Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Берекелі, мерекелі – алтын күз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды мерекелерде әртістік қабілеттерін ,ән айтуда , билеу және ойындарда өз сезімдерін жеткізу машығын қалыптастыру.Күз мезгілінің қандай жомарт,берекелі екенін ,нан дастарханымызға қалай келетінін би арқылы көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Берекелі, мерекелі – алтын күз»

Мақсаты: Балаларды мерекелерде әртістік қабілеттерін ,ән айтуда , билеу және ойындарда өз сезімдерін жеткізу машығын қалыптастыру.Күз мезгілінің қандай жомарт,берекелі екенін ,нан дастарханымызға қалай келетінін би арқылы көрсету.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі «Берекелі, мерекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін барлығымыз бірге күз ханшайымының құпияларын ашайық!

Сарғайды тоғай, сап сары маңай

Соңғы әнін айтып, құс кетті қайтып,

Жапырақ ұшты, суық та түсті

Сонда да бізге, қызық көп күзде.

(бақшада бала жемістерді теріп жүр).

Жүргізуші: Ой, мында кім жүр? Сен не істеп жүрсің?

Бала: Жерге түскен жемістерді теріп жүрмін.

Жүргізуші: Жақсы жарайсың!

Бала: Апай, апай тоқтаңызшы, айтағойыңызшы.

Жүргізуші: Нені?

Бала: Қай жерге жұлдыздар түседі?

Жүргізуші: Күзгі орманға.

Бала: Қураған шөпке түсіп, шөптер өртеніп кетпейді ме?

Жүргізуші: Жоқ

Бала: Аспанда көз жас бола ма? Сіз маған суретін салып бересіз бе?

Жүргізуші: Көз жас емес, ол жұлдыздар.

Бала: Жоқ, ол көз жас, мен білемін! Қалай таңда тұман пайда болады?

Жүргізуші: Су тамшыларынан пайда болады, тек желсіз ауа райы кезінде пайда болады. Күзді қарсы алады.

Бала: Жоқ, жоқ , ол су тамшылары емес. Бұл теңіз жылап жатыр жазбен қоштасып. Ал, осы жапырақтарды ғажайып түске кім бояайды?

Жүргізуші: Сен білесің бе? Мен бұл жайлы ойламаппын. Қане бірге бұның құпиясын ашайық? (жүргізуші мен бала қол ұстасып жүреді. Жылаған дауысты естейді).

Жүргізуші: Бұл ненің даусы, біреулер жылап жатқан сияқты.

(талдың түбінде жапырақтар жылап отыр)

Бала: Сіздер неге жылайсыздар?

Бірінші жапырақ: Біздердің сарғайып, көңіл күйіміздің түсетін кезі келді.

Екінші жапырақ: Дұрыс айтасың, сарғайған – сарғайсан – ау, бұрын жоғарыда тұратын едік, енді жерде жататын болдық.

Үшінші жапырақ: Мен де осы кезді ұнатпаймын, жаңбырда көп жауады, шалшықтардың астында тапталып жатамыз.

Бала: Сонда сіздерді осы түске кім бояған?

Жапырақтар: Күз ханшайымы.

Жүргізуші: Ал, балақай бір сұрағыңның құпиясын аштың.

Артынан екі көкөніс шығады.

Бірінші көкөніс: Онда күзге неге жомарт дейді? Бұл уақытта барлық көкөніс – жемістер пісіп жиналады.

Екінші көкөніс: Және күзді жаңбырлы деп атайды. Жаңбыр болмаса біз қалай өсеміз?

Жүргізуші: Олай болса, біз күз ханшайымын тауып, оған өз алғысымызды білдірейік.

Жүргізуші:

Сап – сары күз сонымен келді,

Ағаштардан жапырақтар төгілді.

Несібесін жинап жарыт ел міне,

Ауыл маңы бұрынғыдай көңілді.

Жылы жаққа топ- топ болып түзеді бет,

Жаз қызығын көрген біздің құстар да.

Алма ағашты күз желді,

Бір сілкіп ет,

Өзі келіп дәл алдыма түсті алма.

Суық түсер, бізден жылы озар күн,

Түнге қарай жасырынар ай бұлтқа.

Қауын- қарбыз баяғыда – ақ базардың,

Сөрелерін толтырып тұр байлыққа.

Суық та емес, ыстық та емес, рахат

Жел де оншама байқатпайды екпінін,

Жүзім, өрік, мөлдіреген қарақат,

Бақша тұрмақ базарда да жоқ бүгін.

Қол қабыс қып әке менен шешеге,

Балалар да рахатқа батады.

(өлең оқыған кезде балалар күздің көрінісін салады, ортаға кіреді).

Бала: Мен бір ғажайып әлемге түскендей болдым.

Жүргізуші: Ия, біз ғажайып күз ханшайымы әлеміне түстік. Бірақ күз ханшайымы көрінбейді. Қане бәріміз «Ах, какая осень»(муз. и сл.З.Роот) әнімен күзді шақырайық.

Ән «Ах, какая осень» (слайд жүреді).

Жүргізуші: Келістіріп бар сәнін,

Берген өзі табиғат.

Алтын күзді ал қане,

Қарсы алайық жамағат!

(Әуенмен күз ханшайымы кіреді).

Күз ханшайымы:

Ырысқа толы қоймалар,

Сабан тойы тойланар.

Берекелі күз болам,

Байлыққа жұртым майланар.

Қадірлімін халқыма,

Баламас бекер алтынға

Өн бойым толған ырыс - құт

Көңілім жомарт салтымда.


Жүргізуші: Жомарт көңіл жарқын жүз,

Берекесі елімнің.

Қош келіпсің Алтын күз,

Құт қонағы төрімнің.

Күз Ханшайымы: Сәлеметсіздер ме! Сіздер мені неге іздедіңіздер?

Жүргізуші: Біз сізге алғысымызды айтайын деп іздедік. Қараңызшы, Алтын күз айналаңызға, қандай ғажайып түске жапырақтарды боядыңыз. Қандай әдемі көкөніс – жемістер пісті, ал, егіншілер қандай көңілді.

Жоғары шық кел төрлет,

Абыройың маған - бұл

Көңілдерді ән тербеп,

Арналады сізге жыр.

«Күз тамаша» әнін қабыл алаңыздар.(әні сөзі )

Жүргізуші: Ал, балалар орындарыңызға жайғасақойыңыздар.

Әсем әуен салдырған

Балалар да алғыр жан

Бал дәуреннің қызығын,

Есте қалар балдырған. Келесі кезекті өлең шумақтарына берейік:

Бейбарыс: Алақай күз келді

Қарық қып жеміске

Сарғайды түз, бел де.

Толықсып егіс те.

Сезім: Тауы –ызғарлы, орманы – ық

Желі – күпті, жері-сыз

Қойнауына толған құт

Мақтан етем сені күз!

Нұрасыл: Күз әкелер бізге бақ,

Күз – еңбектің дастаны

Күз – молшылық, күз- жомарт

Күз – береке бастауы.

Нұржан: Ұшты талдан жапырақ

Сары көбелек секілді.

Аспанда жай шатырлап,

Тамшы жерде секілді.

Барын беріп халыққа,

Жұмыстан соң қалжырап.

Дала ұқсайды алыпқа,

Дамыл алған маужырап.

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, рахмет! Мен сіздердің көңіл – күйлеріңді көтеру үшін сіздермен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын; «Күз қандай».

Жүргізуші: Рахмет, сізге күз ханшайымы. Балалар сіздерге ойын ұнады ма?

Балалар: Ия.

Айлара: Листья золотые падают, летят

Листья золотые устилают сад.

Листья на дорожках листьев золотых

Мы букет хороший сделаем из них!

Жүргізуші: Ал, жапырақтар қане өнерімізді көрсетейік.

Би «Жапырақтар».

Жүргізуші: Ән салыңдар, күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер

Күздің мерекесін тойлайық,

Би билейік ойнайық.

Ал ендігі кезекті әнге берейік. Ән: «Жей бергіміз келеді».(муз.А.Тани, сөзі А.Естенова)

Жүргізуші: Балақай сен осы әннен не ұқтың?

Бала: Көкөніс пен жемістерде адамға керек барлық дәрумендер бар екенін.

Жүргізуші: Ал дәрумендердің қандай пайдасы бар?

Бала: Дәрумендер бізге күш береді. Және біздің деніміз сау болады.

Жүргізуші: Ал көңілді жеміс- көкөністерді көргілерің келе ме? Би «Көкөніс - жемістер».

Жүргізуші: Ендеше ата – аналар сіздердің өнерлеріңізді тамашалайық. Ойын «Бұл қандай жеміс?»

Жүргізуші: Балалар жеміс-көкеністерді жеп ,қандай шымыр болғанымызды көрсетейік. Би «Степ аэробика»

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біз енді сізбен ойын ойнағымыз келіп тұр. Ойын: «Ауа райының болжамы».

Жүргізуші: Күзде көкөніс – жемістен басқа не қосып, піседі?

Балалар: Дақылдақ дәндер.

Жүргізуші: «Не ексең ,соны орасың дегендей» би «Нан дастарханға қалай келеді?»

Наубайшы: биыл ерекше жыл болды, егін бітік шығып, қамбамыз бидайға толды. Егіншілердің ерен еңбегінің арқасында өсіп жетілген бидайдан аппақ нан пісіріп әкелдім. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар.

Нанда адамның еңбегі мен ары бар,

Нан – өмірдің ана сүті алқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің мәні бар?

Жүргізуші: Күз ханшйымы, біздің сізбен қоштасатын сәтіміз келді.

Жомарт жүрек жарқын жүз,

Көңіліңді қош көрдік

Ай шуақты, Алтын күз.

Қош, қош енді, қош болғын.

Күз ханшайымы: Менде сіздерге сыйлыққа жемістерді алып келдім. Сіздерге менің көңілімді көтергендеріңіз үшін рахметімді айтамын.

Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып,

Сау болайық әлеумет,

Келгенше жыл айналып.

Жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар, біздің ереңгілігіміз аяқталды. Келесі мерекелерде кездескенше аман болайық. Сау болыңыздар!








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.04.2018
681
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі