400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ББЖМ (МОДО) бойынша сараптама

Материал туралы қысқаша түсінік
ББЖМ (МОДО) бойынша сараптама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу

4-9 сыныптарда (ББЖМ) туралы сараптама



2023-2024 оқу жылында "МДШО бар Сайын Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп" КММ де "Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу, тестілеуді өткізу барысында 4-ші және 9-шы сынып оқушыларын дайындау бойынша мектепішілік арнайы бұйрық шығарылып, іс-шаралар жоспары құрылды. 4-9 сынып жетекшілеріне және пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ББЖМ бойынша тест спецификациясымын таныстырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.

    4-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы:

Оқу сауаттылығы – 10 тест тапсырмасы;

Математикалық сауаттылық – 12 тест тапсырмасы;

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық – 8 тест тапсырмасы.

Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған.

Тестті орындау уақыты – 75 минут (1 сағат 15 минут).

Максималды балл – 30.


ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, функционалдық сауаттылықтың үш бағыты: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.

  9-сынып оқушыларына арналған тесттің құрылымы: 

Оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі), әр тіл бойынша 10 тест тапсырмасы, барлығы 30 тест тапсырмасы;

Математикалық сауаттылық – 13 тест тапсырмасы;

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география), әр пән бойынша 8 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасы.

  Тест тапсырмаларының формасы: бір дұрыс жауапты таңдауға арналған. Тестті орындау уақыты – 150 минут (2  сағат 30 минут).

Максималды балл – 75.  

http://www.testcenter.kz/ru/shkolnikam/modo.php

Осы сілтеме арқылы кіріп қазақша, орысша нұсқасын көруге болатындығы түсіндірілді.

https://www.testcenter.kz/shkolnikam/bbzhm-test-spetsifikatsiyalary/

Осы сілтеме арқылы кіріп, тест спецификацияларымен танысуға болады.


















ББЖМ бойынша 4-9 сынып оқушыларына, ата-аналарына, мұғалімдерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Bilimcenter.kz бойынша 4-9 сынып оқушыларына дайындық тесті алынды. Тест нәтижесі шығарылып, пән мұғалімдері оқушылардың қандай тақырыптан, қай оқу мақсатынан қиындық тудырғанын анықтап, қосымша тест тапсырмаларын жасап, оқушылардың қандай деңгейде тұрғандықтарын анықтап, талдау сараптамаларын жазып, өткізді.





















Testcenter.kz порталы арқылы да ББЖМ бойынша 4-9 сыныптары тест тапсырды. Тест нәтижесі шығарылып, алдыңғы тесттерімен салыстырылды.

Күзгі демалыс кезінде мектеп тренері: Тленчиева Мадина Муратовна

Тақырыбы: «Функционалды сауаттылық тапсырмасын сабақта ҚМЖ-ға кіріктіру жолдары» атты шебер сынып 4-9 сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне өткізілді.

Мақсаты: Ұстаздарға функционалды сауаттылық тапсырмасын сабақта ҚМЖ-ға кіріктіру жолдарын үйрету

Күтілетін нәтиже: Тапсырма мазмұнына қарай оқу мақсатын айқындайды, сабақтың кезеңдері бойынша тапсырманы қмж-ға кіріктіреді.



























4-9 сынып жетекшілері мен пән мұғалімдеріне Bilimcenter.kz платформасы арқылы тест тапсырған кезде, оқушылардың нәтижесін платформа қалай көрсетеді, оның талдау жұмыстарымен С.Туткабаева таныстырып, әр айдың 20-25 аралығында ББЖМ талдау сараптамасын өткізіп отыратындықтарын айтып ескертті.

Семинарға барып келген әр пән мұғалімдері әр сауаттылық бойынша өзгерістерді, талдау нәтижелерін, қандай оқу мақсаттарына дайындалу керектігі туралы өзара іс-тәжірибе алмасты.























Ұсыныстар:

1.ББЖМ бойынша пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері әр сауаттылық бойынша спецификациясысымен танысып, оқушыларға дайындық жұмыстары жүргізілсін.

2. 4-9 сынып оқушыларына, ата-аналарына әр тест алған сайын, тест нәтижелерін салыстырып, талдау жұмыстары жүргізілсін.



Жауапты ДОТЖО С.Туткабаева









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
49 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
2564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі