Материалдар / Бесінші сынып оқушыларының мазасыздықты төмендетуге арналған жаттығулар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бесінші сынып оқушыларының мазасыздықты төмендетуге арналған жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
5 сынып оқушылардың орта буынға бейімделудегі қиындықтарды жеңу, құрдастарымен қарым-қатынас орнату мақсатында қолданылатын жаттығулар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2018
634
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бесінші сынып оқушыларының мазасыздықты төмендетуге арналған жаттығулар

Мақсаты: 5 сынып оқушыларына жаңа оқу кезеңіне сәтті бейімделуіне әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау.

Қатысушылар: 5 сынып

Ойын «Тамшылар»

Сөздіктермен жұмыс. (Сынып ұжымын 3-ке бөлеміз)

Балалар, сіздерді бір неше психологиялық сөздермен таңыстырғым келеді (тұлға, агрессия, дербестік, мазалану, бейімделу, өзін-өзі бағалау)

Сөздіің мағынасы? Адамға қажеттілігі? Барлық адамдар одан өтеді ме? Осы параметрлардан адамдардың айырмашылықтары қандай?

Түсініктеме беріледі.

«Адам, Шатыр, Жерсілкінісі» ойыны.

Топ үш-үштен топтасып бөлінеді. Бір адам артық қалуы керек. Егер қатысушы саны жетпесе жүргізуші қоса ойынға қатысуға болады.

Ойынның шарты: жүргізуші «Адамдар ауысамыз!» деген бұйрық берсе, шатыр астындағы адамдар жылдам-жылдам орындарын ауыстырады. Сол кезде артық тұрған адам өзіне паналайтын шатыр тауып алуы керек. Артық қалып қалған оқушы жүргізушінің келесі бұйрығын мұқият тыңдап тұруы қажет. Жүргізуші «Шатырлар ауысамыз!» деген бұйрық бергенде шатырлар ауысып, артық қалған оқушы жылдам біреуге шатыр болуға тырысады. Тағыда артық қалған оқушы жүргізушінің келесі бұйрығын тосады. Келесі бұйрық «Жерсілкінісі» дегенде шатырлар да, адамдар да ауысады. Осы кезде артық қалған адам өзіне орын табуға тырысады. Осылайша бірнеше қайталауға болады.

«Кім оны ... тап» жаттығу

Жүгізуші әр түрлі бекітулерді оқиды, оқушылар сол бекітулермен келіссе, онда «иа» (көңілді түр) табличкаға, егер келіспесе «жоқ» (мұңайып түр ) деген табличкаға барып тұрады. Енді бір вариант «кейде» (ойланып тұрған түр) деген табличка барып тұрады.

  • Мен саяхатқа шыққанды ұнатамын.

  • Менің казіргі көңіл күйім күз сияқты салқын.

  • Мен күнделікті тісімді жууамын.

  • Мен мұнды фильмдерді көрсем, көңілім босап кетеді.

  • Мен қыз бен ұлдың құқықтары бір деп ойлаймын.

  • Мен музыка тыңдағанды ұнатамын.

  • Алдыңғы айда жаңа кітап оқыдым.

  • Мен музыкалық аспапта ойнаймын.

  • Мен шет тілінде сойлеймін.

  • Мен оқығанды ұнатамын.

  • Мен үй жұмыстарын істеймін.

  • Мен өзім үшін тұра аламын.

  • Мен – ақкөңілмін.

  • Менің басқа сыныпта достарым бар.

Әрбір бекітуден кейін, табличкаларға ауысыға мүмкіндік беру, және оқушылардан неліктен олай жауап бергенін сұрау.

«Бастауышпен қош айтысу» жаттығуы.

Бұл жаттығуды орындауда жағымды естеліктерді, жетістіктерін, мадақтамаларын есіне түсіру.

Тренер: бүгін сендерге бастауыштағы ерекше естерінде қалған естеліктерін айтуды ұсынамын. Өзіңізге ыңғайлы болу үшін өткен шақтан нені алар едіңіз? Еркін отырамыз. Көзді жұмып, терең демаламыз. Елестетеміз, ең алғашқы мектепке келген кезің, жүрегің қуанышқа толы, өзіңді басқа балалардан ересек сезінесіз. Алғашқы қоңырау соғылды. Сен 4 жыл оқитын сыныбына кірді, бұл қандай кабинет екен? Оның әрбір заттарын есіңе түсір. Айналаң жаңа балалар, ортасында болашақ достарында жүр. Сыныпқа кірген қай орындыққа барып отырдың? Өзіңнің алғашқы дәптерінді, мұғалім мақтаған кезіңді, жетістіктеріңді елестет. Сен үшін өте көңілді, қызықты кездерің? Естеріңе түстіме? Ал енді кері қайтамыз. Сен енді осындасын, сыныптасын. Енді көздеріңді ашыңдар.

Балалар өз әсерімен бөлісу.

«Доппен ойын» жаттығуы.

Допты бір біріне бере отырып, мына фразаны аяқтау. « Мен 5 ші сыныпты ........ қалаймын.»

Жаттығудан кейін оқушыларға «Менің мақсатым» бланкасын таратып, оған оқушылар 4 негізгі арманын немесе мақсатын жазуды ұсынады. Жазбас бұрын, мына сөйлемді айту керек: «Мен қалауымды орындау үшін, мен не істей аламын...» .

Бланкыны оқушылар өз еркімен бояуға, сәндеуге болады.

«Кері байланыс»

Оқушылар тренингтен алған әсерлермен бөлісіп, тренингті аяқтау.



























































«М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ



Бекітемін:

Мектеп директоры: Жикенова Н.А















Бесінші сынып оқушыларының мазасыздықты төмендетуге арналған жаттығулар




Психолог: Даулетханова М.Д

Табарак З.










2017 жыл

Зайсан қаласы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!