Материалдар / Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл мақала бейнелеу пәнінің мұғалімдерге көмегі бар деп ойлайым.Дәстүрден тыс әдіс -тәсілдер ақылы балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2020
940
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру

Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз етудің маңызы зор. Сондай- ақ балабақшада балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың және дамытудың дидактикалық әдістерін пайдалануды ұсынар едім. Елбасымыз: «Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның барша елдің, халықтың міндеті» деген.

Бүгінгі қоғам мүддесіне орай, жан‑жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру ең алдымен ата‑ананың, балабақшаның, оқу орындары яғни мектептердің, барша халықтың міндеті» ‑ деп атап көрсеткен. Осы тұрғыдан қарағанда мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заман талабына сай тәрбиелеп оқытуда балалардың дамуына, өзін-өзі бағалауына, ойларын еркін жеткізуіне, аса көп көңіл бөлу міндеттерін

«Ақ бота» балабақшасының педагогикалық ұжымы басты мақсат етіп қойды.

Балабақшада бүгінгі күнгі заман талабына сай алғашқы үйлестіру жұмыстары да жақсы жолға қойылған. Оның ішінде балалардың табиғаттағы, еңбектегі, өнердегі, өмірдегі ең әдеміні, жақсыны қабылдауы мен одан ләззат ала білу сияқты эстетикалық сезімдерін ояту арқылы, талғамдарын, қызығушылықтары мен мәдениеттерін тәрбиелеу мақсатында бейнелеу өнері пәніне және оқу қызметінен тыс қосымша вариативтік жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. Озат тәжірибені зерделеу және қорыту педагогика ғылымын дамытудың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады, өйткені, бұл әдіс өзекті ғылыми мәселелерді табуға мүмкіндік береді, педагогикалық үдерістің заңдылықтарын оқып үйренуге негіз жасайды.  Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласындағы- қазақтың ұлттық мектебін жасау, баланың шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші орынға иелену негізінде жан- жақты, ақыл- ой өрісін кемелденген баланың тәрбилеу мәселесін шешу қажеттігін қойып отыр. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет.   Шығармашылығы жоғары, дарынды балаларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу,  бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті балалардың жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қаматасыз етеді.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз  – балалардың бойында жасырынып  жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Сондықтанда осы тақырыпты таңдап алдым. Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырып, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Бала қабілеті мен әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, ізденімпаздықпен іскерлігін жетілдіру. Шығармашылыққа арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу өнеріне қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Егер балабақшада оқу қызметінде дәстүрден тыс әдіс- тәсілдерді тиімді қолданса, балалардың іскерліктері мен дағдылары қалыптасып, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтары арта түседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан- жақты дамуы үшін бейнелеу өнерінің маңызы ерекше. Балалар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер арқылы әсемдікке, сүйіспеншілікке тәрбиеленеді, жаңа заттармен, өмір құбылыстарымен танысады, таным қабілеттері дамиды, саусақ бұлшық еттері жетіледі, эстетикалық талғамдары оянады.Осы тұрғыдан қарағанда мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заман талабына сай тәрбиелеп оқытуда балалардың дамуына, өзін-өзі бағалауына, ойларын еркін жеткізуіне, аса көп көңіл бөлу керек.

Мектепке дейінгі ұйымдардың оқыту іс- әрекетіндегі негізгі мақсаты- баланың білім беру кезіндегі ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту. Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдармен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды- тұлғаны дамытудың ең басты тетіктердің бірі ретінде қарастырды, өйткені шығармашылық іс- әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен бірегейлігімен ерекшеленеді.Балабақшаларда педагогтардың және тәрбиешілердің негізгі міндеті: балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау, жаңаша педагогикалық технологияларды қолдана білу, жеке тұлғаның дамып қалыптасуына ыңғайлы жағдай жасау. Балабақша мен шағын орталық-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Педагогтің инновациялық қызметінің талабы - балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына, жаңалықты тез қабылдауына және өмірге бейімделуіне әсер ету, дербестікке тәрбиелеу,бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуін, сонымен қатар ұлттық салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетімізді, ұлттық рухымызды бойларына сіңіру. Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам - өз заманының баласы.

Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуы болып отыр. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. Ол үшін қазіргі педагог : -педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын; -педагогикалық өзгерістерге тез төселетін; -жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; -балалармен ортақ тіл табыса алатын; -білімді, іскер, шебер болуы керек;

Инновациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектепке дейінгі мекеменіңжұмысын дамытатын, балабақша өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір тәрбиеші-мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.

Инновациялық процестің кезеңдері:

иновацияның себептері;

жаңалықты жобалау;

жаңалықты жүзеге асыру.

Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Балабақша жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа тәрбиеші-мұғалімдерді, балаларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:

мектепке дейінгі мекеменің басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;

инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;

бағдарлама, жоспар бойынша мектепке дейінгі мекемеге ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;

әлеуметтік-экономикалық жағдай;

инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.

Жаңашыл педагогтар идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен балаларды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, тәрбиеші - мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар: - балалар мен тәрбиеші-мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы; - балаға атқарушылық және шығармашылық қабілетін (дамытатын жұмыстар беру; - баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы; - тірек идеясы; - жаңарту идеясы; - озу идеясы; - жаңа балабақша; - тұлғаны дамыту идеясы.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!