Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ББЖМ(МОДО) оқу сауаттылығы тест тапсырмалары 9-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
І нұсқа
Оқу сауаттылығы
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап
беріңіз.
Әкесі көзі шоқтай жайнаған тарғыл күшікті үйге жетектеп келген
кезде, Қуаныштың қуанышында шек болған жоқ.
Бос уақытын қайда жұмсарын білмей, әр нәрсеге ұрынып жүретін
Қуанышқа ермек табылды... Негізгі міндеті - Таймастың итаяғына күніне екі
мәрте тамақ құйып тұру. Бұл жұмысты алғашында ықыластана атқарды.
Таймас - долылығы жоқ, заты жуас күшік. Көзін бір ашып, бір жұмып,
үйшігінің алдында жатады да қояды. Күшігін бағып-қағуға алғашында
құлшына кіріскен бала шамалы күннен соң ептеп салақси бастады.
Бір күні ойыны әбден қанған бала үйге кештетіп келгенде, сұлық
жатқан Таймас орынан қыңсылай көтерілді. Қараса, алдындағы итаяғы
жылан жалағандай тап-таза, иттің де іші қабысып тұр. Оның өзіне үміттене,
дәмете көз тастағанын көріп, Қуаныштың екі беті ду ете түсті. Өзіне барлай
қараған Таймастың көзқарасы кәдімгі адамдікі сияқты. «Мені аш
қалдырғаның не, Қуаныш-ау? Міне, ішім шұрылдап тұр» дейтіндей. Үйге
жүгіріп кірген бала тоңазытқышты жұлқа тартты. Бұдан кейін ол итаяққа дер
кезінде ас құйып тұруды құнттап-ақ жүрді. Ана жолғы қолайсыз оқиғаның
ойда-жоқта тағы қайталанғаны...
Ойыннан қайтқан бала үйдің қақпасына таяй бергенде, шынжырын
салдырлатқан Таймастың қыңсылағаны естілді. Есіне сол кезде барып бір-ақ
сарт ете түскені емес пе? Өткен жолғыдай үйге қарай түра жүгірген. Асығып
қалтасын қараса, есіктің кілті жоқ. Таңертең іште ұмытып кетіпті. Үйдің
бұрышынан сығалай қарап еді, құлағын тікірейтіп алған ит бар назарын
салып, селт етпестен осы жақты бағып тұр екен. Енді не істеу керек?
Қалтасындағы қара бақырға дүкеннен жарты күлше сатып әкелгеннен басқа
амалы қайсы?
Бірақ қақпадан шыға алмайды. Екі көзін салып бұны шыдамсыздана тосып
тұрған Таймас бар ол жақта. Құр қол беттеуге қайтіп дәті барсын. Көшеге
шығу үшін басқадай жол да жоқ. Біраз дағдарып тұрғаннан кейін Қуаныш
сыртқа көрші үйдің ауласы арқылы шығып кеткенді жөн көрді. Биік
шарбаққа асылып, тәуекелмен қарғып кеткен баланың балағын шарбақтың
сорайған ағашы іліп-ақ түскені. Ауланың түп жағынан сыпырғышын
сүйреткен Ыдырыс атай келе жатыр екен.
— Шырағым, бұның не? — дейді ол таңырқап. Әншейінде тәртіпті
баланың мына тосын қылығы атайға өрескелдеу көрінгені анық. Қуаныш
жасырмай шынын айтты.
— Қақпадан шығуға... — деді міңгірлеп.
Мырс ете түскен атай да тақылдап қояр емес:
— Иә, иә, неге қақпадан шықпайсың?
— Ұялдым... — деп жауап қатты бала сәлден кейін тағы да күмілжіп.
— Кімнен ұялдың?.. Ұялдым дейді. Әкем-ау, ұялатындай кім бар еді ол
жақта?
Нұрдәулет Ақыш (385 c)
1. Мәтінге лайықты тақырыпты белгілеңіз.
А) Кешкі ойын
В) Әке сыйлығы
С) Иттен ұялған бала
Д) Ойынның әлегі
Е) Көрші ақылы
2. Мәтіннің стилін анықтаңыз.
А) ауызекі стиль
В) көркем әдебиет
С) ғылыми стиль
Д) публицистикалық
Е) ресми стиль
3. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
А) естелік
В) мақала
С) фельотон
Д) әңгіме
Е) очерк
4. Қуаныш – қандай бала?
А) тәртіпті бала
В) бұзық бала
С) ерке бала
Д) момын бала
Е) оқымысты бала
5. Қуаныштың өз ісіне қынжылуына себепші болған
А) долылығы
В) көрсеқызарлығы
С) еркелігі
Д) ұмытшақтығы
Е) бұзықтығы
6. Берілген сабақтас құрмалас сөйлемнің түрі
Бір күні ойыны әбден қанған бала үйге кештетіп келгенде, сұлық жатқан
Таймас орынан қыңсылай көтерілді.
А) Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
В) Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
С) Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Д) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Е) Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
7. Берілген сөйлемнің түрі
Оның өзіне үміттене, дәмете көз тастағанын көріп, Қуаныштың екі беті
ду ете түсті.
А) Қимыл-сын сабақтас құрмалас сөйлем
В) Аралас құрмалас сөйлем
С) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
Д) Себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлем
Е) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
8. Қуаныштың сыртқа көрші үйдің ауласы арқылы шығу себебі
А) есікті аша алмады
В) иттен қорықты
С) көршісі шақырды
Д) иттен ұялды
Е) әдеті болатын
9. Мәтінде жауабы бар сұрақ
А) Қуаныш Таймасты немен тамақтандырды?
В) Қуаныштың анасы қандай сыйлық сыйлады?
С) Көршісі Таймасты қалай тамақтандырды?
Д) Қуаныш неге қақпадан шыға алмайтын болды?
Е) Қуаныштың бүгін үйіне ерте келуінің себебі не?
10. Берілген сөйлемнің түрі
Таймас - долылығы жоқ, заты жуас күшік.
А) Жай, жақты, жайылма. толымды сөйлем
В) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем
С) Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Д) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем
Е) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем__
ІІ нұсқа
Оқу сауаттылығы
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап
беріңіз.
ГМО қайдан келді?
1. Ғалымдардың болжауынша, жер шары небәрі 12 млрд адамды асырауға есептелген. Қазіргі таңда дүниежүзіндегі халықтың саны 8 миллиардқа жетіп отыр. Әлемде жыл сайын 1 миллион адам аштықтан
Қырылады екен. Демек, алдағы уақытта күллі адамзат азық-түлік тапшылығын тартады деген сөз. Осы түйткілді мәселені алдын ала болжапбілген ғалымдар генетикалық құрамы өзгертілген өнімдерді жасап шығарды.
2. Оның түп-тамыры 1952 жылы ДНҚ-ның молекулалық құрылымын ашқан америкалық биологтар Джеймс Уотсон мен Фрэнсис Криктің ғылыми жаңалығынан бастау алады. Олар генетикалық материалдың ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне, сақталуына, дамуы мен қызметіне ДНҚ жауапты екенін анықтағаннан кейін 1972 жылы тағы бір америкалық биохимик Т.Берг екі түрлі организмнің ДНҚ молекулаларын бір-біріне қосып, бұрын-соңды болмаған басқа бір түрін құрастырып шықты. Осылайша, ол жануарлар, өсімдіктер және басқа да организмдерді будандастыру арқылы қолдан көбейтуге, өсіруге болатынын ашты. Гендік инженерия саласында ашылған бұл тәсіл алғашында өсімдіктерді үсіп кетуден сақтау үшін пайдаланылды.
Кейін астықты бірнеше есеге көбейтуге, тағамды молайтуға қолданыла
бастады. Осы әдісті іліп әкеткен Қытай 1992 жылы пестицидтер қосылған
темекі өндіріп шығарды. Содан кейін камбала балығының генін қосып,
суыққа төзімді қызанақтар өндірді. Осылайша, ГМО дәуірі басталды. 1993
жылы ГМО қосылған жасанды тағамдар жаппай сатылымға түсе бастады.
Қазақстанға да трансгендік өнімдер осы кезде таралды.
3. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар пайда болғаннан бері әлемде
трансгендік өнімдер туралы неше түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ
ешқайсысына қатысты нақты ғылыми тұжырымдалған дәлел жоқ. Қазір
көптеген елдерде гендік өзгеріске ұшыраған жаңа өнімдер шығарылуда. Бұл
өнімдер жылдан-жылға көбеймесе, азаймайды. Қайсыбіреулер гендік
модификацияланған азық-түлік ісік ауруларын туғызады, ағзаны
зақымдайды, генді бұзады, иммунитетті төмендетеді деп айтады. Дегенмен
адамның гені тамаққа бола бұзыла салатындай оңай нәрсе емес. Оның
бірнеше қабаттан тұратын қорғаныс күші бар. Ағзаның генетикалық кодын
бұзу үшін радиация мен химиялық жойқын күш керек. Қайта құрылымы,
пішіні өзгерген тамақтың құрамы әртүрлі дәрумендермен байытылып,
нәрлілігі арта түседі.
4. Кезінде жануарлардың асыл тұқымын, өсімдіктердің ерекше сортын,
пайдалы микроорганизмдердің штампын жаңартып шығаратын селекция
әдісі пайда болған кезде әлем дүрлігіп, оған қарсы тұрды. Бүгінде оның
пайдасы күмән келтірмейтін болды. Сондықтан тағамды молайтуға
мүмкіндік жасап отырған технологияның шыққанына қуану керек шығар.
5. Сонымен қатар гендік модификацияланған өнімдерді зиянды деп
есептейтін мамандар да баршылық. Негізінен, генетикалық тұрғыдан
өзгеріске ұшыраған ағзалардың адамға қалай әсер ететінін білу үшін
ұзақмерзімді зерттеулер қажет. ГМО, әсіресе, енді жетіліп келе жатқан
организмге қауіпті. Сондықтан балалардың тамағына трансгендік
қоспаларды араластыруға болмайды деген пікірді ұстанушылар да көп
кездеседі.
6. Қысқасы, генетикалық тұрғыдан өзгертілген өнімдер туралы, оның
адам ағзасына әсері жөнінде нақты ғылыми дәлелденген байлам
болмайынша, ГМО тақырыбы күмәнді болып қала бермек.
(393 сөз)
ГМО: АШТАН ЕМЕС, АСТАН ӨЛМЕЙІК – «Жәрдем» (zhardem.kz)
1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз
A) Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар пайдалы.
B) Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар зиянды.
C) Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарға қатысты зерттеулер көп.
D) Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарға қатысты зерттеулер аз.
E) ГМО тағамдар 12 млрд адамды асырай алады.
2. ГМО-ның пайда болуына себепкер болған ауқымды мәселе
A) Адамзаттың азық-түлік тапшылығына ұшырау қаупі.
B) Әр түрлі организмдердің ДНК-ларының араласа алуы.
C) Камбала балығының генін қосып қызанақ өндіруге болғаны.
D) Гендік инженерия саласының ашылуы.
E) ДНҚ-ның молекулалық құрылымының ашылуы.
3. Үшінші азатжолдағы ойға сәйкес келетін азатжолды көрсетіңіз
A) 1
B) 2
C) 4
D) 5
E) 6
4. Суыққа төзімді өсімдіктер ойлап шығаруға бастама болған тәсіл.
A) Генетикалық материалдың дамуына ДНҚ жауапты болғаны.
B) Генетикалық материалдың ұрпақтан-ұрпаққа берілуі.
C) Жануарлар мен өсімдіктерді будандастыруға болатыны.
D) Өсімдіктерге пестицидтер қосыла бастағаны.
E) Өсіп жатқан астықты бірнеше есеге көбейтуге болатыны.
5. «Қайсыбіреулер гендік модификацияланған азық-түлік ісік
ауруларын туғызады, ағзаны зақымдайды, генді бұзады, иммунитетті
төмендетеді деп айтады. Дегенмен адамның гені тамаққа бола бұзыла
салатындай оңай нәрсе емес» сөйлемдеріндегі ой бір-бірін(е)...
A) байланыстырады
B) нақтылайды
C) қарама-қайшы
D) толықтырады
E) түсіндіреді
6. Бесінші азатжолға сәйкес тұжырым
A) ГМО-ның пайда болғанына жарты ғасырдан асты.
B) ГМО-ны жеткіншектер тағамына қоспауға кеңес береді.
C) ГМО-ға шынайы баға беру үшін уақыт қажет.
D) ГМО қосылған тағамдарды сатуға рұқсат жоқ.
E) ГМО-ның шынайы пайдасын анықтау – уақыт еншісінде.
7. «ГМО қайдан келді?» сұрағына тікелей жауабы бар азатжол
A) Бірінші азатжол
B) Екінші азатжол
C) Үшінші азатжол
D) Төртінші азатжол
E) Бесінші азатжол
8. Берілген сөйлемдердің қайсысы автордың мәселеге қатысты жеке
көзқарасын білдіреді?
1. Демек, алдағы уақытта күллі адамзат азық-түлік тапшылығын
тартады деген сөз.
2. Қайсыбіреулер гендік модификацияланған азық-түлік ісік ауруларын
туғызады, ағзаны зақымдайды, генді бұзады, иммунитетті төмендетеді деп
айтады.
3. Генетикалық тұрғыдан өзгертілген өнімдер туралы, оның адам
ағзасына әсері жөнінде нақты ғылыми дәлелденген байлам болмайынша,
ГМО тақырыбы күмәнді болып қала бермек.
A) Тек біріншісі
B) Тек екіншісі
C) Тек үшіншісі
D) Барлығы дұрыс
E) Барлығы теріс
9. Берілген сөйлемнің түрін анықтаңыз: «Кейін астықты бірнеше есеге
көбейтуге, тағамды молайтуға қолданыла бастады»
A) Бірыңғай толықтауышы бар жай сөйлем.
B) Бірыңғай баяндауышы бар жай сөйлем.
C) Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем.
D) Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.
E) Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.
10. Берілген мәтіннің стилі мен жанрын анықтаңыз.
A) ауызекі сөйлеу стилі, әңгіме
B) ғылыми стиль, баяндама
C) көркем әдебиет стилі, диалог
D) публицистикалық стиль, мақала
E) ресми ісқағаз стилі, хабарлама__
ІІІ нұсқа
Оқу сауаттылығы
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
Халық арасында «Отан отбасынан басталады» деген қағидаға айналған сөз бар. Отбасы − кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі. Отбасы − белгілі бір әлеуметтік институт. Тәрбиенің негізі жанұядан бастау алатындықтан, оған немқұрайлылық таныту мүмкін емес.
Қазақта «Ұяда не көрсең ұшқанда, соны ілерсің», «Ата көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер», «Кішіге - ізет, үлкенге - құрмет», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген көптеген өлшемдер бар. Осы өлшемдерге қарайтын болсақ, бар мәселе отбасынан басталатынын ұғуға болады. Ұлт болашағында отбасы ең басты тұғырды иеленеді.
Отбасылық құндылықтардың мәуелі бәйтерегі − ана. Ана өз ұрпағына дұрыс жолды меңзеп, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге, рухани бай болуға, халық үшін жанын пида етуге септігін тигізеді. Ананы әр үйдің шамшырағы, жанған бағы, құндылықтардың негізін салушы деуге болады. Бойларымызға жақсылықты дарытқан, мардымды істер жасауға дағдыландырған барша аналарға мың алғыс!
Шаңырақ құндылықтарының екінші бір сатысы жақындарымен жалғасын табады. Мәселен, жанұядағы ата мен әженің рөлі де - айрықша. Олардың дүниеге деген көзқарастары мен өзіндік талғамдары жасы кіші балаға өнеге болары анық. Кішкентай кезінен атасының не болмаса әжесінің айтқандарына құлақ түретін ұрпақ болса, оның арты тек жақсылыққа әкеледі.
Тәлім-тәрбиенің негізі ата-анадан кейін қастарындағы жақын адамдардан үлгі алу арқылы қалыптасады, өзіндік жеке ұстанымдарды дамытуға септігін тигізеді. Сол бір сәтте баланың жанына демеу бола тұрып, оған тәрбиенің дұрыс берілуін қадағалау маңызды рөл атқарады. Ұлы Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі − ата-
анадан, екіншісі − ұстаздан, үшіншісі − құрбысынан». Қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесіне мән берулері тиіс.
Ұрпақтар сабақтастығы тек осылайша жалғасын таппақ.
Тәуелсіздік алған кезде отбасы құндылықтарын нығайту жөнінде
бірқатар шаруалар атқарылған еді. Ана мен баланы қолдау бойынша
бағдарламалық құжаттар мен гендерлік теңдікті сақтау стратегиясы
қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе
қалыптасты. Сонымен қатар, көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау
бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл сайын артып,
көптараптанып келе жатқанын аңғару қиынға соқпайды. Осындай
мақсаттарға арналып, 2017 жылғы республикалық бюджет қорынан 149,7
млрд теңге қаржы қарастырылған, әрі он жыл сайын кемінде 15%-ға артып
келе жатқаны жасырын емес. Әр жылы тұрақты түрде өткізіліп тұратын
«Мерейлі Отбасы» байқауында еліміздегі ең үлгілі саналатын отбасылардың
тағылымға толы өмірлері насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да
елімізде дәстүрге айналып кетті. Әлбетте, отбасылық саясаттан бөлек
отбасылық құндылықтарды да ұмытуға болмайды. Ол халқымыздың