Жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл ШЫҒАРМАЛАРЫ ХАЛҚЫМЕН БІРГЕ
Бейімбет Майлин – ұлттық әдебиеттің классигі. Ол қазақ әдебиеті жанрларының барлығына жуығының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның жазған 250-ге жақын ақындық, жүзден астам прозалық және драмалық шығармалары мен опералық либреттолары бар.

Сонымен бірге ол сыншы-сықақшы, сценарий жазушы, очеркші болды. Оның “Шаншар молда”, “Неке қияр”, “Көзілдірік” пьесалары өткен ғасырда қала көшелері мен қазақ киіз үйлерінде талай қойылды. “Жабық жиналыс”, “Хаттама”, “Келін мен ене” және тағы басқа пьесалары да – құнды дүниелер.
Бейімбет Майлин Қостанай облысында дүниеге келді. Әкеден бір жасында жетім қалған ол жоқшылықтың зардабын тартады, жеті жасынан бастап байдың қозысын бағады.
Мұның әсері-жазушының қазақ әдебиетіндегі қысқа әңгімелер жазудың шебері болып шығуына ұштасады. Бейімбет Майлин мұғалім де болып қызмет істеді.
Әуелі екі жыл ауыл молдасынан, кейіннен Троицкідегі Уазифа мектебінде (1913-1914) білім алады. 1914 жылы ол Уфадағы әйгілі “Ғалия” медресесіне түсіп, И.Крылов, Н.Гоголь, Л.Толстой, т.б. орыс жазушыларының шығармашылығымен танысады. Оған әсіресе, А. Чеховтың қысқа жазылып, көп ұғым білдіретін шағын әңгімелері ерекше әсер етеді. Чехов үлгісімен қысқа әңгімелер жазып, қазақ әдебиетіндегі осы жанрдың майталманы болды. Алайда, денсаулығына байланысты “Ғалия” медресесін аяқтай алмай, ауылға барып мұғалімдік қызмет атқарды. Осы жылдары өлең жазуға шындап бет бұрады. Өзі көріп, куә болған әйгілі 1916 жылғы дүрбелең мен Қазан төңкерісі тұсындағы халық өмірінің шындығын алғашқы өлеңдеріне арқау етті. Халық тағдыры мен мұңы – Б.Майлин шығармаларының негізгі тақырыбы. Ол журналистік қызметін “Еңбекші қазақ” газетінде бастап, кейіннен “Ауыл”, “Қазақ әдебиеті” газеттерінде редакторлыққа дейін көтерілді.
Жалпы өткен ғасырдағы 20-жылдардың екінші жартысы мен 30-жылдар – Бейімбет шығармашылығының мейлінше өнімді кезеңдері. Оның қаламгерлік есімін көпке кеңінен мәлім еткен өлеңдері, поэмалары, прозалық және драмалық туындылары осы кезеңдерде жазылып, жарық көрді.
Бейімбет Майлиннің алғашқы өлеңдері қатарына “Мұсылмандық белгісі”, “Байлыққа”, “Ауыл”(1912-1915), т.б. жатады. Бұл өлеңдерде жас талапкер ел ішіндегі ескілікті, әдет-салтты, атақ-билікке таласқан ел ағаларының жағымсыз қылықтарын сынайды. Ақын барлық шығармашылық ғұмырында кедей өмірін жырлап өтіп, Мырқымбай бейнесін жасады.
Оның проза саласындағы шығармалары мол әрі олар алуан жанрлы. Әңгімелерінде автор негізінен 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі оқиғаларын, бұрынғы өміріндегі ескі тұрмыстық жайларды, төңкерістен кейінгі кезеңдегі кеңестік шараларды (ауылды кеңестендіру, колхоздастыру), әйел теңдігін, т.б. арқау етті.
“Шұғаның белгісі” – Бейімбеттің алғашқы прозалық туындысы, ол 1915 жылы “Ғалия” медресесі шәкірттерінің “Садақ” деп аталатын қолжазба журналында жарық көрген. Автор кейіннен толықтырып, өңдеп 1922 жылы “Қызыл Қазақстан” журналына бастырды.
Әйел теңсіздігін негізгі тақырып етіп алған Бейімбет Майлиннің басты кейіпкер – Шұға өмірі арқылы сол кездегі қазақ әйелдерінің басындағы қиыншылықтарды суреттейді. Шұға – байдың қызы, ал оның сүйген жігіті –Әбдірахман кедей отбасынан шыққан. Кедейдің байдың қызына ғашық болуы – қыздың әкесі Есімбектер үшін басынғандық, заманның азғаны. Екеуін қосуға болмайды деп шешкен қарсы топ Әбдірахманды жалған жаламен жер айдатып жібереді. Ғашығынан айырылған Шұға күйіктен қайғырып өледі. Әңгіме айдаудан оралған Әбдірахманның сүйіктісінің өлімінің үстінен шығып, Шұғаның қоштасу хатын оқып, ауыр азапқа түскен күйін суреттеумен аяқталады. Осылайша, автор аяулы жас Шұғаның өлімі мен Әбдірахманның азапқа түсуіне себепші -ескі әдет-ғұрып пен қанаушылық қоғам иелері кінәлі деп түйіндейді. Екі жастың махаббатын баяндау арқылы төңкеріске дейінгі қазақ қоғамына тән әлеуметтік шындықты көрсетеді.
Бейімбет Майлин өз әңгімелерінде тек әйел теңсіздігін ғана көрсетіп қойған жоқ, ол сонымен қатар жаңа заман талабына сай қазақ ауылындағы тап тартысын, оған жетекшілік еткен қазақ әйелінің жаңа тағдырын да суреттеді. Мұны біз халық арасында танымал “Раушан – коммунист” еңбегінен көреміз. Ауылда өскен қарапайым қазақ әйелі саяси оқиғаларға орай, бірте-бірте сана-сезімі өзгеріп, әлеуметтік күрескер болып қалыптасады. Бұл жолда ол төрт белестен өтеді. Ең алдымен Раушанның ауылдағы бұйығы, сол кездегі қазақ әйеліне тән тіршілігі суреттеледі. Екінші саты - Раушан өміріндегі үлкен өзгерістерден – оның болыстық әйелдер жиналысына делегат болуынан басталады. Міне, осы кезден бастап, сана-сезімі өзгере бастайды. Ауылнай сайланып, ауылда тап күресінің тізгінін ұстауы – оның өміріндегі үшінші кезең. Раушанның өсу жолындағы шешуші кезең – оның үш жыл Орынборда оқып, білім-танымын жетілдіріп, елге оралуы. Осындай қым-қуат оқиғаларды суреттей отырып, автор Қазан төңкерісі арқылы бас бостандығын алған қазақ әйелінің тіршілігін көрсеткен. Шығарма тілі шұрайлы, әрі езуіңе күлкі үйірілетін жеңіл әзілмен жазылған. Оқиғалары да нанымды берілген. Жазушының тірі кезінде оның 40-тан астам кітабы баспадан шықты. 1960-1964 жылдары қазақ тілінде Бейімбет Майлин шығармаларының 6 томдық жинағы жарық көрді, кейіннен оның шығармалары бірнеше рет қайта басылып шығарылды. Бейімбет Майлы шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады.
Құралай ӘБІЛИНА, “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ филиалы “Солтүстік Қазақстан облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының бас маманы.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Беймбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы

шағым қалдыра аласыз