Материалдар / Бауырсақ бізде қонақта
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бауырсақ бізде қонақта

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2018
646
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: «Коммуникация»,  «Шығармашылық»,  «Таным»

Оқу іс-әрекеті: «Сөйлеуді дамыту»,  «Сурет»,  «Көркем әдебиет»,  «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру»

Тақырыбы:   «Бауырсақ  бізде  қонақта»

Бағдарламаның мазмұны: Балаларды 1-ден  5-ға дейін  тура  және  кері санауға, сандардың  көршісін, жыл  мезгілдерін, апта күндерін атауға, геометриялық пішіндер мен денелерді табуға,  ойлауға үйрету және есте сақтау, көру  қабілеттерін арттыру.

БМ: «Ертегі» тақырыбы бойынша балалардың сөздік қорын байыту  және белсендіру.

ДМ Шығармашылық ойындар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жаңаға деген құлшынысын,  достық сезімге тәрбиелеу. Есте сақтау, түсіну, жаттау дағдыларын дамыту, көркемдік талғамын арттыру.

ТМ:  Өзара қарым-қатынас кезінде, ойын үстінде  алған білімдерін қолдана білуге үйрету.  Ынтымақтастыққа, достыққа   тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Суреттер,слайд, геометриялық пішіндер, жеке таратылатын дамытушы құралдар.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, көрсету,  жұмбақ  сурет арқылы жасыру.

Билингвальды баламасы: «Ертегі – сказка», «Бауырсақ  – Колобок»,  «Дружба - достық».

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Моти-вация-лық  кезең:

Жылулық шеңбері:                                

 Армысың, Аспан Ата,

Армысың, Мейірімді Жер Ана.,

Армысың, шұғылалы Алтын Күн,

Армысыздар, қонақтар,

Қуанайық, шаттанайық бәріміз

Күліп атты Алтын таң!

Үлкенге де - сіз,

Кішіге де – сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

 

- Балалар, сендер білесіңдер біздің ата әжелеріміз бізге ертегі айтып береді. Ертегі деген қиял ғажайып әлемі. Сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Айтыңдаршы, сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Тәрбиеші:

- Жарайсыңдар, балалар, сендер көп ертегілерді біледі екенсіңдер. Ендеше, солардың бірі – Бауырсақ ертгісіне тоқтала кетейік. Ерте, ерте, ертеде бір ата мен әже болыпты....

 

 

Балалар тәрбиешімен бірлесе, қимыл-қозғалыс жасай отырып  айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-         Иә, ертегіні ұнатамыз. Біз көп ертегі білеміз.

-         Шалқан ертегісі, Алдар Көсе ертегісі, Бауырсақ ертегісі, т.б.

 

 

Ұйым-дасты-рушы-лық, оқыту-шылық, іздену-шілік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бауырсақ:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сонау алыс жерден, қалың  ормандардан өтіп келемін. Мені білетін шығарсыңдар? Мен кіммін?

Бауырсақ:

- Иә, дұрыс айтасыңдар, балалар!

Тәрбиеші:

- Байқаймын, Бауырсақ,  алыс жерлерден келеді екенсің. Шаршаған боларсың? Сен неге асығыссың?  Ал, қайдан келе жатырсың?

Бауырсақ:

- Иә, дұрыс айтасыз! Мен атам мен апамнан қашып келемін. Мен сендерге өлең айтып берейін бе?

Слайд Қоян:   Бауырсақ, бауырсақ  мен  сені жегім келіп тұр.  Менің қарным ашты.

Бауырсақ:  Жоқ, сен мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін. Мен апамнан қаштым, мен атамнан қаштым. Енді сенен де қашамын.

Слайд Қоян:   Жоқ, сен қаша алмайсың!          

Бауырсақ:  Қоян, қоян, сен мені жемеші.

Слайд Қоян:   Ендеше, менің мына тапсырмамды орындасаң, сені жіберемін.

Бауырсақ:  Жарайды. Ой, мынау қиын ғой. Енді не істеймін?

Тәрбиеші:

- Балалар, Бауырсаққа көмектессек қайтеді? Ол қоянның берген тапсырмасын орындай алмайды екен

Тапсырма:   Сөйлеуді дамыту

·        Суретке қарап, ондағы заттардың атауын ата.

·        Жұмбақ сурет.Біз оларды не істейміз?

 

Слайд Қасқыр:  Менің қарным ашты.  Ой, қандай дәмді бауырсақ. Иісі мұрнымды жарып барады. Бауырсақ, бауырсақ  менің  сені жегім келіп тұр. 

Бауырсақ: «Жоқ, сен мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін. Мен апамнан қаштым, мен атамнан қаштым, мен қояннан қаштым. Енді сенен де қашамын.

Слайд Қасқыр:   Мен сені бәрібір жібермеймін!   

Бауырсақ:  Өтінемін, сен мені жемеші.

Қасқыр:   Ал сен менің  тапсырмамды орында. Сонда ғана  сені жіберемін.

Бауырсақ:  Жарайды. Ой, мынау да қиын екен. Енді не істеймін?

Тәрбиеші:

- Балалар, Бауырсаққа көмектессек қайтеді? Ол қасқырдың  берген тапсырмасын орындай алмайды екен.

Тапсырма:  Сурет

·Үй жануарларының төлдерін табуға көмектес.

Слайд Аю:  Ой, менің қарным ашты. Мәссаған,  мынау – Бауырсақ қой. Тоқтай тұр, мен оны жеп қояйын.  Бауырсақ, Бауырсақ  менің  сені жегім келіп тұр.  Менің қарным ашты.

Бауырсақ:  Аю, аю,  сен мені жемеші. Мен саған ән айтып беремін, мен қояннан қаштым, қасқырдан да қаштым. Енді сенен де қашып кетемін.

Слайд Аю:   Жоқ, олай болмайды! Мен сені жеймін.

Бауырсақ:  Өтінемін, сен мені жемеші. Мүмкін, мен саған көмектесермін.

Аю:   Ендеше, менің тапсырмамды орындауға көмектессең сені жіберемін.

Бауырсақ:  Жарайды. Бұл тапсырма да қиын екен. Енді не істеймін?

Тәрбиеші:

- Бауырсақ біздің балалар саған көмектеседі.

Тапсырма:  Көркем әдебиет

·       Мақалды жалғастыр

1) Еңбектің наны тәтті,...................................

2)Еңбек етсен ерінбей,.................................... 

3) Досы көпті жау алмайды,............................

4) Досыңды мақтағаның,...............................

Сергіту сәті:

Ян, Ян,Ян,

Секеңдеген қоян.

Ю, Ю, Ю,

Қорбаңдаған аю.

Кі, кі, кі,

Бұл – айлакер түлкі.

Қыр, қыр, қыр,

Бұл – көкжал қасқыр.

 

Тәрбиеші:

- Тамаша, балалар, сендер берілген тапсырмаларды сәтті орындап келесіңдер.

Слайд Түлкі:  Балалар, қараңдаршы бауырсақ қайдан келеді? Өзінен сұрап көрейікші.  Бауырсақ, Бауырсақ  менің  сені жегім келіп тұр.  Менің қарным ашты.

Бауырсақ:  Ой, түлкі  сен мені жемеші. Мен саған өлең айтып беремін. Мен апамнан қаштым, мен атамнан қаштым, мен қояннан қаштым, қасқырдан да қаштым, аюдан да қаштым. Енді сенен де қашып кетемін.

Слайд Түлкі:   Жоқ, олай болмайды! Мен сені жеймін.

Бауырсақ:  Өтінемін, сен мені жемеші. Мүмкін, мен саған көмектесермін.

Түлкі:   Ендеше, менің мына тапсырмамды орындасаң, сені жіберемін. Ал, орындай алмасаң сені жеп қоямын!

Бауырсақ:  Жарайды. Ой, мынау да қиын ғой. Енді не істеймін?

Тәрбиеші:

- Бауырсақ біздің балалар саған да көмектеседі.

Тапсырма: ҚМТҚ

·        Салыстыр.

·        Геометриялық пішіндерді тиісті орынға қой.

·        Тура және кері сана, сандарды ретімен қой.

 

Тәрбиеші:

- Жарайсыңдар, балалар. Ал, түлкі, мінекей, біздің балаларымыз Бауырсаққа көмектесіп, сенің берген барлық тапсырмаңды ойдағыдай орындап шықты. Олардың тапқырлығы  ұнаған болар? Сен Бауырсаққа тиіспейтін боларсың?

Слайд Түлкі:

- Иә, өте тамаша, Балалар, сендер мені қуантып тастадыңдар. Рахмет сендерге!

 

Жеке жұмыс: тапсырманың мағынасын түсінбеген балаларға қосымша мәлімет, көмек беріледі.

 

 

-         Бауырсаққа ұқсайсың.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қызыға тыңдады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-          Жарайды, көмектесейік.  

 

 

·        Машина, ойыншық,қарбыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Түйе, жылқы,

қой,сиыр,ешкі....


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 -жалқаудың жаны тәтті.

-тояды қарның тіленбей.

-ақылы көпті дау алмайды.    

- өзіңді жақтағаның.

Балалар тәрбиешімен бірлесе, қимыл-қозғалыс жасай отырып  айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аз, көп, тең ұғымдарымен танысты.

Сандарды ретімен қойып шығып, тура және кері санады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоры-тынды:

 «Біз не білдік?»

Тәрбиеші:

- Балалар, қараңдаршы,сендердің естерінде ме Бауырсақ ертегісінде түлкі бауырсақты жеп қояды. Ал, біздің Бауырсақты түлкі жеп қойды ма? Ендеше, бәріміз біргіп, дос болып, біздің ертегімізді көріп отырған қонақтарға ән салып берейік. Ән: «Балдай тәтті баламыз».

Бауырсақ:  Балалар, сендерге үлкен рахмет! Өздерің білімді екенсіңдер. Сендер маған көп нәрсе үйреттіңдер.Атам мен әжеме барып, сендерден үйренгендерімді айтып берейін. Сау болыңдар. Келесі кездескенше!

 

Бауырсақ – ертегі кейіпкері.

Барлық аңдар бір-бірімен дос болуы керек.


 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қуанды.

 

Күтілетін нәтиже: Балалар берілген тапсырманы өз беттерінше орындай алуы тиіс.

Білу керек:  Достық  жайлы мәліметті.

Болу керек:  Бір-біріне  деген құрмет сезімі.

Үйрену керек: бірлесе жұмыс жасауды.

 

 

 

 

 

 













Тапсырмалар



1 тапсырма: Тіл дамыту                        (Қоян)

·        Суретке қарап, ондағы заттардың атауын ата.

·        Жұмбақ сурет.Біз оларды не істейміз?

 /     Машина, ойыншық,қарбыз./


 

 

2 тапсырма:     Сурет                                 (Қасқыр)

·Үй жануарларының төлдерін табуға көмектес.

  /Түйе, жылқы, қой,сиыр,ешкі..../


 

 

3 тапсырма:    Көркем әдебиет                     (Аю)

 

·       Мақалды жалғастыр

1) Еңбектің наны тәтті,...................................

2)Еңбек етсен ерінбей,.................................... 

3) Досы көпті жау алмайды,............................

4) Досыңды мақтағаның,............................... 

 -жалқаудың жаны тәтті.

-тояды қарның тіленбей.

-ақылы көпті дау алмайды.    

- өзіңді жақтағаның./


 

4 тапсырма:      Математика                   (Түлкі)

·        Салыстыр.

·        Геометриялық пішіндерді тиісті орынға қой. Қораптарды пайдалан.

·        Тура және кері сана, сандарды ретімен қой.

/Аз, көп, тең ұғымдарымен танысты.

Сандарды ретімен қойып шығып, тура және кері санады./



 

 

 

 

 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!