400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейсен ағамның болмысындағы журналистің үш принципі

Материал туралы қысқаша түсінік
журналистикаға қысқаша шолу және оның принциптерін нақтылау. Бейсен Құранбекті мысалға ала отырып, толыққанды талқылау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Журналист дегеніміз – бүгінгі оқиғалар, үрдістер, мәселелер, адамдар жөнінде жаңа ақпаратты аудитория үшін жинақтайтын және таратумен айналысатын тұлға. Журналистер үш принцип негізінде әрекет жасауы шарт. Ал Бейсен Құранбек журналист ретінде негізгі үш принципті ұстанды ма? Ендеше, Бейсен ағамыздың болмысына үңіле отырып, журналистің үш принципі туралы ой тарқатайық.

Журналистиканың негізгі принципі – шындықты айту және халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу болса, журналистің басты міндеті – шындық үшін күресу және қоғам игілігіне адал қызмет ету. Расында да, шынайылық – журналистің бойында болу керек басты дүние. Билікпен халықты ұштастыратын, шынайы һәм адал бола білген журналистердің ғана аты алтын әріппен жазылмақ. Мәселен, Бейсен ағам бүкіл қазақ халқының жүрегін бір-ақ кілтпен аша білді. Ол – шынайылық. Миллиондаған жүректі шынайылықпен баурады. Көпшілік бас иіп жатқан кәсіби шеберлігінің де, тамам жанды тәнті еткен дархан көңілінің де сыры сонда. Бейсен ағамыздың да идеал тұлғалары болды. Олардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Өйткені ол кісі де шындықтың жанашыры болған адам. Өзің қалай бар, солай көрсетті. Тек шындықты ғана қолдады. Ал Бейсен ағам оны үлгі тұтты. Шынайылық болған жерде әр іс оңға басады. Болмыстың дүниедегі бір міндеті – өлгенше ақиқатты іздеу. Барлық жағдайда шынайы болу. Ал журналистер қоғам алдында жауапкершілік арқалағандықтан, бұл жолда қателеспегені абзал.

Келесі – гуманистік принцип. Яғни, жалпыға ортақ құндылықтар негізінде құралған. «Адамның адамдығы адамгершілігінен танылады» демекші, журналист үшін де адами құндылықтар аса маңызды. Болмыстың ядросынан жарып шыққан мейірім, махаббат, кешірім, жауапкершілік, еркіндік, әділдік, уәдеге беріктік, сабырлық сияқты қасиеттер адамды ешқашан орға жықпайды. Бейсен ағамыз өзінің адамгершілігімен «Айтуға оңай» арқылы миллиондаған қазақтың жансарайына өтіп кетті. Бейсеннің ішіндегі адами әлемі мейірімнен құралды. Қарапайым студент, еден жуушы әйел, күзетші болсын, бәріне де мейіріммен қарады. Адамзатты сыйлап, құрметтей білді. Осыған орай, өзгелер де Бейсенге асқан ықыласпен қарады. Абай атамыздың өзі де «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, Не қызық бар өмірде мұнан басқа?!» деп адамды өмірге деген махаббатқа шақырды. Адам болмысы қоршаған ортамен тығыз, мағыналық қатынаста болуы керек. Ал журналистер үшін бұл – негізгі принципке айналған.

Соңғысы – халықтық принцип. Бұл принципті үш тармаққа бөліп қарастырып көрелік. Алдымен, ұлттық қызығушылық. Яғни, халықтың негізгі күші мен қажеттіліктеріне бағдарлану. Сосын қоғамға шынайы, сауатты ақпарат беру міндетін атқару. Сонымен қатар, өз төл мәдениетін қорғау және дамыту. Меніңше, бұл принципті де Бейсен Құранбек атқара білді. Саналы ғұмырын мәнге толтырды. Жатпай-тұрмай ел үшін еңбек етті. Артына өшпес із қалдырды. Бейсен ағам жұмысында әрбір кейіпкердің тағдырына асқан жауапкершілікпен қарады. Өзінің дархан көңілімен тамам жанның қажеттіліктерін арқалап, әрекет жасады. Халық үшін қызмет етіп, өзінің төл мәдениетін әр кез дәріптеді. Табиғатпен де, адаммен де сырласа білді.

Қорыта айтқанда, Бейсен Құранбектің журналистік болмысы – шынайылық, гуманизм және халыққа қызмет ету принциптерімен астасып жатыр. Ол журналистиканы тек ақпарат жеткізудің құралы ретінде емес, адамға қолдау көрсетіп, қоғамға ой салатын үлкен жауапкершілік деп түсінді. Оның әрбір ісінен шындыққа деген адалдықты, адамға деген құрметті және елге деген жанашырлықты байқауға болады. Бейсен ағамыздың өмір жолы – журналист болуды армандаған әр жасқа үлгі. Себебі нағыз журналист – халықтың сөзін сөйлеп қана қоймай, оның мұңын түсініп, қуанышын бөлісе алатын, шындық пен адамгершілікті қатар ұстайтын тұлға. Бейсен Құранбектің артында қалған өнегелі жолы осы үш принциптің журналист болмысы үшін қаншалықты маңызды екенін айқын көрсетеді.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.09.2026
60
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі