ББЖ 6 сынып үшін

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ББЖ 6 сынып үшін

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бөлім бойынша қосымша материал бойынша жинытқы бағалау . Қосымша материал ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі Т2» бөлімше бойынша жиынтық бағалау жұмысы

Тыңдалым Мәтінді мұқият тыңдап,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Көлікке мінгенде

Қаламызда қырандай,

Самғар көлік табылар.

Троллейбус пен трамвай,

Автобустар тағы бар.

Автобусқа асығып,

Жолды кесіп өтпеймін.

Доп тепкендей асырып,

Бос қалбырды теппеймін.

Жол шетіне трамвай

Келе алмайды күтсең де.

Болу керек тым абай,

Мінгенде не түскенде.

Өзім барар бағыттың,

Нөмірін де білемін.

Ережеге қанықпын,

Артқы есіктен кіремін.

Жұрт аяғын баспаймын

Бүлдірмеймін, шашпаймын.

Жол ақысын «қоянша»,

Төлеместен қашпаймын.

Шаршап кейде жүрсем де,

Орын берем үлкенге.

Қатты шулап тұрмаймын,

Құрбылармен күлсем де.

Аялдама аттарын

Жаңылмастан жаттаймын.

Жолда жүру тәртібін

Мен осылай сақтаймын.

1.Өлеңнің идеясын анықтаңыз.

А) өмір құндылықтары

В) жол ережесін сақтау

С) бағдаршамды сақтау

D) көліктер [1]

2. Автордың ойын қорытындылаңыз.

Жолда жүру тәртібін...

А) пайдалы

В) жай

С) сақтаймын

D)мәңгілік [1] 3. Тыңдалым мәтінінде көлік түрлерін жазыңыз. _____________________________________________________________

[1] 4. Ақпараттарды шын/өтірік/ айтылмаған нұсқасымен сәйкестендіріңіз.

[2]

1. Өзім барар бағыттың нөмірін де білемін


А)шын

2. Мен автобуспен саяхатқа барамын

В) айтылмаған

3. Жолды кесіп өту-өмір талабы.

С) өтірік

Оқылым

Мәтінді мұқиятоқып,тапсырмаларды орындаңыз.

Көлік

Адамдар баратын жерлеріне көлікпен жетіп қалады.Ауыр жүктерін осы көліктермен тиеп апарады. Ауырған жағдайда біз жедел жәрдем көлігін шақырамыз,өрт шыққан кезде өрт сөндіру көлігін шақырамыз.Көліктердің зияны: көліктерден шыққан түтін,улы газдар  қоршаған ортаның ауасын ластайды,адамдардың ағзасына яғни денсаулығына кері әсерін тигізеді.Кейбір жағдайларда жол апатына ұшырап адамдар қаза  табады,сондықтанда жолдан өткенде абай болып өткен жөн. Үлкен қалаларға барғанда бағдаршамға қарап өту керек.Жолаушылар жүретін көліктердің ережелері бар: автобус,пойыз,троллейбусқа мінгенде  міндетті түрде жол ақысын төлеу керек.Үлкен адамдарға орын беру керек. Қатты сөйлеуге,жүруге болмайды.Отырған жерлеріңді таза ұстауларың керек. (95сөз)

1. Мәтіннен сөздердің синонимдерін табыңыз. ауыр - _____________________

жылдам - ________________________

улы -______________________

сөндіру- ___________________

Төмендегі сұрақтарға мәтіндегі деректерді қолдана отырып, жауап беріңіз.

2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі? Себебін жазыңыз. _____________________________________________________________________________ [1]



3. «Үлкен қалаларға барғанда, бағдаршамға қарап өту керек» деген автор пікірімен келісесізбе? Ойыңызды дәлелдеңіз.

_____________________________________________________________________________ [1] 4. Төмендегі сұраққа бір сөйлеммен жауап беріңіз.

Мәтінде көліктің зияны туралы қандай себептер көрсетілген? _____________________________________________________________________________ [1]


Жазылым

«Көліктен шыққан газдар адамдар денсаулығына зиянды »деген пікірмен келісесіз бе? Келісу, келіспеу себептерін көрсетіп, 100 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

_____________________________________________________________________________

[10] Айтылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалог құрастырыңыз (әр оқушыға 2 минут).Ұлттық сөз әдебімен сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.



Диалог тақырыптары

1. Көлік адамға қажет.

2. Сен мектепке қандай көлікпен келесің?

3. Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.12.2018
564
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі