Берекелі Бейнеуім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Берекелі Бейнеуім

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы : Берекелі Бейнеуім

Мақсаты: Балаларға елін,жерін,Отанын,туған ауылын қасиет тұтып қадірлеуге құрметтеуге шақыру.Еліміздің жетістіктерімен таныстырып отанымызға қызмет етуге баулу.

Көрнекілігі:Кітап көрмесі,қанатты сөздер.

Жоспары:

Кіріспе:       1.Бағы жанған бағзы өлке.

                     2.Елімнің ерен жетістігі.

 Қорытынды:

1.Бағы жанған бағзы өлке:



Жүр: «Маңғыстау сонадайдан тозаңытқан,жүрегін талай ердің қобалжытқан»деп бұрынғылар толғаған қасиетті мекен бұл!Шығыс пен Батыстың алтын көпіріндей болған «Ұлы Жібек жолының»да сүрелерінің бір тіні осы өлкені басып өткен.Қазақстанның бүкіл тарихи-мәдени,сәулет ескерткіштерінің тең жартысынан астамын иеленетін бұл өңірде көшпенділердің көне мәдениетінің қайталанбас ғажайып із-өрнектері сайрап жатыр.Құтты қоныс,қазыналы өңір-үш жүз алпыс екі әулиелі Маңғыстау қай кезеңдерде де жұрт назарынан бекерден-бекер аудармаса керек.

    Еліміздің егемендік алғалы қазыналы өлкенің тіршілігінде жан-жақты жаңғырулар мен өркенді өзгерістер іске асып,экономикасы қалыпты арнаға түсті.Республикадағы мұнайлы аймақтың дамуына шетелдік,бірлескен және отандық мұнай компаниялары белсене араласуда.Тоғыз жолдың торабында орналасқан Бейнеу өңірі-береке дарыған ел.

1-оқушы: «Бейнеу»

      Туғызған талай тарлан хас ақынын

       Байтағын,дария болып тасытқан.

       Ойынан оркөз қоян ытырылса,

       Қырынан қызыл киік қалатұғын

       Періште мөлдірлік бар пейілінде,

       Перизат сұлулық тұр қою үнде-

      Шырылдап ала таңнан бозторғай-құс,

      Қандырар қара тастың мейірінде.

2-окушы:

     Қабырып қабақтары қазанды-орлар,

     Әр тұсқа әкетуге әзір жолдар.

     Төсінен құм көшіріп жентек шағыл,

      Келсеңдер кебіртекті жазық жандар…

3-оқушы

Жалғыз емес көлеңкеммен оңында,

 Қолында мұң,

 Көкрекке түйгенім.

 Бір арманның кетіп едім соңында,

 Саған қайтып келіп тұрмын Бейнеуім.

Саған қайтып келіп тұрмын оралып,

 Сырлар қосып,

 Жылдар салып араға.

 Болсаң шаттық,дүр үміттен тоналып,

 Тек өлеңім жұбанышқа жараған.

Жүргізуші : Бейнеу ауданы-еліміздің ең шалғай жатқан аудандардың бірі.Кезінде бұл аймақ арқылы Пекин мен Ресейді жалғастыруды мақсат тұтқан Ұлы Жібек жолының Ноғай жолы атанған бір тармағы өткен.Бейнеу ауданы 1973 жылы 20 наурызда аудан құрылған.

   Бейнеу ауданында 1 гимназия,1 гуманитарлық-экономикалық колледжі,1 мектеп-лицейі,өнер мектебі,спорт мектебі,1 кәсіптік лицей,8 орта мектеп,5 балабақша,1 ауылдық кітапхана,жасөспірімдер кітапханасы және балалар кітапханасы бар.Аудан тұрғындарына көмек көрсететін орталық аурухана,туберкулез емханасы оның бөлімшелері қызмет көрсетеді. «100 мектеп 100 аурухана»бағдарламасы бағытында ауданымызда 30 төсекке арналған туберкулез емханасының құрылысы басталды,және де 40 төсектік перзенхана салынды. «Бейнеу астық терминалы», «Бейнеу мал сою пункі»іске қосылды.Бірнеше тас өңдеу карерьлері жұмыс істейді.Жақын арада «Бейнеу сүт зауыты» өз жұмысын бастайды.Балалар ендігі кезекті ауданымыздан шыққан ақын-жазушыларымыздың өлең-жырларына берейік.

4-оқушы:

           Жолың түсіп жай іспен

           Қаншама алыс десең де,

           Бейнеуге келіп шай ішсең,

           Әмудария- кесеңде.

           Өмірден от ұрлаған,

           Бұл мекенге бардың ба?

           Дастархан міне тұр саған,

           Кең жайылып алдыңда.

5-оқушы:

             Ас келгенде алдыңа,

             Түгендеп көрсең тағамды.

             Білмеймін,қайран қалдың ба?

             Ұстайтын әнтек жағаңды.

              Қалай келген япыр-ау?

              Алматының алмасы.

              Осы алмада жатыр-ау

              Бір сырлардың жалғасы

6-оқушы:

              Ескеріп есеп бергендей,

              Іздесең Бейнеу өлшемін.

              Сезінесің көргендей-

              Астананың бөлшегін.

Қорытынды: «Берекелі Бейнеуім»

Жүргізуші:  Құрметті бүгінгі «Көрікті көркем Бейнеуім»атты тәрбие сағатында туған жеріміздің Бейнеу ауданының тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен қуанышты жаңалықтарынан таныстыңыздар!Бейнеу өңірі адамзат дамуы мен өркениеттің көшінен енже қалмады.Қай кездеде ұлы жолдардың тоғысында орналасқанБейнеу өлкесі экономикалық байланыстар мен ел аралық қарым-қатынастардың куәсі болып келе жатыр.Бүгін біз егемендігімізді алып,тәуелсіздік таңы атқан болашағы жарқын күндерге толы болатынына сеніміміз мол

Бейнеуім, Көрікті, көркем





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.10.2019
1821
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі