Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Бауырсақ және оның достары»
Білімділік міндеті: Сөз тіркестерін дұрыс қолдануға үйрету. Ертегі желісі арқылы ЖИПТО ойынының элементтерін пайдалана білуге дағдыландыру. Нан тағамдары туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық міндеті: Ертегі желісі бойынша байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту, танымдық, қызығушылық белсенділіктерін қалыптастыру. ЖИПТО танымдық ойыны арқылы балалардың рөлдік ойын белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік міндеті: Еңбекті сүйе білуге, нанды қадірлей білуге тәрбиелеп, өзара коммуникативтік қабілеттерін қалыптастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: ЖИПТО танымдық ойыны
Қолданылған көрнекіліктер: Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлері, үйдің макеті, интерактивті тақта, ЖИПТО танымдық ойын алаңы.
Тілдің үштұғырлығы: ұн – мука - flour, бидай – пшеница - wheat, бауырсақ – колобок – bob.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
|
Оқу қызметінің кезеңдері |
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жүргізілуі |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбер Кел, достарым, келіңдер, Қолдарыңды беріңдер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер. Шақырамын сендерді, Жолдастарым, кел бері! Толтырайық шаттыққа Дөңгеленген шеңберді. |
|
Ұйымдастыру-шылық ізденістік |
Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр. Қашып кеткен атадан, Қашып кеткен ападан, Орманда кеше жүр едім, Домалап шықты алдымнан. Ол не? - Дұрыс. Біз бәріміз «Бауырсақ» ертегісін білеміз ғой. Қанеки, ертегіні есімізге түсіріп көрейік - Ертеде кемпір мен шал болыпты. Бірде шал бауырсақ жегісі келеді. Шал: -Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші. Кемпір: -Неден пісірейін? Ұн жоқ қой! Ұнды қайдан аламыз? Тәрбиеші: Балалар, ұнды қайдан аламыз? Иә, дұрыс айтасыңдар. (интерактивті тақта) Егіншілер бізге бидай өсіріп береді. Қанеки, «бидай» сөзін үш тілде айтып көрейікші бидай – пшеница - wheat. Ал, біз сол бидайдан ұн жасаймыз. Енді «ұн» сөзін үш тілде айтып көрейікші ұн – мука - flour (ұнның қапшығын көрсету). Сонымен, міне, ұнымыз даяр. Осы ұнды апамызға берейік. Апамыз ұнға қаймақ қосып, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, суысын деп терезе алдына қояды. - Ал, балалар, әрі қарай ертегімізді ЖИПТО алаңында жалғастырайық. (ЖИПТО ойыны) Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де, одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ: Мен терезе алдынан домалап кетіп едім, енді апам мен атама бару үшін сендердің көмектерің керек. Сендер менімен дос боласыңдар ма, көмектесесіңдер ме? Тәрбиеші: Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан не шыға келеді? (Шыршаның артынан қоян шыға келеді) Қоян: Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын! Мен сені жеп қоймас үшін тапсырмамды орында. Достарың нан туралы мақал-мәтелдер айтып берсін. Тәрбиеші: Ал, қанеки, бауырсаққа көмектесіп, тапсырманы орындайықшы. Тапсырма: Мақал-мәтелдер Нан болса, Ән болады. Нан - тамақтың атасы Ынтымақ - көптің батасы. Бауырсақ: Рахмет сендерге, достар! Осылайша әндетіп бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Жалғыз аяқ жолмен келе жатса, оның алдынан не шыға келіпті? Қасқыр: О, қандай тәтті бауырсақ! Сені жеп қояйын ба? Мен сені жемес үшін тапсырма беремін. Сенің жолдастарың нан туралы тақпақ айтып берсін. Сонда сені жемеймін. Тәрбиеші: Қанеки, бауырсақтың достары, қасқырдың да тапсырмасын орындаймыз ғой иә. Тапсырма: Тақпақтар Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар Нан – ардақты адал ас, Кәрi, жас одан аттамас Ақ дастарқан үстiнде Қол жумай оны ұстамас! Бауырсақ: Жарайсыңдар, рахмет сендерге. Тәрбиеші: Балақайлар, бауырсағымыз шаршап қалған сияқты. Қанеки, сергіп алайықшы. Сергіту сәті. Бауырсақ кетті домалап, Қоян қуды секеңдеп, Қасқыр қуды «жеймін» деп Аю қуды қорбаңдап Түлкі қуды бұлаңдап Ал бауырсақ ұстатпай Кете берді қол бұлғап. Ля – ля – ля. Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бауырсақ та сергіп қалды. Ендеше әрі қарай жалғастырайық. Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса, оған не қарсы шығады? Аю: Алақай, алақай! Бауырсаққа тоятын болдым. Бірақ, тапсырмам орындалса, сені жемеймін. Сенің достарың нан туралы тыйым сөздер біле ме екен? Тәрбиеші: Балалар, біз тыйым сөздерді білеміз ғой, иә. Қанеки, айтып беріп, досымызды аюдан құтқарайық. Тапсырма: Тыйым сөздер 1. Нанды бір қолмен үзбе! 2. Нанды төңкеріп қойма! 3. Нанды аяқ астына тастама! Бауырсақ: Алайқай, аюдан да құтылдым. Рахмет, достар! Тәрбиеші: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Түлкі: Ә, бауырсақ! Қолыма түстің бе? Жеп қояйын ба? Әлде достарың тапсырмамды орындай ма? Ұн тағамдарын атап берсінші. Тәрбиеші: Ал, балақайлар, ұннан қандай тағамдар жасауға болады екен, атап көрейік. Тапсырма: Ұн тағамдарын атау. Нан, тоқаш, жайма, кеспе, печенье, торт, шелпек Түлкі: Жарайды, бауырсақ, мен сені жемеймін, сенің достарың көп екен. Апаңа жіберейін. Бауырсақ: Достарым, сендердің көмектеріңнің арқасында мен аман қалдым. Көп-көп рахмет! (Ата мен апа бауырсақты алады) Ата: Алақай, бауырсағымыз өзімізге оралды. Апа: Бауырсағым менің, бауырсағым! |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Тәрбиеші: Сонымен өздеріңдей достарыңның арқасында апасының маңдай терімен пісірген бауырсағы өзіне қайта оралды. Бұл – үлкен еңбек. Жарайсыңдар! Ал, сендердің аналарың, әжелерің ұннан дәмді тағамдар пісіре ме? (Тәтті тоқаш, дәмді бәліш) Сендер нан туралы жақсы-жақсы тақпақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер айта білдіңдер. Соның арқасында бауырсақты құтқардыңдар. Балалар, көрдіңдер ме, сендер достықтарыңның арқасында бауырсаққа осындай көмек жасай білдіңдер. Сендер бауырсақпен жақсы дос екенсіңдер. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: ЖИПТО танымдық ойын элементтерін қолдану арқылы сөйлеу тілдерін жетілдіру
Түсіну: Ертегі желісін түсіне отырып, байланыстырып сөйлей білуге дағдылану
Істей білу: Сөз тіркестерін дұрыс қолданып, байланыстыра сөйлеу білу. Өзара қарым-қатынас жасай білуге қалыптасу
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Бауырсақ және оның достары»

шағым қалдыра аласыз