«Атбасар ауданының білім
бөлімінің Атбасар қаласы №7 қазақ орта
мектебі»КММ
Мерекелік іс
–шара
Тақырыбы: «Армысың, алтын
күз»
Откізген:Халел
М
4«А»
сыныбы
2018-2019 оқу
жылы
«Армысың, алтын
күз»
Музыка залы мерекеге сай
безендірілген.Жүргізуші кіреді.
Жүргізуші:
Қуандырып
біздерді
Мерекелді күз
келді.
Кел жемісті алтын
күз,
Кемелденсін ел
енді.
Құрметті қонақтар! Балалар!
Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған
берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын!
Ендеше «Алтын
күз» атты ертеңгілігімізді
бастаймыз..
(Музыка сахнаға балалар
кіреді)
Балалар
тақпақтары
Айша: Армысыздар
халайық,
Бармысыздар
халайық.
Күзгі тойда жұп
жазбай,
Келіңдер қарсы
алайық.
Гульназир: Күздің қазан
айында,
Алма, алмұрт
піседі.
Жапырақтар
сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр
етеді.
Нурай:Ән салайық
күліңдер,
Жайнап гүлдей
жүріңдер.
Күздің тойын
тойлайық,
Би билейік
ойнайық.
Мадияр: Алтын, сары, қызыл
көк,
Алуан, алуан
жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп
,
Көз тартады
атырап.
Ерасыл: Көбейді құт
береке,
Астық толы
қамбамыз.
Құтты болсын
мереке,
Алтын күзді
тойлаймыз.
Жұлдыз: Күн шуаққа
маужырап,
Жатыр еді
атырап.
Ағаштардан
жамырап,
Ұшты кенет
жапырақ.
Алихан: Берекелі,
мерекелі
Келді жомарт Алтын
күз.
Қалада да, далада
да,
Жаннның бәрі жарқын
күз.
Малика
: Жомарт күздің
біздерге,
Берерін алып
шашпайық.
Алтын күз тойын
сіздерге,
Өлеңменен
бастайық
Хор
: «Алақай, алтын
күз»
Жүргізуші Балалар бізге сонау алыстан
«Күз ханшайымы»келіпті
(осы кезде себетке толы
жемістері бар «Күз ханшайымы» кіреді.)
Күз
ханшайымы: Сәлеметсіздерме
балалар!Сәлеметсіздерме қонақтар
Балалар:Салеметсізбе!
Күз
ханшайымы:Уа халайық, дархан далам
армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал
мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп
тұр,
Алмақ болып бар халқымның
алғысын.
Мен күзгі ханшайыммын сендерді
көргеніме қуаныштымын.Мен сендерге сонау алыстан 4 а сыныбына
арнайы келдім. Маған өнерлеріңді
көрсетесіңдерме?
Балалар:Иә
Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы!
Төрлет.Біздің балалар әнде,тақпақтар ,биде билей алады.Біздің
балалардың барлығы ақылды.
Күз
ханшайымы:
: Мен күзбін, өте еркемін, сәл
нәрсеге ренжіп бұртиып, қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға
өкпелеп, көз жасымды аямай төгіп- төгіп жіберемін. Әйтсе де менің
жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін бәрі де
ұнатады.
Сол кезде тук тук деген дыбыс
шығады.
Жүргізуші:Балалар құлақ түріңдерші
бұлар кімдер екен.
Сол
мезетте 3 мезгілдер кіріп
келеді.
Қыс
ханшайымы: Сәлеметсіңдерме оқушылар мен
қыс қаншайымымын. Қараңдаршы мен қандай әдемі сұлумын. Мен сендерге
қыста Жаңа жыл мерекесінде аяз атамен бірге сыйлықтар беруші едім
ғой естеріңдеме? Сол себепті бүгінгі мерекені сендермен өткізуге
келдім.
Көктем
патшайымы: Армысыңдар құрметті
балалар,Мен көктем патшайымымын.Менің сұлулығыма ешнәрсе тең
келмес.Мен жан-жағыма жылулық сыйлап нұрымды шашамын.Мен болмасам
қар еріп жердің беті жылынбас еді ғой. Сондықтан бүгінгі мерекені
сендермен тойлауға келдім.
Жаз
ханшайымы: Есен саумысыңдар балалар. Мен
жаз ханшайымы боламын. Сендер жақын арада 3 ай бойы менімен бірге
болдыңдар. Асыр салып ойнап, жайдарлы жаз мезгілін тамаша
өткіздіңдер ғой. Сондықтан сендерді сағынғаным с ондай сендермен
бірге мереке өткізуге келдім.
Жүргізуші: Тоқтаңдар, қазір балалардың
өздерінен сұрап көрейік қай мезгіл ханшайымыммен қалуды ұнатады
екен.
Балалар хормен «Күз
ханшайымымен» дейді. Осылайша 3 мезгіл қоштасып кетіп
қалады.
Күз
ханшайымы Ал балалар олай болса мен
сендерге жұмбақ жасырайын
Ағайынды
бәрі,
Шықса
–жасыл
Түссе – сары. Бұл
не?
Балалар: Жапырақ.
Күз
ханшайымы:
Дұрыс
Ата –аналарға жұмбақ
жасырады
Көк ала костюм киеді,
Күннің көзін сүйеді.(Қарбыз )
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.(пияз)
Жүргізуші: Ән салыңдар
күліңдер,
Жайнап гүлдей
жүріңдер.
Күздің тойын
тойлайық,
Би-билейік
ойнайық.
«Күзгі вальс» әні қарсы
алыңыздар.
(Музыка сахнаға балалар
кіреді)
Жүргізуші: Ал, балалар өнерімізді
көрсетіп, мерекені тойлайық.
Көрініс «Көкеністер
пайдасы»
Көрініс: Айша мен Балжан
дүкенге келеді. Балжан анашым маған кола ,чипси, шоколад алып
беріңізші . Жоқ қызым ол тағамдарды жеу зиян. Сол кезде Балжан
жылайды. Содан соң Анасы оған сатып алып береді. Ол жеп болып тағы
жылай бас тайды. Тісім
тісім........деп
Жеміс –жидек көкеністер
пайдалы соларды же деп айттым бірақ сен .....бой
бермедің.
Сол кезде көкеністер
шығады.
(қияр):
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күймде.
Жаңа піскен кезімде,
Жейді бәрі сүйсіне.
(пияз):
Боламын мен демеуіш,
Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.
(сәбіз):
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күшке де.
(қырыққабат):
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда.
Мені қосса самсаға.
Жейді бәр ітамсана.
(қызанақ):
Піскенкезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен.
Барма адам сүйсінбей,
Томат шырынын ішпеген.
(Қызылша)
Мен де бірсөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелге.
Анасы
:
Көкөністер бәрі де ,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.
Балжан :
Барлығың да дәмдісіңдер,
Шырқап айтар әнімсіңдер.
Көзтоймайтын кереметтер,
Дастарханның сәнісіңдер. Енді мен тек сендерді ғана жейтін
боламын.
(Музыка сахнаға балалар
кіреді)
Күз
ханшайымы:Жарайсыңдар балалар. Мен
жалғыз келмедім өзіммен бірге досым қоянды ерте келдім.(Қоян кіріп
келеді)
Қоян: Балалар күз ханшайымы менен
бұрын кетіп калыпты мен артынан жүгіріп жүгіріп,секіріп секіріп
әрең жеттім.Менің ойнағым келіп тұр.Балалар менімен
ойнайсыңдарма?
Балалар Ия
Қоян:Ендеше ойынымызды бастайық.
Ойынның аты «Дәмін татып
көр».
«Күзгі жаңбыр суы» ата
анамен балалар ойнайды.
Қоян:Балалар ойын
ұнадыма?
Балалар
: Ия
Қоян: Ал ендеше балалар мені қасқыр
қуып жетіп алмай тұрғанда мен орманға кетейін.Сау болыңдар
балалар.
Балалар
: Сау бол
қоян
Жүргізуші:
Қарсы алайық қол
соға,
Өнерлі жас
қаншама
Мың бұралып,
билеген
« Жаяу » әні қарсы
алайық.
(Музыка сахнаға балалар
кіреді)
Жүргізуші Біріккен хор «Күз
келді»
Жүргізуші: Күз ханшайымы сізге біздің
балалардың өнері ұнадыма?
Күз
ханшайымы: Ия өте өнерлі балалар
екен.
Күз
ханшайымы:
Берекелі
бақ-дәулет
Арта түссін
тойланып,
Сау болыңдар,
балалар
Келгенше жыл
айланып.
Осы кезде әуен ойналады,
Күз ханшайымы қоштасып кетеді.
Балалар: Қош бол Күз
ханшайымы!
Жүргізуші: Күздің кереметі,байлығы өте
көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкеністерге,
жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек
ету керек. Міне балалар осымен «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз
аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыға
бақыт-береке тілеймін.