вышестоящие органы
2 –тапсырма Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Баяндау хат деп құжаттың қандай түрі аталады?
-
Баяндау хат қандай жағдайларда, нендей себептермен жасалады?
-
Баяндау хатта баяндалған мәселе бойынша кімнің ұсынысы болуы мүмкін?
-
Баяндау хаттың мақсаты не?
-
Баяндау хаттың мазмұнын ашатын несі болады?
-
Баяндау хатты ресімдеу кімге байланысты болады?
-
Баяндау хат қалай және нешеге бөлінеді?
-
Баяндау хаттың күні қай күн болып есептеледі?
-
Баяндау хаттар неше жыл сақталады?
-
Қандай құжат түсініктеме деп аталады?
-
Мазмұны бойынша түсініктеме нешеге бөлінеді?
-
Бірінші топқа қандай құжаттар кіреді? Олар қалай ресімделеді?
-
Екінші топқа нелер енеді? Мұндай жазбалардың мәтіні қандай болуы керек?
-
Олар қалай бөлінуі мүмкін?
-
Құрылымдық бөлімшелердің немесе мекемелердің басшыларына берілетін ішкі түсініктемелер қалай ресімделеді?
-
Жоғары тұрған органдарға жіберілетін сыртқы түсініктемелер қалай ресімделеді
3-тапсырма. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз.
Баяндау хат – ұйым (басшысымен, басшысына, басшысын, басшысының) қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар (жасамаған, жасаған, жасап, жасай, жасасатын) құжат. (Ұйымға, ұйымның, ұйымдағы, ұйыммен, ұйымнан) өз ішіне арналған баяндау хаттар қолмен (жазылар, жазылып, жазысып, жазатын) жазған адамның қолы қойылады, мерзімі (көрсетілді, көрсетіліпті, көрсетіледі, көрсетілген). Сонымен қатар, мекеменің (атауға, атауының, атауы, атауымен), құрылымдық (бөлімшеге, бөлімшелер, бөлімшеде, бөлімшенің) атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге (арналыпты, арналса, арналғаны, арналар, арналатын) көрсетіледі. Баяндау хат мекеменің (атымен, атында, атынан, атындағы, атын) жоғары жаққа арналса, компьютерге басылып, мекеме басшысы қол қояды.
4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Баяндау хат – ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат. Ұйымның өз ішіне арналған баяндау хаттар қолмен жазылып, жазған адамның қолы қойылады. Мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, мекеменің атауы, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі.
Баяндау хат мекеменің атынан жоғары жаққа арналса, компьютерге басылып, мекеме басшысы қол қояды.
5-тапсырма.Тақырыптық баяндау хат үлгілерін құрастырыңыз.
-
Студенттердің сабаққа дұрыс қатыспайтындығы туралы баяндау хат құрастырыңыз.
-
Қазақ тілі курстарын ұйымдастыру туралы баяндау хат құрастырыңыз.
-
Философия пәнінің мұғалімінің орнына басқа мұғалім беруін өтінетіндігіңіз туралы баяндау хат құрастырыңыз.
-
Сынып жетекшісі атынан мектеп директоры атына 11- сынып оқушыларының таңдаған төртінші пәнін көрсетіп, баяндау хат үлгісін құрастырыңыз.
-
Оқытушыға сабақтан босатылған студенттердің аты- жөнін, пәннің атын, сағат санын, уақытын көрсетіп, баяндау хат үлгісін құрастырыңыз.
-
Факультет деканының атына студенттердің себепсіз сабаққа қатыспағаны туралы мәлімдеп, оқытушының атынан баяндау хат үлгісін құрастырыңыз.
-
Мекеме басшысының атына бөлім меңгерушісінің атынан қызметкерлерді аттестациялау қорытындсын мәлімдеп, баяндау хат үлгісін құрастырыңыз.
-
.Қазақ тілінде іс жүргізу пәнінің оқытушысы атына сабаққа келмеген себебіңіз туралы түсініктеме беріңіз.
-
Ғылыми-практикалық конференцияға не себепті қатыспағаныңыз туралы түсініктеме беріңіз.
-
.Педагогикалық тәжірибені өтуді не себепті ауылға сұрайтындығыңыз туралы түсініктеме беріңіз.
-
.Жұмыстан кету себебіңізді көрсетіп түсініктеме беріңіз.
-
.Қысқы сессияны алдын-ала тапсыруыңыздың себебі туралы түсініктеме беріңіз.
-
Екі ай бойы сабаққа қатыспағандығыңыз туралы түсініктеме беріңіз.
-
Диплом алуда не себептіфамилияңызды өзгертетіндігіңіз туралы түсініктеме беріңіз.
-
Күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысу себебіңіз туралы түсініктеме беріңіз.
Үйге тапсырма: 2- тапсырма бойынша бір (кез келген) сұраққа жауап беру. 3-тапсырма сөздерді мағынасы бойынша қою. 5 -тапсырма берілген тақырыптардың біреуіне баяндау хат жазу.