400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

Білгіштер

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы қызықты іс - әрекет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сырым аудандық білім беру бөлімінің МКҚК «Балдырған» балабақшасы.





Ұйымдастырылған оқу-іс әректі:


Тақырыбы : «Білгіштер»






Дайындаған дене тәрбисінің

нұсқаушысы: Имангалиева В.И.



Жымпиты, 2024 жыл

Тақырыбы : «Білгіштер»

Мақсаты: Балалардың өмір қауіпсіздік ережелерін ойын арқылы меңгерте отырып денсаулығын нығайту және қауіпті құралдарды берілген тапсырмалар арқылы үш тілде айта білуге үйрету.

Балалар ауенмен залға кіріп шеңбер құрып отырады. Фиксикидің әуені қосылып кейіпкерлер көңілді күйде келіп балалармен үш тілде амандасады.

  • Саламатсыздарма балалар!

  • Здравствуйте ребята!

  • Good morning children!

Балалар қонаққа келген кейіпкерлермен үш тілде амандасады.

  • Біз сіздерге асығып жүгіріп келдік. Сіздер бізді танып тұрсыздарма?

(балалар сұраққа жауап беріп Фиксиктердің есімдерін атап шығады.)

Фиксикилер өздерін таныстырып өтеді

  • Ал, қанеки балалар біздер билегенді ұнатамызба?

  • Иә

  • Ендеше балалар денемізді қыздырып бәріміз Фиксикидің биін билеп алайық. (Фиксикидің «Дрыц-дыц-телевизор биін билейді)

Фиксикидің көңілді әуені қосылып балалар Фиксикилермен бірге билейді.

  • Жарайсыңдар балалар сендерге би ұнадыма?

  • Ұнады

  • Олай болса балалар біздер сіздерге өмір қауіпсіздігіне байланысты түрлі тапсырмаларымызды ала келдік.

Нолик: Балалар қараңыздаршы біздің құралдарымыз шашылып қалыпты

Симка: Ой Нолик бұл құралдарды жинауға бізге балалар көмектеседі.

Папус: Ендеше балалар екі топқа бөлініп «Кім жылдам» сайысына қатысайық

Мася: Ия балалар өмір қауіпсіздігіне қолданатын құралдарды жинап әрі бізге үш тілде атап берулеріңіз керек.

(ортада құралдар кілемшенің үстінде жатады оны Папус пен Мася балаларға таныстырады мысалы балға, бұрағыш, қысқаш)

Балалар осы құралдарды үш тілде айтып таныстырады.

Балға – молоток

Бұрағыш – отвертка

Қысқаш – плосказовцы

Балта – топор

Осы құралдар үш тілде атап жанында тұрған келесі кілемшеге жинап жапсырып қояды.

Папус: Жарайсыңдар балалар! Сіздер өте жылдам әрі білгіш екенсіңдер.

Мася: Енді келесі сайысымызға көшейік

Симка: Иә алақай балалар біз сіздермен бірге сайысқа дайынбыз солайма Нолик?

Нолик: Иә Симка мен дайынмын ал сендерше балалар?

Балалар көңілді дауыспен:

-Иә деп жауап береді

Папус: келесі сайысымыз балалар «Ұшақтар» деп аталады. Балалар ұшақты үш тілде білесіздерме? Қане атап беріңіздерші.

Балалар: Ұшақ – самолёт – airplane

Мася: Бұл сайыста балалар сендерге ойыншық ұшақтарды белгіленген жерге дейін барып келіп келесі балаға бересіздер.

Симка мен Нолик: Жарайсыңдар балалар.

Папус: Өте тамаша балалар! Енді келесі сайысымызға көшейік. Менің жұмбағымның шешімін тауып көріңіздерші.

Кино менен концертті үйде қойып беремін

Жаңалығын бар елдің өз көзіммен көремін.

Балалар жұмбақтың шешімін тауып жауабын үш тілде айтып береді.

Теледидар- телевизор – tv-set

Мася: Жарайсыңдар балалар дұрыс жауап бердіңіздер. Ендеше біздің келесі сайысымыздың аты «Теледидар».

Симка мен Нолик: Ия, ия алақай балалар келіңіздер екі топқа бөлінейік.

Симка: Бир топ менікі

Нолик: Екінші топ менікі

Папус: Ия балалар Нолик пен Симканың тобына бөлініп сайысымызға дайындалайық. (Балалар екі топқа бөлініп тоқтардың ішімен еңбектеп жүреді)

Мася: Тамаша, жарайсыңдар балалар! Енді келесі сайысымыз оданда көңілді болады дайындалайық. Бұл сайыстың аты «Шарлар» деп аталады. (Еденде шашылып жатқан шарларды жинау)

Симка: Балалар сендер өте шапшаң екенсіңдер жарайсыңдар! Біздің Ноликтің сағаты сынып қалды соны жөндеуге көмектесесіңдерме?

Нолик: Иә балалар біз бірігіп сағатымды жөндейік қане...

Папус: Ендеше келесі сайысымыз «Сағаттар» деп аталады. Үш тілде білесіздерме, атап беріңіздерші.

Балалар: Сағат – часы – clock. (әуен қосылады «Часики», балалар кілемшеге түрлі-түсті болт тарізді жапсырмаларды жапсырады да түстерін үш тілде атап өтеді)

Симка: Қане қане балалар тез тез жарайсыздар. Мынау қандай түс?

Нолик: Ал мынауше? Орыс тілінде қалай? Ал ағылшынша?

Папус: Жарайсыңдар балалар! Біз сіздерге өте риза болдық, сендер жақсы сайысып ойнадыңыздар. Сондықтан сендерге өзіміздің Фиксикидің «Тыдыш» белгісін береміз. Қане бәріміз бірге көңілді қайталайықшы – Тыдыш!!! (балалар қайталайды) Жарайсыңдар балалар, ендеше біз келесі балабақшаның балаларына кетейік келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Нолик: Сау болыңыздар!

Симка: До свидания!

Мася: Good bye!

(балалар үш тілде қоштасады)































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 сәуір
272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі