Материалдар / Берекелі Алтын қыз
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Берекелі Алтын қыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл-күй орнату.Балаларды ән салуға,би билеуге деген ынталарын арттыру.Зал мерекеге сай безендірілген.Әдемі ән ойналып,бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға отырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қараша 2022
214
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Берекелі Алтын күз»

Мақсаты: Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл-күй орнату.Балаларды ән салуға,би билеуге деген ынталарын арттыру.Зал мерекеге сай безендірілген.Әдемі ән ойналып,бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға отырады.

Кейіпкерлер:Күз ханшайымы;Қоян:

Жүргізуші: Қайырлы күн әріптестер! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Көтеріңкі көңіл күй тілей отырып сіздерді «Алтын күз» мерекемізге қош келдіңіздер деймін.

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын алтын мереке,

Алтын күзді тойлайық

Бүлдіршіндеріміздің орындауында

Қане балапандар орнымыздан тұрайық жарты шеңбер құрайық.

Ән: «Топ-топ балақан».

Береке бақ дарыған, 
Жомарт көңіл, жарқын жүз. 
Сары алтынға малынған, 
Жетті міне, алтын күз!

Балалар бізге біреу қонаққа келе жатыр қараңдаршы.

Музыка ырғағымен Алтын күз келеді.

Күз ханшайымы:

Алтын түске боялды

Тау мен қырда,дала ,түз

Келдім міне ортаңа

Менің атым Алтын күз!

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен Күз ханшайымы боламын,сендердің күз мерекелеріңе қонаққа келдім.Қараңдаршы айналаның бәрін алтын түске бояп та қойдым.Қандай тамаша!Барлығы сары түске боялған.
Жүргізуші: Қош келдің,Күз ханшайымы!Төрлет!Қонағымыз бол!Біз сізді асыға күттік.Енді бүлдіршіндеріміздің өзіңізге арнап жаттаған тақпақтарын тарту етеміз.

Тақпақтар:

Сұлтан

Керемет тамаша

Қандай әсем күз


Назар

Жапырақ ұшты

Суық та түсті

Айсұлтан

Айнала жым жырт

Көк аспан сұрғылт

Өлкемізге күз келді


Аяару

Келді міне күз

Айнала сары түс

Алтын күз: Балалар сендер тақпақты жақсы жаттап алыпсыңдар.

Алтын күз: Балалар сендер би билеуді білесіңдер ме?

Жүргізуші: Иә, Алтын күз біздің балалар биді өте тамаша билейді.

«Балапан» биі

Күз :Рахмет балалар жарайсыңдар!

Музыка ырғағымен Қоян келеді.

Қоян: Сәлем достар! Мен сендерге қонаққа келдім.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Жоғары шығыңыз. Қайдан жүрсіз?

Қоян: Мен қысқы азығыма сәбіз табалмай жүрмін .Сендер маған көмектесесіндерме?Мен қыста азықсыз қалатын болдым.



Алтын күз: Қоян мұңайма. Мына «Айналайын» тобының балалары өте көңілді балалар екен. Сенің көңіліңді көтереді және саған қысқы азығыңды табуға көмектеседі.

Қоян: Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойнайсыңдар ма?

Балалар: Иә

Ойын : «Сәбіз жинау» .

Шарты: Балалар жердегі шашылып жатқан сәбіздерді себетке жинап беру.Жылдамдыққа,шапшандыққа баулу.

Қоян: Балалар сендерге көп рахмет. Менің енді қысқы азығым дайын.

Балалар ойынды тамаша ойнайды екенсіңдер. Балалар мен енді қайтайын сау болыңдар!

Жүргізуші: Сау болыңыз.

Алтын күз: Балалар сендердің әндерің ,билерің өте тамаша екен. Мен енді сендер сияқты басқа да балабақшаның балаларына қонаққа барайын.Мен сендерге құр қол келген жоқпын,өзімнің себет толы күзгі сыйымды алып келдім.

Жүргізуші: Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды. 
Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды. 
Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.

Берекелі бақ – дәулет 
Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз, 
Келгенше күз айналып!

Жүргізуші: Берекелі,мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын.Еліміз аман болып,заманымыз тыныш болсын.Осымен біздің күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.













Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!