Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ББЖМ (МОДО) оқу сауаттылығы 9-сынып 10-нұсқа
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1 нұсқа
Оқу сауаттылығы
Қазақ тілі (Т1)
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Оқытылу қазақ тілінде жүретін мектеп үшін (Т1)
Қазақтар өзінің халық, ұлт болып қалыптасу жолын көне түркілер заманынан бастаса, оның жазу мәдениетінің тарихы да сол дәуірден бастау алады. Ол кездегі түркілердің тілін қолданылу барысына қарай, әдетте, тіл мамандары үш кезеңге бөліп қарастырады: а) түркі тілі қолданылған дәуір; ә) көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір; б) көне қырғыз тілі қолданылған дәуір. Осы кезеңдер ішінде Орхон-Енисей жазу ескерткіштері жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыздар мен қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған.
Oрхон-Енисей жазуы Қытай іргесінен бастап Орта Азия, одан әрі Венгрия жеріне дейін тарап, кең жайылған. Оның қолданылу тарихы V және IX-X ғасырлар аралығын қамтиды. Тек X-XI ғасырдан бастап, Орхон-Енисей жазуының орнына біртіндеп ұйғыр жазуы, кейін түгелдей араб жазуы қолданылатын болды. X-XI ғасырлардан бастап қолданыла бастаған араб жазуы түркі халықтары тілдерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданылса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де қолданылды. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.
Aраб графикасының қазақтың дыбыстық жүйесіне сай еместігін турколог ғалымдар он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында-ақ байқаған. Осыған байланысты Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Ильминский, П.Милиоранский сияқты ғалымдар араб графикасын тастап, орыс графикасын алуды ұсынған. Әсіресе, қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсыновтың араб графикасын қазақ тілі жүйесіне сәйкестендірудегі зор еңбегін атап өтпеу мүмкін емес.
Aраб графикасынан латын графикасына өту 1929 жылдың25 шілдесінде басталды. Латын графикасын қабылдауда кеткен олқылықтар мен қолайсыздықтар, оларды түзетудің жолдары жайындағы мәселені шешуге Қ. Жұбанов белсене қатысты. Алайда латын әліппесіне негізделген жазуымыздың, басқа тілдерге қарағанда ғұмыры қысқа болды.
Yшінші кезең, яғни орыс әліппесіне негізделген жазуға көшу кезеңі, 1930 жылдардың екінші жартысынан басталды. Латын графикасынан кириллицаға көшу жұмысына басшылық ету, дыбыстарды қандай таңбамен таңбалауға болатындығы туралы ойлы пікірлер айтып, жаңа әліппенің жобасын жасаған – Сәрсен Аманжолов.
Oсы аталған үш кезең тек қана қазақ халқы ғана емес, сол кездегі Кеңес үкіметі үстемдігінің қол астында болған түркі тілдес халықтардыңбарлығына да тән еді.
-
Қазақтардың түрік тілін қолдану кезеңдері
-
бес
-
екі
-
төрт
-
үш
-
алты
-
-
Қазақ жазу мәдениетінің бастауына негіз болған ел
-
Қытай мемлекеті
-
Көне түркілер
-
Ұйғыр мемлекеті
-
Араб мемлекеті
-
Венгрия халқы
-
-
Oрхон-Енисей жазуы бастау алған ел
-
Ұйғыр мемлекеті
-
Көне түркілер
-
Қытай мемлекеті
-
Араб мемлекеті
-
Венгрия халқы
-
-
Oн шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, соның ішінде, қазақхалқының мәдени-рухани дамуына қызмет еткен тіл
-
ұйғыр тілі
-
түрік тілі
-
араб тілі
-
қытай тілі
-
орыс тілі
-
-
Қазақ ғалымдарының араб графикасынан бас тарту себебі
-
араб графикасын қабылдауда кеткен олқылықтар
-
араб тіліндегі лингвист-ғалымдардың аздығы
-
қазақтың дыбыстық жүйесіне сай келмеуі
-
араб тіліндегі баспа материалдардың жетіспеушілігі
-
араб тіліндегі шығармалардың аз болуы
-
-
Oтызыншы жылдары кириллица бойынша жаңа әліппенің жобасынұсынған
-
А. Ильминский
-
А. Байтұрсынов
-
Қ. Жұбанов
-
С. Аманжолов
-
Ш. Уәлиханов
-
-
Tүркі халықтарында өзгеріссіз қолданылған жазу түрі
-
орыс жазуы
-
ұйғыр жазуы
-
араб жазуы
-
түркі жазуы
-
латын жазуы
-
-
Қысқа уақыт аралығында қолданыста болған әліпби
-
түрік әліпбиі
-
ұйғыр әліпбиі
-
араб әліпбиі
-
латын әліпбиі
-
орыс әліпбиі
-
-
Mәтін мазмұнына сай қорытынды пікір
-
Латын графикасын қабылдауда олқылықтар жіберілді.
-
Қазақ жазба мәдениетінің кезеңдері.
-
Араб графикасы қазақ тілінің дамуын тежеді.
-
Орхон-Енисей жазу ескерткіштері – ортақ тарих.
-
Қазақ тіл білімінің атасы – А. Байтұрсынов.
-
-
Mәтін мазмұнына сәйкес қазақ графикасының ауысу кезеңдері
-
түркі, латын, орыс, араб
-
араб, түркі, латын, орыс
-
түркі, орыс, араб, латын
-
түркі, араб, латын, орыс
-
түркі, араб, орыс, латын
-
Қазақ тілі (Т2)
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Оқытылу орыс тілінде жүретін мектеп үшін (Т2)
-
Қазақстанның аумағы кең және табиғи жағдайлар мен жануарлар дүниесінің ауқымы өте үлкен. Бірақ, өкінішке орай, браконьерлік және адамдардың тіршілік ету ортасындағы тым белсенділігінен көптеген жануар түрлеріне толықтай жойылу қаупі төнді. Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына жоғалуы мен саны азаюына байланысты бірқатар жануарлар кірген. Олар бірнеше санатқа бөлінген: І санат – жоғалып бара жатқан немесе жоғалып кеткен; ІІ санат – апатты түрде саны қысқарып бара жатқан; III санат – сирек кездесетін, саны аз табылған; IV санат – белгісіз (толық зерттелмеген); V санаты – тұрақты бақылауды қажет ететін жерсіндірілген жануарлар.
-
Қызыл кітапқа енген жануарлардың бірі – қарақұйрық. Ол – сирек кездесетін жануарлар түріне жатады. Кейбір аудандарда саны азайып, мекендейтін жерлері тарылуда. Олар бекітілген төбешік құмда, шақпатасты және сазбалшықты шөлдерде, ойлы-қырлы құрғақ аңғарларда, сексеуіл, жүзгін, теріскен басқан тоғайларда немесе тастақты, құмды, сазды топырақты шӛлді аймақтарда мекендейді.
-
Алтай тауының арқары – елімізде толықтай жойылу қаупі төнген жануар. Қазақстанда 50-60 бас шамасындай бар. Олар теңіз деңгейінен 800- 3000 м биіктікте мекендейді. Алтай арқарын Шығыс Қазақстан облысының аумағынан, Күршім жотасының оңтүстік сілемінен, Қалмақшы өзенінің жоғары ағысындағы биік таулы шоқылардан, сондай-ақ Бұқтырма көлінің солтүстік-шығыс беткейлерінен кездестіруге болады.
-
Қазақстан арқарының таралу аймағы кеңіп, саны қалпына келуде. Қазіргі уақытта Қазақстан арқарының саны 11,8 мың басқа дейін өскен екен. Бұл жануар таудың жазықтау учаскелерін мекендейді. Олар орынауыстырып, шамалы маусымдық көшу жасайды. Ал, құрғақшылық кезінде және қыста қар қалың түссе алыс қашықтыққа ауысады. Әдетте, таңертең және кешке белсенді.
-
Қаратау арқарының жоғалып кету қаупі бар. Олар таулардың далалық, тегіс аймақтарын мекендейді. Бұталармен қоршалған құзды шатқалдарда жүреді.
-
Қабылан – өте сирек кездесетін жыртқыш. Қабыландар түрлі типтегі шөлдерде мекендейді. Олар тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ормандарда, тау беткейлерінде, жазық далалар мен саванналарда, өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді. Қабылан қазіргі уақытта Қазақстан аумағында жоғалып кету шегіне жетті, жоғалып кетуі де мүмкін.
-
Mәтінде ІV санатқа кіретін жануарлардың ерекшелігі
-
Бақылауды қажет ететін жерсіндірілген жануарлар
-
Жоғалып бара жатқан немесе жоғалып кеткен
-
Апатты түрде саны қысқарып бара жатқан
-
Белгісіз, толық зерттелмеген
-
Сирек кездесетін, саны аз табылған
-
-
Қазақстанның Қызыл кітабына жануарларды тіркеу себебі
-
Жоғалуы мен санының азаюына байланысты
-
Санының көбеюіне байланысты
-
Зерттеулер жүргізу мақсатында
-
Көпшілікке таныстыру үшін
-
Төзімділігін зерттеу мақсатында
-
-
Бекітілген төбешік құмда, шақпатасты және сазбалшықты шөлдерді мекендейтін жануар
-
Қазақстан арқары
-
Қабылан
-
Қарақұйрық
-
Қаратау арқары
-
Алтай арқары
-
-
Mәтіннің 6-азатжолында берілген жануар жайлы ақпарат
-
Бұқтырма көлінің солтүстік-шығыс беткейінде кездеседі.
-
Түрлі типтегі шөлдерде мекендейді.
-
Теңіз деңгейінен 800-3000 м биіктікте мекендейді.
-
Қазақстанда 50-60 бас шамасындай бар.
-
Олар қыста жиі тамақтанады.
-
-
Mәтінде таралу аймағы кеңіп, саны қалпына келіп жатқан жануар туралы айтылған азатжол
A) 1
B) 6
C) 4
D) 3
E) 5
-
Tеңіз деңгейінен 800-3000 м биіктікте мекендейтін жануар
-
Қарақұйрық
-
Алатау арқары
-
Қаратау арқары
-
Алтай арқары
-
Қабылан
-
-
Kөптеген жануар түрлерінің толықтай жойылу қаупіне ұшырау себебі
-
Ауа райының күрт өзгеруінен.
-
Адамдардың тіршілік ету ортасындағы белсенділігінен.
-
Жауын-шышынның болмауына байланысты.
-
Қолайлы жасыл орта қалыптастыра алмағандықтан.
-
Суық ауа райының қолайсыздық тудырғандығынан.
-
-
Mәтін бойынша Қазақстан арқарының ерекшелігі
-
Ойлы-қырлы құрғақ аңғарларда, теріскен басқан тоғайлардамекендейді.
-
Құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендейді.
-
Орын ауыстырып, шамалы маусымдық кӛшу жасайды.
-
Өзен бойындағы тоғайларда тіршілік етеді.
-
Субтропиктік аймақтардағы ормандарда тіршілік етеді.
-
-
Mәтін мазмұны бойынша ІІ, III санатқа тән ерекшеліктер
-
Жерсіндірілген жануарлар, белгісіз
-
Жоғалып кеткен, тұрақты бақылауды қажет ететін
-
Жоғалып бара жатқан немесе жоғалып кеткен
-
Саны аз табылған, белгісіз (толық зерттелмеген)
-
Апатты түрде саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін
-
-
Mәтіндегі негізгі ой
А) дала жануарларын қорғау
-
Алтай тауын дәріптеу
-
үй жануарларын қорғау
-
құстар мен жануарларды қорғау
-
өсімдіктерді қорғау
2 нұсқа
Оқу сауаттылығы Қазақ тілі (Т1)
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Оқытылу қазақ тілінде жүретін мектеп үшін (Т1)
-
Қазақстанның аумағы кең және табиғи жағдайлар мен жануарлар дүниесінің ауқымы өте үлкен. Бірақ, өкінішке орай, браконьерлік және адамдардың тіршілік ету ортасындағы тым белсенділігінен көптеген жануар түрлеріне толықтай жойылу қаупі төнді. Бүгінде Қазақстанның Қызыл кітабына жоғалуы мен саны азаюына байланысты бірқатар жануарлар кірген. Олар бірнеше санатқа бөлінген: І санат – жоғалып бара жатқан немесе жоғалып кеткен; ІІ санат – апатты түрде саны қысқарып бара жатқан; III санат – сирек кездесетін, саны аз табылған; IV санат – белгісіз (толық зерттелмеген); V санаты – тұрақты бақылауды қажет ететін жерсіндірілген жануарлар.
-
Қызыл кітапқа енген жануарлардың бірі – қарақұйрық. Ол – сирек кездесетін жануарлар түріне жатады. Кейбір аудандарда саны азайып, мекендейтін жерлері тарылуда. Олар бекітілген төбешік құмда, шақпатасты және сазбалшықты шөлдерде, ойлы-қырлы құрғақ аңғарларда, сексеуіл, жүзгін, теріскен басқан тоғайларда немесе тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендейді.
-
Алтай тауының арқары – елімізде толықтай жойылу қаупі төнген жануар. Қазақстанда 50-60 бас шамасындай бар. Олар теңіз деңгейінен 800- 3000 м