Бауыржан момышұлы тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бауыржан момышұлы тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Бауыржан Момышұлы туралы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы





Мақсаты: Қазақ халқының өр тұлғаларының жалғасы болған, Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры, Қазақстанның халық қаһарманы Бауыржан атамыздың өмір жолдары, ерлік күресі, халқына сіңірген еңбегі жайлы таныстыра отырып, келешек ұрпақты өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу.

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Осындай қазақтың үлгі етер ұлдарының бірі, халық жүрегінде ойып із қалдырған, ұлттық рухты ел санасына сіңдірген Бауыржан Момышұлы - ержүрек жауынгер, атақты қолбасшы, әскери жазушы. Ең бастысы - әр қылығымен, әр көзқарасымен, бар болмысымен қазақтың намыстан жаралған халық екенін мойындата алған тұлға. Бауыржан Момышұлының отызға енді ілінген шағынан-ақ есімі аңызға айналды, даңқы әлемді шарлады.

1-ші бөлім бойынша :

Зерттеуші студент: Илевбаева Алмагүл

Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,

Ішсем суы татиды шекер, балдай

Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа

Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, –

деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы   1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі – Момыш, шешесі – Рәзия. Әкесі жаны жомарт кісі болған. Отбасыларында 4 қыздан кейін, әкесі Момыш 50-ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті.. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындағы орыс мектебінде оқып,. 1921 жылы Шымкент қаласындағы №7 мектепте болашақ атақты ақын Әбдiлда Тәжiбаевпен бiрге оқиды Бауыржан ата алғаш еңбек жолын 18 жасында Сарысуда мұғалімдіктен бастайды. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң , қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді. Бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi, атаның алғашқы мамандығы финансист-банкир болған. Ата Ленинградтың финакадемиясын бiтiрген. Қазiргi "Тұран Әлем" банкiсi ол кезде "Промстрой" деп аталған. Осы банктiң негiзiнде "Тұран Әлемнiң" 80 жылдық мерейтойындағы "Алғашқы қазақ банкирлерi" деген тiзiмде Бауыржан ата екiншi болып тұр. Баукеңнің зайыбының аты Бибіжамал. Ұлы Бақытжан және қызы Шолпан, немересі, Ержан

Тілші студент: Жұмағали Дариға

Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды. Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені (2 рет)», «Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Туы», «Халықтар достығы» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. «Кеңес Одағының Батыры», Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Деректі фильмнен үзінді көрсетіледі.


Әдебиетші студент: Абылова Нұрсәуле

Жарық көрген кітаптары

Бауыржан Момышұлы – халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы ретінде танылса, оның шығармаларының негізгі тақырыбы жас жауынгерлердің ерлік – елжандылық,  Отанын, елін-жерін сүюге тәрбиелеу, ұлттар достығы болды. Бауыржан Момышұлы қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді.. Көрнекті жазушының жазып қалдырған «Офицердің күнделігі»(1952), «Бір түннің тарихы»(1954), «Біздің семья»(1956), «Москва үшін шайқас»(1959), «Жауынгердің тұлғасы»(1958), «Майдан»(1961), «Майдандағы кездесулер»(1962), «Генерал Панфилов»(1963), «Ел басына күн туса»(1970), «Ұшқан ұя»(1975), «Адам қайраты»(1981)т.б шығармалары сонымен қатар 37 дәптер күнделік жазған батыр бейбіт өмірдің қаруын қалам етті. Осылайша қазақ әскери әдебиетінің негізі қаланды.

Зерттеуші студентттер: Омар Ұлжан мен Маратова Зейнеп

Өсиет сөздері.

Бауыржан атаның кітаптары әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты, ерлікті, бірлік пен туысқандықты ту етті. Оқ пен оттың ортасында жүріп, қазақтың болашағын ойлаған Бауыржан Момышұлы соғыстағы қазақ жауынгерлеріне қазақтарды өз ана тілінде шығатын газет пен әдебиеттің ескерусіз қалдырмауын ескертеді

Бауыржан атамыз халықты ерлікке, патриоттыққа тәрбиелеуде артына көптеген мақал-мәтелдер қалдырған. Мысалы:

Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр.

Ерлік тәрбиеден туады.

Ерлік бірлікте емес, жүректе.

Отанда опасызға орын жоқ.

Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық.

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Барлық халық пен барлық ұлт ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті. Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп оларды сүйе білуге тиіс.

Суретші студенттер: Пердеғали Мадина мен Базарбай Гүлшат Бауыржан Момышұлы туралы естеліктер

Әзілхан Нұршайықов, Бауыржан атамыздың басынан өткеннің бәрі ақиқат. Ал ақиқаттан аңыз тарайды. Сол ақиқатты естіген адам, өзінің ойын қосып, жалғап кете береді. Баукеңнің өмірі ақиқат. Сол ақиқатқа негізделген аңыздар содан тараған. Оны өтірік деуге және болмайды.

Мамытбек Қалдыбай, Біз Бауыржанымызбен мақтанамыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Біз оған жақындауымыз керек , Бауыржанның биігіне көтерілуге тырысуымыз керек. Бүгін Бауыржандай ұлтшыл болып, өз ұлтын Бауыржандай сүю керек. Сонда ғана қазақ халқы өркениет көшіне өз құндылығымен кіретіні сөзсіз.

Дмитрий Снегин, Мәскеу түбіндегі шайқастарда тұңғыш рет көргенде-ақ мен оны бұрыннан білетіндей сезінгем. Бәлкім,ол бір аспан астында туылып, бір жерде өскендігімізден де болар. Бәлкім, ол бізді соғыс табыстырып, достығымыз қанмен бекігендіктен бе екен?

Генерал - полковник, әскери ғылымдарының докторы И.М.Глушко,

Момышұлының дәрістерін біздер барлық уақытта, қызыға, асыға күтетінбіз.Момышұлы тіпті де әскери шен- шекпенге қарамай,сонымен қатар барлық тындаушыларға талап қоя қарайтын.

Қорытынды

Қазақ халқының біртуар батыр Ұлы Бауыржанның Кеңес үкіметі мен қазақ халқы үшін жасаған ерліктері мен еңбектері өте зор.Сөз өнері дертпен тең , әдебиет- ардың ісі дегенді жадында ұстаған батырдың әр бір шығармасы өнегеге толы, тұнып тұрған тәрбие.





КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІ



«БЕКІТЕМІН»

БТЖО ________ Г.Б.Джакаева

«____» __________ 2025 ж





ЖЕЛТОҚСАН – БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ АЙЫ



Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту

Тақырыбы: «Бауыржан Момышұлы ерлік пен елдіктің символы» ерлік сабағы

Тобы: ПиМНО-22-1,

Куратор: Орынбасарқызы Ж., Сейілханова Н.Ғ., Игібаева Т.Ө.

Picture 3







Ақтау-2025

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі