Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бензиндердің таңбалары (маркалары) және оларды қолдану

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнаулы пән мұғалімдеріне дайын сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


топ


күні


«Бекітемін»

Директордың оқу-өндірістік

жөніндегі орынбасары:

___________


Сабақ жоспары:


Сабақтың тақырыбы: Бензиндердің таңбалары(маркалары)және

оларды қолдану

Сабақтың білімділік Бензиндердің таңбалары және бензиннің

мақсаты: таңбасындағы сан мен әріптердің мағынасы

жайлы мәлімет беру.

Тәрбиелік мақсаты: Өз мамандықтарын игере отырып,

жүйелілікке,өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой- өрісін дамыту, пәнге

қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: пікірталас

Материалдық-техникалық

құрал-жабдықтар: оқулық, дәріс, слайд


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

- оқу құралдарын тексеру ;

- сабақ мақсатын хабарлау;

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау:

  • Бензин дегеніміз не?

  • Бензин таңбалары?

  • Бензиндерді реңдерімен ажыратып беріңіз.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Бензин қажеттілігі қозғалтқыштың құрылымдық ерекшеліктері мен автокөлікті пайдалану жағдайларына байланысты.

Автокөліктің карбюратор (бензинді) қозғалтқышы тек сәйкес түрде сапалы бензинмен жұмыс істегенде ғана қажетті қуатты дамыта алуы, бөлшектердің қалыпты түрде тозуы және үнемді болуы мүмкін. Қозғалтқыштарды жасау кезінде сығылу дәрежесін таңдау, жұмыс қоспасының қыздыру қарқындылығы, карбюратор сұлбалары, суық қозғалтқышты іске қосуды жеңілдетуге арналған құрылғылар және қозғалтқыштың басқа құрылымдық параметрлері бензиннің белгілі бір сұрыптарын пайдалануды есепке ала отырып жүргізіледі.

Автокөліктер сәйкес емес сападағы бензинді қолданбауы керек. Аса жоғары сапалы бензинді қолдану бензинге жұмсалатын шығынды ұлғайтуы мүмкін, ал сапасы төмен бензин қозғалтқышты жөндеуге жұмсалатын шығынды көбейтіп, автокөліктің беріктілігін, сенімділігін азайтуы ықтимал.

ГОСТ және техникалық шарттарда көрсетілетін бензиндердің қарастырылған физикалық-химиялық қасиеттері олардың пайдалану сапасын жеткілікті түрде толығымен сипаттайды. Алынған бензиннің сапасын анықтау үшін сынамасын дұрыс іріктеп-таңдау қажет. Бензиннің сынамаларын іріктеу үшін сынама іріктеушілер немесе шөлмекті құралдар қолданылады. Қажетті тереңдікке түсіргеннен кейін сынама іріктеудің немесе шөлмектің тығыны ашылады да, ауада көпіршіктердіңбөлінуі тоқтатылғаннан кейін сынама іріктеуді (шөлмекті) бензиннің сынамасымен суырып алады.

Зертханалық талдау жүргізуге мүмкіндік жоқ болған кезде және қолдағы бар бензинді қолдану мүмкіндігін шамамен анықтауда, сыртына қарап түсін, мөлдірлігін анықтайды, сондай-ақ қарапайым әдістермен айырмашылығын және бензиннің булануын тексереді.

"Нормаль80", "Регулятор 91 және 92", "Премиум95" және "Супер 98" бензиндері этилді емес, түсі мөлдір, А-76 бензині - сары, ал АИ-95 бензині - бозғылт-сары түсті. А-80, А-92, А-96 бензиндері - түссіз немесе бозғылт-сары түсті.

Булануын тексеру үшін ақ қағазға шыны таяқшамен отынның тамшысын тамызады да 1-2 мин. уақыт өткеннен кейін буланудан қалған қалдықты қарайды. А-76 бензині буланғаннан кейін болмашы дақ қалады, қалған таңбалы бензиндер буланғаннан кейін мүлдем із қалмайды.

Құрамында шайырлы заттар бар бензин ақ қағазда сары немесе қоңыр түсті шеңберлер қалдырады.


ІV. Сабақты қорытындылау:

  • Бензин қандай тәсілдер бойынша өңделеді?

  • Бензиннің құрамына қандай химиялық элементтер кіреді?

  • Бензиннің қандай таңбаларын білесіз?

  • Бензиннің таңбасындағы сан мен әріптердің мағынасы.

  • Бензиннің сапасын жоғарылату үшін қандай қоспалар қосылады?

  • Сәйкес бензин таңбасын қолданбаған кезде автокөлік қандай жағдайда болады?


V. Үйге тапсырма: С.Скрынник, Т.Рахманов

«Автомеханиктерге арналған материалтану негіздері»

92-93 беттер




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2019
1242
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12