|
Ұйымдастыру кезеңі (7
мин)
|
- Сәлеметсіңдер ме
балалар!
Биыл балалар әдебиетінің атасы атанған
Бердібек Соқпақбаевтың дүниеге келгеніне 100 жыл толып отыр.
Бүгінгі сабағымызда Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен
шығармашылығына тоқталып, қызықты ақпараттар білетін
боламыз
Жазып та көрдім мен де
өлең,
Жазып та көрдім, қара
сөз.
Ерте ме, кеш
пе, мен де өлем,
Өлмейді тек
дана сөз
Б.Соқпақбаев
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша
орындарына отырады.
|
презентация
|
|
Сабақ басы (13
мин)
|
Бердібек Соқпақбаев
1924 жылы 13 қазанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қостөбе ауылында дүниеге
келді.
Ол 14 жасынан бастап өлең жазған. 1949 жылы Абай
атындағы педагогикалық институтын бітіріп, ауылында мұғалім болып
жұмыс істеген.
Ол «Жұлдыз», «Балдырған»
журналдарында да жұмыс істеген. Қазақстан Жазушылар одағында түрлі
қызметтер атқарған.
Шығармалары:
|
Оқушылар берілген
мәліметтерді түсініп оқып
шығады
Шығармаларымен
танысады
|
презентация
|
|
Ортасы (20
мин)
|
"Сегіз жасымда шешем өліп, жетім қалдым.
Колхоздастырудың алғашқы жылдары, ең бір қиын кез. Осы күннің
өзінде жүрегім қарс айырыла жаздайды. Япыр-ау, қалай тірі қалдым?
Осы күнге қалай жеттім? Нағыз итжандының өзі екенмін-ау деп
таңданамын", - деп жазды қаламгер естелігінде.
Б.Соқпақбаев
"Дүниеде мен үшін одан асқан жексұрын сөз жоқ.
Балалар, менің қымбатты жан достарым! "Жетім" деген тажалдай суық
сөзді айтпаңдар, айналайындар! Ұр, соқ, төбелес! Тіпті етінен ет
кесіп ал, бірақ әлгідей деп тілдеме. Аяңдар!"
Б.Соқпақбаев
«Бердібек - сөзіне берік, ісіне ұқыпты жан. Мен
білетін жазушылардың ішіндегі қарапайым, шаруақоры. Өзіне де,
өзгеге де қатал, тура, әділ».
Мұзафар Әлімбаев
Бердібек Соқпақбаевтың өз
дауысы:

-
С уреттегі кейіпкер қай шығармадан
алынған?
-
Кейіпкер туралы не
білеміз?
-
Кейіпкерге мінездеме беріп
көріңдер
Бейнеролик.
Қожаның монологы:

Сұрақ жауап: Бұл қай
сәт?
-
Жанар мен Қожа не үшін
ренжісіп қалды? Бұл қай сәт?
-
Бұл кішкентай бала не сұрап
тұр? Бұл қай сәт?
-
Қожа кімді көздеп тұр? Бұл қай
сәт?
-
Қожа не үшін көзіне жас алды?
Бұл қай сәт?
-
Майқанова апай неден шошыды
деп ойлайсыңдар? Бұл қай сәт?
|
Оқушылар жазушының сөздерін
оқып өз ойларын ортаға
салады.
Жазушы жайлы жазылған Мұзафар
Әлімбаевтың сөзін оқып, өз ойларын
айтады
Оқушылар жазушының өз дауысын
естіп, онда айтылған ақпараттар жайлы өз пікірін
білдіреді
Суреттегі кейіпкерді тауып,
оған мінездеме береді
Қожаның монологын тыңдайды,
талқылайды
Оқушылар шығармадағы кейбір
сәттерді тауып, сипаттайды
|
Презентация
Суреттер
Бейнеролик
Суреттер
Бейнеролик
Интерактивті
тақта
|
|
Соңы
|
Қорытынды
«Білім
сандығы»
әдісі.
- Балалар, бүгінгі сабқтан
алған білімімізді қорытындылау үшін білім сандығына бүгінгі
сабақтан алған қызықты және пайдалы ақпараттарымызды
саламыз.
- Бүгінгі сабағымыз осымен
аяқталды. Сау
болыңдар!
|
Сабақтан алған әсерлерімен
бөліседі
|
презентация
|