Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы, медианасы, модасы ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы, медианасы, модасы ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы, медианасы, модасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

«Қысқа мерзімді сабақ жоспары №1

Сабақтың тақырыбы: Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы, медианасы, модасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4А Статистика. Комбинаторика

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы, медианасы, модасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

6.4.3.1

бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу;


Сабақтың мақсаты:

бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын біледі

статистикалық санды сипаттамаларды есептейді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


5 минут

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақты жағымды ахуалдан бастау.

Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады.

«Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді.

Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды.

Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісі

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім

Сабақтың басы

10минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру I.Берілген сандар қатарының модасы

Берілген сандар қатарындағы ең көп кездесетін сан сол қатардың модасы деп аталады.

Кейбір сандар қатарында біреуден артық мода болуы немесе модасы тіпті болмауы да мүмкін.

II. Берілген сандар қатарының медианасы

Реттелген сандар қатарындағы сандардың саны тақ болса қақ ортасындағы сан осы қатардың медианасы деп аталады; ал реттелген сандар қатарындағы сандардың саны жұп болса – ортасында жазылған екі санның арифметикалық ортасы осы қатардың медианасыдеп аталады.

Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:

  1. берілген сандарды өсу (кему) ретімен орналастыру керек;

  2. Өсу (кему) ретімен орналастырылған сандарды нөмірлеу керек. Бірінші нөмірге ең кіші (ең үлкен) сан жазылады. Берілген нөмірлер санның қатардағы орнын көрсетеді.

  3. а) Сандардың саны тақ болса қақ ортасындағы сан осы қатардың медианасыболады;

ә) сандардың саны жұп болса – ортасында жазылған екі санның арифметикалық ортасын табамыз, шыққан сан медианасыболады.

Оқушылар слайдтағы мысалдарға қарап сабақты түсінеді

Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.

Арифметикалық ортаны табудың алгоритімі :

  1. Барлық сандардың қосындысын тап

  2. Қосылғыштар санын анықта

  3. Қосындыға қосылғыштар санын бөл

Прямоугольник: скругленные углы 1

Сандар қатарының медианасы


Группа 1









III. Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы

Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы дегеніміз ең үлкен және ең кіші мәндерінің айырмасы.

-3; 4; -8; 5; 7; 13 сандар қатары берілген.

13 – ең үлкені

-8 – ең кішісі

Берілген сандар қатарының өзгеру құлашы:

R=13 – (-8) = 13+8 = 21


Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»


Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім

Сабақтың ортасы

25мин

1-тапсырма

Тапсырмалар.

6 «ә» сыныбының оқушыларының бойларын өлшеген кезде мына нәтижелерді алдық: 137; 149; 150; 150; 150; 155; 160; 162; 162; 165; 165 (см). Олардың бойларының медианасын, модасын, өзгеруқұлашын тап.

2-тапсырма

Бір ісі қаңтар айында 78954 теңге, ақпан айында 127832 теңге, наурыз айында 115652 теңге табыс тапты. Осы кезеңдегі табысының өзгеру құлашы қандай болды?


Дескриптор: -

-сандар қатарының модасын табады;

-медианасын табады

-өзгеру құлашын табады

қойылады

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім


3-тапсырма


Шешуі:

(5,3+4,8+5,4+5+5,3+5,4+5,3+5,2+5,1):9=5,2


Орташа балл (Арифметикалық ортасы) 5,2 ұпай

Дескриптор:

  • Арифметикалық ортаның формуласын біледі;

  • Арифметикалық ортаны есептейді;

  • Дұрыс жауабын жазады

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім


4-тапсырма

Дүкенде килограмы 250 теңгеден 7 килограмм алма және килограмы 325 теңгеден 5 килограмм алмұрт сатылды. Жемістердің 1 килограмының орташа бағасы қандай?

Шешуі.

(250 7 + 325 5) : 12 = (1750 + 1625) : 12 = 281,25(тг)

Жауабы: 281,25 теңге

5-тапсырма

Оқулықпен жұмыс №№№№№

Дескриптор:

  • Арифметикалық ортаның формуласын біледі;

  • Арифметикалық ортаны есептейді;

Дұрыс жауабын жазады

Тақта;

Слайд;

Оқу құралдары;

«Математика», 6-сынып, 2-бөлім


Сабақтың соңы




5 мин





Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. .

Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды

Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын»тәсілі көрініс табады.

Үй тапсырмасы № № №








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.04.2024
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі