Материалдар / Бейімбет шығармаларындағы өмір шындығы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бейімбет шығармаларындағы өмір шындығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге сабақ жоспарлауға көмек ретінде берілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2019
1997
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бейімбет шығармаларындағы өмір шындығы.


Қазақ әдебиеті үшін ХХ ғасыр аса ауыр кезең болғанын біз тарих беттерінен білеміз. Жүрегі «елім» деп соғатын азаматтар үшін сол кездегі мақсат - халықтың көзін ашу, санасын ояту еді. Бұл мәселелер Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі уақыттағы әдебиетке келген ақын – жазушыларымыздың да назарынан тыс қалмады. Сондай біртуар әрі ақын,әрі жазушф тұлғаларымыздың бірі – Бейімбет Майлин еді.

Б. Майлин, өзімен замандас Қазақ қаламгерлерінің көбі сияқты, жазуды өлеңнен бастағанымен, көп ұзамай прозаға ден қойған, бұл жанрдағы алғашкы туындыларының өзімен-ақ үлкен суреткер екенін паш еткен жазушы. Ол қазақ әдебиетіне проза жанрын қалыптастыруда керемет еңбекқорлық пен үздік шеберлік танытты. Әсіресе оның қуатты талантын айғақтайтын әңгімелері сан жағынан ғана емес, идеялық-көркемдік деңгейімен де қазақ прозасының алтын қорындағы інжу-маржандары болып табылады.

Көркем шығарма – ақиқат өмірдің көрінісі. Онда нақтылы өмірдің ізі, сәулесі , шындығы барынша көрсетіліп суреттеледі. Мұнда қайталанбас бейнесімен сомдалған кейіпкерлер әрекет етеді. Сол сияқты Бейімбет Майлин шығармалары да өмір шындығын нақты суреттейтін ірі шығармалар қатарына кіреді. Б. Майлин әңгімелерінде ауыл адамдарының жаңа тұрмысқа көшуінің қиын процесі терең білгірлікпен біртіндеп, сатылап әңгімеленеді. "Қара шелек" деген әңгімесінде колхозға ұйымдасудың бір көрінісі шынайы суреттелген. Мұнда қарапайым ауыл әйелдерінің бірі Айшаның "Коллектив боламыз" деген жиналыста ойламаған жерден белсенділік көрсетіп, ауыл адамдарының атынан сөйлеуі, "майкөт" болған екі байдың жиналыстан шығарылуын талап етуі, ақырында өзі артель бастығы болып сайлануы баяндалады. Бейімбет Майлин ауыл көрінісін суреттей отырып халықтың өмір салтын,әдет – ғұрпын,мінез –құлқын,сүйекке сіңген әдетін сынай жазады.Жиналыс кезінде өжеттік көрсеткен Айша, кенет өзін артель бастығы етіп сайлағанда, қатты толқиды. Қолдағы малын ортаға салуға іштей қимағанмен, ол жұрттың ауқымынан, заманның ағымынан сырт кете алмайды... Сөйте тұра, қара шелегін бүлдіріп қойғаны үшін Айша көрші әйелге қол жұмсайды. Оқиғалар мен мінездерді өмірдің өз ағынынан ойып ала білген суреткер, әлгіндей бір көрініс, деталь арқылы-ақ ұжымдастыру жүзеге оңай аспағанын, бұл жолда талай-талай шырғалаң мен сарсаң, күдік пен толқу болғанын байқата алған.

Ал "Ұлбосын" атты әңгімесінде автор ауылдағы жалған белсенділердің зиянкестігін шебер көрсетеді. Жалпы, Б. Майлин шығармаларында колхоз қозғалысына орасан зардап келтірген арамза атқамінерлердің ұнамсыз қылықтары әшкереленіп отырады. "Ұлбосында" да солай. Колхоз жаңа ұйымдасып, әлі де көңілдері дүдәмал жүрген адамдарды шолақ белсенділер дүрліктіре түседі. Осыдан-ақ ондайлардың ауыл өміріне қаншалық залал келтіргенін сезуге болады.

Әңгімелерді Бейімбет Майлин өмірден алғандай етіп,өмірдегі тұрмыс – тіршілікті нақты іс – әрекеттер арқылы суреттейді.

Жазушы жеке адамдар өмірінің күнделікті қарым-қатынас шындығынан қоғамдық тіршіліктің сырын аңғарта біледі, "кішкентай" фактілерден үлкен тарихтың сипатын сездіреді.

Б. Майлиннің бірсыпыра шығармасында топас белсенділердің ұнамсыз бейнелері жасалған. Өздері ештеңенің жөн-жосығын түсінбесе де, мансапқа қызығып, көп нәрсені бүлдіреді. Ондайлар "шаш ал десе, бас алуға әзір", айқайға, зорлыққа үйір. Отызыншы жылдардың бас кезіндегі Қазақстанда орын алған нәубетке жандайшаптар айрықша себепкер.

Б.Майлиннің әңгімелері өмір шындығын дөп басып,көрсететін реалистік көрініспен, көркемдік биік өресімен,тақырыбының әр алуандығымен ерекшеленеді. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен тқоғам өмірін шынайы көрсете алған қаламгер.

Өзінің проза жанрындағы тұңғыш туындысы—"Шұғаның белгісі" хикаятын Б. Майлин жасы жиырмаға толар-толмаста "Садақ" атты қолжазба журналда жариялайды. Соған қарамастан, бұл шығарма күні бүгінге дейін қазақ прозасының айтулы үлгілерінің бірі болып қалып отыр. Егер ол кез — 1914—1915 жылдары — қазақ прозасының жаңа ғана бой көтере бастаған балаң шағы екенін ескерсек, онда мұндай ғажайып туындыны қолына жаңа қалам ұстаған шәкірт талапкердің дүниеге әкелуі танымдық тұрғыдан да ерекше қызық кұбылыс. Хикаятта ескі қазақ қоғамындағы кезекті мәселе — әйел теңсіздігі, бірін-бірі сүйген жастардың махаббат бостандығы әңгіме болады.

  "Шұғаның белгісі" — жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма.

Б.Майлин тудырған Шұға,Әбдірахман,Күлпаш,Жалбыр,Раушан,Дайрабай сынды образдар – типтік дәрежеге көтерілген бейнелер. Бейімбет атамыздың шығармаларын оқығанда бұлардың бәрін көргендей,бәрімен бірге жүргендей боламыз.Мұнысына қарап Бейімбет Майлинді өз заманының тарихын жазған тұлға деп атасақ та қателеспейміз.

Шамамен, XX ғасырдың алғашқы ширегінде қатарласа қалам сілтеген өзінің дарынды замандастары сияқты, Б.Майлин де бір емес, бірнеше жанрда өндіре еңбектенген әмбебап суреткер. Бұл өзі жалпы, жас, жазба әдебиеттің әлеуметтік күшті сұраныс жағдайындағы қалыптасу дәуіріне тән сипат болса керек. Өзі отына күйіп, суығына тоңған, кім-кімнен де артық болмаса, кем білмейтін және поэзиясы мен прозасында суретті шежіресін жасаған өмірді "жанды қалпында" көрермендер мен сахна арқылы беттестіру өзіне де қызық көрінген. Оның үстіне, әсіресе прозасындағы тұрмыс суреттері мен типтік кейіпкерлері қатты кызықтыратын оқырмандар оларды сахнадан көргілері келгені анық.

Осылар түрткі болған еңбекқор талант бұл жанрда да кұлшына қалам сілтейді, соның нәтижесінде қазақтың жас драматургиясына саны жағынан да, көркемдік құндылығы (жанрлы сапасы) жағынан да сүбелі үлес болып қосылған туындылар береді. Олардың қазақ әдебиеті тарихында алатын орны жағынан елеулілерінің ұзын саны 10-нан асады. Олардың ішінен "Шаншар молда", "Ауыл мектебі", "Неке қияр", "Амангелді", "Көзілдірік", "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан" тәрізді көп актілі комедиялар мен драмаларын бөліп атауға болады.

Әсіресе мінезді саралап, образ сомдауда үлкен шеберлік танытады, кейіпкерлер даралана, ірілене түседі. Пьесаның мазмұны қыз айттырудан неке қию төңірегіндегі ырым-жырымдарымен қоса алынған көне салттың көлеңкелі жақтары десек, соның бәрін, атынан да көрініп тұрғандай, Ылаңбайдың (бас кейіпкер) іс-әрекеті, сойқанды қылықтары арқылы көрсетеді.

"Драмалық ірі серпін". "Майдан" — тек Майлиннің ғана емес, бүкіл қазақ драматургиясының ірі табысы саналатын драма. Таланттың қадір-қасиетін тануда алдына жан салмайтын көреген М.Әуезов бұл пьесаны кезінде "драмалық ірі серпіннің басы" деп бағалаған.

Драманың мазмұнына аты шулы ұжымдастыру кезеңінің оқиғалары алынған. Ұжымдастыру әсіресе қазақ елінің тарихындағы зардабы осы күнге дейін жойылып бітпеген, жұрт дұрыс айтьш жүргендей, аса қасіретті нәубет болатын. Нәубеттен үріккен халықтың бір бөлігі жаяу-жалпылы шекара асып, жат жұртка кіріптар болды. Бейімбет шығармаларын оқығанда қазақ өмірі мен қазақ дағдысын,қазақ табиғаты мен адамын анық көреміз.Оның кейіпкерлерімен танысып,өз қасыңнан соларға ұқссайтын,әрекеті ұқсасадамдарды тауып отырасың. Шығармаларында кейіпкерінің образын бірден ашып бере салмайды.Оны оқиға желісі арқылыкейіпкердің іс – әрекетімен,ішкі ойынан немесе диалог арқылы білдіреді.Осылайша кейіпкердің шынайы бейнесін тудырады.  Кешегі ХХ ғасыр басындағы барша ауыртпалықтар мен асыра сілтеушіліктер түп-түгелімен Бейім­бет шығармаларынан ойып орын ала білген. Оны көру үшін, әрине, жіті көз керек. 

Оның кез келген шығармаларынан елім деп соққан жүрегінің лүпілін сеземіз.Бүкіл қазақ бауырына жаны шырқырап,бауырына тартқысы келді. Қазақ халқының жаңа бір белеске шыққанын ,жаңа өмірдің есігін ашқанын көрсетті.Қазақ қоғамының біртіндеп алға жылжи бастағанын аңғартады.

Бейімбет шығармаларының өте қарапайым тіл­мен жазылуы халықтың жүрегіне жа­қын, түсінуіне оңай, тіпті ел ішіндегі шындықты «өз тілімен» баян еткендей әсерде боласыз. Бейімбет туындылары риясыз таза шындық, бөгде қоспасы жоқ мөлдір шындық, өзі жасаған замандағы қазақ өмірінің айнасы. Ол айна халық болмысының сырт құбылысын, адамдардың сан алуан характерлерінің суретін түсіріп қана қоймаған, сонымен бірге өмірдің терең ағымдарын, адамдардың рухани бейнесін де тамаша түсіндірген. Ұлы өзгеріс, қоғамдағы түбірлі өзгеріс жылдарындағы қазақ қоғамының шындығын аша білген. 

Бейімбет сияқты реалист суреткерлердің туындысы, сол кезең өмір шындығының көркем бейнесі, әдеби ескерткіші болып қалды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!