Материалдар / "Білгенге маржан"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Білгенге маржан"

Материал туралы қысқаша түсінік
География пәнінен қызықты мәліметтер
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Білгенге маржан»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
ой - өрісін, белсенділік қабілетін, танымдылық қызығушылығын арттыру, логикалық сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру
2. Дамытушылық: оқушылардың тілдік қорын дамыту, жарыстыру арқылы аңғарымпаздық қасиеттерін арттыру, ой - өрісін кеңейту
3.Құндылықтарға баулу: Оқушыларды ынтымақтастыққа баулу, ұлттық құндылықтарды құрметтеу, табиғатты аялап, оған жанашырлық танытуға тәрбиелеу.

Оқушылардың бойында зерттеушілік инновациялық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карта, нақыл сөздер, суреттер, плакаттар.
Ұйымдастыру кезеңі:

1). Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

2). Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі 9-10-11 сыныптар арасында өтетін «Білгенге маржан» атты химия, биология және география пәндері арқылы кіріктірілген сайыс сабағымызға қош келдіңіздер. Біздің бүгінгі сайысымыз 3 топтан құралған және сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

Сайыс кезеңдері: 1 кезең «Бәйге»
2 кезең
«Жауабыңыз қандай?!»
3 кезең
«Кілтті әріптер»
4 кезең «
Жұмбақ аралы»

5 кезең «Құпия қорап» әдісі

6 кезең Тренинг сәті: «Орман іші»

3).Топтар өз командаларын таныстырып, ұрандарын айтып өтеді.

4).Бүгінгі сайысымызды бағалайтын әділ қазылар алқасымен танысыңыздар
1- кезең «Бәйге» кезеңін бастаймыз
І топ: 1. Алғаш рет жасушаны ашқан ғалым (Р. Гук)

2.Қан құрамындағы металл? (Темір)

3.Өсімдіктің вегетативті мүшелері (тамыр, сабақ, жапырақ)
4. Қорықтарды ата? (10 қорық бар)

5.Пластикалық хирургияда сынған сүйекті бекітуге қолданатын металл? (Титан)
6. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)
7. Күкірт қышқылының формуласы.(Н2SO4)

8.Қазақстан Республикасы БҰҰ-на қашан мүше болды? (1992ж. 2 наурызда)

9.Рухани жаңғырудың бірінші бөлімінің тармақтарын ата?

10. Наурызым қорығы орналасқан облыс ? (Қостанай)
ІІ топ: 1. Гүлдің негізгі көбею мүшесі (аталық пен аналық)

2.Әсемдік үшін өсірілетін үй құсы (тотықұс)

3. Генетиканың атасы кім? (Г.Мендель)

4.Адамдағы ұлпа саны қанша, оларды ата? (4. Жүйке, тірек, жабын, дәнекер)

5.Селексия ғылымы нені үйретеді? (Адам өзіне қажетті жаңа іріктемелер шығару)

6. Милионер атанған элемент? (Көміртегі)

7. Әнұранның әнін және сөзін жазғандар? (Ш.Қалдаяқов, Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов)

8. Қазақстан Республикасының астанасы қай жылы Аламатыдан Астана қаласына көшірілді? (1997 ж. Көшіру туралы бүйрық шығарылды.1998 ж. Астана болып аталды)

9. Микроскопты ойлап тапқан кім?

10. Еліміз қандай пайдалы қазбалар қорынан дүние жүзінде бірінші орында тұрады? (вольфрам, қорғасын, барит)

ІІІ топ: 1. Өсімдіктің генеративті мүшелері (гүл, жеміс)

2. Дарвиннің кемесі? (Бигль)
3.Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым.(Бутлеров)

4. Будандастыруға Мендель қай өсімдікті қолданды? (Асбұршақ)
5. Эвалиционер ғалымдарды ата? (Ч.Дарвин, Ламарк, К.Линей)
6. Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (ядро)

7.Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент.(S)
8.Қазақстан Республикасының Конституциясы қашан қабылданды? (1995ж. 30 тамыз)
9.Қай жылдан бастап ЮНЕСКО ның шешімі бойынша Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді? (1999ж.)

10. Рухани жаңғырудың екінші бөлімінің тармақтарын ата?

2 –кезең : «Жауабыңыз қандай?!»

География 20 30 40 50

Биология 20 30 40 50

Химия 20 30 40 50

Жер планетасы 20 30 40 50

Геогрфаия

20 Қазақстан аумағында орманды дала зонасы бар жазық? (батыс Сібір жазығы)
30 Дүниежүзіндегі ең биік вулкан ? (Килиманджаро)

40 Еліміздің қай өңірінде рентген зауыты салынған? (Ақтөбе)
50 Бір тәулік ішінде 40, -20, 80,60 . Тәуліктің орташа температурасы қаншаға тең?

(40 – қа тең)

Биология

20 Тұқым қуалау мен өгергіштік заңдары туралы ғылым? (генетика

30 Денсаулық сақтау шарттары және аурудың алдын алу шаралары туралы

ғылым қалай аталады? (гигиена)

40 Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін шығарумен айналысатын ғалымдар

(Селекционер)

50 Туыс емес даралаларды будандастыру? (аутбридинг)

Химия

20 Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.(атом)

30 Ең жеңіл металл.(литий)

40 Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр.(коэффициент)

50 Күкірт неше валентті?(2,4,6)

Жер планетасы

20 Күнге ең алыс айналатын планета? (Плутон)

30 Жер мен Айдың ара қашықтығы? (384 000)

40 Планеталар неше топқа болінеді? (екі топқа: жер типтес- Меркурий, Шолпан, Ай мен Жер,Марс; алып планеталар-Юпитер, Сатурн,Уран,Нептун,)

50 Планеталар бір-бірінен қалай ажыратылады?(мөлшері,химиялық құрамы, массасы, тығыздығы, айналу периоды бойынша)

3 кезең: «Кілтті әріптер» мына шеңберден элемент аттарын құрастыру.

4 - кезең «Жұмбақ аралы» (жауабын үш тілде айтып беруі керек)

1)Өзім газбын, менімен демаласың, жоқ болсам ауа жетпей қиналасың (оттек- кислород- oxcigen)

2)Осы затпен ескі үйді алсатайды, түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.(күкірт- cера- silver)

3)Ең жеңіл элемент саналаы, периодтық жүйе осыдан басталады.(сутек- водород- hidrogen)


5- кезең «Құпия қорап». Қорап ішіне жасырылған кез-келген қағазды әрбір топтан оқушылар алып топ мүшелерімен оқып жауаптарын береді.Таба алмаған жағдайда 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады. Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 5 ұпай,

І . Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайынберіп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны-Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әрбейсенбіде бұл

өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: Сарымсақ

ІІ . Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған.Ресейге бұл сусын тосыннан келген.1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап,өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді,патша оны ұнатады.Басында оны дәрі ретінде пайдаланады,ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек:Отаны-Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқаҮндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.

Жауабы: Шай

ІІІ . Бұл дамушы елдің аумағы екі дүние бөлігінде орналасқан.

Ел халқының көп бөлігі әлемдегі ең белгілі өзенің аңғары мен атырауында тұрады. Ел астанасы-материктегі аса ірі агломерациялардың бірі . Тарихи-мәдени ескерткіштер мен рекреациялық ресурстарға бай болуы себепті туризм халықаралық дәрежеде дамыған.Ел аумағында мұнай өндіріледі. Жергілікті халық негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Мақта- ел экспортының маңызды бөлігінің бірі.

Бірінші көмек: Африка мен Азия дүние бөлігінде орналасқан.

Екінші көмек: Жерорта теңізінің оңтүстігінде орналасқан.

Үшінші көмек: Пирамидалар елі.

Жауап: Египет

IV. Бұл елдің атауы өз тілдерінен аударғанда "төмен жатқан жер"

деген мағына береді. Ел Солтүстік теңіз жағалауында орналасқан. ел аумағында халық өте тығыз орналасқан.Өнеркәсіптегі жоғарғы технология салаларының үлесі жөнінен дүние жүзінде Жапониядан кейін 2 орын алады.Ауыл шаруашылығының басты саласы -көкөніс және жеміс-жидек өсіру.Мал шаруашылығының негізі- сүтті сиыр өсіруге маманданған. Дүние жүзіне әйгілі қара ала сиыр тұқымы өсіріледі.

Бірінші көмек: Мұнда сиырға арнап ескерткіш қойылған.

Екінші көмек: Бұл елді гүлдердің отаны деп атайды.

Үшінші көмек: Бұл елді екінші атауымен Голландия деп те атайды.

Жауап: Нидерланд

V. 1000 жылға жуық тарихы бар ескі еуропалық қалалардың ірі.Астананың атауы орыс тілінде «Торговая Гавань» деген мағынаны береді. Қазіргі уақытта қала заманауи кең көшелерімен ,биік ғимараттарымен, булвар және саябақтармен жабдықталған.Теңіз жағалауына кең аллея және махаббат орны орналасқан.

Бірінші көмек: Басқару түрі конституциялық монархия.

Екінші көмек: Бұл мемлекет Еуропа мен Скандинавия түбегінде орналасқан

Үшінші көмек: Құрғақ жер арқылы тек қана Германиямен ғана шектеседі

Жауап:  Дания. Астанасы-Копенгаген

VІ. Елдегі үлкен қала. Терең шұңғымада орналасқан. 200 жыл бұрын жылы минералды көздің орнында орналасқан. Бұрын бұл жерде фракия тайпаларының бірі болып сердтер қоныстанады, оның кенті Сердико деп аталған.Кент батыс және Шығыс аралығында сауда жолдарында орналасқан, Рим империясы кезінде маңызды сауда орталығы болған. Бұл қай қала қала?

Бірінші көмек:Қаланың таңбасында «Өсуде, бірақ қартаймайды» сөйлемі жазылған.

Екіншікөмек:  Жерінің 30 % орманды

Үшінші көмек: Балқан түбегінің шығыс бөлігінде орналасқан.

Жауап:  Болгария, астанасы - София

6- кезең тренинг сәті: «Орман іші» . Яғни бұл кезеңде оқушылардың оқылым-айтылым, айтылым- тыңдалым дағдыларын бақылау мақсатында ойын ретінде қойылады. Әр топтан топ басшылар сыртқа шығарылады. Қалған топ мүшелеріне мәтін оқылады. Топ басшыларды біртіндеп кіргізіп топта отырған бір оқушыға айтқызады. Сырттан кірген оқушы келесі оқушыға айтады. Солай жалғаса береді.

Орман іші. Айнала аппақ қар. Орманда он екі аңшы от жағып отыр. Аңшының бірі балық аулап отыр. Екіншісі тамақ ішіп отыр. Үшіншісі біріншісінің құлағын шұқылап отыр. Бұл картина емес, жай Суриковтың қиялы.

Келесі кезекте әділ қазылар алқасына сөз кезегін берейік.


Білім деген биік шың, Жастықтың оты қайдасың,

Бақытқа сені жеткізер. Жүректі түртіп қозғамай.

Білім деген ақылшың, Ғылымның білім пайдасын,

Қиындықтан өткізер. Дүниенің көркін болжамай- деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі сайыс сабағымызды қорытындылаймыз.





































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!