400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бес әлеуметтік бастама – басты бағдар

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі. Бес әлеуметтік бастама – басты бағдар
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі.

Бес әлеуметтік бастама – басты бағдар


Елбасымыздың түрлі форумдар мен конференцияларда сөйлеген сөздері мен Жолдаулары – елімізді дамытудың, халықтың əл-ауқатын арттырудың айқын бағыт-бағдары болып табылады.

«Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялары, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Төртінші өнеркәсіптік революция», «Рухани жаңғыру», «100 нақты қадам» сияқты ұлттық жоспарлы бастамалары табысты жүзеге асырылуда.

2018 жылдың наурыз айының 5-жұлдызында Мемлекет басшысының Парламент палаталары мен Үкіметтің қатысуымен өткен бірлескен отырысында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына «Бес әлеуметтік бастама» атты үндеуі жолдады. Әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес бастаманы белгіледі. Ол бастамасында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беруді, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайтуды, жоғары білім алудың қол жетімділігі мен сапасын арттыра отырып, студенттердің жатақханадағы жағдайын жақсартуды, шағын несие беруді көбейтуді, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыруды қамтиды. Н.Назарбаев жаңа әлеуметтік бастамалары қоғамымыздың әлеуметтік бірлігін нығайтуға және әрбір қазақстандықтың əл-ауқатын əрі қарай жақсартуға бағытталғанын атап өткен болатын.

Президент бірінші бастамасында әрбір отбасына баспана алудың тың мүмкіндіктерін қарастырып, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етудің «7-20-25» бағдарламасын ұсынды. Яғни, ипотекалық несие мөлшерін 7, бастапқы жарнасын 20% төмендетіп, мерзімін 25 жылға ұзартпақ. Бұл мəселе баспанасы жоқ талай отбасының жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Жұмыс істейтін әрбір адамның несиеге пәтер сатып алып, оны отбасылық бюджеттің мүмкіндіктері арқылы төлеуге жағдай жасалмақ. Ел президентінің өз Үндеуінде айтып отырған тағы бір маңызды мәселелерінің бірі – жоғарғы білімнің қол жетімділігі мен сапасын арттыруға негізделген. Грант санын көбейту, оның ішінде техникалық мамандықтарға басымдық беру – жастарға жасаған үлкен мүмкіндік. Бұл шаралар оқушылардың оқуды бітіргенде жоғары білім алуға жасалынған жағдай болса, екіншіден адам ресурстарына салынатын үлкен салым болмақ. Бұл жердегі мәселе жоғары білім алғаннан кейін жастарды жұмыспен қамту. Себебі, адам білімі молайған сайын оның сұранысы да жоғарылайтыны түсінікті. Жоғары білім алушылардың санына қарай, жұмыс орындары да молая түсуі тиіс.

Елбасы осы аталған бастамаларды алға тарта отырып, бұл тұжырымдарды жаңартып, еліміздегі әлеуметтік сенім мен татулықты одан әрі дамытпақ ойда. Президент жолдауларының ерекшеліктері жок осындай нақтылығында. Ал біздер осы нақтылықты қолдай отырып, осы міндеттер аясында еңбек етуіміз қажет! Бұл бастама – берекенің бастауы! Бұл бастама – нық қадамның негізі!

Абдулмуталапқызы Жадыра

№8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектептің

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қызылорда қаласы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі