Берекелі алтын күз,

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Берекелі алтын күз,

Материал туралы қысқаша түсінік
балалар күз мезгілінің ерекшеліктерін айту. жемістер мен көкөністерді ажырата білуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Келісемін:

Әдіскер:Ж.Амангелдиева



Берекелі алтын күз

Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.


Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу, күз байлықтары алтын, көкөніс, жемістер туралы білетіндерін толықтыру. Еңбекті, табиғат сұлулығын сүюге тәрбелеу.
Мерекелік безендіру: Зал мерекеге сай безендірілген, күзге байланысты суреттер, шарлар.

Жүргізуші: Құрметті тәрбиешілер және балабақша булдіршіндері! Баршамыздын дастарханымызга ырыс-берекесин алып келіп, мол өнімдерін сыйлап бізді ерекше қуанышқа бөлеп төрімізге Арайлы алтын күзіміз келді.

Жүргізуші:Армысыздар, бүгінгі кеш куәсі,
Алтын күзім тойланатын күн осы.
Табиғатым сары көйлек киінді.
Күзгі балды тойлауға жұрт жиналды.
Рұқсат болса, бастайық осы кешті.
Алтын күз мерекесімен құттықтау ушін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Жалгасбаева Кулшат апайға беріледі.

Жүргізуші: Алтын күз мерекесіне арнаған кешімізді тамашалаңыз.

Жүргізуші: - Ал, балалар, балалар,
                         Енді бері қараңдар.
                         Бізге қонақ келмекші
                         Сендерді бір көрмекші.
                         Әуелі жұмбақ жасырам,
                          Қулығымды асырам.
                          Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ:         Жиып-теріп болатын,
                         Қамбаға астық толатын.
                         Қызыл қырман ойнайтын,
                         Қай мезгіл деп ойлайсың?

Дұрыс, күз мезгілі.  Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
(Балалардың жауабы).
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз – Алтын күзді  шақырайық!

Келші, келші алтын күз,
Келші, келші жарқын күз.
Мерекені жалғастырып, 
Ойнап-күлші, алтын күз!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!
                    Сәлеметсіздерме ме, қонақтар!
                    Мен – Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
                    Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма!
                    Оған достым таң қалма! Жапырақта сиқырлы,
                    Ойын ойнар түр-түрлі!
Ән: «Күзгі вальс»

Шие: Шахназым


Мен моншақты шиемін

Құмарсындар білемін

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім


Өрік: Гүлім

Дөп дөнгелек сап сары

Ішінде бар дәні

Қызығасын көріп

Менің атым өрік.

Алма: Еркеназ

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім

Жерге сілкіп түсірме

Ісіп кетер маңдайым.

Алмұрт: Іңкәр

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Сәбіз: Амандос

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Картоп: Марғұлан

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатырмыз

Бір тамырдан тараған,

Ағайынбыз бәріміз.

Пияз: Сартай   

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз, бұқпаймын.

Көзден жасты шығарам.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.


Қызанақ: Нұрахмет

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып.


Қияр:Әли

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде.

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Жүргізуші:Қазақтың байтак жеріне,

Алтын күз келді мінекей

Ағаштары сарғайып,

Сап - сары болды әнекей.



Балалардың орындауына «Жапырақтар» биін тамашаланыз.

Би: «Жапырақтар»

  • Балалар күз мезгілінде неше ай бар?

  • Ендеше осы үш айдың тақпақтарын айтатын балаларды ортаға шақырайық.

Жүргізуші: Алтын күз енді «Өркен» тобының балаларының «Алтын күзде молшылық» әнін тамашаланыздар

Ән: «Алтын күзде молшылық»

Жүргізуші:Жеміс мол теретін

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген

Балалардың тақпақтарын тамашалаңыздар.

Балдәурен тобының бүлдіршіндерінің тақпақтарына кезек берейік

Балауса тобының бүлдіршіндерінің тақпақтарына кезек берейік

Өркен тобының бүлдіршіндерінің тақпақтарына кезек берейік

Дана

Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.



Нұрперзент

Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз



Жансұлтан

Құтты болсын алтын күз
Берекесі халқымның
Күзгі байлық тамаша
Шашуы көп салтымның


Нұрислам

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді


Гауһар

Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Ойын: Ағашта өсетін және жерде өсетін

Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды (Алма,банан т.с.с).

Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ топылдатады.(Картоп,жуа т.с.с)



Жүргізуші:Бұлбұл қайда әнімен

Оятатын тербетіп.

Теңселеді ағаштар.

Жаңбыр жауар желдетып деп «Қолшатыр» әнін тамашалаңыздар

Ән: «Қолшатыр»

Жүргізуші: Күзде өздері пісетін,

Тамаққа кеп түсетін
      Мақтанбақшы сендерге ,

Көкөністер сан түрлі!
Ортаға «Көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар айтады

Балдәурен тобының бүлдіршіндері.

Балауса тобының бүлдіршіндері


К ө р і н і с

Бағбан:(Тырмамен жер жыртып жүреді)

Мұқалмаған жігері,

Атай әлі күшінде.

Қашан көрсең жүреді,

Бау-бақшаның ішінде.

Қолы неткен епті еді,

Бәрін өзі істейді.

Ертелі кеш кетпені,

Иығынан кетпейді..(Кетеді)

Бағбан:(Күнбағысқа келеді)

Күнбағыс-ау, Күнбағыс,

Күнді сүйген сен нағыз.

Күн ауғанда сен ауып,

Төбеңнен күн өтпей ме?

Таңдайың кеуіп кетпей ме?

(Жуа,Сәбіз,Картоп ұйықтап жатады)

Күнбағыс кенет басын жерден жұлып алады.

Күнбағыс:-Күнді,күнді қараңдар!



Шуағын шашып,нұр төгіп тұр.

Қәне,тұрыңдар.Күнді көріңдер.

(Әрқайсысын жұлқылап оятады)


Жуа:Не болды?

Сәбіз:Бұл не айқай?

Картоп:Ұйқымды бұздың ғой.(Есінейді)

Күнбағыс:Әй,сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.

Жуа:Біздің адамдарға пайдалымыз.Менде С,В көп. Жөтелге,тұмауға,күйген жерге,басқада ауруларға еммін.

Картоп:Әй,әй!Жуажан,қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой.Адамға пайдалы деп мені айт.Менде глюхоза,крахмал,сахароза деген заттар бар.

Сәбіз:(Бетін шымшып):Ұят-ай!

Картоп дегенің мақтаншақ екен ғой.Мақтансам мен мақтанайын. Адамдар мені дірі-дәрмек үшін өсіреді.Содан соң тамақ ретінде өсіред.іМені қан азайғанда,демікпе болғанда,асқазан ауырғанда және де қатерлі ісіктерге де пайдаланады.Мен пайдалымын!

Күнбағыс:Уа,Адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсымыз адамға пайдалымыз.Айтып беріңізші!

Адам:Маған бәрің де керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар.Күнбағыстан алған майға жуаны,картопты,сәбізді қуырып тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімізді қолымыздан тастамаймыз.Енді дауды қойыңдар.Дәрілік қасиет бәріңде де бар.Күннің нұрын,ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер! (Кетеді)



Жүргізуші:Алтын алтын сары алтын

Алтын күзде нұр жатыр.

Жүргізуші: «Балауса» тобының ер балаларының «Көңілді би» би билеп бермекші.

Жүргізуші: Жемістер туралы тақпақтарына кезек берейік

Балдәурен тобы

Балауса тобы

Ән: Алтын күз

Жүргізуші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.

Дәнді дақылдардың тақпақтарына кезек берейік.


Би : Жемістер
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе?
Алтын күз: Білмейді екем...
Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.

Ойын: «Көкеністер мен жемістерді ажырат»

Шарты: 4 бала ойынға қатысады, 2 топқа бөлінеді.Көкеністермен жемістерді ажыратып жинайды. Қай топ тез жинаса сол топ жеңімпаз.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам.

Жүргізуші: Балалар ендеше ханшайымдарды шығарып салайық. Сау болыңыз!
Алтын күз: Керемет! Қандай әдемі! Балақайлар, менің басқа балабақша  бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты.  Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!

Міне, балалар, құрметті қонақтар осымен "Берекелі алтын күз"атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт,береке тілеймін.


 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.06.2018
433
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі