Материалдар / Бейнелеу өнері түрлері

Бейнелеу өнері түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалар өнер мектемтеріндегі көркемсурет бөлімінің ұстаздарына және көркемсурет мектептерінің педагогтарына арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2021
381
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Б.Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебі» КМҚК












Ашық сабақтың жоспары


Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары.













Педагог: Әсенов С.









2020-2021 оқу жылы

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Ашық сабақтың негізгі әдістемелік бағдары.

Педагог: Әсенов Сағындық Әсенұлы

Өткізілген күні:______________

Уақыты:_____________

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен таныстыру. Бейнелеу өнері жанрларына арнап сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену.

ә) Дамытушылық: Өнер шығармалары жайлы түсінігін кеңейту; жанрлар ерекшелігін ажырата білу қабілетін дамыту; өнерге қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру; суретші шығармалары арқылы оқушыларды әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.

Сабақ әдісі: «галереяға саяхат», сұрақ - жауап, түсіндіру.

Сабақ көрнекілігі: Суретші шығармалары, тест сұрақтары, картиналар, плакат, сөзжұмбақ «Галерея».

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа даярлау.

Сабаққа қажетті құрал - жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбын баяндау.

Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі.

Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік - қолданбалы өнер.

Кескіндеме – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын шығарма.

Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.

Мүсін - әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық, ермексаз) дөңгелек көлемді кеңістікке сомдалған көркем шығарма.

Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері.
Сәндік - қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады.
Осы өнер түрлері ішінде айналамыздағы қоршаған дүниені шынайы, жанды етіп түрлі - түсті бояулармен суреттейтін өнер – Кескіндеме (кескіндеме) өнері. Кескіндеме жайлы мынадай аңыз бар: «Бірде грек суретшісі Зевксис жүзім суретін салыпты да, бояуы кепсін деп терезе алдына қойыпты. Сөйтсе құстар суретті шын жүзім екен деп шұқи бастапты». Бұл аңыз Кескіндеме өнері бізді қоршаған табиғаттағы нәрселерді сол қалпында айнытпай жеткізе алатынынан хабар бергендей.

Кескіндеме орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр.

Кескіндеме жанрларымен танысу үшін галереяға саяхат жасайық.
Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда ашылды. Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды.
Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» - француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды.
Пейзаж – табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой - қиялынан туады.

Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу.

Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар.
Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма.

Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар.
Анималистік жанр – жан - жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.

Енді бүгінгі сабақта алған білімізді топтық сайыс арқылы бекітейік.
3. Сайыс

Оқушыларды 2 топқа бөлу.

Әрбір дұрыс жауаптарға ұпай – қарындаш беріледі. Қарындаш саны көп топ жеңіске жетеді.

1.«Передвижник суретшілер» деген кімдер?

2.И.Е.Репин кескіндеменің қай жанрында жұмыс жасады?

3.Табиғат аясына барып сурет салу қалай аталады?

4.Салынған сурет қалай аталады?

5.Суретшілерді этюд салуға не итермеледі?

6.Станоктық кескіндеме деген не?

7.Монументалды кескіндеме деген не?

8.Пейзажда үлкен құрылыстар немесе зауыттар қоса салынса ол қалай аталады?

9.Француз тілінен аударғанда «өлі табиғат» деген мағына білдіреді?

10.Кескіндемедегі негізгі 3 түсті ата?

Оқушыларды бағалау.

4. Сабақты қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта бейнелеу өнерінің түрлері және жанрларымен таныстық. Түрлі жанрда жазылған суретші шығармалары қоршаған ортаны, табиғатты, дүниені танып - білуге, сұлулық пен әсемдікті көре, сезіне білуге ұмтылдырады. Бейнелеу өнері бізді сұлулық әлеміне жетелейді.
5. Үйге тапсырма.

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары жайлы оқып келу.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ