жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бейімбет Майлин шығармаларындағы қазақ әйелдерінің бейнесі
Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Бірлік ауылы
№ 102 орта мектеп
Зерттеу жұмысының басты тақырыбы:
Бейімбет Майлин шығармаларындағы қазақ әйелдерінің бейнесі
Авторы: Тажибай Ақерке
№ 102 орта мектебінің 11-сынып оқушысы
Жетекшісі: Мұратбай Тамаша
№ 102 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мазмұны
1. Кіріспе ____
2. Негізгі бөлім:
2.1. Бейімбет Майлин – көркем сөз, кестелі ойдың шебері
2.2. «Шұғаның белгісі» - Бейімбет Майлиннің шоқтығы биік туындысы
2.3. Нәубат жылдарындағы аналар
3.Қорытынды
Ұсыныстар
Пайдаланылған әдебиеттер
Аннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты – Бейімбет Майлиннің шығармаларындағы қазақ әйелдерінің бейнесін ашық көрсету.
Зерттеу жұмысы бірнеше тараулардан тұрады. Бейімбеттің шығармаларын пайдалана отырып, шығармадағы қазақ әйелдерінің көркем бейнесі топталған.
Бейімбет Майлиннің шығармалары талданған.Нәубат жылдарындағы аналар бейнесі Бейімбет шығармашылығынан алынып, сипаттама берілген.
Кіріспе
«Қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбет
Майлинніңөзгеше мұрасына танылатын. Бейімбет Майлин
әңгімелерінде терең шыншылдық бар. Адам бейнесі, қарым –
қатынастары әрдайым нанымдыбоп шығады. Бұл шығармалардың
түр, үлгісінде дөңгелек келген тұтастық айқын аңғарылады.
Бейімбет әңгімелерінің көп топтары революцияның30 – жылдардың
ортасына дейін Совет дәуірінде қазақ ауылында болған өмірдің ұзақ
көркем шежіресі деуге болады».
Мұхтар Әуезов
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақ әдебиеті әлемінде тарихты жырлап, өлеңі мен шығармаларына түп өзек қып, арқау еткен ақын-жазушылардың қарасы көп. Солардың ішіндегі жаңа замандық бет-бұрыстың алып діңгегі-Мұхтар Әуезовтің құбылысы болса,екінші жеке-дара тұрған құбылыс бар. Ол – Бейімбет Майлин. Өзі өмір сүрген замана шындығын, ауыл тіршілігін аша шыншылдықпен суретттеген, суреткер-жазушы - Бейімбет шығармаларының қазақ әдебиеті саласында алар орны тым бөлек. Ол өмір сүрген заманды шолып өтсек, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, Қазан төңкерісі, 1921-1922 жылдардағы және 1932-1933 жылдардарды жайлаған нәубатты аштық,ұжымдастыру,әскери комунизм жылдары, елді сауаттандыру оқиғаларын еске алуға болады. Бұл оқиғалардың барлығы дерлік Бейімбет шығармаларында орын алды.
Зерттеу жұмысымның құрылымы:
Зерттеу жұмыс кіріспеден,үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу жұмысымның мақсаты:
Осы жұмысыт жазуда Бейімбет Майлин шығармашылығындағы қазақ әйелдерінің бейнесін жинақтап, ашып көрсетуді мақсат еттім.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Бейімбет Майлин шығармаларымен танысу.
Шығармалардағы қазақ әйелдерінің көркем бейнесіне талдау жасау.
Дерек көздері: Интернет материалдары, «Аңыз адам» №11 журналы, «Бейімбет Майлин» көркем шығармалар топтамасы.
Ғылыми жаңалығы: Бейімбет Майлин шығармаларындағы қазақ әйелдерінің бейнесі жинақталып, талдау жасалды.
2. 1. Бейімбет Майлин – көркем сөз, кестелі ойдың шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, совет драматургиясының іргетасын қалаушылардың ең негізгілердің бірі. Өз өмірінің аз жылдарында-ақ ірілі-уақты жиырмаға жуық пьесса жазып, драматургияға алғаш қадам басқандардың бірі.
Бейімбет (Бимағамбет) Жармағанбетұлы Майлин – 1894 жылдың 15 қараша күні бұрынғы Торғай облысының Қостанай уезіне қарасты Дамбар болысының 8 аулында (қазіргі Қостанай облысының Тобыл ауданы) туған. Бейімбеттің атасы Майлы, әкесі Жармағамбет кедей адамдар болған. Әкеден жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Гүлғизар мен әжесі Бойдастың қолында өскен.
Алғашқыда ауыл молдасынан оқыған Бейімбет 1910 жылы Арғынбаев Әбдірахман деген кісінің медресесінен дәріс алады. 1913-1914 жылдары Троицкідегі «Уазифа» мектебінде сабақ алып, одан кейін Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесіне оқуға түседі. Өз заманындағы озық оқу орындарының бірі саналған бұл медреседе татар халқының Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури секілді белгілі жазушыларымен танысады, солардан тагылым алады; медреседе шығатын «Садақ» деген қолжазба журналда жазушының алгашқы көлемді туындысы — «Щұғаның белгісі» деген әңгімесі жарияланады.
Бейімбет 1916-1921 жылдарда ауылда мұғалімдік қызмет атқарады. Бұл кезеңде 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбына «Қанды тұман», төңкеріс тұсындағы ауыл өмірінің ақиқатын айтатын «Съезд», «Әкесінен хат», «Садақбайға» деген өлеңдер жазады. 1922 жылы С.Сейфуллин Бейімбетті «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына қызметке шақырады. Жазушының дүниетанымы қалыптасып, саяси білімінің артуына С.Сейфуллиннің қарамағында қызметтес болған жылдар күшті әсер етеді. Бейімбеттің осы түстағы шығармашылық бағыты «Кедейге», «Құтты болсын мейрамың» тәрізді өлеңдерден байқалады. 1923-1925 жылдарда Б.Майлин Қостанай қаласындағы губерниялық «Ауыл» газетінде редактордың орынбасары әрі хатшысы болып істейді. Бұл газетте жазушының «Айранбай» деген әңгімесі, «Раушан -коммунист» повесі жарық көреді. Газет-журнал редакцияларында жүрген жылдар Бейімбеттің шығармашылық өмірінің жемісті кезеңі. Ол 1925-1927 жылдарда «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты хатшысы, 1927-1929 жылдар арасында «Ауыл тілі» газеті редакторының орынбасары, «Жыл құсы» альманағы мен «Жаңа әдебиет» (1927, 1928) журналының қызметкері, 1934 жылдан 1937 жылға дейін «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болған.
Бейімбет Майлин — аса өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол 1923-1937 жылдарда елуге жуық кітап, жинақ жариялаған. Олардың қатарында: «Бейімбеттің өлеңдері» (1923), «Шұғаның белгісі» (1926), «Раушан — коммунист» (1929), «Он жылда» (1927), «Колхоз», «Асулардан асқанда» (1930-1931), «Сойқанды содырлар» (1928), «Кесінділер» (1929), «Майдан» (1933), «Алыптарды аралағанда» (1934), «Мырқымбай», «Азамат Азаматыч» (1935), төрт томдық шығармалар жинағы (1933-1936) т.б. кітаптар бар. Бұларда көптеген өлең, поэмалар, әңгімелер мен очерктер, повестер мен романдар, пьесалар орын алған.
2.2. «Шұғаның белгісі» - Бейімбет Майлиннің
шоқтығы биік туындысы
Бейімбет шығармашылығы туралы айтқанда, кімнің де болсын алдымен есіне түсетіні- жазушының «Шұғаның белгісі» атты шығармасы. Оқысаң, бейне бір Бейімбет бұны жазуға жан – тәнін берген бе дейсің?! «Шұғаның белгісі» - заман шындығын бүкпесіз ашық айтқан, әйел теңсіздігін басты назарға ұстап, алға қойған мақсатынан таймаған жастардың, елдің бет-бейнесін нақ суреттеген керемет туынды. «ХХ ғасыр басында ішінде көркемдігімен көзге ерекшелігімен түсетіні – «Шұғаның белгісі»» ,- деп филология ғылымдарының докторы, професор – Зинол-Ғабден Бисенғали айтқандай, шыныменде-ақ, классикалық тұрғыданда, көркемде, күрделілік жағынанда проза талабына сай шығарма екендігіне сөз жоқ! Бейімбет қаламынан туған бүл туындының қайталанбас сұлулығы бүгінде қазақ әдебиетінде ерекше орын алады. . Повестің мақсаты — жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау… Жастардың бас азаттығын көксеу, бүған кедергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау — XX ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді. «Шұғаның белгісі» повесінде оқиғалық өрілімдер, кейіпкерлердің мінездемелері, диалогтер, сезім, көңіл күйлері Қасым деген адамның әңгімесі болып беріледі. Мұндай әңгімелеу мәнері халық прозасының қалыпты баяндау тәсіліне жақын. Бірақ қаһармандар мінезі мен әлеуметтік жағдайды талдау шығарманың реалистік жазба әдебиет дәстүрінде жасалғанын көрсетеді.
Шығарма- Шұға мен Әбдірахманның ғашықтық зары туралы баяндалады. Ауыл өмірі мен тап өкілдері арасындағы айырмашылық ашық суретеледі. Замана заңы мен салт – дәстүр құрбаны болған, екі ғашық тағдыры трагедиямен аяқталады.
Туындыда Шұға бейнесі:
«Есімбектің төрт ұлдың ортасыңда бұлаңдап өскен Шұға дейтін қызы болды. Шұға десе Шұға. Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті-ақ еді... ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда.»,- деп ерекше құлшыныспен суреттеледі.
Сонымен қатар қазақ қыздарының сауатты да, болағаны:
«Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда құдай сана берсін десейші...»,- осылай баяндалады.
Ал, Әбдірахман бейнесі ашып көрсетілмейді.Оның бейнесі іс-әрекеттерінен, диалог арқылы ашылады.Шығарманы оқи отыра, Әбдірахман бейнесін қалыптастырар болсақ, Әбдірахман- оқыған ,сауатты адам. Ауылының көзі қарақты жанашыр, кедей баласы.
Шұғаның әкесі-Есімбек қызын кедей – Әбдірахманға бергісі келмейді.Сол себепті де түрлі айлалар ойлап тауып, Әбдірахманды жер аударады.Бұған шыдамаған Шұға Әбдірахманға ынтыға өмірден өтеді.
Тіпті Қытайдың Шығыс өлкесіндегі қытай-қазақтары да бұл шығарманы талай рет сахналаған көрінеді. 2014 жылдың 18-21 наурыз күндері Түркияның Нигде университеті Түркі әлемі симподиумын өткізген.Сонда 17 мемлекеттен, 123 университетінен 500-дей баяндама қорғалған.Сол жиында түріктің Нұрай Гүнеш атты жасы 20-дай шамадағы, Астанадағы түрік мәдени орталығының мемлекетік консултант қызы – «Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасындағы әйелдер бейнесі» атты баяндама қорғаған болатын. Бұл Бейімбеттің «Шұғасы» тек қазақтарға ғана тән емес, бүкіл түркі қоғасына ортақ туынды екендігін дәлелдейді.
2.3.Нәубат жылдарындағы аналар
Бейімбет-суретшіл,өршіл жазушы.Оның жазған проза,драма,пьесса,әңгімелерін оқып оның суреткер жазушы екенігін түсінуге болады. Сонымен қатар кейіпкерлерінің образы бір-бірін қайталамауымен ерекшеленеді. Себебі оның шығармаларының барлығында дерлік ашаршылық, жоқшылық, кедейшілік проблемасы көтеріледі.Сол нәубәт кезеңдегі аштық көрінісін, жетім-жесірлердің жай-күйін психологиялық тұрғыда оқырманға керемет жеткізген жазушы-Бейімбет Майлин.
Бейімбет шығармаларында көз жаздырмайтын ,үнемі оқушы назарын аударып отыратын тақырыптың бірі-бұрын күңдікте болған,адамгершілік праводан ада қалған,бала бағушы ,босаға күзетуші,отынмен кіріп от басында өксіп өткен,зат орнына сатылған қазақ әйелінің тағдыры.Сонымен қатар Майлин шығармашылығында қазақ әйелдері бейнесі ерекше дамиды.Әйелдерге тән сырлы сезімді, осалдық пен ұлылықты, махаббат пен ерлікті, сарқылмас зор күшті табиғы сурттер арқылы шынлдықпен баяндайды. Қарапайым қазақ әйелдерінің бейнесінде таңқалаларлық қаншама ұлы күш, жігер, нәзік сезімдердің жатқанын айқын суреттейді.Жазушы әңгімесінде ұшырайтын: махаббаттың отына жанып кеткен Шұға, сүйгені үшін жанын берген Рәзия, өмір талқысы арқылы шыңдалған Раушан, «Көк теректің бауырындағы» - Рәбиға, «Қара шелектегі» Айша, «Ұлболсын», «Айт күндеріндегі» Зейнеп, аштықтың құрбаны болып, сатылыған – Дәмеш, «Қырманда» повестіндегі – Зылиқа, баласы мен күйеуін ойлап, байға күйеуге тиген- Күлпаш бейнелері тек өздеріне ғана тән, сонымен қатар әрқилы қасиеттерімен қазақ әйелдерінің бейнесін толық ашатындай.
Бейімбет шығармашылығында әсерелу, литота, гипперболизм жоқ.Оның әр кейіпкері өз ортасына қарай қарапайым түрде суреттелген. Оның «Раушан коммунист»повесі де қазақ әйелінің өмірге көзқарасын өзгертіп,коммунист атануының өзі жайдан-жай емес.Бұл шығармалардың барлығында да өмірдің шағын оқиғаларын суреттеу арқылы үлкен пікірлер айтты.Қомақты пікірді бір ғана штрих арқылы шебер көрсету,сүрлеусіз ұзақ сөйлеуден жалтару-Бейімбет творчествосының ең басты ерекшеліктерінің бірі деуге болады.Бұл жазушының өмір тұңғиығына терең сүңгіп өмір өзегінен өзіне керек нәрді екшеп ала білуінен туған ерекшелік деп танимын.Бүгінгі көзқараспен қарайтын болсам, жастар арасындағы махаббат өз қалауымен, екі жастың еркімен шешіледі. Ешқандай кедергілер болуы мүмкін емес. Бейімбет аңсаған азат өмір, әйел теңдігі, ауыл өмірі кең тыныс алуда.Қазақ қыздары бүгінде білім алып ,ерлермен тең құқылы, министрлікте, депутаттық қызметте, әкімдік қызметте қай саланы алмасаң да өршіл,еңбексүйгіштік қасиетімен ел басқарып қызмет атқаруда.Жазушы аңсаған әйел тағдыры бүгінде тарихтан ойып өз орнын алды деп ойлаймын.
Сонымен қатар, сол заманды ашып суреттейтңн Бейімбет шығармаларының бірі – «Күлпаш». Күлпаш- аштық құрбаны, тірі болса да, өлі адам. Мәне шығарманы оқи отыра түсінетіміз осы.Баласы мен күйеуі үшін өзін құрбандыққа шалуға дайын әйел бейнесі.Замана шындығы.
«Аштық құрбаны» әңгімесінде сөз болтығұн жайт – туғандары үшін сатылған, өзін құрбандыққа шалған Дәмеш Бейнесі.Әке-шешесі үшін, кішкетай Таңсық өмірі үшін-өз өмірін қиған ержүрек Дәмеш бинесі.
Мысалы: «Қара шелек» әңгімесі – «ә» дегеннен-ақ басы қара шелек оқиғасынан басталады. Бәр ауылдың әкімдік қызметін атқарған Айшаның аатсының көзіндей көріп үш жыл бойы сақтап келген қара шелегінің жоғалуы.Айшаның шелек сұрапғ абысын-ажынға жексұрын атаануы.. Бірмағамбетті бүріп,Кәстен дүкенінен шелек алуы. – бұның бәрі төтесінен баяндалған оқиға түрінде жазылған. Айша – ауыл адамдары алдында абырой-беделін түсіргісі келмейтін, ешкімнен ештеңе сұрағысы келмейтін тектілігі бар, ұқыпты ауыл әйелі. Шыныменде, оқиғаның «Қара шелек» атануы- Айшаға сиыр сауатын да, оған су беретін де, күл шығарса да, от жағса да көмекшісі болған қара шелегі бәріненде қымбат еді.
Міне,Бейімбет шығармашылығындағы аштық уақыты осылай орын табады.
Еңбекшіл қазақ әйелінің бейнесі – қазақ әдебиетніде орын алған ерекше тұжырысды, айқын, кестелі бейне.Қазақ әдебиетінде қазақ әйелдеріне ән аранамаған, өлең жазбаған, кестелі сөзді тізіп,әңгіме құрастырмаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә!
Бейімбетте сол ақын-жазушылардың арасынан ойып тұрып орын алтын ерен еңбегі сіңген, қазақ әйелдерінің бейнесін кестелі сөзбен емес, ашық, қарапайым түрде суреттеген жазушы.
Мысалға айтар болсақ, Бейімбеттің «Күлпаш», «Раушан - коммунист», «Айт күндері», «Қырманда», «Көк тектің бауыр» атты шығармалардан қазақ аналарының бейнесі керемет ашылған. Ананың балаға, отбасыға деген сүйіспеншілігін анықтауға болады. Ал, «Аштық құрбанындағы» Дәмештің отбасын, әке-шешесін ойлап, өзінен 57 жасқа үлкен шалға күйеуге тиюі-баланың ата-анаға деген сүйіспеншілігін дәріптейді.
Қорытынды
Бейімбет Майлин – өзінің жеке басының азаматтық, адамгершілік, қасиеттері жағынан да, шығармашылық, шеберлік үрдістері тарапынанда біздер мен кейінгі ұрпаққа атап-айттарлық,масаттана мақтанарлық, әркез үлгі өнеге тұтарлық, тасмандырып табындырар тағылымдар қалдырған асқарлы заңғар жазушы.
«Жақсының аты, Ғалымның хаты өлмейді»,-дегендей қазақ әдебиеті әлемінде еркше өштестей із қалдырып, тарихтың ащы шындығын бүкпесіз өз шығармалырына арқау еткен алып тұлға – Бейімбет бейнесі ел жадынан ешқашан өшпейді.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде мынадай ұсыныс жасағым келеді:
Бейімбет Майлиннің шығармаларындағы қазақ әйелдері бейнесіне арнап Қостанай облысына композициялық еккершкіш орнатылса.
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Бейімбет Майлин» көп томдық шығармалар жинағы. 2013 жыл.
«Аңыз адам» (Бейімбет Майлин) № 11.2014 жыл.
Интернет материалдары

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген