Болатова Айгерім Болатқызы
Алматы облысы,Қарасай ауданы,
«Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебі» КММ,
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Бейімбет Майлин шығармаларының әдебиет пәнін оқытудағы атқарған рөлі
Қазақтың үш бәйтерегінің бірі Бейімбет Майлин аз ғана ғұмырының ішінде келер ұрпаққа асыл мұра қалдырып кетті. Қазақ әдебиетін жаңа деңгейге көтеріп, елдің жұмысына араласты. Біз Бейімбет Майлинді жазушы, драматург, аудармашы, және публицист ретінде танып келдік. Оны Бейімбет Майлиннің «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабы (1929ж.), «Күш» сауаттылығы төмендерге арналған оқулық (1930ж.), «Жаңаша оқы және жаз» оқу құралын (1931ж.), және Ғабит Мүсірепов А.Ситдыковпен бірлесіп «Сауатсыздарға арналған әліппе» (1935-36жж.) еңбектерінің әдістемелік негіздері атты төрт оқулық жазғаны мүлдем назардан тыс қалып келгенді.Осы төрт еңбектің ішінде «Шала сауаттылар үшін оқу кітабы» атты оқулық кітабын талдайтын боламыз, 1929 жылы Кеңес Одағындағы елдердің кіндік баспасынан жарық көрген бұл кітап 160 беттен тұрады және латын әліпбиімен жазылған.
А.Көшімбаевтың пікірі бойынша 1932 жылға дейін әдебиеттің арнаулы бағдарламасы да, оқулығы да болмаған. Тек 1932 жылы қазақ әдебиеті жеке пән ретінде мектепті оқу жоспарына еніп, оның тұңғыш бағдарламасы жасалып, жарық көрген. Ал 1934 жылы қазақ әдебиетінің жеті жылдық мектепке арналған жаңа бағдарламасы шыққан. Мұның 1932 жылғы бағдарламалар айырмашылығы – әдеби шығармаларды қоғамдық-саяси тақырыптардың төңірегінде шоғырландыра беруді калдырып, әдебиеттік оқу, тарихи-әдебиеттік курс ретімен оқытуға бейімделгені болды: [1.32 б]
Кітап белгіленген тарау не айдарларга бөлінбейді. О дегеннен оқушылар үшін арнайы тапсырма-мәтін берілген. Патша үкіметі тас талқан болып, орнына Кеңес үкіметі орналған тұста жазылған бұл оқулықтың саяси-идеологиялық мазмұны патша үкіметі саясатын ашық сынап, айыптамаса да құрылған.Кеңес үкіметінің жасап жатқан жағдайын жақсы етіп көрсетіп отырады. Соның бірі аталған кітаптан мына тапсырманы толықтай алып отырмыз. Кеңес үкіметінде тіл саясаты тақырыбы бойынша берілген мәтін былай дейді: Патша кезінде жалғыз-ақ орыс тілі мемлекет тілі болып есептелуші еді. Үкімет мекемелерінің бәрінде сейлеуші еді. Орыс тілінде жазылып, орыс тілінде сөйлеуші еді. Орыс тілінен басқа тіл ұсақұлттардың тілі де, жазылуы да сол кезде іске аспады. Мекемелерде орыс тілінде жазылған арыздар, сенім қағаздар болмаса, қабыл алынбады.
Қазірде кеңес үкіметінде еш бір тілдің артықшылығы жоқ. Қай халықтың тілі болсада - бәрі бір. Әр ұлттың да мекемелерінде өз тілі мен сөйлеу, өз тілі мен жазуға еркі бар. Өз тілі мен арызыңды, қай мекемеге апарсаңда қабыл алады. Қазақша жазып берген арызын Мәскеудегі жоғарғы орындарға да барып, тындала береді. Бұл сықылды тіл еркіндігі кеңес үкіметіндегі басқа мемлекетте жоқ. Мұндай еркіншілік Кеңес үкіметінде ғана бар. Мәтін осы. Бұдан кейін бірден «сұрау» деп сұрақ беріледі. Ол былай:
«Қазақ тілі партия кезінде үкімет тілі болып саналды ма? Үкімет тілі деген не? Қазақ тілі қазірде қандай тіл? »[2,113-114б].
Бейімбет Майлин үнемі ана тіліміздің қал-қадірін назарда ұстап отырған. Осыған байланысты бейімбеттанушы Тоқтар Бейісқұлов «Еңбекші қазақ» газетінің 1928 жылғы 14-маусымдағы санындағы Б.Майлиннің оқшауын негізге алып былай дейді: Б.Майлиннін публицистикасында көтерген үлкен әрі мән-мағынасы аса құнды тақырыптарының бірі - ана тіліміздің жайы.
Мәдениетіміздің, әдебиетіміздің өркендеуі, ұлттық тегіміздің сақталуы тілімізге байланысты. Тіл сақталмаса, халық барлық қасиетінен айырылады, тіпті аты да жоғалады. Сол себепті Б.Майлиннің «Олай емес, «Казахский язык!» деген оқшауын: «Қазақ ұлты - Кеңестер одағындағы тең құқықты ұлттың бірі. Қазақ тілі де тең құқықты тіл. Бұрын қазақ тілінде сөйлемейтіндер, қазақ тілімен сөйлеуді әр керетіндер, осы күні тілі жаңа шығып келе жатқан баладай, балдыр-бұлдыр сөйлейтін болып жүр», - деп мақтанышпен, ризалықпен бастайды. Ауылдық, облыстық кеңестердің жұмысы таза қазақша жүретін болғанын, қазақ болыстарына бұйрық-жарлықтар қазақ тілінде жіберіле бастағанын, қазақша жаза-сыза білген адамдар кенсе жұмысына алынатыны да тілге тиек естіп кетеді. [3, 169б)| Оқулық тек бір саладан хабар бермейді. Адам өміріне қажетті барлық бағыт бойынша қоғам өмірінен ақпар қамтып отырады. Оқулық негізінде білім нәрімен сусындаған оқушы жан-жақты мағлұмат алады. Бұл біздің заманымызда көтеріліп жүрген функционалдық сауаттылық. Адамның жан-жақты сауатты болу қай кезде де өзекті мәселе. Сол үшін де оқулық тек бір пәнге арналмаған.
Сонымен бірге сөздік қорды байыту арқылы да шығармашылықтарын дамытуға болады. Мысалы, бір дыбыстан басталып, соны да сол дыбыспен аяқталатын сөздерді ретімен атау немесе бір буыннан басталатын сөздерді тізбектеп айту (күрек, керек, кесек, қазақ, қазық, қалақ, құқық, қырық, шаш, шеш, бал, бел, бол, бу, би, т.б.). Мұндай әдістер де шығармашылық қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар қазіргі таңда оқытудың жаңаша әдістеріне ойын түрлері көптеп енуде. Ол сабақта мұғалімнің ойын элементтерін әр түрлі қолдану әрекетіне байланысты іске асырылады. Оның үстіне шығармашылық жұмыстарға баулу - балаларды көркем әдебиет стиліне жаттықтырумен, тіл құралдарын сұрыптал ала білуге үйретеді. Сондықтан әдеби ойын-тапсырмалармен қатар түрлі лингвистикалық жаттығулардың да маңызы зор.
Жаңа білімді қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс жүйесін,оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы стратегияларды білімді меңгертудін әр түрлі кезеңінде қолдануға болатынын тәжірибе көрсетті. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт. Әр оқушыда өзін-өзі дамыта, жетілдіре бақылай алатын дағды қалыптастыру, соған сәйкес өз бетінше білім алуға үйрету дамытудың ең биік шыңына жету болып табылады. Яғни, ең алдымен, шығармашылық ойлау нәтижесінде жаналық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді. Оқушы ойын осылайша шыңдауға мүмкіндік туады [4,14 б].
Ұшқырлық, өткірлік, қиялға, ойға жүйріктік, ой жүйесіндегі дәлдік, философиялық пайым, кез келген тығырықты жағдайдан жол, шешім тауып шыға алу, сөзді сүю, оның мән-мағынасын түсіну, әдемі, жүйелі сөйлей білуге үйретері сөзсіз. Мұның өзі шығармашылыққа баулудың сан түрлі әдістері арқылы іске асады. Жүйелі түрде жүргізілген шығармашылық жұмыстар оқушыларды қызығушылыққа жетелейді. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардай білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптал қолданған стратегиялардың қай-қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Курт Мередит, Джинни Стил, Чарлзь Тэмпл, Скот Уолтер. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал, Алматы, 2000.
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық «НЗМ» ДББУ, 2012.
-
Жексенбаева У.Б, «Балалардың дарындылығын диагностикалау», Алматы, «Радиал» баспасы, 2005ж.
-
Ж.Жеткізген «Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері» «Алматыкітап», 2007.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз