Материалдар / Big Data Деректер қоры түсінігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Big Data Деректер қоры түсінігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Үлкен деректермен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат – бұл олардың негізінде іс жүзінде қолдану үшін құнды аналитикалық тұжырымдар алу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Мамыр 2022
2669
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

Сабақ жоспары

Big Data Деректер қоры түсінігі

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы: Информатика

Дайындаған оқытушы: Турехожаева Ш.Н.      "28" 04.2022 ж.

  1. Жалпы мәліметтер

Курсы 1 оқу жылы 2021-2022 ж.ж. топ ББ-Б-21

Сабақ типі: аралас сабақ


  1. Мақсаты, міндеттері

Үлкен деректермен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат – бұл олардың негізінде іс жүзінде қолдану үшін құнды аналитикалық тұжырымдар алу.


Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Пән бойынша қосымша материалмен танысу үшін төменде берілген сілтемелер біріне өтіңіз:

  • Информатика. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы

11-сынып оқушыларына арналған оқулық (100-104 –бет)


Пән бойныша бейне сабақпен танысу үшін төменде берілген сілтемеге өтіңіз:

  • https://www.youtube.com/watch?v=6M3pxHLoGjs

  • https://yandex.kz/video/preview/?text=Мобильді+құрылғылар+сипаттамасы&path=wizard&parent-reqid=1615302692121807-1298285983208994557900110-production-app-host-man-web-yp-198&wiz_type=v4thumbs&filmId=12521119723684620505&url=http%3A%2F%2Fwww.youtube.com%2Fwatch%3Fv%3DKQGnOviEAhk

Техникалық құралдар, материалдар, смартфондар, планшеттер, дербес компьюерлер, нотбуктар



  1. Сабақтың барысы

А)Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі

а) Оқу жұмысын ұйымдастыру

б) Студенттердің білімін тексеруге кері байланыс ұйымдастыру


Б)Жаңа білімді меңгеру

Big Data (тура аударма «үлкен деректер») дегеніміз не? «Үлкен деректер» терминін деректердің үлкен көлемін басқаруға және талдауға қатысты деп болжауға болады. Деректер – компьютерді басқаратын және электр сигнал- дары түрінде сақталатын және берілетін магниттік, оптикалық, механикалық тасығыштарға жа- зылатын шамалар, белгілер неме- се символдар. «Big Data» термині қысқа уақыт ішінде алуан түрлі, ауқымды, құнды деректерді жинау дегенді білдіреді. Мұндай деректерді өңдеу машинасыз жүзеге аспайды.

Соңғы уақытқа дейін деректер электрондық кестелермен немесе деректер қорымен шектелді әрі барлығы өте ретті және ұқыпты болды. Жолдар мен бағандарға орналастыруға келмей- тіндердің барлығы жұмыс істеу үшін тым қиын деп есептеліп, еленбеді. Алайда ақпарат сақтау саласындағы прогресс әртүрлі деректің көп санын тіркеп, сақтап, өңдеуге қол жеткізді. Нәти- жесінде қазіргі таңда «деректер»ұғымына деректер қорынан бастап, фотосуреттер, бейнелер, дыбыс жазбалары, жазбаша мәтіндер және датчиктердің деректеріне дейін кіреді. Үнемі өсіп келе жатқан ақпарат ағынын бірнеше жыл бұрын елестету де мүмкін болмаған жолмен пайдалана алатынымызды білді- реді. Бүгінде компаниялар клиенттердің нақты санаттарының қандай затты, қашан сатып алуды қалайтынын болжай ала- ды. Big Data сондай-ақ компанияларға өз қызметін әлдеқайда тиімді орындауға көмектеседі.

Термин экономикада, банк қызметінде, өндірісте, марке- тингте, телекоммуникацияда, web-талдауда, медицинада және т.б. деректер ағынының жылдамдығының артуы тұрақты болатын, сапалы үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істейтін ірі салаларда қолданылады.

Мысалы, Нью-Йорк қор биржасы күн сайын өткен сессия бойынша сауда-саттық туралы 1 терабайт деректер жасайды.

Әлеуметтік медиа: статистика Facebook деректер қорына күн сайын 500 терабайт жаңа деректер жүктелетінін көрсетеді, негізінен әлеуметтік желі серверлеріне фото мен бейнені жүк- теуден, хабар алмасу, постылар астындағы түсініктемелер және т.б. салдарынан пайда болады

Реактивті қозғалтқыш ұшу кезінде әрбір 30 минут сайын 10 терабайт деректерді тудырады. Күн сайын мыңдаған ұшу болғандықтан, деректер көлемі петабайтқа жетеді.

Ақпаратты тез жинақтаумен бірге деректерді талдау тех- нологиясы да жылдам қарқынмен дамуда. Егер бірнеше жыл бұрын клиенттерді ұқсас қалаулары бар топтарға саралау ғана мүмкін болса, енді нақты уақыт режимінде әрбір клиент үшін модельдер құруға болады, мысалы, нақты тауарды іздеу Интернет желісі арқылы жүзеге асырылады және салынған үлгіге сәйкес лайықты жарнама немесе нақты ұсыныстар шыға- рылады. Модель сондай-ақ бірнеше жыл бұрын ойластырылған нақты уақыт режимінде реттелуі және қайта құрылуы мүмкін. Үлкен деректер көлемі, жасалу жылдамдығы, түрленуі және өзгергіштігі бойынша ерекшеленеді. Бұл сипаттамаларды

толығырақ қарастырайық.

1. Көлем. Big Data термині үлкен өлшеммен байланысты. Деректер мөлшері – қажетті нәрселерді анықтаудағы маңызды көрсеткіш. Күн сайын 6 миллион адам сандық медианы пайдаланады, бұл – алдын ала бағалау бойынша

2.5 квинтиллион байт деректер. Сондықтан назар аудар- татын бірінші сипаттама – көлемі.

2. Алуан түрлілік – келесі аспект. Ол құрылымдалған және құрылымдалмаған гетерогенді көздер мен деректер табиға- тына сілтеме жасайды. Бұрын электрондық кестелер мен деректер қорлары қосымшалардың көпшілігінде қарас- тырылатын ақпараттың жалғыз көзі болды. Қазіргі таңда электрондық хаттар, фото, бейне, PDF файлдар, аудио формасындағы деректер де аналитикалық қосымшаларда қаралады. Құрылымдалмаған деректердің осындай алуан түрлілігі сақтау, өндіру және талдау проблемаларына алып келеді: компаниялардың 27%-і лайықты деректермен жұмыс істейтініне сенімді емес.

3. Жасалу жылдамдығы. Деректердің талаптарды қанағат- тандыру үшін қаншалықты тез жинақталатыны және өңделетіндігі әлеуетті анықтайды. Жылдамдық ақпарат көздерінен – бизнес үдерістерден, қосымшалардың логола- рынан, әлеуметтік желілер мен медиа сайттарынан, сенсор- лардан, мобильді құрылғылардан ақпарат ағынының жыл- дамдығын анықтайды. Деректер ағыны уақыт өте үлкен және үздіксіз болып келеді.

4. Өзгергіштік – өңдеу мен басқаруды қиындататын уақыттың кейбір сәттерінде деректердің тұрақсыздығын сипаттайды. Мысалы, деректердің басым бөлігі өз ерекшелігіне сай құрылымдалмаған.

Big Data ұсынатын артықшылықтар:

1. Әртүрлі көздерден деректерді жинау.

2. Нақты уақытта талдау арқылы – бизнес процестерін жақ- сарту.

3. Үлкен көлемді деректерді сақтау.

4. Инсайттар. Big Data құрылымдалған және жартылай құры- лымдалған деректердің көмегімен жасырын ақпаратқа аса бай.

5. Үлкен деректер тәуекелді азайтуға және қолайлы тәуе- кел-талдаушының арқасында дұрыс шешімдер қабылдауға көмектеседі.

Big Data-ның қиыншылықтары:

1. Деректердің құпиялылығы – Big Data біздің жеке өміріміз туралы көптеген ақпаратты қамтиды, оның құпиялылығын сақтауға толық құқымыз бар.

2. Деректерді қорғау – егер белгілі бір мақсат үшін біздің деректеріміз бөгде жандардың қолында болса, осы деректе- ріміздің сақталуы мен қауіпсіздігіне сенімді бола аламыз ба?


Жаңа білімді бекіту.






Big Data Деректер қоры түсінігі

«БЛУМ» таксономиясы бойынша ойлау дағдыларын деңгейін қалыптастыру үшін тапсырма (чек парағы)

Білу

1. Big Data деген не?

2. Big Data-ның негізгі сипатаммалары қандай?

3. Big Data қайда қолданылады?

Түсіну

  1. Big Data-ны қолданудың артықшылықтарын атаңдар.

  2. Big Data-ны қолданудың кемшіліктерін атаңдар.

  3. Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып, өмірде Big Data-ны қолданудың нақты мысалдарын келтіріңдер және деректер бойынша маман болу үшін қандай білім мен біліктер қажеттігін талдаңдар.


Қолдану

Төменде көрсетілген кестеге үлкен деректер мен дәстүрлі деректер сипаттамаларын толтырыңдар.


Дәстүрлі деректер қоры

Үлкен деректер

Қолдану саласы



Деректер сипаттамасы



Деректер сақтау тәсілдері



Деректерді сақтау және өңдеу моделі



Өңдеуге арналған ақпарат саны




Талдау

Компьютеріңде орнатылған браузердің бірін қолданып:



1. ДҚБЖ-ны табыңдар.

- SQL;

  • dBase;

  • Access;

  • Fox Pro;

  • Paradox.

    1. Деректер қорын құрыңдар, онда мыналар көрсетіледі: ДҚБЖ атауы, ДҚБЖ пайдалану сипаты, функциялар, модель түрі.

    2. Ең үлкен функция ДҚБЖ-ның қай түрінде бар?

    3. Жұмысты сақтаңдар.

Синтез

Төменде көрсетілген сілтемеге кіріп, бақылау сұрақтарына жауап беріңіз!

https://wordwall.net/resource/12319675/big-data

Ескерту: тапсырма орындау барысы жылдамдықты талап етіледі

Бағалау

Интернеттен «Цифрлы Қазақстан және Smart City» бағдарламалары жайлы деректерді тауып, олардың болашағы туралы ой бөлісіңдер.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!