Бесіктің бала өміріне пайдасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бесіктің бала өміріне пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бесіктін пайдасын зертеу, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланғанымен кеңірек танысу.Бесікке салу дәстүрінің танымдық,тәрбиелік маңызы зор. Осындай ұлттық тәрбиенің озық өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін ,ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарының қадір — қасиеті мен тәрбиелік маңызын ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл орта мектебі

















Бесіктің бала өміріне пайдасы













Авторы: Жәнібекқызы Исламия 3 -сынып оқушысы



Жетекшісі: Шүрегеева Дариға





















2017 жыл



Мазмұны:



І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Бесік

2.2. Бесіктің жасау-жабдықтары

2.3. Бесіктің пайдасы


2.4.Баланы бесікке салу дәстүрі


2.5. Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар


2.6. Бесік туралы жұмбақтар


2.7. Бесік жырлары


ІІІ Қорытынды


































Тақырыбы:Бесіктің бала өміріне пайдасы.



Жұмыстың мақсаты:

    Бесіктін пайдасын зертеу, адамдардың оны қандай жағдайларда пайдаланғанымен кеңірек танысу.Бесікке салу дәстүрінің танымдық,тәрбиелік маңызы зор. Осындай ұлттық тәрбиенің озық өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін ,ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыптарының қадір — қасиеті мен тәрбиелік маңызын ашу.   

               

 

Жұмыстың міндеттері:

 

  1. «Бесікке салу» тарихына зер салу.

  2. Бесікке салудың пайдасын білу.

  3. Бесікке қатысты ырым-тыйымдарды бойына сіңіру.

  4. Ата-бабамыздың дәстүрлерін оқушыларға насихаттау.

            

 

 

Зерттеу жұмысының өзектілігі:

 

Ата-бабаларымыздың бесікке салуда ұстанған әдет-ғұрыптары,салт-дәстүрлері ,жөн-жоралғыларының тәрбиелік маңызы зор.  Елімізде  «Мәденимұра» бағдарламасы қабылданған. Сол бағдарламада және Елбасымыздың Жолдауында халқымыздың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дамыту көзделген .Мен соған өзүлесімді қосу үшін осы тақырыпты таңдадым.

 









Кіріспе

 

Ел боламын десең, бесігіңді түзе.

Б. Момышұлы



Мен әдебиет сабағында тұрмыс- салт жырларының бір түрі әдет- ғұрыпқа байланысты туған бесік жырлары тақырыбын өткенде қызығушылықпен тындадым. Сабақ барысында мұғалімнің тал бесіктің бала үшін маңызын, қасиетін ашып айтқаны мені қатты қызықтырды. Мені де әжем сәби күнімде бесікке бөлеп, анам әлди айтып уатқан. Оған дәлел түскен суреттерім. Қызыққаным соншалықты бесік жырлары туралы ғаламтордан  мағлұматтар, кітапханадан мәліметтер оқып, шығармашылық ізденіс үстінде болдым. Зерттеу барысында бесік жырын өзге халықтардың бесік жырымен салыстырдым. Халқымыз бесікті аса қадірлеген, құрылысы өте күрделі, әркімге сыйға тартпайтындығы, ұрпақ символы ретінде тек туысқандардың балаларына беруге болатындығы, кішкентай балалардың тербелмелі төсегі екендігін, түрлері туралы көп мәліметтер жинақтадым. Бесік жырлары туралы үлкен адамдармен сұхбаттасқандағы мәліметтерді қағаз бетіне түсірдім. Байқағаным әр жырдың өз ерекшелігі бар. Атап айтсам, көркемдегіш реңктер, ақ сөзіне тіркестер, төрт түлікке, аспандағы ай, жұлдыз, күнге балап, теңеулерді орынды қолданған.

Жаңа туған баланы бесікке салу – ізгі дәстүр. Қазақ оны тойға ұластырады. Баланы бесікке салу тойына әйелдер шашуларын ала келеді. Жас сәбидің ұйқысы тыныш болуы үшін бесікті адыраспанмен аластайды. Ауылдың, әулеттің жасы үлкен, беделді әйелі бесіктің әбзелде- рін орын-орындарына қойып, аластағаннан кейін «тыштыма» ырымын жасайды. Бесікке бала бөленгеннен кейін үстіне ырымға сәйкес жеті түрлі нәрсе (көрпе, шапан, кебенек, тон, жабу, жүген, қамшы тәрізді) жайылады. Бесікке тон, шапан жабу – ержеткенде халықшыл болсын деген, жүген жабу – тез өсіп, ат үстінде ойнақ салсын деген, кебенек пен қамшы жабу – ел қорғайтын ер болсын деген тілек. 

Үй иесі баласын бесікке салған адамға өз ризашылығымен сақина, жүзік, білезік, сырға, мата тәрізді қымбат бұйымдарды сыйлайды. Бесікке салу тойында ән де айтуға, күй де тартуға болады. Бұл тойда да адамдар ет жеп, шай ішіп, әзіл-қалжың айтысып, мәз-мәйрам болып тарқасады. Бесікті адыраспанмен аластағанда былай дейді:


- Алас, алас, баладаналас,
Иесікелді, пәлесікөш! 
Алас, алас, пәледенқалас.
Көзі жаманның көзінен алас, 
Тіл іжаманның тілінен алас!
Отыз омыртқасынан алас!
Қырық қабырғасынан алас!

  Бесігі жоқ үйде береке болмайды! Сәби қырқынан шығарда ширайды. Баланы бесікке салғанда бауырмал қазаққа елді жиып, батасын алмау бас білмейтін жөнсіздік болып көрінеді. Қарын шашын алып, қол-аяғын керіп, ит көйлегін (кішкене бесік көйлек) кигізіп, бесікке дайындаған сәбиді кез-келген әйел бөлемейді. Бұған да ұрпақты, құрсақты, тақуа бәйбіше лайық. Бесікке дейін бала жөргекте болады. Бәйбіше бөлеп болған соң бесіктің арқалығына тақуа тақсырларға тұмар жаздырып байлайды. Бала бесікте омыраудан шыққанша жатады. Сәби омыраудан бір жарым, екі жылсыз шықпауы керек. Және бір ескеретін жайт баланы дәретсіз емізуге болмайды!! Бала бір күні бесікті қозғай бастайды. Бұл шамада ол бесіктен шығарылады. Бесікті келешек ұрпақ тезірек келсін деп, іші-сыртын сүртіп, буып, түйіп, таза, биік жерге қояды. Кейде баланы қырқынан шығармай шілдехананың артын ала бөлеп жібереді. Мұндай жағдайда бесікке бөлеу шілдеханамен бірге өтеді. Бесікке салған күні бір тақуаны, ишанды шақыртып, ат қояды. Молда: азан шақырып, «Сенің атың пәленше»- деп, бөбектің екі құлағына кезек айғайлайды. Бесікке бөлеген бәйбішеге де, молдаға да кәде беріледі. Кәде ат та, ақша да бола береді. Жаңағы көп балалы бәйбішенің құрметке бөленгенін көрген жас қыздар «бәлем, баланы асырып туып құрметімді, даңқымды бұ кісіден ары асырмасам ба» деп, тез күйеуге шыққанын армандап, дәмеленіп қалады. Жиылған кісілер ілтипатпен сұқбатқа отырады. Үлкендер дін жайынан, тектілік жайынан, бұрынғы өткен әулиелер, батырлар жөнінде сөз қозғайды. Көптеген ұлағатты сөздер осындай жиында сұңғылалардың аузынан шыққан дейді. Бір жиында Маңқыстаудың жырауы Сәттіғұл айтты дейтін мынадай сөз бар:

Алла деп нәпсі тыйғандар,

Бұрынғы шайқы, имамдар.

Жүргізген екен жұртына,

Шариғаттың үкімін,

Ұстаған діннің бүтінін.

Тарихаттың жолынан,

Аудармай көңіл пікірін.

Қоймаған дәйім зікірін,

Дидарына Жардың жолығып,

Құдайдың сүйген құлдары,

Тозақтың көрмей түтінін.

Қазақтың бүкіл салт-дәстүрі жұртқа уағыз айтуға қолайлы. Басқа жұрттың мұндай әдеттері аз және адам біздегідей көп жиналмайды. Қырықтан шыққан соң, қадірлі мұсылман қызы, осындай дәстүрлі жиындар көркем мінезбен туған-туыстың тетелес қыздарын дінге жығуға көп ыңғайлы.

Туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салудәстүрін өткізеді. «Бесік алып бару» — қазақтың бір жерге келін болып түскен қызы тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүрі. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Оған қоса киетін, зергерлік бұйымдармен дастарқанға қойылатын тәттілерін салып алып барады. Алып барған китінің ішіне тоғыз түрлі заттар салады. Тоғызға бағалы киімнен бастап, ұсақ заттар да кіреді. 

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары да бар. Соның бірі – бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі. Бесік адам сатысы.Қазақ халқы «Бесіксіз үйде береке жоқ» деп өмірге келер сәбиді асыға күткен. Себебі бала – өмірдің гүлі, жалғасы. Жас нәрестенің өмірге келуі, отбасы мүшелеріне әкесі мен атасына, нағашы жұртына үлкен қуаныш әкелген, жас нәресте өмірге келгенде арнайы адам жіберіп сүйінші сұратқан. Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесеелдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:

Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Арша ма екен бесігі?
Алар ма екен әкесі?
Өрік пе екен бесігі?
Сүйе ме екен әкесі?
Жиде ме екен бесігі?
Әлди-әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым..

Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті.

Зейнеп АХМЕТОВА:

Қазақ халқы шаңырақты, бесікті, табалдырықты қасиет тұтқан. Бұл үшеуін ешқашан аяқпен баспаған. Бұл үшеуі қашанда бірімен бірі байланысып, ұштасып жатады. Осынау қасиетті үш затты қатты тозып, тым ескірген кезде де аяқтың астына тастамай, өртеп жіберетін болған әрі күлін де аяқасты қылмай, көміп тастаған.

Бесіктің жасау-жабдықтары

-Ұлы жазушы Мұқтар Әуезов «Ел боламын десең,бесігіңді түзе» деп өсиет қалдырған.Мұның мәні үлкен.Иісі қазақ баласы бесіктен өсіп шықты.Бесікті тобылғыдан,қайыңнан,талдан жасаған.Бесік-көне мәдени мұраларымыздың бірі,тәрбие құралы,тазалық кепілі,ұлт өнерінің төл туындысы.Нәрестеге арнап жасалатын бұл ағаш төсек баланы желдің өтінен,жердің сызынан,салқынның қаһарынын,аптаптың жалынынан қорғаушы киелі ұя.Оның төрден орын алуыда тегін емес.Бесіктің жасау-жабдығы көп. Арқалық-ұзындығы 70-75 сантиметр,ұстауға ыңғайлы,бесіктің ең үстіңгі көлденең жұмыр белағашы.

Бөген-бесіктің екі басы.Ол үшін жас тал мінсіз жонылып,жақсылап әрленіп,морға қыздырып, қыртысы сыртына қарай иіледі.

Жақтау төртеу болады.Екі үлкен жақтаудың ұзындығы аралықпен бірдей,қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі жақтаудың ені бесіктің енімен бірдей болады.

Бұдан бөлек,шабақ,сабақ,жорға деген бөлшенктері бар.

Бесіктің ең негізгі жабдықтарының бірі-шүмек.Ол сәбидің кіші дәреті үшін қойдың асықты жілігінің бір басы тесіліп,екінші басының төменгі жаны ойылып жасалатын түтікше.

Түбек-бесікке бөленген сәбидің жаялығы былғанбау үшін бесіктің астын тесіп орнатылатын алмала-салмалы киіз қалта.Шұмектің ұшы тұбекке сұғынып тұрады. Бесікке ең алдымен ши төсеніш төселеді.Оның үстіне жөргекжайылады.

Құс төсек дегені-түбек тұсында дөңгелек ойығы бар,жөргектің үстіне төселетін,арасынына құс мамығы салынып қабырған жұмсақ төсеніш.Бұдан бөлек,жастық,көрпе,жаялық және кепіл болады.

Бесікте екі таңғыш болады.Ұштары бесіктің екі жанындағы сабақ ағаштарға тағылатын,біреуі бөлнеген сәбидің көкірек тұсынан,екіншңсі тізеліктің үстінен түсетін,биязы жүнінен тоқылған құр немесе екі-үш қабат матаны сырып,баулары ысылып жасалатын тартпа бау.Таңғыштың екі ұшы арқалыққа байланады.

Бөленген сәбиді маса шыбыннан,желден,күн көзінен,суықтан қорғау үшін бесіккебесік жапқыш жабылады. Ол сәнді матадан кестеленіп тігіледі.

Сәбиді тіл-көзден сақтайды деген ұйыммен бесіктің басына үкі,көзмоншақ,боялған асық қадап қояды.

Бесік- нәрестені бөлеуге арналған ағаш төсек.Бесікті Орталық Азия мен Кавказ, Үндістан, Қытайжерін мекендейтін халықтардың басым көпшілігі пайдаланады. Тек әр түрлі үлгіде жасалады. Бесік  көшпелі өмір кешкен қазақ халқы арасына ертеден тараған. Қазақ бесікті  қарағай,қайыңнан, көбіне талдан иіп жасайды. Мұндай бесік  жеңіл, ықшам әрі берік  көшіп-қонуға ыңғайлы болады. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы, өйткені арнайы орнатылатын түбек пен шүмек бала дәретін жайылдырмайды. Түбектің түбіне күл салып, жиі- жиі ауыстырып отырады. Шүмек  қойдың асық  жілігінен жасайды, кейде  айрықша аппақ болуы үшін сүтке қайнатып алады. Бесіктегі баланың аяғы, кеудесі  қатты байланатындықтан, оның қан айналу жүйесіне керісінше әсер етеді. Сондықтан баланы бесіктен  босатып, қол-аяғын қозғап, арнайы жаттығулар жасайды. Бесікпен қоса құс төсек, жастық, жөргек, қолбау тізебау тізе  жастық, бесік  көрпе даярланады. Бесіктің жер бесік,аспалы бесік(әлпеншек) деген екі түрі кездеседі.


Бесіктің жасалуы

Қазақта бесік қасиетті,киелі құтты мүлік болып есептеледі. бесіктің жасалуы мен басқа да жабдықтарына тоқталсақ: қазақ бесігі талдан, қайыңнан иілсе, бұрышы имек болып, ал қарағайдан жасалса, тік бұрышты болып келеді. Иіп әуелі бесік қазақ бесігінің негізгі түрі. Ең әуелі бесіктің екі басын тұтас қайыңнан, талдан иіп не төрт бөлек қарағайдан қиыстырып доға тәрізденіп жасайды да, оның алрақтарының ортасынан бір шабақ салып, шабақтар үстіне тақтай төсеп, оның түбек орнататын жерін дөңгеленіп ояды. Бесіктің доға тәрізденген екі басы дәл төбесінен жіңішке жұмыр арқалықпен біріктіріледі. Бесік бөлшектері бір-бірімен желім, ағаш шегелер арқылы бөрік қиыстырылатындықтан, тербетіп қозғаған уақытта сықырлаған бөтен дыбыс шықпайды. Бесіктің әр басының аяқтарын дөңес табанмен біріктіру, оның зіркілсіз, жұмсақ тербетіліп, баланың мазасын алмау жағын қарастырғандық.

 Бесік арқалығы: біріншіден, оның үстіне жапқан көрпені баланың бетіне түсірмеу үшін; екіншіден, бесікті тербету үшін; үшіншіден, оған әртүрлі сылдырмақтар, ойыншықтар іліп тұмарлар тағу үшін аса қолайлы. Бала бесікте ояу жатқан кезде сол сылдырмақтармен ойнайды. Ол үшін оянған екі қолын бос қояды.

  Көшпелі ата-жұрттың дәстүрін жалғастырушы қазақ халқы бесікті көпке дейін сақтап, бірден бірге мұра есебінде қалдыра береді. Кездейсоқ жағдай болмаса өздігінен оны сындырып отқа жағуға болмайды.

 Қазақ халқы көшпелі өмір сүргенімен де әр мүлікті қастерлеп, оларға өзіндік ырым-тиымдар жасайтын болған. Біреулерден ауысып келген немесе жаңадан жасатқан бесікке ең алғаш бөленген бала қайтыс болса, оны ешуақытта пайдаланбайды, бесікті шетінеген баланың қабіріне бірге апарып қояды. Бесіктің екі жақ басында, арқалығында қыздырылған темір басып қарыған таңбалар өте көп кездеседі. Бұл да дінге сену, отқа табынудың бір түрі. Бесікті қару әдеті баланы алғаш рет бесікке саларда, бала әлде қалай ауырып қалған жағдайда жасалады. Көбінесе қыздырылған шүмшеуірмен қарылады.

Қазір  баласын  бесікке  бөлейтін  ата-ана  аз.  Тіпті  «бесікзиян…»  дейтіндер   де  бар.    Бұл  баяғы кеңестен  қалған  көзқарас.  Кешегі  кеңестiк  дәуiрде  мединституттың  оқытушылары  шәкірттеріне  бесікті жамандап оқытатын    арнайы тапсырма  болған.  Ол заманда жек  көрген  нәрсеңізді  «ескіліктің  қалдығы»  десеңіз жетіп жатыр . Дәлелдің қажеті жоқ.  Сөйтіп,  бесік  қолданыстан  шығып  қалды.  Әйтпегенде,  жүздеген  ғасыр  сынақтан  өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады? 

Баланы бесікке бөлеу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесік киелі. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Бүгінгі таңда қазақтың қасиетті бесігі қолданыста жоқ. Ара-тұра көргеніміз болмаса, қазіргі әрбір қазақтың шаңырағында, төрінде тұр деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Ата-баба аманатының бірі киелі бесік ғасырдан-ғасырға жетіп, тек бүгінгі ұрпақтың көзіне оғаш көрініп, қолданыстан шығып қалғаны өкінішті.

Бесіктің пайдасы

Оның ұрпақ үшін оның пайдасы ұшан теңіз  Айталық:

Біріншіден  –  қол-аяғын  ербеңдетіп  бос  жатқан  сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған  баланың зердесі толық жетілмейді.

Екіншіден –  баланың  мазасыздығы  ананың  психологиясына  әсер  етеді.  Бұндай  жайсыздық  сүт  арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған  бала болашақта сабырсыздау болады.

Үшіншіден  –  баланы  бесiктен  шешкен  кезде  сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі  күйде болуы оған демалыс сыйлайды.

Төртіншіден  –  сәбидің  тұлабойы  таза  болып,  тазалыққа бойы үйренеді.

Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл,  сыз дарымайды.  Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық  кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.

Алтыншыдан  –  бесік  белгілі  бір  ритммен  ғана  тербетіледі. Баланың  жүйкесі  бір  жүйе,  тәртіпке  түседі.

Жетіншіден  –  бесіктегі  балаға  ана  әлдиі  әбден  сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын  тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды.

Сегізіншіден – бесік  сәбиді сырттан келетін кері  энергия немесе тiл-көзден сақтайды.

Бұлар  бесіктің  толып  жатқан  пайдасының  бір  парасы  ғана.  Бесікті  пайдаланбау  арқылы  қаншама  ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз.  «Бесікке  салу»,  «Тыштыма»,  т.б.  жоғалды.  Үлкен  жазушы  Мұхтар  Әуезов:  «Ел  болам  десең,  бесігіңді  түзе!»  дегенді тегін айтпаған шығар

 Баланы бесікке салу дәстүрі

 1.Бесіктің жабдықтарын орын – орындарына қою

Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші – қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын – орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.

2.Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.

Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын – шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.

3.«Тыштыртыма» ырымын жасау

Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тарамағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел, «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім.

4.Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу.

1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек.

Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар

1. Бос бесікті тербетуге болмайды.

2. Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.

3.Кез келген адамға беруге болмайды.

4.Аяқ астына тастауға болмайды.

5.Бесіктің өзін отпен аластап қояды.

6.Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.

7. Бесіктің теріс жағына отырмайды.

8.Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.

Хадистегі бесік жайында ілімдер

Жатырдағы бала бұлқұбылыстардың барлығын анасының денесі арқылы қабылдайды. Ал туғаннан соң аяғы шығып, өздігінше жүріп бейімделгенге дейін, оның денесі табиғи түрде қажетті тербеліске түсіп отыруға тиіс. Мұны іске асыратын нәрсе – тек қана бесік. Сондықтан бесікті орысша «колыбель» (тербелетін құрылғы) деп атайды. Отырықшы халықтарда, мысалы, орыстарда аспалы бесік (люлька) болған. Олар оны төбеге ілмектей бекітіп, тербетіп отырған. Ал көшпелі халықтарда, мысалы, қазақта көшіп-қонып жүруге ыңғайлы етіп тал бесік жасалған.Емшектегі бала бесікте жатса, оны қоршаған кіші кеңістікте (микроортада) өсіп-жетілуіне керек барлық физикалық жағдайлар, соның ішінде, ең негізгісі – жылу тұрақтылығы сақталып, заттар алмасу үдерісі қалыпты деңгейде өтеді. Сондықтан, дені-қары сау болуы үшін бөбек бесікке бөленуі қажет. Бұл туралы Құранда мынадай сөз бар: «Мәриям баланы көрсетті. Олар: «Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?», – деді». («Мәриям» сүресі, А-29). Аятта Иса пайғамбардың анасы Мәриям пайғамбарды бесікте тәрбиелегені анық айтылған. Бұл мысал – бөбекті бесікке өсіру керек екенінің бір дәлелі.

Бесік туралы жұмбақтар


1.Сәбиге сәнді үй-
Әжеге ән мен күй./
Бесік/

2.Бесікке іледі,
Әнін де,
Дәмін де
Сәбилер біледі./
Сылдырмақ/

3.Шүберек қабығы,
Іші құс мамығы./
Жастық/

   Бесік жырлары

І

Әлди, әлди, әлпешім!

Ұйықта деймін, ұйықтайсың.

«Мә-мә» берсем қайтесің,

Ұйықта десем, ұқпайсың.

Жоқсың бүгін көз ілген,

Көп ісімнен бөгедің.

Жаудыраған көзіңнен!..

Ұйықтай қойшы, бөбегім.

Әлди,әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды.

 

II

Ұйықта десем, күлесің,

Айналайын күлкіңнен!

Ер жеткен соң білесің,

«Тұр-тұрлармын» бір күн мен.

«Кешіктің, – деп, – сабақтан»,

Тыншыңды алсам «тұр-тұрлап»,

«Жоққойәлітаң атқан», –

Деп жүрмеші бұртындап.

Әлди, әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды.

 

III

Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой

Ұйықтайтын бұл шағыңда.

Қызық өмір – думан той

Тұр ғой күтіп алдыңда.

Ұйықтап өткен не табар

Бұл өмірге бекер кеп?

Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал,

Ер жеткен соң бол сергек!

Әлди, бөпем, бөпемсің,

Кім боп шығар екенсің?

 

IV

Күлімдейсің – күнімсің,

Батар дағы күн шығар.

Уілдейсің – күйімсің,

Күй де бір кез тыншығар.

Сен де тынық бір мезгіл,

Толқып кана жат, бөпем.

Аспанымда жүзе біл,

Айым менің – ақ бөпем!

Әлди, өлди, әлдиім,

Назды, нәзік ән-күйім!







Қорытынды


Бәрін айтпай –ақ қояйық, төл теңгемізде бейнесі бар әлемдегі екінші ұстаз, екінші Аристотель атанған Әл Фараби де бесікте жатқан:

Сөзің пірі Сүйінбай .. мен аққан жұлдыздай жарқ еткен ғұлама Шоқан да  бесікке бөленген:

Қазақтың қамын жеп, қартаймастан қайғы ойлаған қайран Абай да әжесінің ертегісі мен апасының әлдиін естіп бесікте жатқан:

Ұлт басына туатын әбігердің қайда жатқанын әріден ойлаған Әбілхайыр хан да бесікке таңылған:

Қазаққа қорған болған айбынды ер Абылай хан да шүмек пен түбектің түбінен шыққан.

 Туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді.
“Бесік алып беру” – қазақтың бір жерге келін болып түскен қызы тұңғышын босанғанда орындалатын дәстүр. Бесіктің жасауын қыздың анасы даярлайды. Оған қоса киітін, зергерлік бұйымдары мен дастарқанға қойылатын тәттілерін салып алып барады. Алып барған киітінің ішіне тоғыз түрлі заттар салады. Тоғызға бағалы киімнен бастап, ұсақ заттарға дейін кіреді.
Тойға жиналған қонақтар асқа отырып, шүйіркелесе әңгімелесіп, құдағиларымен танысады. Шай ішіліп, әңгімелер айтылады. сонан соң “бесікке салу” ырымын жасайды. Құдағилары алып келген бесікті ашпас бұрын, сол үйдің басқа келіндері көрімдік сұрайды. Бесікті ашатын әйел көрімдігін береді. Жаңа бесікке нәрестені бөлемес бұрын, бесікке салушы бесіктің жабдықтарын орындарына қойып, шашу ретінде алып келген шайлық тәттілері мен ұсақ, ақшалай сыйлықтарын араластырып, бесіктің түбек байлайтын тесігінен өткізіп, қолын тосқан әйелдерге “тыштыма” деп үлестіріп береді. Жаңа бесікке олар байғазыларын береді. Әкелінген бесікке көріп отырғандар баға беріп, бесік әкелушілерге киіт беріледі. Құдағилар білезік пен жүзіктерін бір-біріне сыйлайды. Бесік жыры айтылып, би биленіп, көңіл көтереді.

Апаларымыз бен әжелеріміз сәбилерін ақ бесікке бөлеп, бесік жырын айтып ұйықтататын заман баяғыда артта қалған. Сонғы 30 жыл ішінде, жас аналардың өмірлерін жеңілдететін неше түрлі құралдар мен заттар пайда болды.

Бүгінгі балалы әйелдердің көбісі сәбилерін бесікке дұрыс бөлеуді де білмейді. Сөйтіп, халқымыздың көне ғасырлардан бері аса қастерленіп келген, қасиетті де киелі бесік қазір қолданыстан шығып қалды деп те айтуға болады. Ал бесік болса, баланың гигиеналық тазалығына да, денсаулығы мен дамуына да, тіпті ананың психологиясына да қолайлы. Жалпы, бесіктің ұлтымыздың салт-дәстүрінде, тәлім-тәрбиемізде алатын орны ерекше. «Баланың өскен бесігі — кең дүниенің есігі» деп ата-бабамыз бекер айтқан жоқ. Бесіктегі баланың қол-аяғы байланып, ұйқысы тыныш болады. Бесік құралдарының бірі – шүмек, баланың дәреті жайылмай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Қазақтарда бесікте жатып өскен баланың денсаулығы мықты, өзі жігерлі, қайратты, сабырлы болады деген ырым бар. Сонда да, бесіктің барлық жақсы жақтары мен ұрпаққа деген пайдасына қарамастан, ол ұмытылып барады. Бесікті бұрын қолданған  аналардың пікірлерлесіп сұрадым.

Ақболай Үсенова:"Балаларымның екеуі де бесікте жарты жылдай жатқан. Қазіргі 19 жастағы қызым дүниеге келгенде, мен подгузниктерді жиі қолданбайтынмын. Сондықтан оның бесікте жатқаны мен үшін өте ыңғайлы болған. Ол бесіктің ішінде, жылу мен тазалықта, оянбай қатарынан 3 сағат ұйықтайтын еді. Ал оянғаннан кейін, қол-аяғын босатуға талап етіп жылайтын. Жалпы, ана баланы бесікке дұрыс бөлеуді білсе, сәбиі тып-тыныш ұйықтап, демалып, мамасының да мазасын алмайды. Ал егер де дұрыс бөлемей, баланың қолы, не аяғы бос қалса, ол ербеңдеп жылай береді. Түбек пен шүмек те дұрыс орнатылмаса, баланың дәреті үстіне жайылып, денесі су болады.Ұлымды болса, бесікке подгузник кигізіп бөледім. Сонда да, ол күні де, түні де бесікте рахаттанып жатып ұйықтаған. Содан, жаздыгүні қатты ыстық болғандықтан, баламды бесікке жатқызуды қойдым.Меніңше, баланы бесікке бөлеу өтте ыңғайлы. Біріншіден, сәбиді қолға алмай-ақ та бесікте тербетуге болады. Бұны тек анасы ғана емес, үйдегі басқа, қолы бос адам істей алады. Екіншіден, бесікте жатқан баланың қол-аяғы қатты байланатындықтан, ол өзін ұйықы кезінде шошытып оятпайды. Сөйтіп, сәбидің ұйықысы ұзақ және тыныш болады.Басқа аналарға «балаларыңды міндетті түрде бесікке бөлеу керек» деп айта алмаймын. Бұл жеке тұлға ісі, және әр балаға қатысты. Біреулері бесікке мүлдем жатпайды, ал тағы біреулері бесікті жақсы көреді. Бірақ бесіктің бала денсаулығы мен дамуына қаншалықты пайдалы, не зиянды екенін мен білмеймін."

Закария Гүлжихан:"Менің екі балам бар. Екеуі де бесікте жатқан. Өкінішке қарай, ұзақ уақыт емес. Мені бесікке бөлеудің дұрыс жолын көрсетіп, үйрететін кісі болған жоқ. Кейде дұрыс, кейде бұрыс жатқызатынмын. Соның өзінде, бесіктегі баланың ұйықысы ерекше болатынын тұңғыш баламды бесікке бірінші рет жатқызғанымда байқадым. Бөпем бесікке салғаннан-ақ, терең ұйықыға батып, рахаттанып жатқанын көрдім. Менің ойымша, бесіктің іші - ананың құрсағына ұқсас. Дүниеге жаңадан келген сәби жылы, қараңғы, әрі тар бесікте тербеліп, өзін анасының ішінде жатқандай сезініп, тыныш ұйықтайды. Халықта, кең төсекте жатқан бала өзін жалғызсырап, анасы тастап кеткендей сезінеді дейді. Кейбіреулер, балаға, қол-аяғы байланса ыңғайсыз болады, немесе денсаулығына зиян тигізеді деп ойлайды. Оларға айтарым – балалардың қозғалысын шектеу-қорғаудың бір түрі. Сіздер бөпелеріңізді машинаға отырғызғандан емес тамақтануға арналған арнайы орындыққа отырғызғанда қауіпсіздік белбеулерін кигізетін боларсыз. Бесік те сол автокресло сияқты, сәби оның ішінде жатқанда қауіпсіздікте болғанын білуі қажет. Сонда ғана, шошымай, тыныш жата алады.Бесіктің тағы бір ыңғайлылығы – оның жеңілдігі. Аналар бесікті бір бөлмеден екінші бөлмеге өздерімен бірге тасымалдай алады. Оның үстіне, баланың тазалығы да өте үлкен плюс. Сөздің қысқасы, бесіктің баланы тәрбиелеу процессінде және ұлттық мәдениетімізде алатын орны ерекше. Сондықтан біз оны құрметтеп қастерлеуіміз керек."

Лаура Тілегенова: "Мен бесіктің не екенін жақсы білетінмін. Себебі, отбасымыздағы балалардың барлығы бесікте жатып өскен. Сондықтан, уақыты келген кезде, өз баламды да бесікке бөлейтінімді бастан-ақ білдім. Қазақтың салт-дәстүрі бойынша, бесікті ата-анам сатып алып берген.Меніңше, бесіктің жақсы жақтарына жататыны – өзімен бірге алып жүрудің оңайлылығы. Бесіктер өте жеңіл етіп жасалынады, әдетте – 5-7 келі болады. Сонымен қатар, ықшам, әрі берік. Бұл үй шаруашылығында өте ыңғайлы.Содан соң, бесікте орнатылған түбегі мен шүмегі, баланың ұйықысы бұзылмай, дәреті арнайы ыдысқа түсіп, денесінің құрғақ, таза болып қала беруіне жағдай жасайды. Бұл құралдар ай сайын подгузникке шығындалатын ақшаны да үнемдеуге көмектеседі.Үшіншіден, бала ұйықы кезінде өз-өзін, қол-аяғының кенет қозғалуымен шошытып оятуы мүмкін. Бесікте ондайы жоқ. Сәби ұзақ уақыт бойы тыныш ұйықтай береді. Себебі, қолы мен аяғы байлаулы. Бірақ, бұл тек менің жеке ойым. Қазір роддомның өзінде, медбикелер сәбилерді бөлемей, бос ұстауға үйретеді. Ал бұрын керісінше болған. Мен дәрігер емеспін, медициналық көзқарастан, бесікке бөлеудің бала денсаулығына қаншалықты пайдалы, әлде зиян екендігін салыстыра алмаймын.Сондай-ақ, кейбіреулер, баланы бесіктен алмастан емізе беруге болатынын да бесікке бөлеудің жақсы жағы деп қарастырады.Кемшіліктері туралы сөз қозғасақ, менің ойымша, олар жоқ деп те айтуға болады. Бірақ, халықта, бесікте жатқан баланың шүйдесі жазық болып өседі деген пікір бар. Алайда, менің бақылауымша, бала өзіне ыңғайлы қалыпта ұйықтайды.Менің ұлым бесікте 9 айға дейін жатқан. Сол уақытта ол тазалық, жылу, құрғақтықта ұзақ жатып, тыныш ұйықтаушы еді.Жалпы, аналарға бесікті қолдануға кеңес беремін. Уақыт өте, баланың бесікте жатқысы келетінін, келмейтінін көрерсіз."

Элмира Абилхайырова: "Бүгін аналар бесікті қолданбайтыны өкінішті-ақ. Бұл жағдай салт-дәстүрімізді, ата-бабамыздың қалдырған өнегесін сыйлауды қойғанымызды көрсетеді. Онсыз да қазіргі замаңда батыс елдеріне еліктеп, өз рухани байлығымызды, ұлттық құндылығымызды жоғалтып барамыз. Бесікке бөлеудің қаншалықты ыңғайлы екенін адамдардың көбісі білмейді. Әрине, бұл тек менің жеке пікірім. Таныстарымның ешқайсысы балаларын бесікке жатқызбапты. Менің ойымша, баланы алдымен бесікке бөлеп көру керек. Ал, бала бесікте мүлдем жатқысы келмесе, сонда ғана заманауи манеждер мен төсектерге көшуге болады."

Дариға Шүрегеева: "Сәбиді бесікке салу дәстүрі ертеден келе жатқан таптырмас қазына. Бесікте жатқан баланың қол-аяғы ербеңдеп, өзін өзі шошытпай ұйықтауына, жаялықтары құрғақ болып, жып-жылы жатуына ыңғайлы. Анасын емгенде де ыңғайлы жатады. Өз балаларым мен немерелермді бесікте өсірдім."Сұрастырылған аналар, баланы бесікке салудың кемшіліктеріне қарағанда жетістігі көп екенін айтты. Өмірге келген сәбидің алғашқы отауы – бесік десек артық айтқандық емес. Бесіктің пайдасы бүгінге дейін талай кітаптарға арқау болған. Әйгілі жазушы, білгір этнограф Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп бесік тәрбиесін бүкіл елдік деңгейге бір-ақ көтергені мәлім. Ел болу деген ұғымның аясы мен ауқымы өте кең. Біздіңше, бұған дініміз де, тіліміз де, бірлік-ынтымақ бауырмашылдығымыз да, өзге жұрттың соңында қалмай, тереземіздің теңелуі де, қысқасы, ешкімнен ұялмай, екі дүниеде бақытты ғұмыр кешудің бәрі де түгел сыйып кетеді. Міне, осының бәрі бесіктен басталатынын заңғар жазушы меңзеп отыр.Бірақ соңғы кездерде баланы бесікке салу мұсылмандыққа жата ма? Құран мен хадистебұл жайлы деректер кездесе ме деген сауалдарды да естіп қаламыз. Сондай-ақ бесікті ескіліктің қалдығы деп санайтын жаңа заманның жас ата-аналары да жоқ емес. Сондықтан бүгін ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан осынау ұлттық бұйымның мән-маңызы мен оның мұсылмандыққа қатысы жайлы біршама ой өрбітпекпіз.
Ең алдымен айтарымыз, бесік – қасиетті Құранда аты аталған бұйым. Алла тағала әкесіз туылған Иса Пайғамбар туралы мынадай аят түсірген: «Ол бесігінде де, ержеткенде де адамдарға сөйлейді. Әрі ізгілерден болады. («Әли-Имран» сүресі, 46-аят). Осы аяттағы «мәһд» деген сөзді көп тәпсіршілер «бесік» деп түсіндірген. Араб тіліненаударғанда, бұлсөздіңтүбірі «төсеу», «түзету» деген мағыналарды білдіреді.




Түсіндірмелі сөздіктерде бұл сөз «баланың тыныш ұйықтауы үшін әзірленетін арнайы орын» деп түсіндірілген. Ибн Ашур деген ғалым өз тәпсірінде аталмыш аятты түсіндіру барысында «мәһд» сөзіне мынадай анықтама береді: «Сандыққа ұқсайтын ағаштан жасалған, қақпағы жоқ бұйым. Ол - сәбидің сүт еметін шағында жататын орны. Құлап қалмауы үшін бала соған салынып қойылады», - дейді. Міне, бұл анықтама - қазақтың мыңдаған жылдардан бері қолданып келе жатқан бесігіне өте ұқсас анықтама. 
Ендеше, баланы бесікке салу мұсылмандыққа жат деп қорытынды шығару асығыстық.«Баланы Пайғамбар үлгісі бойынша тәрбиелеудің жолы» атты бірнеше томдық академиялық жинақта «Балаға бесік дайындау» деген арнайы тақырып бөлінген.Сонда бесікке қатысты аят-хадистер талданып келіп, мынадай маңызды тұжырымдар жасалады:

1. Емізулі баланың өз анасынан бөлек жатуы үшін арнайы жасалған орны болады;

2. Бесік ананың омырауындағы баласымен бірге ұйықтауына мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар емізіп жатып көзі ілініп кетсе, байқаусызда сәбиін басып қалмауына, ұйқылы-ояу күйде нәрестеге қолы тиіп кетуіне немесе басқа да зиян келмеуіне жағдай жасайды;

3. Бесік баяу тербетілгенде, баланың бүкіл ағзасы дем алады, рахаттанады;

4. Бесік анаға баланы ұйықтатуы үшін көмек болады;

5. Тербетілгенде бала жерге құлап қалмай, қауіпсіз жатуы үшін бесіктің қоршауы болады.

Мұсылман ғалымдары бесіктің осындай пайдаларын санап шыққан. Сондықтан кезінде Мәриям анамыз Иса Пайғамбарды босанғанда, көп кешіктірмей оны бесікке бөлеген деген ойдамыз. Өйткені елі оны күнәлі, азғын іс жасадың деп айыптап жатқанда, ол бір ауыз тіл қатпай, бесіктегі баланы нұсқады деген мағынадағы аятты Құраннан кездестіруге болады. Қашаған ақынның «Пайғамбарлар туғанда, Бесік болған бұл ағаш» деп жырлауы да тегін болмаса керек.

Осының бәрін жақсы білген, дұрыс зерделеген ата-бабаларымыз сәбиді бесікке салуды ерекше дәстүрімізге айналдырған. Сонау ерте замандардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан «Қобыланды батыр» жырында: «Алтыннан бесік ойдырып, Ақ торғынға бөлеген» деген тармақтар бар. Бұл сөздер біздің жұрттың сол кездегі биік эстетикалық талғамынан хабар берсе керек.Құдайға шүкір, бүгінге дейін туған қыздың артынан бесік апару салты, бесік тойы үзілген жоқ. Бұдан кейін де жалғасын таба береді деген үміттеміз. Ал енді бесіктің пайдаларына ат тізгінін тағы бұрайық: 

Біріншіден, бесік – тазалық, гигиенаның таптырмас құралы. Оның шүмегі, түбегі, жөргегі мен жаялығы – бәрі де баланың асты құрғақ һәм таза болуын қамтамасыз етеді. Бүгінгі «памперс», «хаггиес» деген секілді химиялық заттармен салыстырғанда, бесіктің бұл бөлшектері әлдеқайда пайдалы әрі таза. Қасиетті Құранның «Өздеріңді өздерің қауіп-қатерге итермелемеңдер!», «Алла Тағала тазаланғандар мен тәубе еткендерді жақсы көреді» деген аяттары мен «Тазалық – иманнан» деген хадис тұрғысынан келгенде, бесіктің тазалыққа тигізер пайдасы орасан.

Екіншіден, бесік жаңа туылып, өсіп, қалыптасып келе жатқан баланың физиологиясына өте пайдалы. Бесіктің төсек салынатын, түбек орналасатын тақтайлары баланың омыртқасы түзу болуына әсер етпей қоймайды. Ал омыртқаның бүкіл денеге қаншалықты әсер ететіні бүгінгі ғылымға белгілі. Бүгінде омыртқаның қисайғанынан неше түрлі дерттерге шалдығып жүргендерді де көріп жүрміз. Ғаламтордың беті омыртқаға арналған жаттығуларға толы. Міне, сондай мың бір бәлеге душар болмау үшін ата-әжелеріміз жастайынан баланың белі мен омыртқасын түзу қалыптастыруға тырысқан.
Үшіншіден, бесіктің тербетілуі, бесік жырының айтылуы баланың психологиясы ерекше әсер етеді. Сұлтанмахмұттың: «Бесігімде жатқанда-ақ берген білім» деп ана тіліміз туралы айтатыны бар. Бесік жырында айтылатын сөздердің бәрі - тұнып тұрған дұға-тілек. Ешбір бесік жырында ұры бол, залым бол, жаман бол деген сөз кездеспейді. Керісінше, адам бол, жақсы бол, денің сау болсын деген сөздер айтылады. Мысалы, мына бір үзіндіні қарап көрейік: 

...Қолымыздан іс алып,
Мойынына күш алып,
Бізді бағар ма екенсің?
Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөйлегенде сөз бермей,
Шешен болар ма екенсің?..

Бұл жерде бесіктегі бала өскенде дүниеге әкелген ата-анасын бақса екен, елін қорғайтын батыр болса екен, өз қолымен еңбек ететін ұста болса екен, дұрыс сөз айтатын шешен болса екен деген тілектер ғана айтылып отыр. Мұның бәрі де шариғатымыздың құптайтын, шақыратын істері. Ал енді осы тілектер көп айтылған кешегі кездерде қазақтың даласында ата-анасын сыйлайтындар, білегі күшті батырлар, темірден түйін түйетін ұсталар мен екі ауыз сөзбен екі елдің дауын шешкен шешендер де өте көп еді.
Қысқарта айтқанда, бесіктің пайдасын саралап шықсақ, том-том кітаптарға да жүк болады. Бүгінде қазақтың бесігін Харви Карп секілді шетелдік дәрігерлердің зерттеп жүргені де бесікте ашылмаған сырлардың көп екенін білдіреді. Ал біздің айтпағымыз, ұлттық дәстүрлеріміз бекерден бекер қалыптаспаған. Ата-әжелеріміз ақылсыз, білімсіз, парасатсыз болмаған. Керісінше, әр нәрсені мың ойланып, жүз толғанып барып жасайтын пайым терең жандар болған. Сондықтан асыл дініміз бен ұлттық салт-санамызға ие болайық, ағайын!
















Пайдаланылған әдебиеттер:


1.Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдык- гуманитарлык бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / М.Қойгелдиев, Ә.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы


2.Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері – Алматы, Қазақстан


3.Көкшеева З. Бесік жырлары – эстетикалық мәдениетті қалыптастыруы


4.Өмешұлы Ә. Бесікке бөлеу зиян ба? Парасат, №7


5.Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері, Алматы, 2004 ж. 











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
2159
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі