Бейімбет Майлин – көркемсөз шебері..
Қазақ тарихында жүз жылда бір туатын ақындар,батырлар,жазушылар бар.Неге жүз жылда бір туатын дейміз,өйткені олар қайталанбайтын таланттар мен тұлғалар.Тарихқа көз салып отырсақ, ел басына қатер төнгенде,елдің елдігін жырлап,елдің мұңын арқалаған да сол тұлғалар.Олар көп емес,аз болатын.Алайда олардың ел мен жер үшін жасаған ерлігі мен еңбегі көп адамның қолынан келе бермейтін ерлік пен еңбек болатын.Міне осындай тұлғалардың ерлігіне кешегі тарих куә,бүгінгі ұрпақ риза.Қаншама жылдар өтсе де есімдері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.Себебі,ел үшін туған тұлғаларды есте ұмыту мүмкін емес.Осындай дара тұлғаның бірі,қазақтың «Үш бәйтерегі» деген тізімде есімі жаңғырып тұратын қазақтың біртуар азаматы,ол – Бейімбет Майлин.
Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, жазушы деп танимыз. Оның туған жері Қостанай облысында Таран ауданы, қазіргі Бейімбет Майлин ауданы. Жазушының өмірбаянында көрсетілген деректерде кедей отбасынан шыққандығы айтылады. Алайда жазушы өнерден кеңде емес отбасында өсті.Бірақ жастайынан кедейліктің зардабын тартты.Оны анасы Күлғизар мен әжесі Бойдас тәрбиеледі.Жазушының әжесі де қара жаяу адам болмаған.Ол кісі өлең шығаратын,сөзге ділмар жан болған.Сондықтан да болар бала Бейімбеттің үйіне ақындар мен жыршылар жиі қонақ болатын,небір жыр мен дастандар айтылатын.Міне осындай отбасында өскен Бейімбет те сөз өнерін қастерлеп,әдебиет жолына түскен.
Жазушы «Уазифа» мектебінде білім алып,одан соң «Ғалия» медресесінде оқиды.Осы медреседе оқып жүріп «Садақ» деген журналға өзінің алғашқы прозалық туындысы «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды.Әдебиетке бет бұрған Бейімбеттің ендігі өлеңдері де «Айқап» басылымында шыға бастайды.Бұдан әрі жазушының ізденісі арта түседі. Бейімбет қазақ, башқұрт, татар, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысуды ойлайды.Жазушы бұл мақсатын да келешекте жүзеге асырады.
Бейімбет Майлин елмен бірге болуды ойлап, Алашорда идеясын жақтады, себебі Алашорда басында өзі сенім артқан тұлғалар бар еді. Қалың көпшілік жазушыны «Би аға» деп қадірледі, өйткені ол жастарға жол көрсетуші бола білді. Ақыл сұрап,көмек сұрап келген жастарға ақыл-кеңес беруді өзінің ағалық парызы деп түсінді.Сондықтан да болар жастар жазушыны ұстаз тұтып,әрқашан үлгі алуға тырысты. Біз, тарихтан Бейімбеттің үлкен жазушы болуымен қатар,қарапайым адам болғанын осыдан біле аламыз.
Жазушының дарыны оның шығармаларында ерекше жарқырап көрінеді. Ол драматургия, проза, поэзия жанрларында өзі өмір сүрген заман мен қоғамның шындығын, қазақ елінің, ауыл адамының санасындағы жаңартулар мен өзгерулерді, халықтың басынан кешірген оқиғаларды шебер суреттеп көрсете білген ұлы суреткер, ірі қаламгер.Сондай-ақ кеңестік заманның қоғамдық құбылыстары мен адамдарға тигізген әсерін,сыры мен мұңын шебер суреттеген.Ол аз ғұмыр кешсе де, осы аз ғұмырында қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосты, жас ұрпаққа қайталанбайтын мұра қалдырып кетті.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бейімбет Майлин - көркемсөз шебері" мақаласы
Бейімбет Майлин – көркемсөз шебері..
Қазақ тарихында жүз жылда бір туатын ақындар,батырлар,жазушылар бар.Неге жүз жылда бір туатын дейміз,өйткені олар қайталанбайтын таланттар мен тұлғалар.Тарихқа көз салып отырсақ, ел басына қатер төнгенде,елдің елдігін жырлап,елдің мұңын арқалаған да сол тұлғалар.Олар көп емес,аз болатын.Алайда олардың ел мен жер үшін жасаған ерлігі мен еңбегі көп адамның қолынан келе бермейтін ерлік пен еңбек болатын.Міне осындай тұлғалардың ерлігіне кешегі тарих куә,бүгінгі ұрпақ риза.Қаншама жылдар өтсе де есімдері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.Себебі,ел үшін туған тұлғаларды есте ұмыту мүмкін емес.Осындай дара тұлғаның бірі,қазақтың «Үш бәйтерегі» деген тізімде есімі жаңғырып тұратын қазақтың біртуар азаматы,ол – Бейімбет Майлин.
Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, жазушы деп танимыз. Оның туған жері Қостанай облысында Таран ауданы, қазіргі Бейімбет Майлин ауданы. Жазушының өмірбаянында көрсетілген деректерде кедей отбасынан шыққандығы айтылады. Алайда жазушы өнерден кеңде емес отбасында өсті.Бірақ жастайынан кедейліктің зардабын тартты.Оны анасы Күлғизар мен әжесі Бойдас тәрбиеледі.Жазушының әжесі де қара жаяу адам болмаған.Ол кісі өлең шығаратын,сөзге ділмар жан болған.Сондықтан да болар бала Бейімбеттің үйіне ақындар мен жыршылар жиі қонақ болатын,небір жыр мен дастандар айтылатын.Міне осындай отбасында өскен Бейімбет те сөз өнерін қастерлеп,әдебиет жолына түскен.
Жазушы «Уазифа» мектебінде білім алып,одан соң «Ғалия» медресесінде оқиды.Осы медреседе оқып жүріп «Садақ» деген журналға өзінің алғашқы прозалық туындысы «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды.Әдебиетке бет бұрған Бейімбеттің ендігі өлеңдері де «Айқап» басылымында шыға бастайды.Бұдан әрі жазушының ізденісі арта түседі. Бейімбет қазақ, башқұрт, татар, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысуды ойлайды.Жазушы бұл мақсатын да келешекте жүзеге асырады.
Бейімбет Майлин елмен бірге болуды ойлап, Алашорда идеясын жақтады, себебі Алашорда басында өзі сенім артқан тұлғалар бар еді. Қалың көпшілік жазушыны «Би аға» деп қадірледі, өйткені ол жастарға жол көрсетуші бола білді. Ақыл сұрап,көмек сұрап келген жастарға ақыл-кеңес беруді өзінің ағалық парызы деп түсінді.Сондықтан да болар жастар жазушыны ұстаз тұтып,әрқашан үлгі алуға тырысты. Біз, тарихтан Бейімбеттің үлкен жазушы болуымен қатар,қарапайым адам болғанын осыдан біле аламыз.
Жазушының дарыны оның шығармаларында ерекше жарқырап көрінеді. Ол драматургия, проза, поэзия жанрларында өзі өмір сүрген заман мен қоғамның шындығын, қазақ елінің, ауыл адамының санасындағы жаңартулар мен өзгерулерді, халықтың басынан кешірген оқиғаларды шебер суреттеп көрсете білген ұлы суреткер, ірі қаламгер.Сондай-ақ кеңестік заманның қоғамдық құбылыстары мен адамдарға тигізген әсерін,сыры мен мұңын шебер суреттеген.Ол аз ғұмыр кешсе де, осы аз ғұмырында қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосты, жас ұрпаққа қайталанбайтын мұра қалдырып кетті.
шағым қалдыра аласыз


