Бауырдың анатомиялық құрылысы және клиникалық маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бауырдың анатомиялық құрылысы және клиникалық маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауырдың анатомиялық құрылымы, сегменттік жіктелісі, мен оның функционалдық және клиникалық маңызын анықтау.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Бауырдың анатомиялық құрылысы және клиникалық маңызы



2 курс студенттері: Амангелді Данагүл, Кәдірқұл Іңкәр



Жетекші: Курбаниязова Саниям Садыковна



С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті





Кіріспе

Бауыр (hepar) — адам организміндегі асқорыту жүйесінің ең ірі безі және көптеген өмірлік маңызды қызметтерді атқаратын паренхиматозды ағза. Ол зат алмасудың барлық түрлеріне қатысып, токсиндерді залалсыздандыру, өт өндіру, гликоген қоры сияқты негізгі функцияларды атқарады. Эмбриондық даму кезінде бауыр қан түзу ағзасы ретінде қызмет етеді. Құрсақ қуысында көкет астында орналасуы, күрделі анатомиялық құрылысы және сегменттік жіктелісі оның клиникалық маңызын арттырады.




Зерттеу мақсаты

Бауырдың анатомиялық құрылымы, сегменттік жіктелісі, мен оның функционалдық және клиникалық маңызын анықтау.



Материалдар мен әдістер

Анатомиялық мәтіндерді талдау , бауырдың сыртқы құрылымы, беттері, жүлгелері мен байламдарын жүйелеу , гистологиялық құрылымын (үлесше, синусоид, гепатоциттер) зерттеу , қандау, лимфа айналымы және иннервация ерекшеліктерін салыстырмалы талдау , сегменттік жіктелуді (I–VIII) толық сипаттау



Нәтижелер:

Бауырдың сыртқы анатомиясы

Бауыр интраперитонеалды орналасады, орташа салмағы — 1500 г. Жоғарғы беті — көкеттік (facies diaphragmatica), төменгі беті — висцералдық (facies visceralis). Алдыңғы жиегі өткір (margo inferior), артқы жиегі — доғал. Бауыр орақтәрізді байлам арқылы оң және сол үлестерге бөлінеді. Висцералдық бетінде үш жүлге орналасқан: сол және оң сагитталды жүлгелер және көлденең жүлге — бауыр қақпасы (porta hepatis).

Шаршы (lobus quadratus) және құйрықты (lobus caudatus) үлестер осы жүлгелер арасында орналасады. Висцералдық бетте көршілес ағзаларға сәйкес батыңқылар көрінеді: асқазандық, бүйректік, бүйрекүстілік, жиек ішектік және он екі елі ішекке тән батыңқылар.



Бауырдың ішкі құрылымы

Бауыр паренхимасы фиброзды қабықпен (Глиссон қапшығы) қапталған. Паренхима 500 мыңға жуық бауыр үлесшелерінен (lobuli hepatis) тұрады. Үлесшенің ортасында орталық вена орналасады, шеттерінде үлесшеаралық артерия, вена және өт түтікшелері орналасқан бауыр триадасы орналасады. Гепатоциттер бауыр табақшаларын түзіп, синусоидтық капиллярлармен тығыз байланысады. Өт түтікшелері ductuli biliferi → interlobulares → жалпы бауыр түтігіне (ductus hepaticus communis) бірігеді. Бұл құрылым rete mirabile hepatis – «бауырдың керемет торын» түзеді.



Сегменттік құрылысы

Бауыр қан тамырларының таралуына сәйкес 2 үлес, 5 сектор және 8 сегментке бөлінеді: • I сегмент — құйрықты үлес • II–III — сол латералды сектор • IV — сол парамедиандық сектор • V–VIII — оң жақ секторлар Бұл жіктеліс хирургияда, радиологияда және бауыр трансплантациясында үлкен маңызға ие.



Бауыр патологиялары

Бауыр ағзасында зат алмасу, қан айналымы және детоксикация процесінің бұзылуына байланысты әртүрлі аурулар дамиды. Бауыр патологиялары клиникалық тәжірибеде жиі кездеседі және олардың әрқайсысы ағза қызметіне айтарлықтай әсер етеді.



Гепатиттер

Гепатит — бауырдың қабыну ауруы. Ол жұқпалы (вирустық) және жұқпалы емес (токсикалық, аутоиммунды) түрлерге бөлінеді. • Вирустық гепатит A, B, C, D, Е Клиникасы: сарғаю, әлсіздік, бауырдың үлкеюі, бауыр трансаминазаларының жоғарылауы (ALT, AST). Асқынуы: созылмалы гепатит, цирроз, гепатоцеллюлярлы карцинома. • Токсикалық гепатит Себептері: алкоголь, дәрілер (парацетамол, антибиотиктер), өндірістік уыттар. Берілуі: гепатоциттердің некрозы, бауыр жеткіліксіздігі. • Аутоиммунды гепатит Иммундық жүйенің өз гепатоциттерін зақымдауы. Асқынуы: циррозға алып келеді.



Бауыр циррозы

Цирроз — бауыр тінінің қайта құрылуы, гепатоциттердің өлуі, фиброздық тіннің артуы және түйіндік регенерациямен сипатталатын терминалды патологиялық процесс.

Негізгі себептері: • созылмалы гепатит В және С • алкогольдік бауыр ауруы • майлы бауыр (стеатогепатит) • аутоиммунды процестер

Клиникасы: асцит, портальды гипертензия, өңеш варикоздары, бауыр энцефалопатиясы.



Майлы бауыр ауруы (стеатоз, стеатогепатит)

Гепатоциттерде майдың жиналуымен сипатталады.

Себептері: • семіздік • қант диабеті • алкоголь • гиподинамия • дұрыс тамақтанбау

Түрлері: • алкогольдік стеатогепатит • алкогольсіз майлы бауыр ауруы (NAFLD)

Асқынуы: фиброз → цирроз → қатерлі ісік.



Бауыр ісіктері

Қатерсіз: гемангиома, аденома, фокальды нодулярлы гиперплазия

Қатерлі: гепатоцеллюлярлы карцинома (ГЦК) ,холангиокарцинома

Қауіп факторлары: созылмалы гепатит В/С, цирроз, алкоголь, афлатоксин.

Белгілері: салмақ жоғалту, оң қабырға асты ауыруы, бауырдың үлкеюі.



Өт жолдарының аурулары

Бауыр өт өндіру қызметіне байланысты патологиялар жиі өтеді: • холецистит • холангит • өт тасының ауруы (холелитиаз) • механикалық сарғаю

Себептері: өттің қоюлануы, өт жолдарының бітелуі, инфекциялар.



Бауыр жеткіліксіздігі

Клиникалық синдром, бауырдың негізгі функцияларының елеулі төмендеуімен сипатталады.

Себептері: жедел гепатит , токсиндер, цирроз, жедел бауыр некрозы

Көрінісі: қанның ұюының бұзылысы, энцефалопатия, интоксикация, гипогликемия.



Рисунок 1382814236


Қорытынды

Бауыр — көпқырлы функциялары бар күрделі ағза, сондықтан оның патологиялары адам денсаулығына өте қауіпті. Гепатиттен бастап циррозға және қатерлі ісікке дейінгі аурулар бауырдың құрылымдық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бауыр анатомиясы мен сегменттік құрылысы хирургиялық емдеу, интервенциялық процедуралар және диагностикалық тәсілдер үшін шешуші рөл атқарады.



Пайдаланылған әдебиеттер

1. Синельников Р.Д. Атлас анатомии человека. Том 2. – М.: Медицина, 2019.

2. Гайворонский И.В. Анатомия человека. Внутренние органы. – СПб.: СпецЛит, 2018

3.Gray, H. Gray’s Anatomy: The Anatomical Basis of Clinical Practice. 42nd Edition. Elsevier, 2021.

4. Drake, R., Vogl, W., Mitchell, A. Gray’s Anatomy for Students. 5th Edition. Elsevier, 2019.

5. Netter, F. Atlas of Human Anatomy. 7th Edition. Elsevier, 2021.

6. Синельников, Р.Д. Атлас анатомии человека. Том 2. М.: Медицина, 2019.

7. Самусев, Р.П. Анатомия и физиология человека. СПб.: СпецЛит, 2018.

8. Нұрышев, М. Адам анатомиясы. Алматы: Қазақ университеті, 2020.

9. Дайырбекова, М. Адам анатомиясы. Алматы: Білім, 2019

10. Рақышев, А. Адам анатомиясы. 2-кітап. Алматы: Білім, 2018.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2025
14
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі