400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Білікті заңгерлерді дайындайтын шаңырақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы 15 жылда заң мамандықтары жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Қазақстанда заң мамандықтары бойынша даярлайтын жоғары оқу орындарының саны жыл сайын артуда, алайда көптеген жастар жоғары білім ордасын таңдау барысында қиындық кешеді.Осы орайда, заң саласы бойынша үздік түлектерді және мамандарды дайындайтын ҚазҰУ заң факультетіне тоқталайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білікті заңгерлерді дайындайтын шаңырақ

Соңғы 15 жылда заң мамандықтары жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Қазақстанда заң мамандықтары бойынша даярлайтын жоғары оқу орындарының саны жыл сайын артуда, алайда көптеген жастар жоғары білім ордасын таңдау барысында қиындық кешеді.Осы орайда, заң саласы бойынша үздік түлектерді және мамандарды дайындайтын ҚазҰУ заң факультетіне тоқталайық.

Әлемдік рейтингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультеті құқық мамандығы бойынша әлемнің 85 мың университетінің ішінен 220-шы орында.Мұндай беделді орынға жету үшін 1934 жылы іргетасы қаланған заң факультеті көптеген жаңару мен өзгерістерді басынан өткерді. Қазіргі таңда аталған факультетте «Құқықтану», «Кеден ісі» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.

Заң факультеті қазіргі заманға сай оқу-әдістемелік базасы бар, тоғыз мамандандырылған және ағылшын, француз, неміс тілдерінің озық мамандары еңбек ететін шет тілдері кафедраларына иелік етеді.

Факультетте криминалистік полигон, сот мәжіліс залы және жоғарғы курстың ең үздік студенттері қызмет етіп жатқан студенттердің құқықтық кеңес клиникасы жұмыс істейді. Студенттер қылмыстық құқық және криминалистика мәселелері, іс жүргізу құқығы, прокурорлық қадағалау, адвокатура бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының БҒМ қаржыландыратын ғылыми жұмыстарды орындауға белсенді қатысады. Сондай-ақ студенттер ғылыми-практикалық конференциялар мен теориялық семинарлар ұйымдастыруға, монографиялар, мақалалар мен баяндамалар дайындауға және жариялауға қатысады. Сонымен қатар, студенттердің жыл сайын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар. Ұлыбритания, Ресей Федерациясы, Қытай, Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция, Германия, Польша университеттерімен студенттерді даярлау бойынша өзара ынтымақтастық туралы шарттар бар.Осындай мүмкіндіктің арқасында студенттер тек Қазақстанның заңнамасын меңгеріп қоймай, әлемдік заңнаманың тәжіриебесін ұғына алады.

Факультеттің қарамағында ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттер қоры мен мұражайлық материалдарға бай, Қазақстанға танымал ең көне кітапханасы бар. Студенттер өз сабақтарына арнайы жасақталған оқырман залдарында дайындалады. Сонымен қатар магистранттар мен аспиранттарға арналған заманға сай компьютерлермен қамтамасыз етілген 3 компьютерлік және «Интернет» зал жұмыс істейді.

Мамандарды даярлаудың жоғары сапасына профессор-оқытушылар құрамының тұрақты құрамы есебінен қол жеткізіледі. Факультеттің барлық оқытушыларының бейіндік базалық білімі бар, кең ауқымды білімі бар және үнемі біліктілігін арттырумен, өзін-өзі тәрбиелеумен және өзін-өзі жетілдірумен айналысады. Профессорлар мен оқытушылар- соңғы 5 жылда жарық көрген 1000-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторлары. Соның ішіне 30 монография, 50 оқулық пен оқу құралдары, 30 жинақтықтар, сөздіктер, жүзден астам оқу құралдары мен ғылыми мақалалар кіреді.

Осылайша, ҚазҰУ заң факультеті қатаң, серпінді ынтымақтастық жағдайында көрнекті әріптестерімен құқықты зерттеуге бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер ұсынады.


Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ заң факультеті

Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу

және криминалистика” кафедрасы

Атаханова Г.М.

Бисенова М.Қ.

Меллат Қ.Д.

Мырзатай А.Ғ.

Нысанбаев Т.Т.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
16.10.2023
211
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі