«Берекелі, мерекелі Алтын
күз»
Зал іші күз мерекесіне лайықталып безендірілген.
Балалар қол ұстасып музыка әуенімен эалға кіреді.
Жүргізуші:
Сары жібек көйлегін желбіретіп,
Жапырағын ағаштардың
селдіретіп,
Тойға бөлеп елімізді күзім
келді,
Нұр тамшысын аспанның
мөлдіретіп.
Сәлеметсіздер ме, құрметті
ата-аналар, қонақтар.Мерекелеріңіз құтты болсын. Сіздерді «Мөлдір»
тобының бүлдіршіндерінің «Берекелі,мерекелі Алтын күз» атты
ертенгілігін тамашалауға шақырамыз.
Ән
«Күз-жомарт».
Жүргізуші: -Балалар, қазір жылдың қай
мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Балалар, күз мезгілінің ерекшеліктерін атап
беріңдерші?
-Күз айында жеміс-жидектер
піседі.Күн суытады. Жауын-шашын көп жауады. Құстар жылы жаққа
ұшады. . Балалар, күзде адамдардың еңбектері ерекше. Қандай
еңбекпен айналысады?
-Егін орады,бау-бақшаларда жемістер мен
көкөністер жинайды.
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн біліп қой.
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой,- деп
балаларға сөз кезегін берейік. «Алтын күз» кешімізді
бастайық.
1-бала:Заңғар
Қараңдаршы, қандай сұлу
Бидай басқан кең дала!
Алтын жайып тастағандай,
Біздің дала- бай дала.
2-бала:Айару
Күздің осы
айында
Алма,алмұрт
піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр түседі.
3-бала: Ару
Жер берді жемісті,
Күз келді келісті.
Күз-байлық, береке,
Алтын-күз мереке.
Жүргізуші: Балалар,біз қазір жыл
мезгілінің ең әдемі кезін тойлап жатырмыз.
Өрік,шие,алма,алша,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын,қарбыз,қияр,сәбіз
Қоймаларға түседі.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
Балалар:
Күзде.
Жүргізуші: Мерекемізді одан әрі
жалғастырамыз.Ендеше ортамызға мерекеміздің сәнін келтіретін Алтын
Күзді шақырайық.
Келші-келші, Алтын күз,
Келші-келші, жарқын күз.
Мерекені жалғастырып,
Ойнап- күлші алтын күз.
Осы кезде музыка ойналып,
залға «Алтын Күз » кіреді.
Алтын күз
:
Армысыңдар, балалар,
Күзгі бақтағы қонақтар.
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
Ән: « Алтын
күз»
Жүргізуші: Алтын күз, мына қолыңыздағы
сыйларыңызды балаларға берсек бола ма?
Алтын күз: Бұл сыйымды балалар
еңбек етіп алулары керек.
Жүргізуші: Ендеше, балалар, Алтын күзге
күз туралы тақпақтарымызды айтып берейік .
4-бала: Димаш
Алтын,сары, қызыл, көк
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
5-бала:
Азария
Сап-сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен.
6-бала: Жасұлан
Жемісі мол теретін,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген.
7-бала:Арсен
Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көк егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.
Алтын
күз: Ал енді, балалар, менің
сендерге алып келген жұмбағым бар.
Жұмбақ:
-
Түрі шар сияқты.
Түсі қып- қызыл,
Дәмі бал сияқты.
(Шие)
-
Жер
астында басы бар,
Жер бетінде шашы бар.
(Сәбіз)
3.Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек-сүйек қатты.
(
Өрік)
Жүргізуші: «Мереке басы ән
болар,
Береке басы дән болар» дейді
халқымыз.
Ортаға астық дақылдарын
шақырайық.
Бидай: Нан атасы-
бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Сұлы: Мен сұлымын,
ұланның,
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр
диқанға,
Басымды иіп тұрамын.
Ән: «Күз
келіпті.».
Жүргізуші: Мерекемізді әрі қарай
жалғастырамыз.
Бүгін біз бақшада және бақта
өскен көкөністер мен жемістердің айтысын
тамашалайық.
Жүргізуші:
Кім керек және тәттірек,
Қайсысы бізді сақтайтын
Ауру менен
сырқаудан?
Қане, көріп
тыңдайық.
8-бала:
Айару
Мен алмамын,
алмамын
Таңдай жұлар бар
дәмім.
9-бала:Жасұлан
Мен
алмұртпын,алмұртпын
Аузындамын бар
жұрттың.
Шырынды ғой
алмұртта
Ұнайды бар жұртқа.
10-бала:
Ақжол:
Мен өрікпін, өрікпін
Айналаға көрікпін.
11-бала: Заңғар
Мен жүзіммін, жүзіммін,
Моншақ болып тізілдім.
12-бала: Ақжол:
Мен өрікпін, өрікпін
Айналаға көрікпін.
13-бала: Сабина:
Шиемін мен шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Бала келсе қасыма,
Басымды мен иемін.
Дабырды естіп Доктор Айболит
кіреді.
Айболит: Балалар, қандай айтыс болып
жатыр?
Көкөністер:
Айтшы,айтшы, Айболит,
Қайсымыз біз қажетпіз?
Айболит:
Күшті, мықты болу үшін
Көкөніс бізге қажетті.
Барлығың да керексің,
Барлығың да қажетсің.
14-бала:
Ару
Топырақта шырайлы,
Өскен қызыл шырайлы.
Мен қызанақ боламын,
Барлығына ұнаймын.
15-бала: Арсен
Дәмім тілді үйірген,
Мен тұздалған күйімде.
Жейді бәрі сүйсіне.
16-бала: Айшабибі
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз-
Сәбіздерміз жазықсыз.
Ойын: «Бұл қай жеміс,
көкөніс»
16-бала:Саян
Қамба толды
астыққа,
Алғыс саған, алтын
күз.
Бір уыс дән шаштық
та,
Арба қауын алдық
біз.
17-бала: Марлен
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
18-бала:Арман
Күзім-ау,күзім-ау,
Мінезің
бұзық-ау.
Жаңбырың
сіркіреп,
Келгенің
қызық-ау.
Алтын
күз: Рахмет,балалар! Өнершіл-
өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет күз сыйы. Сендерге
денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
Жүргізуші: Алтын күз, саған мың алғыс!
Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Алтын
күз:
Берекелі бақ дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айналып.
(Осы кезде әуен ойналады,
Алтын күз қоштасып кетеді).
Балалар: Сау болыңыз, Алтын
күз!
Жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар, балалар,
ата-аналар «Алтын күз» мерекесіне арналған ертеңгілігіміз де
аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сау
болыңыздар!
Балалар екі-екіден қолдарынан
ұстап, залдан музыка әуенімен шығып
кетеді.