Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының
«Тараз сервис және технология колледжі» КМҚК
«Бекітемін»
Директордың
оқу-өндірістік жұмысы
жөніндегі орынбасары
__________ Е.У.Маханов
«_____»________2023ж.
Білгенге маржан
(сабақтан тыс іс-шараның тақырыбы)
Күні: 23.10.2023
Сағаты: 14:45
Өтетін орны: 1 корпус, 3 қабат, 306 аудитория
Топ: ШӨ-23-2
Курс: 1
Ұйымдастырушы: Отемисова Г.О., Оразымбетова Б.Х.
Циклдың әдістемелік комиссия отырысында қаралды
20__ж. «___» _ № «__» хаттама
Әдістемелік цикл жетекшісі________ Жумабекова Ж.Б.
Тақырыбы: «Білгенге маржан»
Мақсаты:
- студенттердің білім-білік дағдыларын бақылау, топта бірлесіп жұмыс істеуге, басқалардың жұмысын бағалауға үйрету;
- студенттердің тіл байлық, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту;
- студенттерді ана тілін құрметтейтін, өзге тілді білетін, өз кәсібін сүйетін болашаққа үлес қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Түрі: интеллектуалды дамытпа, сайыс сабақ, сабақтан тыс іс-шара
Әдісі: теориялық сабақта өтілген материалдарды бекіту, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, ізденушілік, тәжірибелік (практикалық) тапсырмалар.
Көрнекілігі: жоспар, қағаз ұяшықтар, ватман, қажетті жабдықтар мен құрал-саймандар, ноутбук
Сайыс сбақтың барысы: Ойынға қатысушылар он-оннан екі топқа бөлінеді.Ойын 4 айналымнан тұрады.
1-айналым: «Бәйге»
2-айналым: «Сен білесің бе?»
3-айналым: «Ұшқыр ой»
4- айналым: «Ізденген жетер мұратқа»
Оқытушының кіріспе сөзі:
-
Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар! Саламатсыңдар ма, менің сүйікті тобым!
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра ала алмас.
Болмашы кекшіл,
Болсайшы көпшіл,
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржаң,
Болымсыз қылжаң
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?!
- деп Абай атамыз айтқандай, бүгінгі, «Білгенге маржан» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл мықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты
– деп сайыс сабағымыз интеллектуалдық ойын түрінде өтетін болғандықтан әділ қазыларды сайлап алайық.
Әрқашанда білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Бір-біріңе танытыңдар қошемет,
Дос көңілмен, адал, аппақ ниетпен.
- деп алғашқы айналымымызды бастаймыз.
1-айналым: «Бәйге»
Әр ұяшықта тапсырмалар жасырылған. Ол үшін әр топ тақтада тұрған ұяшықты таңдайды және сол ұяшықта көрсетілген тапсырманы орындайды.
1-ұяшық: сұрақтар
1. Бас жуудың қанша әдісі бар? (Екі әдісі бар: алдыға еңкейтіп жуу және артқа шалқайтып жуу)
2. Жалпы шаштараздың құрал-саймандары қалай топтастырылады? (4 топқа топтастырылады: шашты тарауға арналған, шашты қиюға арналған, шашты бұйралауға және сәндеуге арналған болып)
3. Неден жасалғанына байланысты құрал-саймандар қалай бөлінеді? (ағаштан, металдан, пластмассадан және сүйектен жасалған болып бөлінеді)
4. Құрал-сайманды залалсыздандырудың неше әдісі бар? (механикалық, физикалық және химиялық)
5. Шаштараздар түріне қарай және категориясына қарай қалай бөлінеді? (Түріне қарай: ерлерге, әйелдерге, балаларға арналған және аралас болып бөлінеді. Категориясына қарай 3-ке бөлінеді: 1-ші категория салон-люкс, 2-ші категория сұлулық салоны және 3-ші категория жәй шаштараз (парикмахерская)
2-ұяшық: жаңылтпашты қайтала
-
Шаш ал, қас алма.
Ас ал, қасарма!
2. Екеуінін жасы шамалас,
Бірінің шашы - қарашаш,
Бірінің шашы - ақ шаш аралас
3. Өскен
баста,
Қиылған шашты шашпа
Босқа баспа
4. Шашы сары Сашаның да жасы сегізде,
Шашы сұры Сашаның да жасы сегізде
3-ұяшық: мәнерлеп оқу
1. Ағарған шашты боярсың,
Əжiмiн беттiң жоярсың.
Айналып соқпас уақыттың
Алғанын қайда қоярсың?! (Ғұсман
Жандыбаев)
2. Шаш өссе де қас
пен кірпік өспейді,
Бұйрық болмай жан денеден көшпейді.
Тіршілікте таңдап қонған бақ құсын
Біреу ерте, енді біреу кеш дейді.
Жиғаныңды ағыл-тегіл төк, мейлі,
Несібеңді Тәңір өзі реттейді.
Елге істеген жақсылығың мол болса,
Қартайсаң да жүректен нұр кетпейді. (Ақылбек
Шаяхмет)
3. Жимашы, торғын қара шашынды
анау,
Жанымды отыңа өртеп басылмады-ау.
Шіркін-ай, еркімді алған сол қара шаш,
Арман, арман!..
Кеудеме шашылмады-ау.
Ана бір күміске ұқсас ақ талдарын,
Жаныңа дәтім барып ақтармадым.
Сол бір шаш орап алып бар сезімді,
Айтылмай іште тұнып жатты арманым.
Сеземін арқамда ауыр жүк тұрғанын,
Керегі не сөзбенен ұқтырғанын.
Сол шаштың әр талынан күй есіліп,
Дел-сал боп шарбатымдай жұттым нәрін.
Жимашы, қобыраған шашыңды анау,
Жанымды отыңа өртеп басылмады-ау.
Арман-ай, еркімді алған —
Сол қара шаш,
Дауылдай кеудеме кеп шашылмады-ау. (Марфуға
Айтқожина)
4. Маңдайда бір тал шашым
ағарыпты,
Белгісі болғай-дағы «даналықтың».
Ығысып, қарақұсқа бара жатыр,
Кекілі кешегі анау балалықтың.
Ағарсын шашым, мейлі, ағармасын,
Алаң боп ауырмағай оған басым.
Жастықтың оты сөнер, оты сөнер,
Қызуы бойда бірақ жоғалмасын. (Мұқағали
Мақатаев)
4- ұяшық: жауабын тап
1. Қораға қамай алғаныңмен, оны санай алмайсың. (Буылған шаш)
2. Бiрiншi түбiр сөз – өссе, қидырып аласың. Екiншi түбiр сөз – аты көне қаланың. Екеуiн қосып оқысаң – сəн маманы. (Шаш + Тараз = Шаштараз)
3. Майтөбеде ол
сусыз,
Өскен қамыс буынсыз. (Шаш)
4. Тіс деген жоқ,
ерні өткір,
Қазықтаулы көмейі.
Қан шығармай өмірде бір,
Өлтіреді, жемейді. (Қайшы)
5. Қалтамда жатыр, тiсi бар,
Тiстемей-ақ iстер iсi бар.(Тарақ)
6. Аузы жоқ, көзі
жоқ,
Тілі жоқ, өзі жоқ.
Бірақ та тісі бар,
Басыңмен ісі бар. (Тарақ)
7.
Отын емес
жағатын,
Пішен емес
шабатын.
Бірақ, адам
шашпайды,
Айлап орып
тастайды.
Биік жерде
өседі,
Мұны не зат деседі?
(Шаш)
8. Шалғайда жатқан ауылға қонаққа барған бір
кісі шашын қысқартпақ болады. Ауылда екі ғана шаштараз бар екен.
Шығыс жақтағысына барғанында іші біраз ескірген, еденінде шаштар
шашылып жатты. Ал шаштараздың шашы қисық-қыңыр, жаман алынған
болатын. Батыс жағындағы шаштаразға барғанында іші тап-таза, жаңа
және шашатараздың шашы өте жақсы алынған болатын. Ойлана келіп әлгі
кісі бірінші көрген шығыстағы шаштаразға барып шашын қысқартқан
екен. Мұның себебі не?
Жауабы:
Ауылда екі ғана шаштараз бар болғанына
қарағанда шашы жақсы алынған батыстағы шаштараздың шашын шығыстағы
шаштараз алған болуы тиіс. Сондықтан әлгі кісі шашын шығыстағы
шаштаразға алдырды.
9. Өскен шашты
жаратпайтын,
Қайшысы бар
жалақтайтын. (Шаштараз
шебері)
10. Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті, басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен?
жауабы - Шашы жоқ
2-айналым: «Сен білесің бе?»
- 1) Әр топқа ағылшын, орыс, қазақ тілінде орындары ауыстырылып сөздер беріледі, соның дұрыс аудармасын орын-орнымен дұрыс қою;
- 2) Келушілерге қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Келушілерге қызмет көрсетудегі дайындық және қорытынды жұмыстарын айтып түсіндіру. Келушімен диалогты үш тілде құру (ағылшын, орыс, қазақ).
1)
a hairdresser — парикмахер
a hairdresser’s — парикмахерская
scissors — ножницы
a haircut — стрижка
a razor — бритва
a hair trimmer — машинка для стрижки волос
hairspray — спрей для волос
a brush — расческа-щетка
a hairdryer — фен
I’d like to have a blow dry, please. — Я бы хотел(а) укладку феном, пожалуйста.
How would you like it? — Как бы Вы хотели подстричься?
Would you like me to wash it first? — Сначала помоем голову?
Cut and blow dry — Стрижка и укладка
2)
|
– Good morning! |
— Доброе утро! |
|
|
– Good morning! Welcome to our salon! How can I help you? |
— Доброе утро! Добро пожаловать в наш салон! Чем я могу вам помочь? |
|
|
– I would like to have a haircut. |
— Я бы хотела постричься. |
|
|
– Have you booked in advance? |
— Вы бронировали заранее? |
|
|
– No, not really. |
— Вообще-то нет. |
|
|
– Okay, let me see. Our hairstylist Аina will be available in 15 minutes. Is that okay with you? |
— Хорошо, минутку. Наш стилист Айна освободится через 15 минут. Подойдет? |
|
|
– Yes, sure! |
— Да, конечно! |
|
|
– Please, wait here on this sofa. Would you like some tea or coffee? |
— Пожалуйста, подождите на этом диване. Не хотите чаю или кофе? |
|
|
– Just water, thank you. |
— Просто воды, спасибо |
|
|
– Come here, please! What can I do for you, today? |
— Проходите сюда, пожалуйста. Чем я могу вам помочь? |
|
|
– I want a haircut. Something different. |
— Я хочу постричься. Что-то новенькое. |
|
|
– Like a bob? |
— Типа каре? |
|
|
– Yes! I also want my hair colored. Dark brown would be nice. |
— Да! И я хочу покраситься. В темно-коричневый. |
|
|
– Are you sure you want to change your hair color so drastically? It will be hard to get your blonde back. |
— Вы уверены, что хотите поменять цвет волос так кардинально? Будет тяжело потом вернуть блонд. |
|
|
– Yes, I’m sure. |
— Да, уверена. |
|
|
– Okay, let me bring you the palette, and we will start. |
— Хорошо, я принесу палетку цветов, и мы начнем. |
|
3-айналым: «Ұшқыр ой»
Әр топ студенттері бір немесе бірнеше әріптер таңдайды, сұрақтың жауабы сол әріптен басталуы тиіс. Сұрақ:
- Шаштараз стилистке қатысты кез-келген нәрсені ата?
4- айналым: «Іздеген жетер мұратқа» тәжірибелік сайыс
Әр топ өз қалауымен бір шаш үлгісін орындайды.
Орындалатын шаш үлгісінің шарты (яғни міндетті түрде болуы қажет элементтер):
-
буым (хвостик);
-
бұйралық (локон);
-
қалыпқа келтірілген кекіл (уложенная челка);
-
букли;
-
түктеу (начес).
Осымен 4 айналым да өз мәресіне жетті, енді қазылар алқасы озық топты атап, ерекше белсенді студентті(терді) анықтайды.
-
Осымен сайыс сабағымыз аяқталды. Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Білгенге маржан" сабақтан тыс жарыс сабақ

шағым қалдыра аласыз