Тақырыбы: «Берекелі, мерекелі алтын күз»
Алтын күздің ашылуын 3 «Ә» сыныбы «Күзгі вальс» номерімен бастайды.
Жүргізушілер музыкамен шығады.
2- Жүргізуші: Алдарынызда өнер корсеткен 3 «Ә» сынып окушылары. Қошеметтеп кояйык.
1-Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Баршаңызды бүгінгі «Берекелі, мерекелі алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз.
Көбейді құт - береке,
Құтты болсын мереке,
Астық толы қоймамыз.
«Алтын күзді» тойлаймыз!
2-Жүргізуші :
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн, біліп қой!
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой!
Бәріміз экранға назар аударайық.
1-Жүргізуші :
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп бүгінгі «Берекелі, мерекелі алтын күз» атты
мерекелік шарамызды ашу үшін мектебіміздің
директоры Жансултанов Серік
Ғабдоллұлына сөз кезегін
береміз.
2-жүргізуші:
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай...
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
-күз хормен
1-жүргізуші.
-Қане кім күз айларын атап шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша (Бәрі
хормен)
1-жүргізуші: Олай болса Күздің керемет сыйынан жасалған 3 «А» сыныбының қолөнеріне назар аударайық.
2жүргізуші :
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Мектептегі бүгін болар Алтын күзді
Әнші шығып, әнмен бетін ашады - дей келе кезекті тамаша әнге береміз.
4 «А» сынып оқушыларының орындауында «Күз тамаша» әнін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді -деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, келесі кезекте 3 «Ә» сыныбының Күзгі сыйын тамашалайық.
2-жүргізуші
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені – деп ортаға Күз ханшайымы мен Күз ханзадасын шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Астық жеміс жиылды.
Қоймамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс.
Алдық өнім сыйыңды- деп келесі кезекте 4 «А» сынып окушыларынын Күзгі сыйы
2-Жүргізуші:
Береке, бақ дарыған
Жомарт көңіл, жарқын жаз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз! Күз тақырыбында әдеби монтаж
1- Жүргізуші:
Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр – деп ортамызға бүгінгі кештің
қонағы
4 « А» сынып ата анасы Толеубаева Жаннұр апайымызды «Кырманга кел ,Калкаатай» әнімен ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші:
Күз - халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі! деп мерекемізді
3 «А» сынып оқушыларының дайындаған «Радуга желаний» биімен жалғастырамыз.
1- Жүргізуші:
Ортамызға мектеп директоры Серик Габдуллиновичті бүгінгі мерекеге ат салысқан ата -аналарды алғыс хаттармен марапаттау шақырамыз.
2-Жүргізуші
Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне ,балалар, осымен «Берекелі алтын күз» атты мерекеміз де аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймыз, әр отбасыға бақыт-береке тілейміз. Барлық сыныптарға осы мерекеге белсене қатысқандары үщін көп рахмет. Қош сау болыңыздар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Берекелі, мерекелі Алтын күз" ертеңгілігі 3-4 сыныптар
"Берекелі, мерекелі Алтын күз" ертеңгілігі 3-4 сыныптар
Тақырыбы: «Берекелі, мерекелі алтын күз»
Алтын күздің ашылуын 3 «Ә» сыныбы «Күзгі вальс» номерімен бастайды.
Жүргізушілер музыкамен шығады.
2- Жүргізуші: Алдарынызда өнер корсеткен 3 «Ә» сынып окушылары. Қошеметтеп кояйык.
1-Жүргізуші: Армысыздар құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Баршаңызды бүгінгі «Берекелі, мерекелі алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз.
Көбейді құт - береке,
Құтты болсын мереке,
Астық толы қоймамыз.
«Алтын күзді» тойлаймыз!
2-Жүргізуші :
Бүгін мейрам, бүгін той,
Қуаныш күн, біліп қой!
Күзгі бақтай сыңғырлап,
Алақанды соғып қой!
Бәріміз экранға назар аударайық.
1-Жүргізуші :
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп бүгінгі «Берекелі, мерекелі алтын күз» атты
мерекелік шарамызды ашу үшін мектебіміздің
директоры Жансултанов Серік
Ғабдоллұлына сөз кезегін
береміз.
2-жүргізуші:
Бұлттар төніп,
Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Ойнай алмай...
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
-күз хормен
1-жүргізуші.
-Қане кім күз айларын атап шығады?
-Қыркүйек,қазан,қараша (Бәрі
хормен)
1-жүргізуші: Олай болса Күздің керемет сыйынан жасалған 3 «А» сыныбының қолөнеріне назар аударайық.
2жүргізуші :
Той деп бүгін көңіл шіркін тасады,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Мектептегі бүгін болар Алтын күзді
Әнші шығып, әнмен бетін ашады - дей келе кезекті тамаша әнге береміз.
4 «А» сынып оқушыларының орындауында «Күз тамаша» әнін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші:
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерлікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді -деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, келесі кезекте 3 «Ә» сыныбының Күзгі сыйын тамашалайық.
2-жүргізуші
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел екені – деп ортаға Күз ханшайымы мен Күз ханзадасын шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Астық жеміс жиылды.
Қоймамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс.
Алдық өнім сыйыңды- деп келесі кезекте 4 «А» сынып окушыларынын Күзгі сыйы
2-Жүргізуші:
Береке, бақ дарыған
Жомарт көңіл, жарқын жаз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне алтын күз! Күз тақырыбында әдеби монтаж
1- Жүргізуші:
Жайдарлы күз, жомарт күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы кең далам
Дариядай шалқып жүр – деп ортамызға бүгінгі кештің
қонағы
4 « А» сынып ата анасы Толеубаева Жаннұр апайымызды «Кырманга кел ,Калкаатай» әнімен ортаға шақырамыз.
2-Жүргізуші:
Күз - халқымның ежелден берекесі,
Жерден ғой адамзаттың несібесі.
Тойлаймыз біз де бүгін күз мейрамын,
Алтын күз құтты болсын мерекесі! деп мерекемізді
3 «А» сынып оқушыларының дайындаған «Радуга желаний» биімен жалғастырамыз.
1- Жүргізуші:
Ортамызға мектеп директоры Серик Габдуллиновичті бүгінгі мерекеге ат салысқан ата -аналарды алғыс хаттармен марапаттау шақырамыз.
2-Жүргізуші
Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкеністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Міне ,балалар, осымен «Берекелі алтын күз» атты мерекеміз де аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймыз, әр отбасыға бақыт-береке тілейміз. Барлық сыныптарға осы мерекеге белсене қатысқандары үщін көп рахмет. Қош сау болыңыздар.
шағым қалдыра аласыз













