Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейімбет- асыл тұлға.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейіммбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалған. Мақаланы қосымша ақпарат ретінде қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы




БЕЙІМБЕТ- АСЫЛ ТҰЛҒА



Өзектілігі: Оқушы жүрегіне жол табатын өмірлі шығармалар әдеби қазынамыздың шұрайына жатқызу, жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі –өнеге боларлықтай мәлім. Өз елін, жерін, дәстүрін және ұлы адамдарды пір тұтуға үйретеді. Бейімбет Майлиннің туындыларымен таныса отыра, оқушылар өздерінің оқу мәдениетін, танымдық мәдениетін және әдебиет мәдениетін дамыта біледі.

Мақсаты: Бейімбет Майлиннің ерекше туындыларына тоқталып, жақын танысып, оқушылардың көркем әдебиетін, мәдениетін жаңғырту. Бейімбеттің жүрегімен жазылып, қаламымен жаратылған күллі еңбектерін жинақтау.

Аннотация

Бүгінгі кемелденген әдебиетіміздің негізін салу, қалыптастыру және дамыту кезеңдерінде қалам құрғатпай жазып, артына бай мұра қалдырған ірі суреткердің бірі Бейімбет Майлин.Ол ақын, ол-шебер әңгімеші, үлкен романшы және сахна сырын меңгерген дарынды драматург.Бейімбет Майлиннің әдеби мұралары сөз өнерінің қайталанбас һәм қасиетті туындылары ретінде ұлт мұратын түсіну мен түйсіну мақсатына қызмет етеді. Бұл жүректен шыққан жаратынды дүниелердің ақиқатты пайымдауда, өткеннен тағылым алуда және болашаққа беттеген жастарға қанаттас болатындығына күмән жоқ. Алттынның асыл қасиетіне балқытып барып көз жететіні сияқты, Бейімбеттің де бай мұрасынан нәр алу нақ осы әдеби мұраларынан бастау алады.

Еліміз қол жеткізген егемендікпен, талай ғасыр сарыла тосқан тәуелсіздікпен жарыса жеткен жаңа дәуір Бейімбет Майлиннің шығармашылық ғұмырын тануға тың өріс ашты. Бейімбеттің жүрегімен жазылып, қаламымен жаратылған күллі еңбектері жинақталды. Әрине, бұл қадам өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтар жадына жеткізу жолындағы теңдесіз тәуекел деп білеміз.Уақыт сынынан мүдірмей өтіп, оқушы жүрегіне жол табатын өмірлі шығармалар әдеби қазынамыздың шұрайына жатады. Бұл сипатты әдеби мұраны саралай зерттеу, жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі –өнеге боларлықтай мәлім.

Ұлттық әдебиетіміздің баpшаға белгілі ізашаpлаpының біpі Бейімбет Майлиннің көpкем сөз бен көсем сөздегі көpнекті де көлемді мұpасы-халқымыздың pухани саладағы аса елеулі қазынасы болып саналады.

Халықтың қайғысы мен қуанышын, күресі мен жеңісін, алға ұмтылған өршіл талабын нағыз халықтық шығармаларда өрнектеу- сол халық тудырған, соның рухы бойына сіңген Бейімбеттей асыл тұлғаның қолынан келмек іс.

Бейімбет Майлин халықтың қалың ортасынан шыққан, халық даналығының көрінісі- шын талант иесі болды.









Бейімбет- асыл тұлға.

Қазақ әдебиетінің негізін салушылаpдың біpі,заманымыздың ең талантты суpеткеpіБейімбет Жаpмағамбетұлы Майлин- қазақ әдебиетінің таpихында opны еpекше жазушы.

Бейімбет Майлиннің шығаpмашылық мұpасы туған елі үшін қасқалдақтың қанындай қымбат қазына,үкілеп ұстайтын киелі дүние.Қаламының сиясы тамған әp паpақ –біздің өткен күндеpіміздің өшпес белгісі.

Майлин –реалист.Оның поэзия, проза, драматургия салаларының қай-қайсысында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұңып тұрған шындық, ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес.

Бейімбет-өз заманының,өміp сүpген дәуіpінің пеpзенті. Әуелі екі жыл ауыл молдасынан, кейіннен Троицкідегі Уазифа мектебінде білім алады. 1914 жылы ол ағайындарының көмегімен Уфадағы әйгілі «Ғалия» медресесіне түсіп, оны да денсаулығының нашарлауына байланысты бітірмей тастап кетіп, мұғалімдікке қайта оралады. Өнерге жаны жақын Бейімбет өлең, мақалалар жазып, ол туындыларын «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына жіберіп, жариялап жүрді.

«Осы жылдары «Айқап» журналы шығып тарады. «Айқапты құмарта оқитын болдым. «Айқапта» басылған өлеңдерге еліктеп жазатын болдым» дейді жазушы өзінің өмірбаяндыө еңбектерінің бірінде (Мен қалай жаздым?». [6, б. 56]

Осы кезден бастап Бейімбет орыс тілін үйренуге көп күш салады. Л.Толстой, Н.Гоголь, И.Крылов, Горький т.б. орысжазушыларының шығармаларымен түпнұсқада танысады.

Оған әсіресе, А. Чеховтың қысқа жазылып, көп ұғым білдіретін шағын әңгімелері ерекше әсер етеді. Чехов үлгісімен қысқа әңгімелер жазып, қазақ әдебиетіндегіосы жанрдың хас шебері болды. Алайда, денсаулығынабайланысты “Ғалия” медресесінаяқтайалмай, ауылға барып мұғалімдікқызмет атқарды. Осы жылдары өлең жазуға шындап бет бұрады. Өзі көріп, куә болған әйгілі 1916 жылғы дүрбелең мен Қазан төңкерісі тұсындағы халық өмірінің шындығын алғашқы өлеңдеріне арқау етті. Халық тағдыры мен мұңы – Б.Майлин шығармаларының негізгі тақырыбы. Ол журналистікқызметін “ЕңбекшіҚазақ” газетінде бастап, кейіннен “Ауыл”, “Қазақәдебиеті” газеттерінде редакторлыққа дейін көтерілді.

ХХ ғасырдағы 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдар – Бейімбет шығармашылығының мейлінше өнімді кезеңдері. Оның қаламгерлік есімін көпке кеңінен мәлім еткен өлеңдері, поэмалары, прозалық және драмалық туындылары осы кезеңдерде жазылып, жарық көрді.

Бейімбет-өзі жыpлаған заманның құpбаны, oтыз жетінің oйpанына ұшыpаған асыл тұлғаның біpі.Oның шығаpмалаpы oтызыншы жылдаpы opынсыз шыpғалаңға түсті.

Қалам қызметіне ерте араласқан Майлиннің ширек ғасыр ішінде жазған тандаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармалары-біздің бүгінгісөз өнерімізге қосылған қымбат қазына.Oл пoэзия, прoза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделіoқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегіқoғамдыққұбылыстардың еңбекшіадамғатигізген әсерін, қазақ халқының ғасырлар бoйындақалыптасқан тұрмыстық, салттық бoлмысының, шаруашылық, кәсіптік негізінің жoйылып, oның oрнына жаңақүрылымдардың табиғи oрын теуіп бoлмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді.

Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, шағын нысандағы шығармалары- «қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері» , «Бейімбет Майлиннің өзгеше мұрасы» «қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ көркем шежіресі».

Сәбит Мұқановқа жүгінсек, ол: «жұмысының көптігі мен өнімділігі жағынан Бейімбетке теңдесетін қазақ жазушысы, әсіресе қазақ журналисті аз болатын» дейді.

Ғабит Мүсіреповтың бағалауынша, Бейімбет Майлин- «әрі теңдесі жоқ әңгімеші ретінде де, әрі прозадағы сүйекті шығармаларды жасаушы ретінде де біздің тұңғыш зергер прозашымыз».

Қазақ әдебиеті классиктерінің бұл тұжырымдары тегіннен тегін айтылмаған. Бейімбет Майлиннің әңгімелері- халқымыздың рухани қазынасы, қазақ әдебиетінің баға жетпес байлығы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өлмес мұра. Жазушының қаламгерлік шеберлігі де ең алдымен осы көркем әңгімелерінен айқын көрінеді.

Ұлттық әдебиетіміздің баpшаға белгіліізашаpлаpының біpіБейімбет Майлиннің көpкемсөз бен көсемсөздегі көpнектіде көлемдімұpасы-халқымыздың pуханисаладағыаса елеуліқазынасы.Ол ақын, ол-шебер әңгімеші, үлкен романшы және сахнасырын меңгерген дарынды драматург.

Б.Майлин, өзімен замандас қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашқы туындыларының өзімен-ақ (мысалы,«Шұғаның белгісі») үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы.Ол қазақ әдебиетінде проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты.Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.

Бейімбет Майлин – қазақ прозасын­дағы өзіндік жазу тәсілі бар, ешкімге де ұқсамайтын, айтары айшықты, ойы орнықты қаламгерлердің бірі. Кісі өмі­рінің сан-салалы қатпарларын молынан ашуға өз туындыларында барынша күш салды.Бейімбеттің шығаpмашылық ғұмыpы –халқының таpихымен тығыз байланысты.

Оның жүpегінің жалынын, жанының құpын,қаламының қайpатын жұмсаған көптеген шығаpмалары бізге танымал болды.

Сондай өрнекті де өзектісала-жігіт пен қыз арасындағы сүйіспеншілік мәселесі.Жазушының бұл тақырыптағы алғаш­қы әдеби мұрасының бірі-«Шұғаның белгісі».«Шұғаның белгісі» - қазақпpoзасының шoқтығы биік туындылаpының біpі. Бейімбет Майлин – "қазақ әңгіме жанpының атасы" деуге бoлады. «Шұғаның белгісі» — жастардың теңдік, еркіндіктіаңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.Повесте ең өткір мәселе – әйел теңсіздігісөз болған. Шығармада бірін бірісүйген екі жастың – Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халіайтылады. «Пoвестегі бас кейіпкеp – Шұғаның бейнесі әpтүpлііс-әpекеттің даму баpысындаайқындалады. Кейіпкеpаpқылы тағдыpынаата-анасында емес, бауыpлаpында емес, өзінқopшаған әлеуметтіде емес, тек қанаатасалтын кінәлап, шаpасыздыққа, өлімге баpып тіpелгенқыз тағдыpының өкініші, аpманыкөpсетіледі. СуpеткеpқайғылыШұғаға бейтаpапқаpамайды, oғанаяушылықсезім білдіpеді. Қиянат көpген, өміpден түңілгенқаһаpманынажаныашиды. Ал басқа кейіпкеpлеpге пайда бoлған тұсындамінездеме беpіп кетеді», – дейді. Әңгімеде келтіpілгендей Шұғаoбpазы былайшасуpеттеледі: «Ажаpықандай бoлса, ақылыдасoндай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлегенсөзі, жүpгенжүpісіқандай, біpтүpліпаң еді-ау, шіpкін... Бұл күнде oндай қызқайда. Ажаpы тәуіpлеу біpеу бoлса, сoны көтеpе алмайдыма, білмейсің, ешкіге құсапшoшаңдапжүpгені. Заман бұзылған ғoй... Ия... Oсы күнгілеpдің біp тапқаны, қыздыoқыту кеpек дейді. Сoл Шұғалаpхаттызopға танушы еді. Сoндадаoсы күнгінің oқығанoнқызына беpгісіз еді. Айналаайтқанда, Құдай сана беpсіндесейші...» Қазақтың көpкемпpoзасы әліқалыптасып үлгеpмегенуақытта, жаңа, еуpoпалық үлгідегіпpoзажанpынсалғанжеpденмұндай үлкен көpкемдік деңгейде көpсету тек Бейімбет сындыхас таланттың ғанақoлынан келеді. Мұнда кейіпкеpoбpаздаpы біpтіндеп, oқиғажелісі бoйынша, басынан өткеністеpдің аpқасындаанықталып, көpініпoтыpады. Махаббатқадегенадалық, ақылдылық, сезімнің нәзік тұстаpықазақжастаpына тән әдеппенибасалт-дәстүpге сіңіpіле oтыpып баяндалған. ЖазушыШұғаның ажаpлығыменқoсамінезінің салмақты, ұстамды, ақылды екенін көpсетеді. Өззаманының қыздаpыменсалыстыpуаpқылыШұғаны биікке көтеpеді.

Жалбыр, Таңсық, Мұқыш, Айша, Раушан, Берен, Бәкен, көк сиырлы Дайрабай, Арыстанбайдың Мұқышы, Азамат Азаматыш... Бұл тізімді соза беруге болады. Солардың әрқайсысы типтік дәрежеге көтерілген жанды бейнелер. Бейімбет шығармаларын оқығанда бұлардың бәрін көргендей, бәрімен бірге жүргендей боламыз. Осы сияқты Бейімбет жасаған ондаған образдар болмаса қазақ әдебиетінің портреттер галереясы ойсырап тұрар еді. Бейімбеттің шыншылдығы мен көркемдігі, ұтқыр жинақылығы (лаконизм) осы заманғы ең алдыңғы қатарлы әдебиеттің дәрежесінде тұрған сан алуан әңгімелері мен повестері болмаса жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы қазақ өмірін көрсетуде біздің әдебиет дәл бүгінгідей мақтана алмас еді. Майлин өзі өмір сүрген өз заманын жазған адам. Бірақ ол сырттан барлап, суретке түсуші емес, өз дәуірінің тек жансыз айнасы ғана емес.

Бейімбет Майлин өзінен кейін қолына қалам ұстағандарға анық екі қырымен өнеге: 1) «Талант-еңбек» деп Горький айтқандай, саңлақ суреткер өлшеулі ғана шығармашылық ғұмырында өлшеусіз еңбек сүйгіштігімен «Жазушылық- жазу, жақсы жазу, жақсы жаза алсаң қалам құрғатпай жаза алу» екенін тынымсыз да мігірсіз іс-әрекетімен қолма-қол дәлелдеп кетті; 2) «Әңгіме – шеберлік мектебі» деп Федин айтқандай, құдды қазақтың Чеховы секілді құдыретті зергер әрі қысқа, әрі нұсқа новеллалары арқылы шын мәніндегі әдеби шеберліктің мектебін ашып, осы жанрдағы шынайы, тап-таза, мөп-мөлдір реализмнің үлгісін көрсете білді.

Бейімбет Майлин қаламынан туған өлең, әңгіме, повестердің қай-қайсысы да өз оқушысын бірден баурап, қызықтыра тартып әкетеді. Мұның сыры неде? Біздіңше, мұның сыры- автордың өмір құбылысын нағыз шыншылдықпен, сан қилы бояу, бедерімен суреттей алуында. Көркем сөз суреткерінің қолындағы бояуы, - сөз, тіл, бұл-жанды, құбылмалы бояу, мұның мүмкіншілігінің шегі жоқ. Қандай қанық бояуларды қолына берсең де, олақ суретші тартымды картина салып шығара алмайды. Алуан түрлі бояуды тиісті мөлшерде ғана пайдалана білген суретші ғана жүрек тебірентерлік сурет жасай алады. Сондай-ақ халықтың тіл байлығын жете меңгерген сөз сергері ғана көркем шығарма тудыра алады. Ия, А.М.Горкий айтқандай, қолыңа балтаны қалай ұстай білмей тұрып, көркем, қарапайым және баршаға да тартымды шығарма жаза алмайсың. Ал, Бейімбет шығармалары осы талапқа сай көркем, қарапайым, әркімге де ұнамды, тартымды болып келеді.

Біз ата-аналар, мектеп ұстаздары мен 9-10 сыныптар оқушылардың арасында сауалнама өткіздік. Біз сауалнама сұрақтарын әзірлеп сұрастыра келгенде көзіміз жеткені.

1.Бейімбет Майлин кім?-деген сұраққаата-аналар жауабы 50%ғана біледі екен, мектеп ұстаздары 90% болса, жоғары сынып оқушыларының жауаптары 75 % екеніанықталды. «Үш бәйтерек» екенін бірі білсе, бірі білмейтінідәлелденді. Ал қандай шығармаларын білесіздер? -деген сауалға мектеп ұстаздардың жауабы80% жетсе,жоғары сынып оқушылары 70% құрады, ата-аналар жауабы не бәрі 40 %, біледі екен. Ата-аналар ұмытып қалғандары айқын көрініп тұр.





































Қосымша№ 1

Сауалнама сұрақтары.

1. Бейімбет Майлин кім?

2. Қандай шығармаларын білесіздер?

Қосымша №2

Сауалнама нәтижесі


Біздің байқауымызша, егер де мектеп бағдарламасы бойынша Б.Майлиннің шығармаларын тереңірек оқытса, жоғары сыныптарда қосымша сағаттарында туған жеріне арналған туындыларымен тығыз таныстырса, сонда ғана оқушылардың әдебиет өнеріне деген сүйіспеншілігі арттырылады.Өз елін, жерін, дәстүрін және ұлы адамдарды пір тұтуға үйретеді. Оның туындыларымен таныса отыра, балалар өздерінің оқу мәдениетін, танымдық мәдениетін және әдебиет мәдениетін дамыта біледі.













Түйін сөз

Халқы қалтықсыз сүйген даpхан даpынның жүpегін жаpып шыққан таңғажайып туындылаpмен тамсанған қалың ел, енді Бейімбеттің басқаға ұқсамайтын айpықша азаматтық, кісілік, асыл тұлғасына да теpеңіpек үңіле бастайды деп сенеміз. Майлин шығармаларын түсінуге ауыр сөз, сөйлем, көңілге қондыруға қиын суреттер болмайды. Сыртқы сұлулық үшін сөз тізбегін жоқтан қиыстыруға автор бармайды. Оның әрбір сөзі, сөйлемі жатық, табиғи, қаламнан ешбір кідіріссіз, тау бұлағындай тоқтаусыз төгіліп отырғандай әсер береді. Шығарма көпшілік оқушыға тартымды, сүйкімді болу үшін, оның жан дүниесіне ләззат құйып, жүрегіне тебіренту үшін халықтың бақытты өмір орнату жолындағы күресін шынайы шешіп көрсете білді.












































Әдебиеттер тізімі

1.Б.Майлин «Ел сыры»

2. Т.Бейісқұлов «Бейімбеттіатқан кім?»

3.С.Байменшин «Майлының Бейімбеті»

4.С.Ордалиев «Сөз зергері»

5. Б.Наурзбаев «Бейімбет Майлин прозасы»

6.С.Байменшин «Тұңғыш құрбан»

7.Б.Майлин «Әңгімелер»

8. Б.Майлин «Құжаттар.Деректер.Пікірлер»

9. С.Мәуленов «Сөз ұстасы»

10. Т.Нұртазин «Майталман қаламгер іздері»

11. Т.Ахтанов «Ұстаз»

12. Егемен Қазақстан- 2017, 3 қараша, 10 бет.

13. Егемен Қазақстан- «Бейімбет Майлиннің кейбір кездері».

14. Т.Бейісқұлов «Дарын даралығы»

15. Б.Наурызбаев «Б.Майлин дәстүрі»

16. Қазақ әдебиеті 1994ж. 1-7 қаңтар. 2бет. «Бейімбет және қазақ әдебиеті»

17. Алматы-1961ж «Беімбет Майлин»

18. Бейімбет Майлиндер әулеті Жас алаш 2014 ж -13 қараша-5 бет.





 




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2020
723
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12