Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Бауыржан Момышұлы. Жауынгердің тұлғасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауыржан Момышұлы Жауынгердің тұлғасы тақырыбына сабақ жоспары жазылған. 6-сыныпқа арналған. Мектеп мұғалімдеріне арналған .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары №


Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 6 Күні: _____________


Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы. Жауынгердің тұлғасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ақынның өмірімен шығармаларымен таныстыру. Жауынгердің тұлғасы әңгімесіндегі жауынгердің ерлігі, батырлығы, қайсарлығы туралы түсіндіру.

Дамытушылық: а)оқу материалынан ең бастысын, негізгі ойды түсінуге, мазмұнын ажыратуға;

ә)ой қорытып, өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру.


Тәрбиелік:


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу

Сабақтың түрі: жаңа білімді қабылдау

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: әдеби кітаптар, суреттер, буклет.

Пәнаралық байланыс:

Оқушылардың белсенділік әдістері: көркем әдебиетті пайдалану, мазмұнын ажырату, талдау.


І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа деген көңіл күйлерін сұрау. Оқу-құралдарын дайындату. Әнұранды айтқызу.


ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

Әбу Сәрсенбаевтың өміріне және шығармаларына реферат жазу. Туған жер өлеңін жаттау.


Үй жұмысын 3-4 оқушыдан сұраймын.


ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

Бауыржан Момышұлы- 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Ол өзінің естелігінде былай деп жазады.

Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле білген кісіге бұл – үлкен университет. Осы 25 жылдың ішінде мен талай қолбасшымен кездестім, сабақ алдым, талай генералдың қол астында қызмет істедім, тәрбие көрдім. Өйткені командир деген әскери педагог қой. Осы әр ұлт адамдарымен қызметтес болғанымды өзіме ерекше мектеп деп бағалаймын. Себебі чуваш мынадай екен-ау, қырғыз мынадай болады екен-ау деп ойланасың. Ана халық анадай дәстүрін қастерлейді, мына халық мынаны құрметтейді екен-ау деп толғанасың. Мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын. Өйткені олардың жүректері – іштерінен шыққан балалары – менің алақанымда болды. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін жұмсадым. Өзім де «жаным – арымның садағасы», халқым үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Мен соғыс кезінде «Красная Звезда» газетіне былай жазғанмын: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам» дегенмін... Өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын.

Жауынгердің тұлғасы. («Қанмен жазылған кітап» жинағынан үзінді). Әңгімені мына жоспар бойынша баяндаймын.

  1. Мәскеуде болған ұрыс.

  2. Полковник Серебряковтың Бауыржан Момышұлына берген тапсырмасы.

  3. Бауыржан Момышұлы тапсырманы намысқа тырысып орындады.

  4. Жауынгердің тұлғасы.

Сабақты бекіту.

1. Әңгімеде қай жерде болған ұрыс жөнінде айтылады?

2. Полковник Серебряков Бауыржан Момышұлынан нені толық

баяндауды өтінді?

3. Жауынгердің намысқа тырысуы дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Б. Момышұлы туралы қандай шығарма оқыдыңдар? Қандай

кинофильмдер көрдіңдер?

5. Жауынгердің тұлғасы сенің ойыңша қандай болуы керек?

6. Ұлы Отан соғысы туралы өздіктеріңнен шығармалар оқығандарың бар

ма?


Үйге тапсырма : Бауыржан Момышұлының өміріне және шығармаларына реферат жазу. Жауынгердің тұлғасы әңгімесін оқу, түсінік айту.


Оқушыларды бағалау.


Негізгі әдебиет: қазақ әдебиеті

Қосымша әдебиеттер: әдеби кітаптар


Сабақтың жоспарын құрастырған: Байтүлекова Қарлығаш Айдарқызы




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
2781
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12