Бекітемін:__________
Күні: 23.04.
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы:Баубек
Бұлқышев «Шығыс ұлына хат»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Баубек Бұлқышевтың
өмірінен, шығармашылығынан мағлұмат бере отырып шығарманың
жанры,көркемдік ерекшеліктерін тану;
2.Дамытушылық:оқушылардың
шығармашылығын, өздіктерінен ізденуін, танымдық дербестігін
арттыру,өзіндік ой-пікірін еркін айтуға дағдыландыру, топпен жұмыс
істеуге төселдіру;
3.Тәрбиелік:бабалардың ерлік рухын
сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру,ұлттық намысты
қалыптастыру,патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың
түрі:
Жарыс
сабағы
Типі: Білік пен дағдыны
қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдері: СТО жобасының стратегиялары,
Кембридж әдісінің элементтері.
Көрнекілігі: ИТ,
Баубек Бұлқышевтың портреті,
«Заман біздікі»,«Ұлы Отан соғысы кездерінен слайдтар, соғыс туралы
видеолар.
Сабақтың
айдары:
... Менің бұл жазғандарым
болашақта
біздің осы ұлы күресімізді
зерттеушілердің
қолына түсіп,үлкен істердің кішкене
бір
тетігіне тиянақ болуға жараса,менде
одан
басқа арман да жоқ,ол зерттеушілер біз
осы
арпалыста жүргенде қайғыра да,жылай
да,
қуана да,күле де,кектене де білгенімізді
ұғынса болғаны.
І.Ұйымдастыру
кезеңі.
а)оқушыларды түгендеу;
ә)үй тапсырмасын сұрау; (кезекші
мәліметі.)
(Бейнетаспадан 1941 жылғы
қанды оқиға жайындағы сюжетті оқиғалардан үзінді көрсетіліп
тұрады.Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады және сабақтың
айдарын мәнерлеп Б.Бұлқышев бейнесіндегі оқушының
оқуы)
Сабақтың барысы:
II. Үй тапсырмасын
сұрау .Өзіндік іздену-зерттеу
жұмысы. (Үш топқа бірдей берілген
тапсырмаларын орындау барысында,әр топ өзіне ұпай жинауы
тиіс.Жауаптарының дұрыстығына қарай оқушыларға түрлі-түсті
медальдар тапсырылады. Әрбір топ қарсыластарының ұнаған жауаптарына
бір медальдан беріп отырады.
1.
Оқушыларға Б.Бұлқышевтың өмірі мен шығармалары жайлы ізденіп келген
мәліметтерін оқу,слайд арқылы көрсетіп,әзірлемелерін
қорғау.
2.
«Шығыс ұлына хат» туындысынан өздеріне ұнаған үзіндіні жатқа
айту.
III. Шығармашылық
жұмыс.
А) Дәптермен
жұмыс.Шығарманың стильдік,жанрлық ерекшелігін еске түсіру.
Эпистолярлық жанр.
Стильдік тәсілі.
-
Көркемдік шеберлігі қаламгерлік талантынан
танылған.
-
Авторлық баяндаумен берілген.
-
Кейіпкерлерге қаратыла
айтылған.
-
Қайғысына ортақтастығы әсерлі
берілген.
-
Саяси-көркем проза
-
Ақиқат өмірдің сырлы суреті айқын,оның
арқауы-шындығында.
Б). Топпен
жұмыс. (Үш топқа тапсырма беру,
ұяшықтардан санды таңдап, артында жасырынған тапсырмаларға жауап
беру)
1) «Өлімнен-ұят күшті» деген
халық мақалдың мағынасын сөйлеммен аш!
2) Б.Бұлқышевқа арнау хат
жазу.
3).Махамбет Өтемісұлының
өлеңінен алынған үзіндіні хаттан табу.
4).Сыныпқа арнау, үндеу хат
жазу.
5) «Елім-ай» әнінің мәні
неде?
6)
Өлең құрастыр
Отаным***************
кімге,
****************** көрем
бірге,
Қалайша ***************
менің,
***************** төнген
күнде.
ІV. Постермен
жұмыс.
-
Шайқас үстінде
-
Жеңіс шуағы
-
Бейбіт елдің ұланымыз.
V. Танымдық сұрақ: (
Оқушылар екі түрлі стикерге өз ойларын
жазады.)
1) Соғыс бізден не
алды?
2) Жеңіс бізге не берді?
«Соғыс бізден не алды?» деген сұраққа
жауаптарын «Қоқыс жәшігіне», «Жеңіс бізге не берді?» деген сұраққа
жауаптарын « Сандық жәшігіне» салады.
VI. Үйге
тапсырма. «Ел ертеңі - біздің
қолымызда» тақырыбына шығарма жазып келу.
VII.
Қорытынды.Сабаққа белсенді қатысқан
оқушылар бағаланады. INSERT
стратегиясы бойынша оқушылар алдарындағы
үлестірме қағаздарды
толтырып,қорытындылайды.
|
Не білеміз?
|
Не білдік?
|
Нені білгіміз
келеді?
|
|
|
|
|
Мұғалімнің қорытынды
сөзі. –Иә,Баубек - қанатты ой
иесі,арманшыл жас еді. Ол шат өмірді,жастық дәуренді,қаһарман
халықты,жүрекке нұр құйған заманда жыр етті. «Шығыс ұлына хат»
еңбегінде туған ел,өскен жер,дос,жолдасқа,туған-туысқа деген шынайы
сүйіспеншілікті көреміз. Баубек Бұлқышұлы өмірі,оның
күресі,шығармашылық еңбегі –барлық жасқа
өнеге.
«Жоқ,болмайды,мен өлмен,
Өшпес менде өмір бар.
Өлім мен өмір күресте
Өлімді өмір жеңе алар» деген
сөзімен сабақты аяқтаймын.
VIII. Оқушыларды
бағалау.(Әр топ өздерінің жинаған
медальдарының санымен топтың ұпайы
анықталады.)
Рефлексия. -Сендерге бүгінгі сабақ ұнады
ма?...
Түйін. Бәріміз «Соғыс болмасын,
бейбіт өмір сүрейік!»-деген тілекпен «Жойылсын жалғыз сөз, соғыс
деген» әнін орындайық..