Берекелі, Алтын күз!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Берекелі, Алтын күз!

Материал туралы қысқаша түсінік
күз меркесіне арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: “Берекелі Алтын Күз!”

Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Ортаға әдемі киінген Алтын күз шығады.
Алтын күз: - Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.
- Сіздер білесіздер ме? Бүгін менің туған күнім. Соған менің қонақтарым, достарым келу керек еді, соларды күтіп жүрмін. Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін қонақтарым шығар келе жатқан.
(Әуен ойналып, залға қолдарында жапырақтары бар балалар кіріп, орындарына тұрып би билейді.

1-жүргізуші: Саламатсың ба, Алтын Күз? Туылған күнің құтты болсын. Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз. Өзіміздің ән, би, тақпақтарымызды ала келдік. Енді Алтын күз өзіңе арналған балаларымыцздың тамаш әнін қабыл алғайсың.

Жеміс тердім”
(Балалар билеп болғасын қолдарындағы жапырақтарын Алтын күзге сыйлайды)

Алтын күз: Рахмет достарым.
Алтын күз: Құтты болсын тойымыз
Сәтті болсын ойымыз.
Бүгін менің мерекемде,
Той тойлайық бәріміз.

Күз туралы тақпақтар:
___________

Біздің елге келіпті ғой, Алтын күз,
Жомарттығын бақылайық бәріміз.
Кім табады, кім айтады?
Қандай екен Алтын күз?



______________

Шоғы толған гүлдей жайнап,
Жарқырайды Алтын күз.
Сайраңдадық күліп, ойнап,
Келді міне, Алтын күз.
_____________
Дала сары секілді
Самал соқты салқындау.
Қырманға дән үйілді,
Алтын астық, алтын тау.

______________

Қамба толы астыққа
Алғыс саған, Алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап – қап қауын алдық біз.

Ойын: _________________________
Алтын күз: Рахмет, сендерге.
1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар, бүгінгі Алтын күздің туған күніне әдемі би билеп берейік
Би: «Алтын күз» биі
Алтын күз: сенің туған күніңді құттықтауға жемістерде келді соларға құлақ түрсек
Қызынақ:

Бақшамызға көптеген,
Қызынақты өсірдік.
Күз болғанда шырынын
Дайындадық мол етіп.
Қияр:

Қияр деген мен болам,
Ерте пістім бақшада.
Салат жасап өзімнен,
Қуантамын бәріңді.
Қырыққабат:

Қабат-қабат тоным бар,
Капустаңыз мен болам.
Аспаз тәтей дәмді ғып,
Дайындайды әрдайым.
Сәбіз:

Бақтан атам бақшаға
Әкелді сәбіз қаншама?
Сол сәбізден дәм татып,
Бойым өсті соншама.

Хор “Күз тамаша”

2- жүргізуші: Ал енді, Алтын күз, бәріміз ойын ойнайық.
Ойын: «көкөніспен жемісті ажырат»

Көрініс” алмадағы құрттар музыкалық номер
Жүргізуші: Алтын күз осы жеміс жидек, дәнді дақылдың бәріне жаңбыр болмаса осылай жайқалып өспес еді ғой сол себепті бәріміз осы жаңбырға арналған әнін тамашалайық

Ән: “Жау жанбыр”

Алтын күз: - Балалар, жарайсыңдар! Менің туған күнімді өте жақсы өткізіп менің көңіл күйімді көтердіңдер Ал тәрбиеші апай менің балаларға дайындаған сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін.Сіз балаларға топқа апарып таратып беріңіз.
Тәрбиеші: Күз бізге сыйлық бергеніңізге рахмет! Сау болыңыздар! Балалар залдан шығып кетеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2020
459
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі