БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЖҮРЕК ПЕРНЕСІН ҚОЗҒАЛТАР ҚҰДІРЕТІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЖҮРЕК ПЕРНЕСІН ҚОЗҒАЛТАР ҚҰДІРЕТІ

Материал туралы қысқаша түсінік
. Бейнелеу өнерінің қазіргі қоғамда алатын орнын біліп ұғыну үшін, ең алдымен өнер деген не екенін білгенді жөн көрдім. Өнер туындыларының мақсаты-әр жүрек пернесін қозғалта білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ЖҮРЕК ПЕРНЕСІН ҚОЗҒАЛТАР ҚҰДІРЕТІ


«Өнер зағиптың таяғы емес,ол автор мен

көркемөнердің өзара түсіністігі және

шығармашылығы. Ал кенеп-қолдан жасалған

призма, экран, сен бір сәтке естен тандырып

қалдыратын дәлдігі анық айна...»

А.Қазығұлов


Суретші ұстазымның жүрегінен шыққан бұл жалынды ойларды «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» ретінде айтқым келеді. Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық дәстүр-бір күнде педагогтер қауымын ғана емес, бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық дәстүр, әдет- ғұрып кешегі қариялардан, ойшылдар мен сал-серілерден, шешен-билерден, ақын-жазушылардан мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Оның өміршең идеялары халықпен қайта қауышып, жүректерден орын алуда. Ұлттық салт- дәстүр жаңалық та, ғылым да емес, ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім –тәрбие мектебі. Педагогика ғылымы оны өзіне негіз етіп отыр. Ал, оның оқу-тәрбие процесіне енуі шын мәніндегі жаңалық.

Менің осы тақырыпты алу себебім, ол менің мектеп қабырғасынан –ақ басталған. Қазіргі таңда бейнелеу өнерін бағаламауынан болар, жүрекке сенім, ойға идея, сезімге шабыт беретіндей дәреже төмендігінен оқушыларға арналған үйірме жұмысында көретініңіз айдан анық. Мен бейнелеу өнерінің ішіндегі пейзаждың жас өспірімге тигізетін пайдасын суретшілер, ақындар, әншілер әрқашанда табиғатқа деген сезімдерін сурет, мүсін, өлең, ән, және би арқылы жеткізуге тырысқан. Өнер-өмір, ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнер-өмір көрінісі, ол халық ескерткіші. Өнер адамзат өмірінде, тарихында үлкен роль атқаратын өрісі кең, ұшы-қиыры жоқ, қиын да қызық жол. Ол арнайы талант, шындықты, шыдамдылық пен табандылықты, ақыл мен парасатты, терең ой мен көркемдік, сұлулықты талап етеді. Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде, ұрпаққа қалдыратын рухани байлықты көреміз. Өнердің тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін-оның әдемілік, әсемдік заңдарын жақсы түсіну шарт. Сондықтан біз халық өнерін айнала қоршаған әдемілікті, әсемдікті жете түсіні, сүйуіміз керек, өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып, оны үйренуіміз қажет.

Зерттеу жұмысымның көкейкестілігі:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға - деп Мұхтар ағамыз айтқандай, менің арманым жас талантты, болашақ мұғалім мамандығының иелерін бейнелеу өнеріне деген патриоттық сезімін арттыру. Себебі, Қазақ жеріне білекті мамандарды өсіріп, білім беріп өнер ордасының биік шыңына жету. Бейнелеу өнерінің қазіргі қоғамда алатын орнын біліп ұғыну үшін, ең алдымен өнер деген не екенін білгенді жөн көрдім. Өнер туындыларының мақсаты-әр жүрек пернесін қозғалта білу. Қазақтың көрнекті ұлы қылқалам шеберлерінің шығармаларын зерттеп, танытып, дамытылуына, тәрбиесіне, ұлттық мәдениеттің, өнердің кеңеюіне зор үлес қосады. Батыстық мәдениет әлемді жаулап бара жатқан уақытта, өз ана тілін сақтау, ұлттық дәстүрді, ұлттық мәдениетімізді сақтау, «Ұлт болып ұйыса алмасаң» дегендей тіліңді, дініңді, діліңді сақтап қалу және оны қазіргі ұрпаққа жеткізу бірінші кезекте тұр.

Зерттеу жұмысымның міндеті:

Жас қырандар балапан,

Жайнап қанат ұшырған.

Көздегені көк аспан,

Мен жастарға сенемін –деп Мағжан жырлағандай, тәуелсіз әкімдік саясат теңізінде желкенін өзгерістер желіне беріп, тізгінін көтерген капитанға ұстатып, жүзіп келе жатқан тәуелсіз елімнің үлкендердің үмітін ақтауына атсалысуымыз міндетті. Мектеп жасындағы балалар байқағыш, білуге құмар, аса әрекетшіл, көп қимылдағыш, сезімтал болғанымен оның бейнелеу өнерге қызығушылығық қасиеттерін жетілдіре түсуге ат салысу қажет. Эстетикалық тәлім-тәрбие олардың бойындағы осы айтылған қабілеттерді дамытуға үлкен септігін тигізеді.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының үлкен өмірін, салт дәстүрімізді, өзім білетінді, естіп, оқып білгенімді өскелең ұрпақтарға жеткізу, жеткізіп қана қоймай көз алдына елестету. Себебі: бұларды қала балалары тұрмақ ауыл өмірінен де кездестіру қиын.

Ғылыми жаңалығы: «Суретті қолмен жазбаймын, баспен жазамын»- дегені, жай қарап көшіре салу емес, оны ой елегінен өткізіп, жан-жақты ойластырып салу деп түсінуіміз қажет.

Өнер туындысы болып есептелетін барлық тарихи ескерткіштер мен классикалық шығармалар туындыларын көргенде біз оның әсемділігіне ғана қызығып қоймай, оның мазмұнына мән бере отырып, ұрпаққа қалдырған рухани байлықты көреміз.

Ұрпақты эстетикалық тұрғыда тәрбиелеуде, халықаралық өнер әлемін дұрыс түсіне білуге үйретуде бейнелеу өнері пәнінің маңызы зор. Экономикалық тұрғыда алсақ, кез келген өндірісте сапалық жағынан ғана емес, әсемдігі жоғары өнімдер шығарып жатсақ, бәсекелесу деген осы емес пе?

«Сурет салу –ғылым талап еткендей ақыл-ой қызметін талап етеді» - деп айтқан екен. Бұл-шындық. Өйткені, кескіндемеде дайын қағида жоқ. Кескіндемеші неғұрлым өнертапқыш болса, қолда бар материал мүмкіндігін кеңінен қолдана білсе, нұсқаның әр кейіпкердің әсерін көрсету техникасы нақышты болса, солғұрлым оның кескіндеме жұмысы тартымды, қызықты, жаңаша әрі шырайлы болмақ.

«Суретші көңілінде мәңгі ұялап қалатын бір сезім болады. Ол қуаныш сезімі. Қылқаламды алғаш ақ қағаз бетіне тартқаннан бастап, қашан қуат кеткенше сол сезім сенің өн бойыңнан арылмайды. Ол қуаныш әуелі суреткер бойындағы өмірдің ізденгіш табиғатынан туады. Сосын, мейлі, қай тақырып болса да, халық өмірінің шаттығы ма, елдігі ме, әлде өрлігі ме, әйтеуір осының бәрін қайтадан полотно бетіне тірілте алғанына қуынышты. Егер шын дарын иесі болса, әр шығармада суретшіні бұл сезім сан толқытып, сан бунайды. Ақыры автордың сол сезім аурудың ақ жүзінде, сәбидің пәк күлкісінде, болатшының жіпсіген маңдайының мөлдіреген жалғыз тамшы реңінде қалады. Қуаныш-қуаныш шақырса ғана қуаныш, сезім оятса ғана қуаныш. Егер ол болмаса, ендіше, ол суретші не дарынсыз, не өтірікші, жалған иллюзияның соңына түскен көз бояушы!...

Суретші тілі-бояу.

-Әуелі, табиғат-суретші. Біз оған жан бітіріп, сөйлетеміз, - деп айналаны жіті бақылап, жаттығудан жалықпау керек.

Дәстүрлі қазақ бояуларының тұспалы туралы сөз еткенде, суретші А.Қазығұлов шығармаларында қоңыр түс үстем болып келерін айту керек. Егер тіршілік жанға жайлы, жұмсақ болса онда қазақтың сөз қолданысындам «қоңыр» сөзі бой көрсетеді. Домбыраның үні құлаққа жағымды баритон болса, онда оны қоңыр домбыра дейді. Егер күн кешке арайланып, шуағы мол батса-қоңыр кеш, немесе ерекше кеш дейді. Жомарт, әрі жанға жайлы жерді қазақтар Байқоңыр деп атайды. Қоңыр күз-алтын күз, тірлік-қамсыз тірлік, қоңыр жел-жылы жел, жан тербететін жел.

Сонымен қатар жаныма жақын осы суретші ұстазымның жұмыстары сыртқы эффектіге арналған емес, олар белгілі бір көңіл-күй, еске алуды, ассоциацияны шақыратын сананың астары деңгейіне ықпал етеді. Қазіргі қазақ суретшілеріне көбінесе тән күнделікті өмірді салттау-түр жасаушы қасиет және кәдуілгілік пен сараңдылықтың, уақытшалық пен мәңгіліктің арасындағы параллель жүргізуге тырысу ретінде көрініс береді. Ия, бұл шындық...

Суретшілерді қоршаған ортаны бейнелеуде тек қана реалистік үрдісте болуға міндеттеуге негіз жоқ. Өзіндік стильді таңдау көптеген субьективті және обьективті факторлармен байланысты. Кейбір суретшілер декоративті әсемдік эффектісіне жетуге ұмтылады. Міне, сондықтан картинаның түгел бетін жабатын өрнектер мен кескіндемелік детальдерге толы суреттер дүниеге келеді. Ал басқаларында, керісінше, стиль барынша қатаң, фигуралар үш өлшемді кеңістікке берік орныққан.

Қазақ суретшілері шығармаларындағы дала тақырыбына мойын бұру жоғары құндылық әдісін меңзеп, оған статус береді. Қазақтың халық ауыз әдебиетінде, дәстүрлі музыкасында жырлаған,Отанға деген махаббат сезімінің эмоционалды және психологиялық нюанстарын өзіне қабылдаған қазақтың дәстүрлі музыкасында, тәрбиеленген қазақ табиғатының классикалық образы-дала заңды түрде өзін-өзі мәнерлеудің жаңа мәдени аумағындай кескіндемеде едәуір көлемді артефатқа айналды. Ауыспалы ұрпақтың мәңгілік сахнасы бола алатын даланың қасиеті кескіндемелік кенептерге мәңгілік құндылықтарды таратушы сипатқа ие болды.

«Поэзия-соқыр живопись,

Живопись-мылқау поэзия», деп Леонардо Да Винчи айтқан екен. Әрине, тілмен айтып жеткізе алмаған жерін одан әрі жүрекпен, сезіммен, көңілмен жеткізетін шығарма түрі.

Бейнелеу өнері-ғасырлар қолтаңбасы. Ата-бабаларымыздың тіршілігінің куәгері. Адамның рухани дамуына тікелей әсер ететін, оның көркемдік талғамын, өмір шындығына деген эстетикалық қазынасын қалыптастыратын өнер түрі.

Қорытындылай келе, «Өнер-өмір бұлағы», ізгілік пен әсемдік бұлағы. Өнерді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсінуі шарт. Өнер біздің қоғамда адамдарды, оның ішінде әсіресе, жастарды, өскелең ұрпақты рухани, мәдени, эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал болып табылады. Жастарды өнерді сүюге, халқының ұлттық дәстүрін, ескіріп бара жатқан салт-санамызды қайта жаңғыртып, жаңартуға, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді.

Менің өмірлік қағидам-өткенді білмей болашақ жоқ. Тарихын білмеген тексіздік!!! Біздің ұлттық салт-дәстүріміздің өмір тіршілігіндегі көп істер әлем алдында мақтануға тұрарлық. Біз халық өнерін айнала қоршаған әдемілікті, сұлулықты жете түсініп, сүюіміз қажет, өнердің тылсым ғажайып сырларын ашып, үйренеріміз көп ...

Мен сіздердің алдарыңызға жазған еңбектерімнің іздену жолындағы үлгілерін ұсынып отырмын. Полотно бетіне майлы бояумен Маңғыстаудың жазира даласын салуды жөн көріп, алдымен ақ қағаз бетіне түйені бейнелеу үшін қара қарындашпен бірнеше тобыр түйенің суретін бейнеледім. Іздене келе екі түйенің суретін қалдырып таулы, шөлді жерлерін бейнелеуге бекіндім. Күннің ыстығы мен маңғаз тартқан табиғатты сырлы бояудың түстерімен ашық реңкте палитра бетінде іздендуге тура келді... Алыстан мұнартып көрінген мұнайды бұрғылау құрылғылары да сурет бетінен еріксіз орын алды. «Жазира дала» картинасын майлы бояумен бейнелеуде көптеген уақыттар кетті, ізденістер де аз болмады. Міне, осы ізденіс кезіндегі жұмыстарымның үлгісі (триптих) мен мазмұнындағы мағлұматтар болашақ ұстаздардың педагогикалық қызметіне, олардың бейнелеу өнері саласындағы жеке өнерпаздық түпкі ойының іске асуына септігін тигізіп, қажетіне жарап қалар деген ойда толық қамтуға тырыстым.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2020
460
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі